Омыраумен емізу ережелері

Омыраумен емізудің БДҰ бойынша ұсыныстары

Нәрестелерді тамақтандырудың ең қауіпсіз тәсілі, мұнда бала ең сапалы тағамды қабылдайды. Медицина қызметкерлеріне омырау сүтінің артықшылығы бұрынан белгілі.

Қазіргі кезде сиыр сүтінде және жасанды қоспаларда кездеспейтін және бала бас миы мен көздің торлы қабығының дамуына қажетті бірқатар көп қанықпаған май қышқылдары омырау сүтінде бар екендігін дәлелдеді.

Омырау сүті диабет, жайылған склероз және асқазан – ішек жолының қабыну аурулары сияқты созылмалы аурулардан организмді қорғай алады. Мұндай ауру көбінесе бала кезінде жасанды тамақтандырылған жасөспірім мен ересектерде кездеседі. Омыраумен тамақтандыру әйелдер организмі үшін де маңызды, өйткені ол климаксалды кезеңде омырау және аналық без рагымен сырқаттану мүмкіндігін төмендетеді.

омыраумен емізу

Бала дүниеге келген сәтте анасына оны ұстауға мүмкіндік беру керек. Қолайлы болса баланы жалаңаштай анасының кеудесіне тығыз денелік қатынас болу үшін жатқызған жөн. Анаға баланы омырауға жатқызуға кеңес беріңіз. Балаға бірден омырау емізіп мәжбірлемеңіз, бірақ көптеген нәрестелер шамамен бір сағаттан кейін емуге дайын болады. Бұл кезде нәрестелерде сору рефлексі өте мықты болады. Бала дүниеге келгенде осындай қатынас ана мен бала арасында байланыс орнату үшін өте маңызды. Ол оның баласына деген махаббатының, қамқорлығының дамуына әсер етеді.

Қалыпты босанудан кейін нәресте анасымен бірге бір төсекте немесе жанында кішкентай керуетте болу керек. Яғни бала анасымен бір палатада немесе бір төсекте болады. Анасына басынан баласымен бірге қарым-қатынаста болуы мүмкіндік беріледі. Ана өз қалауымен баланы омыраумен тамақтандыра алады, қажет болғанда жуындырады, қолына алады.

Анаға баласы қанша рет сұраса, сонша рет омыраумен тамақтандыруына рұқсат етіледі. Мұны сұраныс бойынша тамақтандыру деп атайды. Алғашқы кезде нәрестелер ретсіз тамақтануы мүмкін: бірінші және екінші күндері бірнеше рет, келесі күндері өте жиі емуі мүмкін. Ерте фаза лактация барысында бір ретке келіп түседі. Жиі, ешқандай шектеусіз омыраумен тамақтандыру пролактин өндірілуін ынталандырады. Ол сүттің тез келуін мүмкіндік жасайды.

Бұрын дәрігерлер анаға алғашқы күні 2-3 минуттан, кейінгі күндері 5-10 минуттан омыраумен емізуді ұсынатын, өйткені олар ұсақ емізу омыраудың қабынуына әкеледі деп ойлаған. Қазір омыраудың қабынуы емізу ұзақтығынан емес дұрыс орналаспай емізуден болатыны белгілі.

Әрбір нәрестелер омырауды ұзақтығы бойынша әр түрлі уақытта емеді. Көбісі 5-10 минуттан кейін, кейбіреулері 20-30 минуттан кейін қанығады. Мысалы, егер “ жалқау сорғыштан “ ерте омырауды алып қойса, ол қанықпайды және қалыпты дамуы үшін қажетті кеш сүтті қабылдай алмайды.

Омыраумен тамақтандыруда дұрыс орналасқанда бала аузымен тек ұшын ғана емес, сонымен бірге ареола мен омыраудың төменгі аймағын қамтиды. Бала омырауды емізік формасымен созып алуы керек. Омырау ұшы “емізіктің” үштен бір бөлігін құрайды. Кейде бала емізіп болғаннан кейін омыраудың созылғанын байқауға болады.

Омыраумен емізудің артықшылықтары

Бала үшін:

  • Ана мен бала арасындағы байланыс (анасымен тығыз байланыстағы балаға қорғаныш сезімін беріп, тыныштандырады; тамақтандыру кезіндегі баланың анасымен қарым-қатынасы баланың эмоционалды, әлеуметтік және физикалық дамуына көмегін тигізеді).
  • Толыққанды тағамдық заттар, микроэлементтер, витаминдер, ферменттердің бала организмне түсуін қамтамасыз етеді.
  • Асқазан-ішек жолдарының функциясын реттейді (диспепсиялық аурулар жиілігі мен ұзақтығын азайтады).

Иммунологиялық қорғаныс пайда болады(омырау сүтімен тамақтанатын балалар 2,5 есе аз ауырады және де алғашқы 6 айда диареядан қайтыс болатын балалар санынан 25 ке кем болып келеді)

  • Респираторлы инфекциялардан қорғайды, отиттер мен олардың рецидив жағдайлары азаяды.
  • Нәрестелер некротикалық энтероколиті,бактеремия, менингит, ботулизм, зәр шығару жолдарының инфекцияларынан қорғанысты қамтамасыз ету мүмкін.
  • Аутоиммунды аурулар дамуының қаупін төмендетеді, мысалы ҚД 1 типі және асқорыту жолдарының қабынулық ауруларының жиілігін төмендетеді.
  • Сырттай сау баланың кенеттен өлу синдромының қаупін төмендетеді.
  • Сиыр сүтіне аллергия даму қаупін төмендетеді.
  • Бала кезінің үлкенірек жасында семіздік дамуын төмендетеді, ересек кезде жүрек ишемиялық ауруын алдын алады.
  • IQ шкаласы бойынша интелект дамуының көрсеткішін жоғарлатады.
  • Стереотип қалыптастырады: еңбек– тамақ.
  • Дұрыс тістеуді қалыптастырады.

Ана үшін:

  • Бала дүниеге келген соң баланы ерте омырауға салу босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетіп, жатыр жиырылуына көмектеседі, және де анасындағы гемоглобин қорын сақтайды.
  • Омыраумен емізу дұрыс жүргізіліп отырса, жүктілік алдын алады, яғни 6 айға дейін (және де лактациялық аменорея ана организмін темір жоғалтудан сақтайды).
  • Климакс алды кезеңде аналық без және омырау ісігі даму қаупін төмендетеді.
  • Бала мен ана арасындағы психологиялық контактқа септігін тигізіп, аналық сезім дамытады.

Отбасы үшін:

  • Қаражат(сүт қоспасы, тағам дайындау мен оны жылытуға энергия, құтылар, емізік, дәрі т.б.) мен уақыт үнемдейді.
  • Дені сау бала.
  • Дені сау ана.

Омыраумен тамақтандыруда дұрыс орналасуының негізгі белгілері:

  • Бала иегі омырауға тиіп тұрады;
  • Баланың аузы ашық;
  • Баланың төменгі ерні сыртқа айналған;
  • Баланың жоғарғы ернінің үстінен төменгі ерніне қарағанда ареоланың шағын аймағы көрінеді

Омыраумен тамақтандырғанда балаға толығымен бір омырауды емгізу керек, сонда ғана ол жеткілікті мөлшерде кеш сүтті қабылдайды. Кейін егер бала қаласа, екінші омырауды мәжбүрлемей беруге болады.
Қалыпты жағдайда бала өзінің су қорымен дүниеге келеді. Ол баланы анасында сүт пайда болғанға дейін сусызданудан қорғайды. Балаға қосымша су немесе глюкоза қосылған су қажет емес.

Балаға ыстық ауа райында да қосымша су қажет емес. Түнде бала қанша рет сұраса, сонша омыраумен тамақтандыру керек. Түнгі тамақтандыру балаға омырау емуге қосымша уақыт береді, әсіресе анасы күндіз болмаса. Түнгі тамақтандыру бала босануды жоспарлау үшін маңызды.

Туғаннан өз қалауынша омыраумен тамақтандырылатын бала белгілі тәртіппен тамақтандырылатын балаларға қарағанда салмағын аз жоғалтады және өз салмағын тез қалпына келтіреді.

Омыраумен тамақтандыру овуляция мен етеккірдің қалпына келуін кешіктіреді. Сондықтан ол жаңа жүктіліктің кейінге шегереді. 6 айға дейін толық омыраумен тамақтанатын балалары бар аналарда 2% жүктілік болады. 6 айдан кейін 10-нан 15 % аналарда етеккірі қалпына келгенше жүкті болады. Ол жайлы лактациялық аменорея материалынан біле аласыз.

Сиыр сүті және басқа жануарлар сүті

Сиыр сүтін омыраудағы балаларға 9 айға дейін беруге болмайды. Егер омырау жасындағы балалар тағамдық қоспасымен тамақтанатын болса, сиыр сүтін 9-12 ай аралығында тамағына қосуға болады. Егер мүмкіндік болса 12 айға дейін қоспамен тамақтандырған дұрыс. Ешкі және қой сүтін 1 жасқа дейін бермеген дұрыс, берген кезде де микробиологиялық қауіпсіздік пен минералдар мен витаминдер жеткіліксіздігін қамтамасыз ету керек. 1 жасқа дейінгі балаларға өңделген және жартылай өңделген сүтті беруге болмайды. Өңделген сүт құрамынан барлық май алынған, ал жартылай өңделген сүттен жартысынан көбі, олар өсіп келе жатқан балаға қажет энергияны қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар қоюландырылған, сүт құрамындағы қант деңгейі көп болуына байланысты бермеуге тырысу керек. Кейде сүт қоспаларының орнына шырындар, қантты су, дақылдардан жасалған сұйық ботқалар береді, алайда олар альтернативті ем ретінде қолдануға жарамсыз себебі құрамында тағымдық қасиеттері бала организміне жеткіліксіз.

Қосымша тамақ дегеніміз не?

  • Қосымша тамақ – бұл бала 6 айынан бастап бала тағамдық рационына енгізілетін, омыраумен емізумен қатар берілетін қосымша тағам.
  • Қосымша тамақ енгізу – бұл омырау жасындағы балаларға омыраумен емізумен бірге қосымша тағамдар мен сұйықтықтар беру.
  • Қосымша тамақты қалай енгізу керек?
  • Қосымша тамақ тағамдарын 6 айынан бастап енгізу керек.

Қосымша тамақ енгізу неге қажет және енгізгенде неге сүйену керек?

  • Баланың өсіп, қозғалыс белсенділігі артуына байланысты оның барлық физиологиялық және тағамдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге омырау сүті жеткіліксіз болады. Темір, витамин А және басқа тағамдық заттар ана сүтіндегі көлемі бала 6 айынан бастап жеткіліксіз. Энергия, темір және басқа да алмастырылмайтын ана сүтінен ғана алынатын тағамдық заттар арасындағы компенсациялау үшін, өсіп келе жатқан ағзаның алиментарлы қажеттілігін өтеу үшін қосымша тағам енгізу керек. Қосымша тағам енгізу баланың нервті-бұлшық еттік координациясының дамуына қажет.
  • Уақыты және дұрыс таңдалып енгізілген қосымша тамақтандыру денсаулықты нығайтуға, тағамдық статусты жақсартуға және тез өсу сатысындағы баланың физикалық дамуына әсерін тигізеді және баланың дұрыс өсуі мен дамуы денсаулық сақтау жүйесімен бақылауда болуы керек. Талаптарға сәйкес емес тағамдық заттар бала организміне кері әсерін тигізелі.
  • Қосымша тамақ беру кезеңінде ана сүті негізгі тамақ болу керек.
  • Сиыр сүтін 9 айға дейін балаға беруге болмайды, алайда 6 айдан бастап аздаған мөлшерде қосымша тамақ жасауда қолдануға болады. 9-12 ай аралығында біртіндеп сиыр сүтін ішкізуге болады.
  • Энергетикалық тығыздығы аз қосымша тағам энергия қолдануын шектеу мүмкін, сондықтан орташа энергетикалық тығыздығы 4,2 кДж (1 ккал)/г кем болмау керек. Құрамында май аз сүт 2 жасқа дейін бермеген дұрыс. (өнеркәсіптік және жартылай өнеркәсіптік сүт).
  • Қосымша тамақ әр түрлі консистенциялы, дәмі, иісі және сыртқы түрі бойынша әр түрлі болуы керек.
  • Қосымша тағам беру кезінде тұздалған тағам бермеген дұрыс және тағам дайындау кезінде де тұз қоспаған дұрыс.

Емізік (соска) пен бөтелке неге зиян?

  • Бөтелкеден тамақтандыру іш өту, тіс ауыруын және ортаңғы құлақтың қабыну қаупін жоғарылатады және ауыз қуысының динамикалық өзгерісін туғызады.
  • Баланы тамақтандыру кезінде белгілі мөлшерде назар жетіспеу қаупі жоғарлауы мүмкін.
  • Бөтелке және емізік щеткамен жуылып, содан кейін қайнаған суда стерилизденеді, ол өз кезегінде көп уақыт алады және қиындық туғызады.
  • Бөтелкемен емізу, омыраумен емізудің қарқындылығын және жиілігін бұзады.

Омыраудағы балалардың ыдыстан тамақтануы альтернативті тәсіл болып табылады. Бұл тәсіл көбінесе омыраумен емізуді кеш бастаған балаларға ұсынады. Ыдыстан дұрыс тамақты алып ішу балада тамақтың түсуін қалыптастырады; баланың ауызына сүтті құюға болмайды.

Ыдыстан тамақтандырудың пайдалы жақтары:

  • Бала тамақтанған кезде тілді пайдаланады.
  • Ыдыстан тамақтануды бала өзі басқарады, яғни оны уақыт пен көлемге бөлу арқылы.
  • Ыдыс бөтелкеге қарағанда қауіпсіз және оны оңай түрде сабынмен және сумен жууға болады.
  • Бөтелкеге қарағанда, ыдыс кішкентай және бактериялардың көбеюіне аз мүмкіндік туады;
  • Ыдыспен тамақтанған кезде анасы немесе басқа баланы қарайтын адамдар, қарым-қатынас орнатып, баланың улкен психологиялық стимуляциясын жақсартады.
  • 6 айға дейін ыдыстан алып тамақтандыру қажет, қасықпен тамақтандыру көп уақыт алады.

Есте сақтаңыз

  • Баланың аузына сүтті құймаңыз. Жай ғана баланың аузына ыдысты апарыңыз, ол өзі іше бастайды.
  • Балалар тойынған кезде ауыздарын жабады және тамақтан бас тартады.Омырау еметін бала егер тоймаса, келесі жолы көп емуі мүмкін немесе омырау емізуді жиілетеді.
  • Балаға белгілі мөлшерде ішкізугетырыспаныз. Бала өзінің қашан тамақ ішпеу керек екендігін шешу керек. Баланың әрбір емізуден кейін емес, 24 сағат ішінде қанша рет тамақ ішетінін өлшеу қажет.

Қосымша тамақтандыру және омыраудан шығару

  • Балалар әртүрлі, кейбір аналарда 6 айлық жасқа дейін сүт жетеді, ал басқаларда – 9 айға жетеді. Баланы шамамен 6 айынан бастап қосымша тамақтандыру керек.
  • Омырау сүті бірнеше ай бойы балаға негізгі тамақтану көзі болып келеді. Өмірінің екінші жылында омырау сүті балаға қажетті каллория мен тағамдық заттардың үштен бір бөлігін қамтамасыз етеді.
  • 6 айда бала қосымша тамақтануға дайын екенін көрсетеді. Олар өздері отыра алады, көрген затқа ұмтылады және көрінген затты аузына салады. Егер анасы тамақ ішкенде баласын қолына алып отырса, бала жеп отырғанын алғысы келеді.
    6 айлық жасқа дейін балалар қатты тағамды аузынан шығарып тастайды. 6 айдан кейін оларға қатты ауызға алу жеңіл. Бұл жаста тістері шығады және балалар шайнай бастайды.
  • Ерте қосымша тамақтандыру диарея, омырау сүтінің азаюын, ерте жүктілікті туғызуы мүмкін. Өте кеш қосымша тамақтандыру бала организмнің жүдеуіне әкелуі мүмкін. Егер балаға 6 айлығында қосымша тамақ бермесе, оны кейін қатты тағамға үйрету қиын болады. 6 айлық кезінде олар көп нәрсені жеп көргісі келеді. Бірақ 9-10 айда олар тынымсыз болады және жаңа тағамды жегісі келмейді.
  • Қосымша тамақтандыруды ең алдымен сұйық тағамнан бастау керек.

Ауру кезінде және дені сау баланы тамақтандыру бойынша нұсқау

  • 6 айға дейін тамақтандыру
  • Бала омырау емізуді қанша сұраса, сонша рет емізу
  • Басқа тамақ және сұйық бермеңіз
  • Су, шай, шырын бермеу керек
  • Жасанды қоспалар немесе сүттің басқа түрлерін, ботқаларды бермеу керек.

6 -12 айға дейінгі балаларға

Баланы жиі омырау сүтімен емізіңіз, қанша сұраса, сонша беріңіз;

Қосымша тамақты омырау емізгенен кейін беріңіз:

  • Қою күріш, мани немесе гречка ботқасы;
  • Жанұя ішетін тамақтар. Мысалы: картоп, сәбіз, қызылша, асқабақ, кеспе, нан және қамыр;
  • Егер бала тамағының рационында жоғары көрсетілген тағамдар берілетін болса, онда жұмыртқа, майсыз ет беруді бастаңыз;
  • Сұйық немесе су қосылмаған ет сорпасын есептемегенде жартылай қатты тағам беріңіз;
  • Егер бала омырау еметін болса, күніне 3 рет тамақтандырыңыз;
  • Егер омырау енбесе, күніне 5 рет тамақтандырыңыз.

12 айдан 2 жасқа дейін балаларға:

Бала немесе рет сұраса сонша рет омырау емізіңіңз;

Құрамына мыналар кіретін жанұялық стол тағамдарын балаға беріңіз:

  • Уатылған көкеністер, мысалы: картоп, сәбіз, қызылша және асқабақ;
  • Пісірілген, ұсатылған немесе ұсақ кесілген майсыз ет;
  • Жұмыртқа және сүт тағамдары, мысалы: ірімшік, қатық, айран.

Баланы таңертеңгі тамақтандыруын қосқанда күніне 5 рет тамақтандырыңыз:

  • 3 рет жанұя столынан;
  • 2 рет қосымша тамақ: жеміс, нан немесе айран;
  • Баланың әрбір негізгі тамақтануына кем дегенде 300 мл тамақ беріңіз (1,5 стакан)

Ата-аналарға ұсыныстар

Ата-аналар не білу қажет
Балалардың дамуы және өсуіБалалардың тамақтануы
Ананың жүктілік кезінде және лактация кезінде денсаулығы және жалпы жағдайы ,оның жүктіліктің жақсы өтуіне және босанғаннан кейін баланың физикалық және психикалық дамуының қалыпты болуына әкеледі.Жүктілік кезінде аяғы ауыр әйелге жанұясы қолдау көрсетуі тиіс.Жанұясы жүкті әйелдің дұрыс тамақтануын қадағалау қажет,яғни көкөністер мен жемістердің рационда болуын .
Баланың қалыпты өсуі мен дамуы үшін ,туған сәтінен бастап адекватты және балансирленген тамақ өнімдерін қолдану қажет.
6 ай бойы тек омырау сүтімен тамақтандыру баланың дамуы мен қалыпты өсуін қамтамасыз етеді.
Үздіксіз бойдың өсуі жүреді. Бойдың өсуінің тоқтауы немесе баяулауы балаларда көптеген аурулардың көрінісі болып табылады.Алғашқы 4-6 ішіндегі тек омырау сүтімен қоректенетенетін балалар, қосымша тамақтың енгізуін қажет етпейді.
Белгілі бір уақыт интервалы ішінде балаларда ерте білінетін бойдың тоқтауын анықтау мақсатында, бойды өлшеу мониторингін,дене массасын өлшеу және бас өлшемінің айналымын бағалап анықтап отыру қажет.Ана сүтінің толық баруын бағалау үшін баланы емізгеннен кейін өлшейді. Егер бала көп мөлшерде зәр шығарса, онда ана сүтінің баруы адетватты болып бағаланады.
Бірінші өлшеу туған сәтте басталады,екінші және үшінші 15 күнде және 1 айда,кейін ай сайын 12 айға толғанша өлшеу қажет. Одан кейін3 ай сайын 12-36 ай ішінде,кейін 6 ай сайын 36-60 ай ішінде кейін жылына 1 рет.6 айдан үлкен балаларға қосымша тамақты беру.

12 айдан бастап жанұя үстелінен қажетті мөлшерде тамақ беру қажет немесе арнайы істелінген тамақ.Омыраумен емізу 2 жасқа дейін ұсынылады және одан да ұзақ болуы мүмкін.

Бойды өлшеу мониторингі кезінде стандартты қисық тар қолданылып және олардың ауытқуы нәтижесінде бой бзылысының дамуы байқалады.Жасанды қоректендіру көп жағдайда жағымсыз асқынулаврға әкеледі, гигиена жағдайына көбінесе.

 

Баланың алғашқы 1 –ші жылында маңызды мониторингтардың бірі болып дене салмағын өлшеу болып табылады.

Дені сау жетіліп туған баланың дене массасы 2,5-4,4 кг дейін,орташа 3,3 кг. Дене ұзындығы туғанда орташа түрде 50 см,бас айналымы 35 см.. Бойды өлшеу мониторингі оның дамуын бағалайды. Дені сау бала 6-8 ай ішінде өздігінен отыра алу керек, 1 жасында жүреді және 3-4 сөздік қоры болуы тиіс. Баласында қандай да бір аномалия даму қаупі туса, бірден медициналық мекемеге баруы қажет.

Қауіпсіз тағамдық өнімдердің бірі болып таза су және гигиена тәртібін дұрыс жүргізу болып табылады.

Ол үшін қажет:

– Тағамдық өнімдерді міндетті түрде тазалап отыру қажет;

– дайындалып қойылған өнімді сақтаумау;

– жеміс пен көкөністерді жуу;

– қауіпсіз суды қолдану;

– көп реттен қол жуу;

– Омыраудағы балаларға бутылкадан бермеу;

– Құрт құмырысқадан тағамдық өнімдерді сақтау;

– тез бұзылатын заттарды қауіпсіз жерде сақтау;

– Тағам істелетін жерлерде тазалық сақтау.

 

ДСҰ ұсынысы бойынша омыраумен емізу

Денсаулық сақтау ұйымы омыраумен емізудің бірнеше тәртіп ұсыныстарын ұсынды.Бұл ережелермен көптеген омыраумен емізетін аналарға консультация жасайды.

Ана сүті- алғашқы 6 ай ішінде бала үшін ең негізгі тамақ және оны ешқандай затпен алмастыра алмайсын. Әрбір әйел егер баласы денсаулығы мықты және дамуы қалыпты болуы үшін бұл қағиданы аксиома ретінде қабылдап, оны іс жүзінде жүзеге асыру қажет.

Алғашқы бірінші сағатта туғаннан кейін- ерте омырауға салу!!

  1. Омыраумен емізер алдында, оны ешқандай бөтелке немесе басқа тәсілдермен тамақтандырмау.
  2. Бір палатада босану үйінде бала мен анасының болуы.
  3. Баланы дұрыс ұстау омыраумен емізгенде оның көптеген асқынулардан алдын алады. Егер анасы ол ережені босану үйінде үйренбесе, онда омыраумен қалай емізетін туралы консультант шақыру қажет.
  4. Баланың сұранысы бойынша емізу. Кез келген себепке байланысты баланы омырауға салу қажет. Бұл тек баланы тойғызу үшін емес, сонымен қатар психоэмоционалды камфорт үшін де қажет. Бала өзін ыңғайлы сезіну үшін, сағатына 4 рет омырауға салынуы мүмкін.
  5. Бала ему ұзақтығын зі қадағалайды: бала емшек ұшын аузынан алғанша баланы омыраудан алмауы қажет!
  6. Түнгі омыраумен емізу лактацияның тұрақтылығын қамтамасыз етеді және әйелді жүктіліктен 6 айға дейін сақтайды – 96 процент жағдайда. Сонымен қатар, тек осы түнгі омыраумен емізу өнімді және сінімді.
  7. Кез келген бөгде сұйықтықтар мен тағам өнімдерді бермеу. Егер бала су ішкісі келсе, баланы көп рет омыраумен емізу керек.
  8. Емізік, пустышка, бөтелкеден толық түрде бас тарту. Қажет жағдайда қосымша тамақты тек ыдыстан, қасықтан немесе пипеткамен беру керек.
  9. Баланы екінші омырауға бала толық түрде бірінші омырауды сорып біткенсоң ауыстырады. Егер ана асығыс түрінде екінші омырауға салса баланы, онда бала соңғы сүт, яғни майға бай өнімді ала алмай қалады. Нәтижесінде балада асқорытудың бұзылысы дамиды: лактозды жетіспеушілік, көпіршікті нәжіс пайда болады. Бір омырауды толық түрде ему ұзақтығы ішектің дұрыс қызметін қамтамасыз етеді.
  10. Емізер алдында және одан кейін омырауды жуу шектеледі. Жиі омырауды жуу ареоладағы май қабаттарының қорғаныс жүйесін бұзады және тыртықтардың пайда болуына әкеледі. Омырауды гигиеналық душқа түсер алдында 1 рет жуу керек. Егер әйел душқа жиі түссе, қосымша омырауды жуудың қажеті жоқ.
  11. Аптасына жиі 1 рет салмақты өлшеуден бас тарту. Бұл процедура обьективті мәлімет бере алмайды.
  12. Қосымша сүтті сауып тастауға болмайды. Дұрыс ұйымдастырылған омыраумен емізу тәртібінде омырау қаншалықты балаға қажет соншалықты түзіліп отырады. Бұл жағдай анасы мен баласының арасында байланыс болмаған жағдайда, яғни анасы жұмысқа кетерде сауып кету керек.
  13. 6 айға дейінгі омыраумен емізу, қосымша тамақ беруді қажет етпейді. Кейбір зерттеулерге қарағанда бала денсаулығына қауіп төнбеген жағдайда бала 1 жасқа дейін тек омырау сүтімен қоректенуі мүмкін.
  14. Балаларын 1-2 жасқа дейін, омыраумен емізген аналардың қолдауы. Бұл әйелдерге қалай емізу керек екендігін және олар көп сұраққа жауап таба алады. Сондықтан жас әйелдерге омыраумен емізу жөніндегі топтарға ертерек барып үйрену керек екендігі дұрыс.
  15. Заманауи әйелге баланы қалай күту керек екендігін және омыраумен емізудің техникасын білу, баланы ешқандай күмәнсіз 1 жасқа дейін өсіруге көмектеседі.
  16.  1,5-2 жасқа дейін омыраумен емізу. Бір жасқа дейін омырау сүтімен емізу физиологиялық уақыт болып табылмайды

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!