Кене энцефалиті

Энцефалит ауруы

Энцефалиттер – орталық нерв жүйесінің, түрлі этиологиялы қабыну ауруы, аурудың негізінде инфекционды, инфекционды-аллергиялық процесстер жатады.

Энцефалиттерді жіктелуі:

  • бас мидың ақ затын зақымдайтын түрін -лейкоэнцефалиттер;
  • сұр затын зақымдайтын түрін – полиоэнцефалиттер
  • Ақ және сұр заты қатар зақымдалатын түрін – панэнцефалиттер деп атайды.

Біріншілік және екіншілік энцефалиттер болады. Біріншілік энцефалиттер – нейротропты вирустармен нервті клеткаларды зақымдайтын өздік дамитын ауру. Екіншілік энцефалиттер – қандай да бір инфекциядан кейін дамитын инфекция. Мысалы: жергілікті қабыну процессі, бас сүйектің ашық жарақаттары. (параинфекционды энцефалит)

Кене энцефалиті
Кене энцефалиті

Кенелік энцефалит

Біріншілік энцефалит – орталық нерв жүйесінің жедел вирусты ауруы, эндемиялық табиғи ошақтарда трансмиссивті (кененің шағуы) немесе алиментарлы жолмен (инфекцияланған сүтпен) арқылы жұғады.

Этиологиясы және эпидемиологиясы. Кенелік энцефалиттің қоздырғышы вирус болып табылады, оның көлемі 20-30 нм.
Кенелік энцефалит табиғи-ошақты нейроинфекция; эпидемиялық белсенділігі кенелердің санына, социалді факторларға, географиялық ерекшеліктеріне байланысты. Тасмалдаушы болып иксод кенелері табылады.

Кенелік энцефалиттің жіктелуі:

Ошақты түрі:

  1. Менингоэнцефалитикалық
  2. Полиоэнцефаломиелитикалық
  3. Полиоэнцефалитикалық
  4. Полиомиелитикалық

Ошақты емес түрі:

  • Қалтыраулық
  • Өшірілген
  •  Менингеалді

Патогенезі. Трансмиссивті түрінде вирустың кіру жолдары болып терінің беткі қабаттарындағы қан тамырлары болып табылады вирустың тез көбеюіне байланысты оның депосы пайда болады
Вирус қан айналымымен паренхиматозды ағзаларға еніп (бауыр, көк бауыр, өкпе, ми т.б. ) қанға тарайды. Гематогенді жолдан басқа лимфогенді , периневралді жолдары да бар.

Кене энцефалитінің клиникалық сатылары.  Бірінші сатысы – жұғу, одан кейін, инкубационды кезең 2-11 күн, продромалді кезең, келесі кезеңі аурудың дамуы. Қалтырау кезеңі жедел фазасында 3-5 күнге созылады, вирусемия пайда болады ол инфекцияның таралуына әкеледі.
Вирустың қан айналымынан кетуі дене қызуының қалпына келуімен, бірақ бұл кезде вирус екіншілік ошақта орталық нерв жүйесінде көбеюі мүмкін.

Кенелік энцефалит кезінде – қолдардың проксималді әлсіз салдануы немесе парезі байқалады.
Мойын бұлшықеттерінің салдануынан – «салбыраған мойын», «қисық мойын», «қанат тәрізді жаурын» симптомдары пайда болады.

Диагностикасы. Лабораторлы  диагностикасында бірінші 7 – күннің ішінде қанда және ми-жұлын сұйқтығында кене энцефалиті вирусын немесе антиденені серологиялық тексерулер арқылы анықтайды.

Кене энцефалитін емдеу

Бастапқы кезеңінде- кене энцефалитінің вирусына титрленген адам иммуноглобулинін енгізеді.
Дегидратациялық ем тағайындайды, жүрек –тамыр ауруларына арналған препараттар, симптоматикалық ем, антибиотиктерді және сульфаниламидтерді асқынулар болғанда ғана пайдаланады (пневмония).

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!