ЛОР ауруларының ішінен 20-30% мұрын маңы қойнауларының қабыну аурулары (гайморит, фронтит, сфеноидит, этмоидит) құрайды. Бұлардың ішінен ең жиі гайморит кездеседі.
Гаймориттің негізгі көріністері жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Жергілікті симптомдарға зақымдалған қойнау маңындағы ауру. Ауру әр түрлі интенсивтілікте болуы мүмкін. Пальпация кезінде күшейіп, әртүрлі аймақтарға, кей жағдайда барлық бет аумағына иррадииация беруі мүмкін. Бас ауруы туындайды. Жергілікті белгілердің тағы біреуі, мұрын арқылы тыныс алудың бұзылуы. Көп жағдайда бұл зақымдалған қойнау жақта болса, кей кездерде толықтай екі мұрынның да тыныс алуы бұзылуы мүмкін. Мұның себебі, мұрынның шырышты қабатының үлкейуі (набухание) және тыныс жолдарының тарылуымен болады. Мұрыннан сұықтық бөліну бас кезінде сұйық, серозды болса, кейіннен түссіз және тұтқыр іріңді түрге ауысады. Кейде бірден іріңді түрі бөлінуі мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Жалпы симптомдарға дене температурасының субфебрильді және фебрильді деңгейде дейін жоғарылауы. Науқас жағдайының нашарлауы. Кейбір жағдайда тыныс алуы екі мұрын арқылы қиындағандықтан науқас ауызымен дем алуа мәжбүр болады.
Диагностика. Анамнез, науқас шағымынан, және объективті қараудан әрдайым гайморитті басқа да фронтит, этмоидит секілді қойнаулар аруынан ажырату қиынға соғады. Сондықтан қосымша зерттеу әдістеріне жүгінген дұрыс. Олар: мұрын маңы қойнауының рентгенографиясы, мұрын маңы қойнауын диагностикалық пункция және оны шаю.
Пункция жүргізбес бұрын төменгі және ортаңғы мұрын жолдарының шырышты қабатын анестезиясын жүргізу керек. Ол үшін 2% дикаин адреналинмен қосылған ерітіндісімен екі рет мұрын қуысын жуу керек. Пункция үшін Куликовский инесін пайдаланады. Бірақ басқа да инені мысалға ми-жұлын сұйықтығына пункция жасайтын инені де пайдалануға болады.
Пунцияға тесу жасау үшін негізгі оптималді жер ол мұрынның төменгі кеуілжірінің (concha nasalis inferior) жоғары жағындағы алдынан 2,5 см артқа. (суретте көрсетілген). Осы жерде сүйектің қалыңдығы ең жұқа болғандықтан тесу де оңайға түседі.
Гаймаров қойнауына пункция жасау үшін, оптималді тесу орыны
Емі. Жедел гайморит кезінде жергілікті түрде қан тамырларын тарылтатын заттар, физиотерапия, және жалпы антибактериальді терапия (дене температурасы жоғарылап, организм интоксикация болғанда) қолдану керек. Емдеу нәтижесі баяу жүрген жағдайда, қойнауға тағы тесу жасап, қойнауды жуумен қатар антибиотик және қабынуға қарсы заттарды (диоксидин, эктерицид, пелоидин және т.б) жіберу керек. Баларға негізінен пукция жасаудан бас тартқан жөн. Себебі балаларда қойнау көлемі ересектерге қарағанда кіші болады. Әртүрлі тамыртарылтқыш заттарды тағайындайды. Мұндай заттарға нафтизи, галазолин, отривин және т.б жатады.
Аурудың бірінші күнінен бастап гаймаров қойнауы маңына физиоемдеу тағайындалады. Олардың ішіне УВЧ және СВЧ тоқтарымен күн сайынғы емдеу кіреді.
Антибактериальді терапияны негізінен пенициллинмен (4 000 000-6 000 000 ӘБ –тәулігіне) жүргізген дұрыс. Сонымен қатар басқа топтағы антибиотиктер де (этитромицин, тетрациклин, сульфаниламитті препараттар) жақсы емдік әсер көрсетеді. Температура жоғарылаған кезде парацетамол тағайындалады.
Жедел гайморит кезіднде хирургиялық емдеуге келесідей жергілікті және жалпы асқынулар кезінде жүгінеді:
- орбита абсцесс (флегмона),
- бассүйек ішілік абсцесс,
- менингит,
- сепсис.