Геморрагиялық шок
Геморрагиялық шок – жедел көп мөлшерде қан жоғалту салдарынан макроциркуляция мен микроциркуляция бұзылысымен ағзалар мен ағзалар жүйесінің жетіспеушілігі дамитын критикалық жағдай.
Қан жоғалтудың классификациясы
Этиологиясына байланысты:
- Травмалық ( жаралану,операциялық)
- Патологиялық (қан тамыр аурулары, қан ұю факторларының жеткіліксіздігі, аневризма т.б)
- Жасанды (эксфузия, емдік мақсатты)
Көлеміне байланысты
- Аз мөлшерлі 0,5 – 10 % (0,5 л)
- Орташа 10-20% (0,5-1л)
- Көп мөлшерлі 21-40% (1-2л)
- Массивті 41-70% (2-3,5л)
- Өлімге әкелетін 70% жоғары (3,5л)
Геморрагиялық шок патогенезі
Патоггенезі келесідей қадамдармен дамиды.
- Көп мөлшерде қан жоғалту
- Айналымдағы қан мөлшерінің азаюы
- Артериялық қан қысымының төмендеуі.
- Веналық қан келудің азаюы
- Жүрек лақтырысының төмендеуі
- Аралық тіндерден қантамырларына сұйықтықтардың өтуінің жоғарылауы (30-40- мл/сағ)
Жүрек лақтырысының төмендеуі өз алдына келесідей патогенетикалық звеноларды қозғайды:
- Жүрек-қантамыр жүйесіндегі барорецептарлардың белсенуі
- Қанға көп мөлшерде катехоламиндер бөлінуі
- α және β адренорецепторлардың қозуы:
- Тахикардия
- Ентігу
- Тері жабындыларының бозаруы
- Вазоконстрикция
Вазоконстрикция өз алдына бірнеше клиникалық көріністерді тудырады:
- Бүйрек қантамырларының спазмы әсерінен олигоурия туындайды
- Микроциркуляцияның бұзылысы (терінің мрамор түстес болуы)
- Іш қуысы ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы (АІЖ шырышты қабатының некрозы)
Кезең | АҚК азаюы,% | Клиника |
I | 15 немесе одан төмен | АҚҚ 100 мм.с.б, Орталық венозды қысым қалыпты, ЖСЖ 80-90 р/мин,гемоглобин 90 г/л |
II | 20-25 | Орташа аурлықта, АҚҚ 80-90 мм.с.б, ОВҚ 60мм.с.б, ЖСЖ 110-120р/мин, гемоглобин 80г/л, диурез төмендеуі, әлсіздік |
III | 30-40 | Жағдайы ауыр, АҚҚ 60-70мм.с.б, тежелу, олигоурия, пульс толымдылығы әлсіз, ЖСЖ 130-140 р/мин, |
VI | 40 немесе одан жоғары | Терминальды, есі жоқ, АҚҚ,ОВҚ, пульс анықталмайды, анурия, атония, арефлексия |
Геморрагиялық шок кезіндегі жедел көмек
1) Тынысалу жолдарының өткізгіштігін қамтамасызету, 60% оттегі ингаляциясы
2) Үш кататер орналастыру (магистральды қан тамыры, назогастральды, қуық кататеризациясы)
3) Гемостатикалық терапия: аминокапрон қышқылын 5%-100мл дазасы 100 мг/кг есеппен,
Викасол 1-1% мл
- 1жас-0,4 мл
- 2жас-0,6 мл
- 3-4жас-0,8 мл
- 5-9 жас 10 мл
- 10-14 жас-15мл
4) Инфузиялық терапия NaCI ерітіндісі, 2-4мл/кг, 60-80-тамшы/минутына
5) Көктамырішіне 10% кальци глюконат ерітіндісін көктамыр ішіне:
- жаңа туған нәрестелерге: 1-2мл/кг;
- 1-2жас – 0,5 г/кг;
- 2-4жас – 1 г/кг;
- 5-6 жас 1-1,5 г/кг;
- 6жастан жоғары балаларға 2-3 г/кг
6) Анестезиологиялық ем (кетамин, калипсол 3-5мг/кг)
7) Эндотелиотропты ем L – лизин эсцинат; 1жас -0,22мг/кг; 5жас-0,18 мг/кг; 10жас- 0,15 14жас-0,12мг/кг, 0,9% NaCI ерітіндісімен көктамыр ішіне