Өкпе ісінуі. Жедел жәрдем

Өкпенің ісінуі

Балаларда өкпенің ісінуі альвеолярлы-капиллярлы мембрананың зақымдануы мен капилляр іші және өкпеішілік қысымның, сонымен қатар кіші қанайналымындағы қантамырлары қысымдарының қатынасының өзгеруіне жиірек байланысты болады. Мұндай өзгерістер бензинмен, керосинмен, скипидармен уланғанда және суға батканда байқалады. Ал ЖРЖВА, тыныстың ауыр обструкциялык ауруларында өкпенің интерстициалды ісінуі болады, өйткені онда өкпе қан тамырларының эндотелиі зақымданады. Ол альвеолярлы-капиллярлы мембрана арқылы жүретін фильтрацияның жоғарылауына байланысты.

Бұлар мына факторларға байланысты:

  • Тыныс жолдары өткізгіштігінің бүзылысында, дем алу транспульмональді қысымды кенеттен жоғарылатып, өкпеден лимфаның қайта ағуын қиындатады.
  • Гипоксия мен гиперкапния өкпелік гипертензияны тудырып, фильтрациялық қысымды жоғарылатады.
  • Гиперкатехолемия үлкен жэне кішІ қан айналымындағы қанды бөліп, оның көбісін кіші қан қанайналымына береді.
  • Кеудеішілік жоғары теріс қысым, сол қарыншаның күштемеден кейінгі жұмысын көбейтеді, жүректен
    кан қайтымын төмендетеді. Сонымен қатар кіші қан айналымының жұмысын көбейтеді. Осының барлығы өкпенің ісінуіне әкеліп соғады.
Өкпе ісінуі
Өкпе ісінуі кезіндегі альвеоладағы көрініс

Өкпе ісінуінің клиникасы. Жоғарыда көрсетілген себептердің әсерінен шунтты-диффузды тыныс жетіспеушілігі дамиды. Өкпені тыңдағанда — көп мөлшерде, майда және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Осыдан кейін кеңірдектен кызғылт түсті көпіршікті қақырықтар шығады. Жаңа туған нәрестелерде
сурфактанттың аздығынан өкпеден қан кетуі де мүмкін. Ентігу күшейіп, цианоз, тахикардия пайда болады.

Өкпе ісінуіндегі жедел көмек

  • Науқастың басын жоғары көтеріп жатқызу;
  • Жоғарғы тыныс жолдарын тазарту;
  • 95% спиртпен ингаляция жасау, 33% спиртті көк тамырға
    енгізу 1 мл/ баланың әр жасына;
  • Лазикс 3-5мг/кг;
  • Аяқтарына жгут байлау;
  • 15-20% маннитолды 1г/кг к/т тамшылатып енгізу;
  • 2,4% эуфиллин 0,1мл/кг к/т енгізу;
  • 0,05% строфантин 0,1 мл /кг физ.еріт;
  • 3% 2мг/кг преднизолон;
  • тез арада ауруханаға жатқызу.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!