Квинке ісігі. Клиникалық белгілері. Шұғыл көмек

Квинке ісігі

Квинке ісінуі – бұл аллергиялық реакцияның жайылмалы түрі, терінің барлық қабатында бұлшықетке дейін аллергиялық реакцияның жайылуымен сипатталады. Қолмен басып көргенде шұңқыр қалмайтын сұр инфильтрат пайда болады.

Квике ісігінің себептері:

  • Тұқым қуалаушылық, шырышты қабаттың зақымдалуы
  • Аллергиялық реакция тудыруға қолайлы жағдайлар болса, мысалы, науқаста қандай да бір химиялық және биологиялық сыртқы факторларға кенеттен жоғары дәрежедегі аллергиялық тітіркену пайда болғанда дамиды.
  • Келесідей дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдау: антибиотиктер, йод препараттарын, тырысуға қарсы дәрілік заттарды, көз тамшыларын, анестетиктерді.
  • Жәндіктер жұмсақ тері асты май қабаты орналасқан жерлерді шағып алса.
  • Құрамында бояғыштар мен әртүрлі консерванттар, әртүрлі қоспалары бар тағамдарды шамадан тыс қабылдау
  • Гүлдейтін өсімдіктердің шаңдарынан жоғары аллергиялық реакция болғанда
  • Аса жоғары өткір иістерге аллергиялық реакция туса, мысалы , балықтың иісіне.

Квинке ісігінің жалпы симптомдары: кенеттен басталады, бүкіл денеде есекжемнің көрінісіне ұқсайтын өзгеріс байқалады: денеге әртүрлі өлшемдегі қызыл күлдіреуіктер шығады, олар қышиды. Естеріңізде болсын, осы кездегі қышудың пайда болуы ағзаға қауіпті емес!! Сонымен қатар, Квинке ісігінде тері асты май қабатының ісінуі болады. Бұл белгі – Квинке ісігінің ең басты белгісі!

Квинке ісігі көзге көрінетін жерлерге ғана емес, ішкі ағзаларға да шығады.  Мысалы, асқазан ішек жолдарына.

Квике ісігінің жиі кездесетін  локализациясы : борпылдақ тері асты клетчаткасы, бет, мұрынерін , қас, ауыз қуысының шырышты қабаты,  көмей, тіл, маңдай, ерін, сүт безі, сыртқы жыныс мүшесі.

Квинке ісігі
Квинке ісігі кезіндегі баланың бет әлпетіндегі көрініс

Квинке ісігінің орналасуына байланысты қысқаша салыстырмалы диагностикасы:

  • Көмей ісінуі және жедел тыныс жеткіліксіздігі – дауыстың өзгеруі, ит үрген сияқты жөтел, тыныс алудың прогрессирленген қиындауы болады. Тыныс алу жолдарындағы Квике ісігі кезінде науқастың тамақ аймағы , тіл, ауыздың щырышты қабатында да ісіну жүреді.

Көмейдегі Квинке ісінуі кезінде тері түсі бастапқыда көкшіл реңді, одан соң бозарған күйге өзгереді. Себебі, көмей ісінуінде тыныс алу жеткіліксіздігінің орын алуы  80% пайызға дейін болуы ықтимал.

  • Асқазан –ішек жолдарының шырышты қабатының ісінуі кезінде – жеңіл абдоминальді патология байқалады, диспепсиялық бұзылыстар, ішек перистальтикасының күшеюі болады.
  • Ісік беттте болса тістің ауруы мүмкін, менингиальді белгілер байқалады. Есте сақтаңыздар! Беттегі Квике ісінуі жиі кездеседі, визуальды түрде тез диагностикалауға болатын түрі. Беттегі Квике ісінуі кезінде тек қана бет емес, мұрын, ерін айналасы, қас аймағы ісінуі, тіпті құлақ аймағының ісуімен бірге жүруі мүмкін. Беттегі ісікті сипап көрген кезде ауырсынбайды, бірақ тығыз болады.  Ісікті біраз күшпен басып көргенде бет шұңқыры (ямка ) пайда болмайды. Беттегі Квике ісігі кезінде науқаста буынының ауыруы байқалуы мүмкін. Беттегі Квике ісігінің асқынуы: анафилактикалық шок, естен тану.

Квинке ісігі кезіндегі шұғыл көмек

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін келесі шараларды жасау керек:

  • Науқасты тыныштандыру, ыңғайлы жерге отырғызу
  • Міндетті түрде аллергенмен байланысты үзу,  науқасқа таза ауа келетындей жағдай жасау.
  • Көмейдің ауыр ісіктері кезінде тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру әдістері қолданылады. Трахеотомия немесе коникотомия. Ескерту! Трахея интубациясы кезінде қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан бұл әдістерді білетін маман жасағаны өте дұрыс!
  • Ісіген аймақтарға суық басу немесе мүз басу тиімдірек.
  • Жәндік шаққан болса, жәндіктің уын тез арада алып тастау. Тез арада жәндік шаққан жерден сәл жоғары жгут салу , жгут жоқ болса, көйлекті қолдану. Қаттырақ байлауға тырысу керек жгут жоқ болса.  Жгутты  30 минутқа дейін салуға болады. Әр 10 минут сайын 1-2 минутқа жгутты босату керек.
  • Бір немесе екі таблеткадан антигистаминді препарат береміз . Ол препараттар жедел жәрдем келгенге дейін ісік реакциясын баяулата тұрады. Ондай препараттарға жататындар:
  • Супрастин ( хлоропирамин)
  • Фенкарол (хифенадин)
  • Міндетті түрде сілтілермен араласқан сұйықтық ішу керек. 1000 мл суға 1 гр тұз қосып ішуге болады. Сілтілермен араласқан сұйықтық ішу аллергеннің ағзадан шығарылуына көмегін тигізетіні дәлелденген.
  • Сорбенттерді қабылдау. Мұндай препаратқа өзіміздің қарапайым «белсендірілген көмір» (активированный уголь ) жатады.

Жедел жәрдем келген кездегі шұғыл көмек:

Гормональді терапия: Келесі дәрілік заттардың біреуін таңдайсыз:

  • дексаметазон 8-32 мг в/в тамшылатып;
  • преднизолон 90-120 мг в/в біртіндеп құю (струйно);
  • метилпреднизолон 50-120 мг в/в біртіндеп құю (струйно);
  • бетаметазон 8-32 мг в/в тамшылатып
  • Десенсибилизациялық терапия: супрастин 2%-2,0 б/е.   Супрастин , димедрол б\е беруге болады.
  • Ісік көмей және жұтқыншаққа жайылған кезде қосымша 0,3 мл араласқан адреналинді тері астына баяу енгіземіз.
  • Зәр айдағыш дәрілік заттар: лазикс 40-80 мг к/т ағызып 10-20 мл физиологиялық ерітіндімен.
  • Бронхоспазм болса , небулайзер арқылы қабынуға қарсы β2-адреномиметиктерді қолданамыз – сальбутамол 2,5-5,0 небулайзер арқылы;
  • Бронхоспазм қайтпай, сақталып тұрса көктамырға біртіндеп  ағызып (струйно)  5-6 мг/кг 2,4 %  аминофиллин ерітіндісін  20 минут ішінде құяды. Немесе көктамырға тамшылатып, 0,2-0,9 мг/кг /сағ бронхоспазм жоғалғанға дейін құяды.
  • Брадикардия болса, теріастылық атропин иньекциясы жасалынады (0,3-0,5 мг). Қажеттілік болса 10 минуттан кейін қайталауға болады.

Артериялық қан қысымы төмендеп кетсе, кристаллоидтық ерітінділерді енгізеді. Ол сонымен қатар қанайналымның тазаруын жүзеге асырады:

  • декстран, орташа молекулярлы массасы 35000-45000 Дальтон;
  • натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін  1-2 литр мөлшерде құю (5-10 мл/кг алғашқы  5-10 минут ішінде),  (немесе басқа изотоникалық ерітінділерді қолдану)

Сонымен қатар, вазопрессорлы аминдерді беруге болады:

  • норэпинефрин, 2-4 мг (1-2 мл 0,2% ерітінді), 500 мл 5% глюкоза ерітіндісіне немесе 0,9%  натрий хлоридінің ерітіндісіне  бөліп құю, инфузия жылдамдығы  4-8 мкг/мин  АҚ қалпына келгенге дейін.

Допамин (в/в тамшылатып):

  • – 400 мг ерітіндіні 500 мл 0,9%  натрий хлоридінің ерітіндісіне немесе 5%  глюкоза ерітіндісіне ерітеді, енгізу жылдамдығы  2-20 мкг/кг/мин, систолалық қан қысымының деңгейі  90 мм сын.бағ . болғанға дейін дозаны титрлейміз.
  • анафилактикалық шоктың ауыр түрінде допаминді енгізу жылдамдығы 50 мкг/кг/мин немесе одан жоғары болуы мүмкін;
  • -тәуліктік дозасы 400-800 мг (максимальді- 1500 мг).
  • Гемодинамикалық көрсеткіш тұрақталған сайын дозасын азайтамыз.
  • Прессорлық аминдерді енгізу ұзақтығы әр науқастың жағдайына байланысты жеке тағайындалады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!