Акушерия және гинекологиядағы тексеру әдістері
Акушерия және гинекологияда қолданатын тексеру әдістері келесідей болып бөлінеді:
- Жалпы медицинадағы зерттеу әдістері
- Арнайы зерттеу әдістер
Тексерудің құрылымды элементтері:
- Анамнез жинау
- Жалпы қарау, соматикалық статусты бағалау
- Акушерлік-гинекологиялық зерттеу
- Қосымша зерттеу әдістері
Анамнез және шағымдар:
- Актуальды, 50-70% дұрыс диагнозды анықтайды
- Диагнозды нақтылау үшін объективті зерттеу әдістері қолданылады
- Медико-социальды мәліметтер(жасы, отбасылық-әлеуметтік жағдайлар, профессиясы, тамақтануы)
- Өмір анамнезі(аурулар және операциялар, тұқым қуалаушы аурулар, аллергоанамнез)
- Арнайы (менструалды, секреторлы, жыныстық және бала табу функциялар, гинекологиялық аурулар мен операциялар)
- Шағымы және жүктілік ағымы
- Зиянды әдеттер
- Күйеуі туралы мәліметтер
- Жақын ағзалардың функциясы(зәр шығару, нәжісі)
Жалпы қарау:
- Дене бітімі
- Терісі мен шырышты қабаттардың жағдайы
- Сүт бездері
- Жүйе бойынша ішкі ағзалардың жағдайы
- Ішті қарау (формасы, тыныс алуда қатысу, пальпация, перкуссия, аускультация, өлшемдері)
- Жамбасты өлшеу
- Сыртқы акушерлік зерттеу
- Іштің аускультациясы
- Сыртқы жыныс ағзаларды қарау
- Гинекологиялық айнамен қарау
- Қынаптық зерттеу, бимануальды, тік ішекті және қынап-тікішекті тексеру
- Жүктілерді тексеру алғашқы сұраудан, қараудан, қосымша зерттеу әдістерін жүргізуден тұрады.
Жүктілік мерзімін анықтау
- Етеккірдің 1-і күнімен
- Овуляциямен
- 1-ші ұрық қимылымен
- Объективты көрінісімен (ерте келу – 12 аптаға дейін)
- УДЗ (нақты ерте мерзімде)
Акушериядағы лабораторлы зерттеу әдістері:
- Қан және зәрді зерттеу
- Биохимиялық
- Иммунологиялық
- Бактериоскопиялық
- Бактериологиялық
Акушериядағы қосымша зерттеу әдістері:
- Медико-генетикалық әдістер
- УДЗ
- Ультрадыбысты доплерометрия әдісі
Иммунологиялық әдістер
- Жүктілік диагностикасы – сарысуда және зәрде ХГ анықтау
- Гипоталамус гормоны (люлиберин, фолиберин)
- Гипофиз (ФСГ, ЛГ, пролактин, АКТГ, ТТГ)
- Аналық безі (Э1 Э2Э3прогесторон, андроген)
- Бүйрекүсті безі (кортизол, тестостерон, альдостерон)
- Қалқанша безі (Т3, Т4 )
Медико-генетикалық әдістер қолданылады:
- Жыныстық даму ақауларын, бедеулікті диагностикалау үшін
- Тұқым қуалау ауруларын анықтау үшін
- Ұрықтың даму ақауларын анықтау үшін
- Жүктілікті көтере алмаушылықты анықтау үшін
Медико-генетикалық әдістер
- Кенес беру
- Цитогенетикалық
- Биохимиялық
- Иммунологиялық
- Гендер байланысы бойынша мәліметтер
Биологиялық әдістер
- Реакция Фридмана
- Реакция Галли-Майнини
- Реакция Ашгейма-Цондека
Цитологиялық диагностика
- Эксфолиативті цитология
- Саусақ ізі бойынша
- Пунктат
Электрофизиологиялық әдістер
- ЭКГ
- ФКГ
- КТГ
- Реография
- Гистерография
- Цервикометрия
- Термометрия
Кардиотокография.
- Ұрық жағдайын бағалаудың негізгі әдісі
- Ұрық жүрек әрекетінің сипатын бағалау
- Жатырдың жиырылу белсенділігін бағалау
Осы әдісті жүктілік және босану кезінде кең қолдану перинатальді өлімді 4 есе төмендетті. УДЗ скринингтің қарауы жүктілерде УДЗ бақылауды үш ретті жүргізу болып табылады. Ол: 10-12, 20-22 және 30-32 аптада. 36-37 аптада жүктіліктің физиологиялық ағымында плацентаның қалыңдығы 3,3-3,6 см. құрайды. Плацентаның жұқаруы немесе қалыңдауы ПЖ дамуын көрсетеді. Етеккір циклінің 5-7 күнінде жасалады. Жатыр, аналық безі ісіктерінің, аденомиоз, эндометрий патологиясын, аналық безінің поликистозын даму ақауларын диагностикалайды. Әдістің нақтылығы 74,8 %
Ультрадыбысты допплерометрия. Әртүрлі тамырларда қан ағымының инвазивті емес тура өлшемдерін анықтайды Ұрық, кіндік, жатыр артериялары қантамырларында қан ағымының жағдайын динамикада бақылайды.
Эндоскопиялық тексеру әдістері:
- Амниоскопия, фетоскопия
- Лапароскопия
- Гистероскопия
- Кольпоскопия (микрокольпоскопия, люминисцентті)
Қосымша зерттеу әдістері:
- Инструменталды әдістер (жатырды зондтау, жеке диагностикалық қыру, биопсия, аспирациялық кюретаж, құрсақ қуысын пункциялау артқы күмбез арқылы)
- Функционалды диагностикалық әдістер
- Зерттеудің лабораторлы әдістері:
- Гормоналды зерттеулер