Жүктілік кезіндегі тамақтану
Жүктіліктің екінші жартысындағы бір апталық тамақтану тәртібі
Дүйсенбі.
- Таңертеңгі ас: сары май, жұмыртқа, ірімшік, сүт қосылған шай
- Түскі ас: етсіз сұйық тамақ, жеке пісірілген ет, алма.
- Түстен кейінгі немесе түске дейінгі ас (полдник):алма, жеміс шырыны, сүзбе салып пісірген нан
- Кешкі ас: нан, айран, сұйық тағам қажеттілік бойынша
Сейсенбі:
- Таңертеңгі ас: сары май, қаймақ пен ірімшік, сүт қосылған шай
- Түскі ас: күріштен жасалған сүт көже, пісірілген ет, жеміс, компот
- Түстен кейінгі немесе түске дейінгі ас (полдник): жүзім, тәтті нан немесе тоқаш, сүт.
- Кешкі ас: нан мен айран, сұйық тағам қажеттілік бойынша
Сәрсенбі:
- Таңертеңгі ас: сары май , қаймақ пен ірімшік, сүт қосылған шай.
- Түскі ас: етсіз борщ, жеке пісірілген ет, тәтті жеміс
- Түстен кейінгі немесе түске дейінгі ас (полдник): қаймақ қосылған картоп, сүт.
- Кешкі ас: нан мен айран, сұйық тағам қажеттілік бойынша
Бейсенбі:
- Таңертеңгі ас: сары май, қаймақ қосылған салат, сүт қосылған шай
- Түскі ас: көкөністен, балықтан жасалған сорпа
- Түстен кейінгі немесе түске дейінгі ас (полдник): қарақұмық ботқасы, алма шырын
- Кешкі ас: нан мен айран, сұйық тағам қажеттілік бойынша
Жұма:
- Таңертеңгі ас: сары май, омлет, сүт қосылған шай.
- Түскі ас: көкөністен жасалған сұйық ас, пісірілген ет, итмұрыннан жасалған компот
- Түстен кейінгі немесе түске дейінгі ас (полдник): тәтті тағам, алма, сүт қосылған шай.
- Кешкі ас: нан мен сүт, сұйық тағам қажеттілік бойынша
Сенбі:
- Таңертеңгі ас: сары май, қаймақ пен ірімшік, сүт қосылған шай.
- Түскі ас: етсіз сорпа, жұмыртқадан жасалған тағам, жемістен жасалған компот.
- Түстен кейінгі немесе түске дейінгі ас (полдник): жеміс шырыны, тәтті тоқаш.
- Кешкі ас: нан мен сүт, сұйық тағам.
Жексенбі:
- Таңертеңгі ас: сары май, капустадан жасалған салат, ірімшік, сүт қосылған шай.
- Түскі ас: етсіз сорпа, картоп пен балық, тәтті жеміс.
- Түстен кейінгі немесе түске дейінгі ас (полдник): жүзім, тәтті нан немесе тоқаш, сүт.
- Кешкі ас: нан мен айран, сұйық тағам қажеттілік бойынша
Жүкті әйелдің еңбек етуі мен гигиенасы
Әйел жүкті кезінде үйдің жеңіл жұмысын ғана істеуге тиіс. Ауыр нәрсе көтеруіне, қатты еңкейіп еден жууына болмайды. Жүкті әйел ауыр жұмыс атқарған кезде оттегінің көбі бұлшықеттердің қызметіне кетеді де, соның салдарынан жатырдағы нәрестеге оттегі мөлшері аз баруы мүмкін. Сонымен қатар оттегі жетіспесе әйел ағзасындағы зат алмасу қызметтері нашарлап, сол себептерден бала шала тууы мүмкін.
Әйел организміне оттегі жеткілікті болуы үшін , жүкті әйел күніне бірнеше рет екі сағаттан таза ауада серуендеуі қажет. Ұйқысы 8-9 сағаттан кем болмауы қажет.
Жүкті әйелдерге ауа ваннасы пайдалы, оның ұзақтығын 15-20 минуттан асыруға болмайды. Жүктілігі асқынбаған әйелдерге таңертеңгі және кешкі уақыттарда (8 бен 11, 17 мен 19 арасында) күнге қыздыруына болады.
Әйел денесінің тазалығына ерекше көңіл бөлуі керек. Денені таза ұстау терінің тыныстануын жақсартумен қатар, организм үшін зиянды заттардың терімен бірге сыртқа шығуын қамтамасыз етеді.
Жүкті әйелдің киетін киімі ыңғайлы, кең болғаны дұрыс.
Жүктіліктің екінші жартысынан бастап, арнайы бандаж киюге болады. Ол жатырды төменгі жағынан демеп, жоғары көтеріп тұрады. Бандаж белге түсетін салмақты азайтып, жүкті әйелдің еркінірек қозғалуына мүмкіндік туғызады.
Осы материалмен бірге оқи кетіңіз:
Жазған: Еркебулан Молдаханов