Тениоз және цистицеркоз ауруы
Тениоз және цистицеркоз– қоздырғыш ауыз – нәжіс механизмі арқылы берілетін, ішекте шошқа цепенінің (тениоз) ересек гельминті және ол гельминттің личинкалық сатысында (цистицеркоз) паразиттік өмір сүруіне байланысты ішек – қарын жолының диспептикалық бұзылуы және токсикалық – аллергиялық құбылыстармен сипатталатын, цестоздарға жататын антропургиялық биогельминтоздар.
Қоздырғышы – Taenia solium (шошқа цепені, қарулы) – таспа тәрізді гельминт, 1000 дейін мүшелері (проглоттид) бар, ұзындығы 3-4 метрге дейін жетеді. Диаметрі 0,6-2 мм, басында 4 сорғышы, 22-32 қармағы бар, осы себептен қарулы цепень деп аталады. Ересек мүшелерінде 30 дан 50 мыңға дейін жұмыртқа болады. Сиыр цепенінен шошқа цепені мүшелер санының (800-1000) аздығымен, олардың мөлшерімен (ұзындығы 12-15 мм, ені – 6-7 мм) және ересек мүшелерінің жатырының бүйір тармақтарының аздығымен (7-12 жұп) ажыратылады. Сонымен қатар, шошқа цепенінің белсенді жылжу қабілеттілігі болмайды. Сиыр және шошқа цепендерінің жұмыртқалары мен онкосфералары морфологиялық құрылыс бойынша бірдей.
Шошқа цепенінің личинкалық сатысында адам тіндерінде паразиттік даму 2,5-3 айда толық аяқталып цистицеркоз (қоздырғышы – Cysticercosis cellulosae) ауруын тудырыды.
Бұл жағдайда аурулар факультативтік аралық иенің рөлін атқарады. Адам организмінде ересек гельминттердің паразиттік тіршілік ету тениоз ауруына (қоздырғышы Taenia solium) әкеледі, бұндай адам – ақырғы ие. Соныменен аурыдың екі нозологиялық түрінде де (тениоз, цистицеркоз) адам ақырғы ие болады. Цистицерктің шошқа организміндегі тіршілік ұзақтығы 2 жылға децін, адам организмінде – 3-17 жылға дейін созылады, кейін петрификатқа айналады (әктенеді).
Эпидемиялық процестің сипаттамасы. Цистицерозды ауру ретінде бірінші сипаттаған Аристотель болады, ал Еуропа медицинасында ол 14 ғасырдан белгілі, содан бері қоздырғышы Cysticercosis cellulosae деп аталады.
Тениоздың эпидемиялық процесінің дамуы мен көріністері, патогенезі, клиникасы цистицеркоздағымен өте ұқсас. Инвазия қоздырғышының көзі – ауру адам, берілу механизмі – ауыз нәжістік, жұғу жолы – алиментарлық, зақымдауышы факторы – шошқаның финозды еті, ал цистицеркозда оған қосымша залалсыздандырылмаған адам нәжісімен тынайтылған топырақта өскен онкосфералармен ластанған көкеністер.
Аталған гельминтоздар қоздырғыштарының ақырғы иесі адам болады. Тениозда аралық иелері – үй шошқалары, сирегірек жағдайда қабандар, иттер, мысықтар, ал цистицеркозда онкосфералармен залалданса, адамдарда аралық ие болады. Шошқа етін тағамға қолданатын барлық жердегі тұрғындардың арасында инвазия таралған: Африкада, Қытайда, Оңтүстік Азияның кей бір елдерінде, Америкада (әсіресе Мексикада) және Шығыс Еуропада, РФ, Беларусь, Украинада жиі, ал Қазақстанда сирек жағдайларда тіркеледі, ересек адамдар жиірек ауырады. Ет комбинатының, шошқа шаруашылығының жұмыскерлері және үй шаруасымен айналысатын әйелдер арасында осы кеселмен науқастанушылық басымырақ болады.
cellulosis – бен ми, көз жарақаттанса, цистицеркоздың клиникалық көріністері өзгеше болады. Мінез – құлқы бұзылуы, бастың ішкі қысымының артуы, бастың қатты ауруы, ұстама болуы және т.б. орын алады. Көз цистицеркозы соқырлыққа дейін апарады. Цистицерк көзге өтсе, экзофтальм байқалады.
Диагноз қою. Тениаринхозды табу жолындағы принциптер қолданылады. Ананльдіқ тесік айналасынан алынған жағындыны және науқастың нәжісін микроскопта зерттеу қолданылады (теринаринхозға диагноз қоюды қараңыз). Серологиялық диагноз қою үшін ЖГАР, ЖИФР, ИФТ пайдаланады, оларды қойғанда қан сары суымен қатар жұлын сұйығын да тексерген дұрыс. Аспаптың әдістерден офтальмоскопия, соңғы кезендерінде – УДЗ (УЗИ), компьютерлік томография, көзбен мидағы петрификаттарды табу үшін рентгенография қолданылады.
Емдеуі: празиквантел, фенасал, никлозамид, албендазол (цистицеркозда) және хирургиялық әдістер қолданылады . Антигельминттік препараттарды цистицеркозды энцефалиттің жіті кезеңінде, ал празиквантелді – көз зақымданғанда қолдануға болмайды.
Эпидемиологиялық қадағалау, эндемияға қарсы эәне алдын алу шаралары тениаринхоздағыдай өткізіледі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – адамды гельминттен тазалау және жануарларға (шошқаларға) жұғуына жол бермеу, ол үшін қоршаған ортаны инфазиялық заттардан қорғау үшін күрделі шаралар іске асырылады.
Еркебулан Молдаханов