Аналық бездерінің ісіктері
Пайда болу себептері
- Етеккір овориалды циклдің бұзылыстары
- Созылмалы сальпингоофориттің жиі асқынулары
- Бедеулік
- Асқынған преморбитті фон,соның ішіңде асқынған тұқым қуалаушылық т.б.
Аналық бездердің жалған ісіктері – ретенционды құрылымдар, аналық бездердегі қуыстардың ішіне секрет жиналып, сол қуыстың созылуынан пайда болады. Бұл ісіктер шексіз көлемді болып өсе алмайды. Оларға жатады:
- Фолликулярлы кристалдар
- Сары дененің кисталары
- Параоваралды кисталар,байламдар арасында орналасқан
- Эндометрионды кисталар
- Түтіктік – аналық бездік кисталар
Аналық бездерінің нағыз ісіктері, олар бластоматозды өсе алады
1.Эпителиалды (аналық бездердің эпителиінің қабықшасынан өсетін ісік)
- цилиоэпителиалды (жай серозды, папиллярлы)
- жалған муцинозды
2.Фиброма
3.Гормон өндіруші
- феминизациялайтын (фолликулома, текома)
- макулинизациялайтын (адренобластома)
4.Герминогенді (аралас) – ұрық жапырақтарының элементтерінен пайда болады (дермоидті киста)
Аналық бездердің жалған ісіктері
Ретенционалды құрылымдар, аналық бездердегі қуыстардың ішіне секрет жиналып, сол қуыстың созылуынан пайда болады. Бұл ісіктер шексіз көлемді болып өсе алмайды
- Фолликулярлы кисталар
- Сары дененің кисталары
- Параовариалды кисталар, байламдар арасында орналасқан
- Эндометриоидті кисталар
- Түтіктік-аналық бездік кисталар
Клиникасы:
- Бір жақты өседі
- Көлемі үлкен емес
- Қозғалмалы
- Беті тегіс
- Эластинді
- Консистенциялы
- Ауырмайды
Диагностикасы:
- Шағымдары
- Анамнез
- Бимануалды зерттеу
- Кіші жамбас қуысының УДЗ
- Лапороскопия
- Компьютерлі томография
- Урологиялық зерттеу
Салыстырмалы диагностикасы:
- Жатырлық жүктілік
- Эктопиялық жүктілік
- Жатыр миомасы
- Тубоовариялды құрылымдар
- Аналық бездердің қатерлі ісіктері
- Бүйректің дистоциясымен
Емдеу: Кисталарды емдеу 4-6 апта бойы, кең көлемде қабынуға қарсы терапия жүргізеді, емнің нәтижесіздігі кезінде оперативті ем (резекция, аналық безді алып тастау – аднексэктомия, кистэктомия т.б.)
Асқынулары:
- Ісік аяқшасының бұралып кетуі
- Некроз
- Індеттену
- Капсуланың жыртылып кетуі
- Малигнизация
- Кіші жамбаста қысылып қалу
- Көрші ағзалармен жабысып қалу
Аналық бездердің нағыз ісіктері
Олар бластоматозды өсе алады.
Эпителиалды – аналық бездердің эпителийінің қабықшасынан өсетін ісік.
- Цилиоэпителиалды (жай серозды және папиллялды)
- Жалған муцинозды
- Фиброма
- Гормон өндіруші
- Фиминизаляциялайтын (фолликулома, текома)
- Макулиназациялайтын (адренобластома)
Кистомалардың емі (тек оперативтік жолмен жүргізіледі)
- Папиллялды кистома – қосалқылар тек біржақты зақымданып және ісік капсуласы өсіп кетпесе, зақымданған қосалқыларды алып тастайды. Егер кистоманың капсуласы өсіп кетсе , экспресс-биопсия жасап, қатерлі ісікке күмән болғанда жатырды қосалқыларымен және үлкен майлықты (сальникті) алып тастайды. Операциядан кейінгі кезеңде жүргізеді.
- Жалған муцинозды кистома кезінде зақымдалған жатыр қосалқыларын алып тастайды да, экспресс-биопсия жасап, іш қуыс мүшелерінің ревизиясын жасайды.
- Дәнекер – тінді кистомаларда – зақымдалған аналық безді ғана алып тастайды
- Дермоидті кистаны оперативті жолмен алып тастау.
- Гормон өндіруші ісік – егер ересек жастағы әйелдерде болса, жатыр мен жатыр қосалқыларын алып тастайды; егер жасөспірім кезеңде дамыса тек қана зақымданғанды алып тастауға тырысады; қартайған кезеңде дамыса – пангистероэктомия, кейде іш қуысының ағзаларының ревизиясын және экспресс-биопсия жасайды.
- Жүйенің анатомиялық аяқшасына – аналық бездің өзіндік (негізгі) аяқшасы, оймыш жамбастық байлам және мезовариум жатады.
- Хирургиялық аяқшасына – анатомиялық аяқша мен жатыр түтігі жатады. Аяқшаның ішінде аналық безді және жатырлық артериялардың анастомозы, соған сәйкес веналар мен лимфатикалық тамырлар, нерв талшықтары өтеді.