Науқастың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы. Дене биомеханикасы. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту, төсектегі қалпы
Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың белсенді, белсенді емес, мәжбүрлік қалпын ажыратады. Белсенді қалыпта науқас төсектегі өз қалпын емін-еркін өзгерте алады және жүре алады. Белсенсіз қалыпта науқас өздігінен қозғала алмайды. Мысалы зілді мертігулерде, жаралануда, сал болып қалғанда және т.б. Мәжбүрлік қалып дегеніміз науқастар ауырсынуын жеңілдету мақсатында қабылдайтын қалып. Мысалы, ортопноэ – қан айналымының жетіспеушілігі бар науқастардың аяқтарын төмен түсіріп, отыруы, бұл кезде қан аяк көк тамырларында жиналады да өкпедегі кан іркілуі азаяды, ентігу біраз әлсірейді.
Науқастың қалпы әрдайым оған тағайындалған қозғалу тәртібімен сәйкес келе бермейді. Науқастың белсенділік тәртіптері:
- Қатаң төсектік (аурудың жедел сатысында біраз уакытқа тағайындалады, 1-3 күн), науқас шалқасынан жатады, тек майда буындарын қозғалтуға рұқсат етіледі, күтімді толығымен мейірбике жүргізеді.
- Төсектік (аурудың жеделдеу сатысында тағайындалады), науқас жатады, төсекте бұрылуға, ірі буындарын қозғалтуға болады, жартылай өзін өзі күтім жүргізуге рұқсат етілуі мумкін.
- Палаталық, науқас уакытының көбін төсекте өткізеді, палатада жүруге болады, палатадан тыс шығуына болмайды, жекелей немесе топты ЕШК жаттығулары аздаған салмақ түсірумен палатада жүргізіледі, толығымен өзін- өзі күтеді.
- Жалпы, уақытынын көбін жүрумен өткізеді, барлық емге баруына болады, топты ЕШК жаттығулары аз және орташа салмақ тусірумен арнайы залда жүргізіледі, толығымен өзін – өзі күтеді, далаға шығуға болмайды.
- Аялағыш-жаттықтырғыш, күндізгі уақытта төсекте жатуына болмайды (тыныштық сағаттарынан басқа уақытта), ЕШК жаттығулары тек топты тәсілмен орташа және үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі, еңбекпен емдеуді тағайындауға болады, далада серуендеуге немесе жаттығуға болады, спорт ойындарының элементтері тағайындалады.
Шипажайлық емге жаттықтырғыш тәртіп колданылады. Науқас мекеменін барлық шараларына қатысады, ЕШК жаттығулары үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі. Науқастардың медициналық, тұрмыстық, әлеуметтік, кәсіптік реабилитациясы мақсатында қалпына келтіру шараларының неғұрлым толық бағдарламасы тағайындалады.
Науқастың белсенділік тәртібі
Науқастың белсенділік тәртібі науқастың ауыр-жеңілдігіне байланысты бөлінеді:
- Жалпы
- Жартылай төсекті
- Төсекті
- Қатаң төсекті
- Егер науқас адам өз бетінше жүріп-тұра алатын болса және өз аяғымен дәретханаға, ем қабылдауға, асханада тамақтануға, туыстарымен кездесуге шамасы келсе мұндай тәртіпті жалпы төсекте жату тәртібі деп атайды.
- Егер дәрігер науқас адамға сырқатының ауырлығына байланысты көп қозғалуға рұқсат етпесе, тек қажет болған жағдайда ғана қозғалуға дәретханаға, ем қабылдауға, асханада тамақтануға, туыстарымен кездесуге/ рұқсат етілсе мұндай тәртіпті жартылай төсекте жату тәртібі деп атайды.
- Егер науқас адамның тек өз төсегінде ғана қозғалуына рұқсат етіліп, басқа артық қозғалыс жасауына рұқсат етілмесе мұндай тәртіпті төсекте жату тәртібі деп атайды.
- Егер науқас адамның өз төсегінде жатып қозғалуына рұқсат етілмесе етпетінен, бір қырынан, отыруына мұндай тәртіпті қатаң төсекте жату тәртібі деп атайды. Төсек тартып жатқан науқастардың төсекте жату қалпының 3 түрі бар.
Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы:
- Белсенді
- Енжарлы
- Мәжбүр Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған науқастарда кездеседі. Ол кезде науқас өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады.
Енжарлық қалып – науқас қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды.
Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі:
Ортопное– өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде отырады. Осы уақытта ентігуі азаяды.
Амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – жүрек ауруларында, науқас амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады.
Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит ауруына тән.
Амалсыз ішінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән.
Арқасымен жату қалпы – шалқасынан жату миокард инфарктісінде қолданылады.
Науқастың төсектегі дене қалыптары
Фаулер қалыпта жату – науқас жастықсыз кереуеттің ортасына арқасымен немесе шалқасынан жатады. Функционалды кереуеттің бас жағын 45-60˚С жоғары көтеру керек немесе үш жастықты бір-біріне қою керек. Жоғарғы Фаулер жағдайы – 90˚С, ал төменгі Фаулер жағдайы -30˚С-қа көтеру керек. Фаулер қалыпта жатуды – өкпе, жүрек демікпесінде, гипертониялық кризде, тері ойылуда қолдануға болады
Симс қалыпта жату – науқасты бір қырынан жатқызу керек.Төменгі қолы арқасына қарай созылып, ал екі аяғы жеңіл тізесінен бүгіледі. Жоғарғы аяғы алдына таман қаттырақ бүгіліп, төменгі аяғы төсекте созылып жатады.
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу
Мақсаты: төсекте науқасты жартылай отыру қалпымен қамтамасыз ету.
Іс-әрекет | Негізделуі |
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын, іс – әрекеттерді түсіндіру | Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады. |
2. Науқастың келісімін алу | Пациент құқықтарын сақтау қамтамасыз етіледі |
3. Кереуеттің бас жағын 45-60°С бұрышқа көтеру | Тамақтануға, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға ыңғайлы жағдай жасалады. |
4. Науқастың басын төмен жастыққа Қою | Мойын омыртқаларының бүгу контрактураларының алдын алу қамтамасыз етіледі. |
5. Науқас қолының астына жастық Қою | Қолдың салмағының төмен тарту нәтижесінде болатын иық буыны капсуласының тартылуын, буынның шығып кетуін болдырмау қамтамасыз етіледі |
6. Бел аймағы астына жастық Қойыңыз | Омыртқаның бел аймағына салмақ түсірмеу қамтамасыз етіледі |
7. Науқастың қабырғалары астына кішкене жастықша қойыңыз | Салмақ әсерінен тізе буындарының шектен тыс жазу, тізе асты артерияларының қысылуын болдыр-мау қамтамасыз етіледі. |
8. Балтырдың төменгі 1/3 аймағына кішкене жастықша қойыңыз. | Матрастың табанға қысымын ұзақ болдырмау қамтамасыз етіледі |
9. Аяқ астына 90°С бұрышта тіреуіш қойыңыз. | Аяқтардың “салбырап” қалуын болдырмау. |
Науқасты жоғары Фаулер қалпында жатқызу
Мақсаты: Науқастың арқасымен мәжбүрлі жату қалпы.
Іс-әрекет | Негізделуі |
1. Науқастың бас жағын горизонталды етіп орналастыру | Арқасымен жатқызу қамтамасыз етіледі |
2. Бел аймағының астына кішкене жастықша қою. | Омыртқаның бел аймағына салмақ түсірмеу қамтамасыз етіледі. |
3. Иықтың жоғарғы бөлігіне, мойын және басының астына кішкене жастық қою. | Мойын омыртқалары аймағында бүгілу контрактураларын болдырмау қамтамасыз етіледі. |
4. Санның сыртқы шетіне валик тәріздес жастықша қою. | Санның сыртқа қарай бұрылуын болдырмау қамтамасыз етіледі. |
5. Балтырдың төменгі 1/3 бөлігіне валик қою. | Қысым төмендеп, ойылу пайда болу қаупі жойылады |
6. Аяқ басына 90°С бұрышта тіреуіш Қою | Аяқ басының “салбырап” қалуын болдырмау |
7. Науқастың қолдарын алақанымен төмен қаратып, денесіне параллель етіп орналастыру, білек астына кішкене жастықша қою. | Иықтың шектен тыс бұзылуын болдырмау, шынтақ буынының шектен тыс жазылуының алдын алу. |
Науқасты ішімен жатқызу
Іс-әрекет | негізделуі |
1.Науқаспен амандасу, жағдайын сұ-рау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру | Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады |
2. Науқастың келісімін алу | Науқастың құқығын сақтау қамтама-сыз етіледі |
3. Кереуетті горизонталды қалыпқа келтіріп, жастықты алып тастау | Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі |
4. Науқастың қолдарын шынтағында жазып, денесіне жақындату, қол ұшын санының астына қойып, қолы арқылы денесін айналдырып, ішімен жатқызу | Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі |
5. Науқасты кереуеттің ортасына жатқызу | Пациентке ыңғайлы жағдай жасалады |
6. Науқастың басын бір шетіне қарай бұру, басының астына кішкене жастық қою | Мойын омыртқаларының бүгу және шектен тыс жазуды азайту |
7. Көк ет деңгейінен төмен іш аймағына кішкене жастық қою | Бел омыртқаларының шектен тыс жа-зылуы мен бел омыртқаларына салмақ түсу төмендейді |
8. Науқастың қолдарын иығында бүгу, бас деңгейіне дейін көтеру | Иық буынының шығып кетуін бол-дырмау |
9. Аяқ басы астына валик қою | Аяқ басының “салбырап” қалуын және сыртқа қарай бұралуын болдырмау |
Науқасты бір қырынан жатқызу
- Бір қолыңыздың алақанын жоғары қаратып науқастың белінің астына қойыңыз.
- Екінші қолыңызды науқастың жамбасының астынан сан аймағына жіберіп, алақаныңызды жамбас-сан буынында бекітіңіз.
- Науқасты өзіңізге қарай жылжытып, бір қырына қарай айналдырыңыз. Науқас төсектің ортасында орналасуы керек.
- Жоғарғы аяқты тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз.
- Науқастың бас жағына жастық қойыңыз.
- Бүгілген аяқ астына жастық қойыңыз, аяғы сан деңгейінде орналасуы керек.
- Астындағы қолды шамалы бүгіңіз, жастық қасына орналастырыңыз.
- Үстінде орналасқан қолды шынтақта бүгіп, жастықтың үстіне орналастырыңыз.
- Төменгі аяқ басына тіреуіш қойыңыз.
- Науқасқа ыңғайлы екендігіне көз жеткізіңіз.
Науқасты өзімізге қаратып айналдырып бір қырынан жатқызу
- Науқасты сол қырына айналдыру кезінде оның оң қолын көкірегіне, ал оң аяғын сол аяғының үстіне қойыңыз.
- Науқасты санынан (тізесіне жақындау) және иығынан ұстаңыз.
- Өзіңізге қарай науқасты айналдырыңыз.
- Жоғарғы аяғын тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз.
Науқасты Симс қалпында жатқызу
Іс-әрекет | Негізделуі |
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру | Науқаспен қажетті қарым-қатынас жасалады |
2. Науқастың келісімін алу
| Науқастың құқығын сақтау қамтамасыз етіледі. |
3. Кереуеттің бас жағын горизонталь-ды қалыпқа келтіру | Науқасты бір қырымен жатқызуға ыңғайлы жағдай жасалады |
4. Науқасты бір қырымен және жар- тылай ішімен жатқызу | Симс қалпын қамтамасыз ету |
5. Басына жастық қою | Мойынның шектен тыс бүгілуін болдырмайды |
6. 90° бұрышта иықта және шын-тақта бүгілген «жоғарғы» қол асты-на жастықша қою. «Төменгі қолды» бүкпей төсекке қою | Дұрыс дене биомеханикасы қамта-масыз етіледі |
7. Бүгілген «жоғарғы» аяқ астына жастықша қою, «төменгі» балтыр «жоғары» аяқ санының төменгі 1/3 бөлігі деңгейінде орналасуы керек | Санының ішке қарай бұрылуын, аяқтың шектен тыс жазылуын болдырмайды |
8. Аяқ астына 90° бұрышта тіреуіш қою | Аяқ басының бүгуін қамтамасыз ету, аяқ басының «асылып қалуын» болдырмайды |
Дене биомеханикасы
Мейірбике науқасты көтеру, тасу, қолдап жүру, ауыстыру сияқты шаралар барысында сырқат жарақат алуы мүмкін. Сондықтан науқастардың бір жерін ауыртып алмау мақсатында және сондай жағдайды болдырмау үшін керекті дағдыларды білу керек. Науқастарды отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді.
Медицина қызметкері өз күштерін дұрыс бағаламай, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермей, денесіне ауыр салмақ түсіріп, омыртқаларын және де басқа қозғалыс аппараттарын зақымдап алуы мүмкін.
Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек:
- егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек;
- науқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек;
- алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды;
- егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға болады.Ауыр салмақты түрлі заттарды көтергенде, науқастарға көмектескенде дененің биомеханикалық ережелерін қолдану керек.
Науқастарды тасымалдау мен орнынан ауыстыру
- Салмақты көтерместен бұрын аяқтың табандарының арасын 30 см алшақтықта ұстап, біреуін екіншісінен сәл алға жылжыту керек. Бұл қалыпта медицина қызметкері құлап қалмайтындай өзіне тепе – теңдікті, орнықты тіректі қамтамасыз етеді.
- Науқасты немесе ауыр затты көтерместен бұрын, оның қасында тұрғанына, оған қол жеткізу үшін алға иілудің қажетсіз екеніне көз жеткізеді.
- Науқас денесін немесе затты көтергенде өз денесіне тығыз жақындатып ұстау керек.
- Көтергенде дененің жоғарғы жағын тік ұстап, тек қана аяқты тізеден бүгу қажет.
- Науқасты бір қалыппен, жәймен көтереді.
- Денені бұру үшін алдымен салмақты көтереді, табанға тіреліп, денені бүкпей, жәймен бұрылады.
Науқасты қозғалтқанда, оның көмек бере алатындығын тексеру мақсатында оған келесі сұрақтарды қоюға болады:
- Науқас бір аяқта тұрып, өзін ұстай ала ма? (Кресло-каталкаға отырғызу кезінде бұл сұрақты қоюға болады, өйткені науқас біршама уақыт тік тұруға мәжбүр болады).
- Тепе –теңдікті сақтай аласыз ба?
- Көру және есту қабілетіңіз жақсы ма?
- Мені жақсы түсінесіз бе?
- Қозғалуға қорықпайсыз ба?
Дене биомеханикасының негізгі принциптері:
- Ауыр көтерген кезде аяқтың арасы ашық, әрі дене тірегі мықты болуы керек.
- Көтеру кезінде салған күшін көбейту үшін аяқтардың ара қашықты кеңейту керек.
- Ауыр салмақты көтерер алдында бел мен іштің бұлшық етін тырыстыру керек.
- Көмек көрсету кезінде науқастың денесі мен бетін өзімізге бұрып тұру керек.
- Заттарды тізеден бүгілген аяқтың бұлшықетінің көмегімен көтеру керек.
- Өзінің денесінен ауыр заттарды көтергенде және қозғалтқанда қосымша ретінде күшті қолдану керек.
- Ауыр затты итеру арқылы қозғалтқанда, жұмсаған күштің тең жартысы жойылады. Сол себептен ол затты тартып қозғалтқан дұрыс.
Науқасты көтергенде, қозғалтқанда келесі әдістерді қолдануға болады:
Науқасты қолмен ұстау (Раутек) әдісі
Көрсетпе: көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту
- Науқастың жағдайын, айналасын бағалаңыз (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.).
- Науқасқа қажетті қимылдың мақсатын түсіндіріңіз.
- Науқастан өз қолдарын шынтақтан бүгіп, біреуін білегінен денесіне қысып ұстап, бір қолымен екінші білегін ұстауды сұраңыз. Егер бір қолы әлсіз болса, оны екінші қолымен ұстау керек.
- Медицина қызметкері науқастың артынан келіп, оның қолтықтарының арасынан қолдарын өткізіп, екі білегінен ұстайды.
- Қажетті жеріне осы қалыпта ұстап, жеткізіп орналастырады.
- Болғаннан соң медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.
«Қолтық астынан ұстау» әдісі
Көрсетпе: көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту.
- Отырған науқастың бір жағына тұрыңыз.
- Бір аяғыңызды қасыңызға, екіншісін науқастың аяғының алдына қойып, оның тізелерін бекітіңіз.
- Бір қолыңызды науқастың қолтық астына жіберіп, екінші қолыңызды артынан және алдына қарай жіберіңіз (үлкен саусақ қолдың асты аймағы сыртында орналасады.
- Ыңғайлы тұрғаныңызға, денеңіздің салмағын бір аяғыңыздан екіншісіне жеңіл қозғалту мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
- Науқасқа еңкеюін сұраңыз (оған көмек беріңіз), оның сізге жақын орналасқан иығы денеңізге тақалуы керек.
“Иықты көтеру” әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа (кресло-каталкаға) отырғызу
Отырғызу 2 және одан көп мейірбике көмегімен орындалады.
Көрсетпе: науқас отыруы мүмкін, бірақ аяқтарымен өзі жүре алмайды.
Қарсы көрсетпе: иықтың жарақаттануы, көкіректің және дене арқасының жоғары аймағының ауырсынуы.
- Орындықты (кресло-каталканы) кереуетке жақындатып қойыңыз, кереуеттің және кресло-каталканың тормозға қойылғанына көз жеткізіңіз.
- Науқасты төсегіне отырғызыңыз.
- Науқастың екі жағынан тұру керек.
- Науқасқа жақын тұрған қолыңызды оның санының астына жіберіңіз (екі мейірбике бір-бірінің қолдарын ұстайды).
- Қолдарды науқастың жанбасына қарай жақындатып науқасы ұстау қажет.
- Иығыңызды науқастың қолтық асты аймағына жіберіңіз, науқасқа қолдарын мейірбикелердің арқасына қоюды сұраңыз.
- Бос қолыңызды шынтақта бүгіп, тірек ретінде қолданып, науқастың жамбасы артындағы кереуетке тіреңіз (аяқтарыңыз арасы ашық, тізелер бүгілген).
- Қимыл-әрекеттер синхронды болуы үшін мейірбикелердің біреуі бұйырады, «3» дегенде тізе және шынтақты жайып, тік тұру керек.
- Бос қолмен науқастың арқасынан ұстап кресло-каталка немесе орындыққа отырғызыңыз.
- Ұстап тұрған қолыңызды тірек ретінде орындыққа қойыңыз.
- Тізе мен шынтақты бүгіп, науқасты орындыққа (кресло-каталкаға) жайғастырыңыз.
- Науқастың ыңғайлы отырғанына көз жеткізіңіз.
Науқастың аяқтарын төмен түсіріп отырғызу
- Қозғалуға дәрменсіз, амалсыз жатқан және осындай жағдайда ойық жаралардың пайда болу қаупі болса, бұл тәсіл науқастың қалпын өзгерту үшін қолданады.
- Науқастың жағдайын және айналасындағы заттардың тұрған қалыптарын анықтап алады.
- Науқасқа қажетті қимылдың мақсаты түсіндіріледі.
- Кереуеттің бүйірлік іргелері болса алып тастайды.
- Науқасқа қарсы тұрып, сол қолды оның иығының астына, оң қолды тізесінің астынан өткізіп, үстінен орап ұстайды.
- Науқасты көтеріп, төсектін үстінде 900 бұрып, аяғын төмен түсіреді.
- Науқасқа қарсы тұрған күйінде сол қолмен иығынан, оң қолмен арқасынан тіреп ұстап тұрады.
- Егер науқастың өздігінен отыра алатындай шамасы болса, онда аяғына шәркесін кигізіп, аяғының астына тіреуіш қояды.