Көмірқышқыл газымен улану

Көмір қышқыл газымен улану

Тұрмыстық уланулардың ішінде жиірек кездесетін уланулардың бірі. Көмір қышқыл газымен пештің дұрыс жанбай, ыс шығаруы әсерінен, автокөліктерден шығатын газдардан, өрт болған жерлерде улануы мүмкін.

Көмір қышқыл газының гипоксиялық, нейротоксикалық, гемотоксикалық әсері бар (карбокси гемоглобинемия)

Клиникалық көрінісі

Қанның құрамындағы карбокси – гемоглобиннің концентрациясына қарай 3 сатыға бөлінеді .

  1. Жеңіл сатысы – бастың ауыруы , бастың айналуы, лоқсу, құсу, әлсіздік. (карбоксигемоглобиннің концентрациясы -20 %, -30 % )
  2. Орташа ауырлықтағы сатысы – көзі қарауытып, әлсіздене түседі, есеңгірей бастайды. Аз уақыт есінен танып қалуы да мүмкін. Тырысулар пайда болады. Жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі. (карбоксигемоглобиннің концентрациясы -30% – 40% )
  3. Ауыр түрдегі сатысы – сандырақтау, галлюцинациялар, тырысулар, салданулар байқалып, гипоксиялық кома дамиды. Тыныс және жүрек – тамыр функциялары бұзылады ( карбоксигемоглобиннің концентрациясы – 50 – 60 %)
Көмірқышқыл газымен улану
Көмірқышқыл газымен улану кезіндегі адамдағы көріністер

Енді бір көңіл аударатын жәйт, уланған адамның тері жамылғылары мен кілегей қабықтары көп уақытқа дейін алқызыл түсті болып қалады.

Жедел жәрдем шаралары

  • Уланған адамды таза ауаға шығару қажет;
  • Оттегі ингаляциясы;
  • 1,0 мл унитиол ерітіндісін к/т енгізу;
  • 4 % 200 – 400 мл натрий гидрокарбонаты ерітіндісін, көк тамырға тамшылатып енгізу;
  • 5 % 200 мл глюкоза ерітіндісін (5 % 5 – 10 мл аскорбин қышкылы) 6 – 8 бірлік инсулин ерітіндісін к/т тамшылатып енгіземіз;
  • Симптоматикалық терапия: ми ісінсе – зәр шығарғыш дәрі-дәрмектер (лазикс, маннитол, мочевина)
  • Тырысуларда: 5 – 10 мг седуксен, 0.5 % 2 мл диазепам ерітіндісі;
  • Қозуларда: 2.5 % 2мл аминазин ерітіндісін;
  • Тыныс жетіспеушілігі ұлғайғанда:  жасанды тыныс беру әдістерін қолдану қажет;

Зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!