Асқазан ішек жолдары ауруларын сұрап, тексеру

Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексеру

Ас қорыту жүйесі ауыратын науқастарды сұрап тексеру:

Шағымдары: құрсақтағы ауру сезім, өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы, жүрек айну, құсу, қыжылдау; іштің кебуі, тәбеттің бұзылысы, іштің өтуі, қатуы, қан кету, жүдеу, әлсіздік, шаршағыштық,  жұмысқа қабылетінің  төмендеуі, ашуланшақтық.                    

Дерттің даму тарихы anamnesis morbi – анықталатын жағдайлар: а) дерттің басталу себебі ( тағам қабылдау реттілігінің, сапасының бұзылысы, психо – эмоционалдық тежеулер және т.б.); б) белгілері, олардың ағымы, дамуы; бәсеңсу себептері; в) қолданған ем, оның әсері; г) жүргізілген тексерістер, олардың қорытындылары; д) емханаға осы рет келген себебі, аурудың қайталану себебі;

Науқастың өмір тарихы anamnesis vitae – осы дертке алып келген, себеп болған жағдайлар –  тағамммен  байланысты, көңіл-күйдің бұзылысы – шиеленістер; жіті немесе ас қорыту ағзаларының  дерттерінің болуы және т.б.   тұрмыстары немесе жұмысындағы уланулар; аллергия, тұқым қуалаушылық,  ас қорыту жолдары ағзаларының оталары және т.б. себептер.

Ас қорыту жүйесі ауруларын сұрап тексерудегі іс-әрекеттер реттілігі

  • Науқаспен танысу (Сәлемдесу, өзін таныстыру және науқастың аты-жөнін, тегін анықтау)
  • Науқастың шағымдарын сұрақ қойып анықтау: “Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтау

 Олар: құрсақтағы ауру сезім, өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы, жүрек айну, құсу, қыжылдау; іштің кебуі, тәбеттің бұзылысы, іштің өтуі, қатуы, қан кету, жүдеу, әлсіздік, шаршағыштық,  жұмысқа қабылетінің  төмендеуі, ашуланшақтық.  

  • Негізгі шағымдарын айырып алу. Олар: құрсақтағы ауру сезім, өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы, жүрек айну, құсу, қыжылдау; іштің кебуі, тәбеттің бұзылысы, іштің өтуі, қатуы, қан кет
  • Негізгі шағымдарды талдау, сараптау. Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау.

 Құрсақтағы ауру сезім: а) орналасу орны – қай жерде?- қолымен көрсетуді б) ауру сезімнің күші, қарқыны қандай? – в) – сипаты және қалай басталады; в) тағам қабылдаумен байланысы және уақыты?; г) таралуы – қайда; д) тағам түріне байланысы; ж) ауру сезімнің бәсеңсу немесе тарқалу себебі?; е)жылдық мерзіммен байланысы?.

Өңеш бойындағы ауру сезім (одинофагия) өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы (дисфагия) –  пайда болады жағдайы?); б) даму сипаты?

Диспепсиялық көріністер: жүрек айну (nauzea); құсу(vomitus); қыжыл (pyrosis); іштің кебуі (meteorisis); айқындалу деңгейі (айқын,әлсіз); пайда болу себебі?; жиілігі?. Құсық: мөлшері; жиілігі рет?; сипаты – дәмі, құрамы? иісі?;  құсқаннан  кейінгі жағдайы?;  кекірік – немен?.

Тәбет (оrexis) – қандай? – өзгерген; өзгермеген.

Ауыздағы дәм (сезіну) – сақталған, өзгерген?

Сілекей бөлінуі – өзгерген; өзгермеген.

Іштің кебуі (метеоризм), шұрылы – жиілігі; пайда болу себебі;

Үлкен дәрет (дефекация) – жиілігі, сипаты; бөлінуі;  Қатуы (obstipatio) – (неше күнге дейін?); өтуі (diarrea). Дәреттің жиілігі. Нәжістің сипаты: мөлшері, тығыздығы, сұйықтығы,; түсі; иісі;  құрамы;  құрттардың шығуы. Дәреттің ауырсыңғыштықпен шығуы. Анус аймағының  қышуы, күйдіруі. Тік ішектің түсуі. Геморрой.

Жүдеу – қаншаға, қандай уақыт аралығында?

Қосымша шағымдар: Әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, ұйқының нашарлауы, бас ауруы, жұмысқа қабылеттінің төмендеуі, шаршағыштық (қашаннан бері мазалайды, қандай жағдайда – тұрақты немесе тұрақты емес

Дерттің даму тарихы (дерттің анамнезы).

 Дерттің басталуын анықтау.

Келесі сұрақтарды беріп:   «Бірінші рет аурып тұрсыз ба әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ма?»   Немесе  қалай басталды?»  – дерттің басталуын анықтау.

Осы шағымдар бірінші рет мазалап тұр немесе осы дерт бірнеше жылдардан бері бар. Кенеттен  немесе  бірте-бірте әртүрлі ас қорыту жүйесі ауруларына тән шағымдарымен  басталуы:

  • тез, кенеттен ұстамалы түрдегі, қатты ауру сезім, қою “күрең құсық”, қара май тәріздес нәжіс; тағамның кенеттен қиындап өтуі; кенеттен қатты бүрген ауыру сезімі, жаңа қабылдаған тағаммен құсу.
  • бірте-бірте сыздаған ауру сезім, құрсақта тағамнан кейінгі қолайсыз  ауыртпалық – тез тойып қалу, құсу; аш қарынға, түнде пайда болатын құярлықтағы әлсіз ауру сезім, қыжылдау.

бұрыннан  бар созылмалы дертінің өршуі (қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсер етеді, бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы).

Дерттің дамуын анықтау. Келесі сұрақтарды беріп:

а) Қандай шағымдармен басталды; әрі қарай қандай шағымдар қосылды  немесе қандай шағым қалай өзгерді»?

Мысалы: «тез, кенеттен ұстамалы түрдегі, қатты ауру сезім, оған  қою “күрең құсық”, қара май тәріздес нәжіс қосылды; немесе кенеттен қатты бүрген ауру сезім және жаңа қабылдаған тағаммен құсу және т.б».

Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе  нақты себебі) 

Келесі сұрақтарды беріп:

  • Қалай ойлайсыз осы дертіңіздің басталуына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?
  • Өзіңізше осы ауруыңыз қандай жағдайдан кейін   пайда болды деп ойлайсыз?

– тағам қабылдау реттілігін бұзу(әр түрлі уақытта), тағам сапасы (құрғақ, майлы, ірі түйірлі тағамның басым болуы, бұрын пайдаланбаған үйреншікті емес тағам,  шамадан тыс ішімдікті қабылдау);

психо-эмоционалдық  тежеулер, стресстік жағдайлар;

ауыр қара жұмыс;

-улану  (сапасыз тағаммен, улармен)

Жасалған шараларды анықтау. Келесі сұрақтарды беріп науқастан осы дерттіне байланысты жүргізілген шараларын анықтау:

  • дәрігерге қаралдыма?
  • қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы);
  • емі (өздігінше үйде, медициналық көмекке жүгінді – емханада, қандай дәрілер немесе басқа түрі;);
  • емнің тиімділігі (қандай болды? болмады?)
  • емделмеген;
  • ауруханаға түсу себебі?
  • қаралады; қаралмады; жедел-жәрдем көмегімен келіп тұр;
  • қаралды (тексерістер жүргізілген жоқ; жүргізілді – Р-ген; жалпы қан аналізі, қақырық анализі және т.б. Олардың қорытындысы бар, қолында;)

ем жүргізілсе:

  • емнің тиімділігі  – (бар, жоқ; емделмеген)
  • ауруханаға түсу себебі (емделу, ауруы өршіді; тексерілу және т.б.)

Өмір тарихы – осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар.

Өмір тарихы – осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайларды анықтау.

Өмірінің әр кезеңінде-туылғанынан бүгінгі күнге дейін:

  • балалық шағы; (нешінші бала; туылған жері; анасының денсаулығы;)
  • жасөспірім – мектепке бару, үлгерімі, қалыс қалуы;
  • мамандық алу
  • үйлену

болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрақ қойып анықтау: әлеуметтік жағдайы; тұрмысы, басынан өткізген аурулары;  жарақаттары; кәсібіне байланысты қатерлі жайттар; тұқымқуалаушылық дерттері; психо–эмоционалдық пен айналасындағы; жанұясындағы рухани, адамгершілік  жағдайы; аллергиялық әсерленулер; мүгедектік.

  1. Балалық және жасөспірім шағындағы немесе осы кезіндегі ас қорыту ағзалары дерттері (гастрит, колит, ойық жара, дизентерия).
  2. Тағам қабылдау жағдайы – реттілігі, тағам түрі – майлы, тәтті, тұзды, ірі түйірлі тағамды жиі қабылдауға бейімділік; құнарлығы төмен тағам.
  3. Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы (тұратын жері – ылғалды, дымқыл; жеткілікті; жанұясындағы – моральдық, психологиялық хал-ахуал); тіршілікті уланулар.
  4. Бұрын болған асқазан- ішек жолдарының жіті дерттері (гастрит, энтерит, колит) және тағамдық уланулар; операциялар.
  5. Ұзақ уақыт дәрілер қабылдау (аспирин, гормональдық, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар-бутадион, вольтарен, индометацин,т.б.)
  6. Кәсіпшілік қолайсыз әсерлер: жиі, ұзақ жолға шығу, түнгі жұмыс, уақыты нақты белгіленбеген жұмыс; Ойдың, жүйкенің жиі, шамадан тыс тежелуі; ауыр күштемелер (басқарушы қызмет, жұмыс түрі; моральдық, психикалық хал-ахуал); улы заттар жанасу (қорғасын, мышьяк, сынап, пестицидтер).
  7. Басқа ағзалардың созылмалы дерттері (бауыр, өт жолдары, жүрек, өкпе, бүйрек);    жарақаттар   (бас сүйегінің,  мидың).
  8. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарында – ішек, асқазан   ауруларының болуы ( ойық жара, гастрит).
  9. Аллергиялық әсерленулер (тағамдық   және басқа).
  10. Жұқпалы аурулар – туберкулез, мерез, сары ауру.
  11. Үйреншікті уланулар: темекі шегу; ішімдікке салыну; анашақорлық, уланулар.
  12. Ер азаматтарда – әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі; қолайсыз әсерлер; болған дерттері – жарықтар; несеп жолынан дертті бөлінділер немесе аталық мүшесінде ойылулар; атабезінде ауру сезімі немесе ісіктер; бұрын болған жұқпалы жыныс дерттері; жыныстық қатынасқа ықыласы; қанағаттанарлығы; жыныстық бұзылыстар.
  13. Әйел кісілерде – етек кірінің басталуы, оның сипаты (неше жасында, бірден тұрақталдыма, канша күннен, мөлшері – көп, аз; ауырсыңғышты немесе онсыз, айналымының ұзақтығы); жыныстық қатынастың басталуы; етек кірі айналымы арасында немесе жыныстық қатынастан кейін қан кетулер; соңғы етек кірінің уақыты тұрмыс құруы, жүктілік (қанша көтерді, қалай  өтті –  ісінулер, қан қысымының жоғарлауы; босанулары – өздігінше, операциялар арқылы, асқынулар; түсікте- жасанды немесе медициналық аборттар); етек кірінің тоқтауы: неше жасында, қандай көріністер –  қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б. Менопауза кезіндегі қан кетулер.
  14. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарында жүрек ауруларының, гипертонияның, туа біткен ақаулардың, семіздіктің болуы.
  15. Басқа ағзалардың дерттері (тыныс алу; орталық нерв жүйесі) немесе жарақаттар, сынықтар.
  16. Жұқпалы аурулар – туберкулез, мерез, сары ауру.

Үйреншікті уланулар: темекі шегу; ішімдікке салыну; нашақорлық, уланулар.

Жалпы қарау

Науқасты жалпы қарап тексеруде: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).

Терісі мен кілегей қабаттары, тері асты шел майы (түсі, құрғақтығы, ылғалдылығы; дамуы).

Құрсақты қарау.

  • Құрсақты қарау– пішіні, клемі, тынысқа қатысуы, беткей перистальтиканың болуы.
  • Құрсақтың беткей пальпациясын жасау – ережелері, реттілігі, жасау әдісі.
  • Құрсақтың терең пальпациясын жасауережелері, реттілігі, жасау әдісі.
  • Асқазан-ішектерді қарау және пальпация жасап тексеру алынған мәліметтерді дұрыс түсініп бағалау.

Құрсақ қуысын ішті қарау

Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі

Науқасты жалпы қарау. Науқастың хәлін, есін, төсектегі қалпын анықтау. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай хәлін, есін, төсектегі қалпын бағалау

Дене бітімін, терісі және кілегей қабаттарын қарау. Жалпы дене бітімін, тері асты шел майының дамуын бағалау;

терісі мен кілегей қабаттарын денесінің ашық аймақтарында қарап тексеру (бет-әлпеті – еріндері; қолдары, саусақтары, тырнақтары қаралады).

Жергілікті қарау. Ауыз қуысын қарау. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу (жағдайына байланысты тік отыруын немесе шалқасынан жатуын сұрау) .

Дәрігер науқастың оң жағында, қарсы, бетпе-бет отырып, ауызын аштырып кілегей қабатын, тілін (ылғалдығы, өңезделуі, түсі, түгі), тістерін (түгелдігі, тіс жегі, жасанды тістер) қарау.

Егерде науқас ес-түссіз жағдайда болса, дәрігер арнайы аспаптар (шпатель, тіл ұстағыш) қолданады.

Құрсақты қарау. Науқастың құрсақ аймағын киімінен босатуын сұрап қарау жүргізіп келесі мәліметтерді анықтау:

  • құрсақ пішіні және оның бетінде біркелкі таралған әлде ошақты шектелген томпаюлары мен ішке тартылып тұрған аймақтарының болуы;
  • ішінің тынысқа қатысуы
  • ақ сызығы немесе кіндік сақинасы бойынша жарықтарды;
  • құрсақтың бетінде тыртықтар мен ақ жолақтарды;
  • ішектердің шамадан тыс қозғалысы;
  • беткей қан тамырларының кеңеюі мен ирелектенуі.

Ұқсас материал:

  1. Құрсақ қуысының пальпациясы
  2. Науқасты тексеру жоспары

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!