Эндокринді жүйені тексеру

Эндокриндік жүйесінің ауруларын қарап тексеру

Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі, ретсіз қимылдар, көп сөйлеу, көңіл – күйінің тез өзгерісі).

Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, құрғақтығы, түлеуі; шаш өзгерістері – түсуі, жұқалануы).

Мойын аймағын қарау – қалқанша безінің ұлғаюы ұлғаюы деңгейі; сипап тексеру – көлемі, тығыздығы, қозғалғыштығы, ауырсынуын.

– Ауыз қуысын қарау – тіл сипаты.

– Көз белгілерін анықтау

Эндокринді жүйе ауруларын қарап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі

Науқасты жалпы қарау.

Науқастың жағдайын, есін, төсектегі қалпын анықтау.

Науқасты жалпы қарау. Жалпы дене бітімін, бойы; тері асты шел майының дамуын бағалау;

науқастың жағдайына байланысты- тік тұрғызып немесе отырғызып қарау;

Тері асты шел майының дамуын бағалау – жауырын асты теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып тексеру – 2см аспау қажет

Терісі мен оның қосалқыларын және кілегей қабаттарын қарау;

  • Көзге көрінетін аймақтардағы терісі, көздің ақ қабығы, алақан, еріндері кілегей қабаттарын (түсі – өзгермеген, өзгерген – боз; сарғыш реңді боз – «мәрмәр» тәріздес түс; бет ұштарының, қасүсті доғалары және иек аймақтарының қызаруы -рубеоз;
  • ақ немесе қызыл, күлгін түсті жолақтар (стриялар);
  • тері мен кілегей қабаттарының гиперпигментациясы – қоңырлануы немесе қола түстес өзгеруі – таралып, дененің ашық және жабық аймақтарында, әсіресе киіммен үйкелісетін жерлері, алақан сызықтары, отадан кейінгі тыртықтарда, ауыз қуысы кілігей қабатында, емшек ұштары, артқы өтіс, сыртқы жыныс ағзалары аймақтарында орналасады.
  • Тері қоректену бұзылыстары -түлеген, құрғақ; қалыңдаған; қасынған іздер; алақандар мен табандарының сарғыштануы –ксантоз;

Түгі – ерлерде әйелдерше түгінің, ал әйелдерде ерлерше түгінің өсуі; қастың, кірпіктің, мұрттың және шаштың түсуі

Шашы жұқарған, сыңғышдерттік өзгерістер бар, жоқ

Жергілікті қарау.

Бет әлпетін қарау тексеру реттілігін сақтап жүргізу:

  • ай тәріздес дөңгеленуі;
  • көз шарасының өзгерістері – үлкеюі; бадыраюы; көз саңлауының кішіреюі;
  • бетте ым жоқтығы;

Мойын аймағын қарап тексеру

  • жуандануы – симметриялық аймақтарында бірдей (қалқанша безінің 2-5 деңгейдегі ұлғаюы);

Ауыз қуысын қарап баға беру:

  • ауыз ашуын өтіну
  • тілді қарау – қалыңдаған, түгі азайған;

Көз белгілерін анықтап даму деңгейін бағалау.

  • екі жақтық көз шарасының бірдей үлкеюі;
  • Грефе белгісі –төмен қарағанда мөлдір қабығы мен жоғарғы қабақ арасында ақ қабық жолағаның болуы;
  • Штельваг белгісі – сирек кірпік қағу;
  • Кохер белгісі – жоғары қарағанда мөлдір қабығы мен төменгі қабақ арасында ақ қабық жолағаның болуы;
  • экзофтальм белгісі – бадыраң көз – көз шарасының шығып тұруы

Эндокринді жүйе ағзаларының пальпациясы

Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі шешінуін өтіну әрі қарай науқастың жағдайына байланысты – тік тұрғызып немесе отырғызып терісін сипап тексеру: науқастың келісімі алынды

Тері пальпациясы.

  • Серпінділігін (құрсақ бетінің немесе қолдың ішкі бетінің терісін екі саусақпен жинап, қатпар жасайды, қатпарды босатады;)
  • ылғалдылығын (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау;)
  • қызуын анықтау (қол сыртымен маңдайын сипау;)
  • ісінуі, қалыңдауы (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау;)

Қалқанша безін тексеру.

Тік тұрғызып немесе отырғызып қалқанша безін сипап тексеру.

  1. қалқанша бездің бүйір бөліктерін төс-бұғана-емізіктік бұлшықет астынан оң және сол жағынан тік бағытта жылжымалы сипап тексеру;
  2. қалқанша бездің қылқасын тік бағытта жылжымалы сипап тексеру;
  3. оң қолдың жиналып бүгілген 2-4 саусақтарын мойынның алдына төс тұтқасынан жоғары орналастыру;
  4. сол қолдың ұшын 7-мойын омыртқасының өсіндісіне орналастырып мойын қимылын шектету;
  5. айналасындағы ағзалардың басылып қалуында дамитын белгілерді анықтайды –көк тамырлардың кеңеюі, тыныстың қиындауы, дисфагия және т.б.;
  6. мойынның алдыңғы аймағын қарап, тексеру;
  7. дәрігер науқастың оң жағына орналасады, қолы жылы; науқасқа иегін сәл төмен түсіруді және өзін бос ұстауды өтінеді;
  8. науқасқа жұтынуды өтініп, бездің жылжымалығын анықтап, оның көлеміне, беткейіне, тығыздығы мен аурусынуына сипаттама беру
Қалқанша без пальпациясы
Қалқанша без пальпациясын жүргізі кезіндегі көрініс

Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:

«Науқастың шағымдары: біраздан бері әлсіздік, бас айналу, көзі алдының қарауытуы, құлақ шуылы, ентігу,жүрек қағуы, жүрек айнуы мазалайды. Анамнезінде – бірнеше жылдардан бері асқазан ойық жарасы бар. Соңғы уақытта бірнеше рет үлкен дәретінің қоңырланғанын байқады, бірақ оған мән бермеді. Қарап тексеруде: жалпы дағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. РS – минутына 104; АҚ – 90/60 мм.с.б. Жүрек шекаралары сәл солға ығысқан; аускультацияда –тондары бәсеңсіген, жүрек ұшында- систоликалық шуыл. Көк бауыр пальпацияда анықталмайды; өлшемдері -4×6см.

Науқастың шағымдары: Біраздан бері әлсіздік, дімкәстік, дене қызуының жоғарлауы, терлегіштік мазалайды. Анамнезі – бұл шағымдар осыдан 3-4 ай бұрын пайда болды; бірақ оған мән бермеген. Соңғы уақытта көп және жиі мазалайды, қоса жұмысқа қабылеті төмендеді, терлегіштігі көбейді, дене қызуы 39˚-қа дейін жоғарлайтын болды.Анамнезі: ғылыми зертеу институтында аға лаборант болып 15 жылдан бері жұмыс істейді – лабораториялық зерттеулерде химиялық реактивтерді қолданады. Қарап тексеруде: жалпы дағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. Мойын аймақтары лимфа түйіндері ұлғайған, жұмсақ, қозғалғыш, терімен жанаспаған, ауырсынусыз, көлемі бөдене жұмыртқалары тәріздес. Бауыр мен көкбауыр ұлғайған, пальпацияда –тығыз; өлшемдері: бауыр – 11 ×10×9см; көкбауыр – 8 ×12см. РS – минутына 98; АҚ – 90/60 мм.с.б.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!