Варикозды ауру

Аяқтың көктамыр жүйелері жақсы жетіліп, дамыған және көп вариантты болып тарамдалған көптеген тамырлар шоғырынан құралған. Олар бір бірімен анық шекаралармен бөлінген, жеке ерекшеленген және тәжірибелік маңызы бар негізгі екі жүйемен бөлінген.  Беткей (V.Safena superficialis). Терең орналасқан (V.safena profunda). Коммуниканттық оған қысқа тамырлар жатады.

Көктамырлардың негізгі қызметі шеткейлі аймақтардағы қанды жинап,оны орталыққа және жүрекке жеткізу болып табылады. Қанның аталмыш аймақтардан жүруіне әртүрлі факторлар әсер етеді. Оны көктамыр қақпақшасы жүзеге асырады.

Қалыпты жағдайда көктамыр қақпашалары қан ағымын тек бір бағытта ғана шет аймақтан орталыққа ғана тасиды. Бұлшық еттердің әсіресе аяқ бұлшық еттерінің жиырылу қасиеті жақсы дамыған аяқ бұлшықеттернде көктамырларды қысу арқылы қанның төменнен жоғары қарай жылжуын қамтамасыз етеді. 

варикоз ауруыВарикоз (varix – латынша, қазақша «түйін», «үрлену») –деген мағына береді. Ең кең таралған веналар ауруы. Олармен қатар веналар қабырғасында түйіндер мен веноздық қабырғаларды зақымдайды. Варикозды ауруы аяқ көктамырлаының кеңеюі болып табылады. Әйел адамдардың бұл аурумен 1\4 бөлігі ауырса, ал ер адамдардың 15% ауырады. Варикоздың пайда болу аймақтары санда және төменгі аяқ бөлімдерінде кездеседі.
Варикозды кеңею дегеніміз – веналардың тұрақты түрде кеңеюін және қабырғаларының патологиялық өзгерістерін айтады. Мұнымен бірге веналық қан айналуы бұзылады және аяқта трофикалық өзгерістер дамиды. Жалпы алғанда көптеген зерттеулер анықталғаны: венаның варикозды кеңеюі кең тараған хирургиялық аурулардың бірі болып табылады. Варикозды кеңею әйелдерде еркектерге қарағанда 4 есе жиі кездеседі.

варикозды кеңею

 

Этиологиясы: Бұл аурудың пайда болу себебі ең біріншіден артериялық қысымның жоғарылауымен және венозды қабырғаларының әлсіздігімен сипатталады.

Патогенезі: Веналардың варикозды кеңеюінің патогенезі өте күрделі. Механикалық теорияның түсіндіруі бойынша адам ұзақ уақыт аяғымен тұрып қалғанда төменгі аяқтардан веналардағы қанның жоғары қарай ағуы қиындайды. Сондықтан мұндай жағдай аяқ веналарында қанның ақпай қалуына, веноздық гипертензияға, бұрын өзгермеген веналардың кеңеюіне, одан кейін, екінші этапта веналардың клапандырының жетіспеуіне апарады. Венаның варикозды кеңеюі бірқатар аяғымен тік тұрып, ұзақ уақыт жұмыс істейтін кәсіптерде кезеседі. Мұндай аурулар веналардың ісікпен басылып және венаның тромбпен бітеліп қалғанда да кездеседі. 

варикозды ауру

Варикоздың даму сатысы: 

Біріншілік варикоз-төменгі бөлімнің аурулары жатады.Бұл косметикалық деффектпен сипатталады. Аяқта ауырсынумен қатар, пигментті түйіндер пайда болады. Соңы трофикалық жараға айналады.

Екіншілік варикоз кезінде– бұл пострмбофлебит кезінде пайда болады және төменгі аяқ веналарында тромб түзілген кезде де дамиды. Венаның қабырғаларының өтімділігі төмендеп, клапандар қанда қайта жүрекке апара алмауы болады.

Клиникасы: Көбінесе варикозды веналардың кеңеюі алғашқы кезеңдерде клиникалық симптомсыз өтеді және аурудың субъективті сезімі байқалмайды. Аурудың объективті белгілері, оның ішінде көзге айқын көрінетін веналардың кеңеюі жиі жағдайда аурудың дәрігерге айтар шағымдарынан әлдеқайда бұрын байқалады. Ауру сезімі кешке қарай қозып, таңғы уақытта басылып қалады. Аяқ терісі күңгірттенеді және қара қоңыр түске айналады, сол жер дымқылданады. Сан веналары көк түсті ал пішіні цилиндр тәрізді иректелген болады. Саусақтармен басқан кезде концистенциясы жұмсақ, кейбір жерлерде қатайған тромбтар болады. Вена қақпашаларының қызметін арнайы сынамамен тексереді.

варикозды ауру

 

варикоз ауруыварикозды аурудың көрінісі

 

 

Диагностикасы: Қазіргі таңда варикозды диагностикалаудың ең жақсы әдісі – веналарды дуплексті ультрадыбыстық сканерлеу болып табылады. Ал басқаларына плетизмография және флебография болып саналады. Бірақ ол өте сирек  қолданылады. Ең жиі қолданылатын әдістер ол арнайы пробалар арқылы тексеру.

Арнайы пробалар 

1) Троянов Тренделенбург сынамасы-науқасты кушеткаға жатқызып аяғын жоғары көтеріп көктамырларды босатқан соң санның жоғарғы жағына жгут қояды.

2) Гаккенбрух сынамасы-сан аймағына кең веналарға алақанды салып науқасқа жөтелуін өтінеді. Осы арқылы қақпақшалар қызметінің жетіспеушілігін анықтайды.

3) Дельта пертес сынамасы– сан бөлігіне жгут салып, ары бері қозғалтады сол кезде қантамырларының өткізгіштігі төмендесе науқаста ауырсыну болады.

4) Пратт сынамасы– аяқты оның ұшынан бастап шап аймағына дейін эластикалық бинтпен теріасты көктамыры қысылатындай етіп таңады да науқасқа жүруін сұрайды сол кезде көктамыр қызметінің бұзылысын анықтайды.

5) Тальман сынамасы-арнайы жгутты спираль таризді орайдыда кан толуды аныктайды.

6) Шейн сынамасы-жгутты үш жерден саладыда ол табан мыкын тізеге салынады сол аркылы кан толуды аныктайды.

Емі: Медикаментозды және медикаментозды емес ем қолданылады. Медикаментозды емге – флеботониктер қолданылады. Бұл препараттар – вена қабырғаларының тонусын жағарлатады. Оларға – детралекс, эскузан, гинкор-форт, гливенол және т.б. жатады.

Ал медикаментозды емсе емге:

  • Комрпессионды терапия,
  • Склеротерапия
  • Хирургиялық әдістер жатады.

Хирургиялық емі: 

  • Традиционды операция – Троянова-Тренделенбург, Линтона, Коккет операциялары.
  • Бэбкок операциясы;
  • Стриппинг және минифлебэктомия
  • Эндоскопиялық зертеу

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!