Қандалалар. Жою тәсілдері

Қандалалар топтамасы (Heteroptero)

Қандала (Hemіptera орысша полужесткокрылые, членистохоботные) – жәндіктер класының бір отряды. 40 мыңдай  түрі бар. Қазақстанда 32 тұқымдас, 370 туыс, 1,5 мың түрі  бар. Негізгі тұқымдастары: су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.  Ауыз аппараты шаншып-соратын тұмсыққа айналған. Негізгі мекені жапырақты ормандар. Кеудесі бірнеше  хитинды қабықшамен жабылған.Бұндай қорғаныш қабаты жәндікті сыртқы орта зақымдалуынан қорғайды.

Жасыл қандала өзінің ашық – жасыл түсіне байланысты аталады. Күзге қарай түсін өзгертеді.  Қанаттары қысқа, өлшемі кішкентай. Ұшқан кезде қатты шумен және біршама қашықтыққа ұшады.  Жиі ол ағашта тыныш отырғанды қалайды. Тек көктем кезінде, көбею кезінде өзін белсенді ұстайды.

Әйел түрі жүзге жуық жұмыртқа салады және оны жапырақтың артқы бетіне байланыстырады. Жылына екі рет тұқым қалдыруы мүмкін. Жұмыртқасы домалақ, жасыл түсті. Жұмыртқада ұрық он күндей дамиды.  Жұмыртқадан шыққан жас қандала үлкен қандаладан аумайды, тек өзгешелік түсі мен қанаттарының болмауында. Өскен сайын хитинді панцирь тар болады. Ірі қандалаға ауысу үшін жас қандала бірнеше кезеңнен өтеді.  Осы кезеңдерден өткен қандала 1,5 см дейін өсуі мүмкін. Суық түскен сайын жәндік өзіне қажетті орын іздейді. Қыстау үшін өзіне түскен жапырақтар, өсімдік тамырларын іздейді.

Тамақтануы өсімдік жапырақтарын немесе бұтақтарын тесіп, шырынын ішумен жүреді. Ағаштар мен бұталы өсімдіктер үшін онша үлкен шығын келтірмейді, ал тағамды өсімдіктер үшін үлкен әсер етуі мүмкін, бірақ өте сирек жағдайда.  Қандала жиі жидекті ағаштарды таңдайды. Ағаштардың қабығын тесуге мүмкіндігі болмайды, тек жапырақ және гүлдердің қабаттарын  зақымдайды. Қорыққан кезде жағымсыз иіс шығару арқылы үркітеді. Жәндіктерде арнайы иіс бөлетін бездері бар, ол екі аяғының ортасында кеуде тұсында орналасқан. Иісті секрет  альдегид,  цимицинді қышқылдан тұрады, кейбір жәндіктер үшін улы болып келеді, ал адам үшін зиянсыз. Жасыл қандала үйде болмайды, үйге кіретін жағдайлары:

  • Тез ауа – райының суып кетуі
  • Су тасқыны
  • Қатты жел
  • Ормандағы өрт

Тұрғын үйге кірген жасыл қандала ориентациясы бұзылып, бей – берекет ұшады. Бірақ адамды шақпайды.

Қандала жәндігі

Жасыл қандаламен күресі жолдары: Егер сіз аулаңызда бірнеше қандала көрсеңіз ешқандай үрейге берілмеңіз. Химиялық залалсыздандыру тек көптеп қандалалар көбейген кезде болуы мүмкін. Ең алдымен оларды қолмен жинап бақшадан алыс жаққа жіберіңіз. Күзде топырақты қопсытып, қалған құрғақ жапырақтар мен ағаштардан тазартыңыз. Нәтижесінде қандалаға қыстайтын орын болмайды.

Қарапайым әдіс арқылы залалсыздандыру химиялық әдістен гөрі зиянсыз:

Рецепт:

  • Сарымсақ қабығы  (200 г) ыстық суға араластыру (10 л).  Бұл ерітінді  5 күн тұруы қажет, кейін сұйықтықпен бақшаны суғару қажет 3 рет. Залалсыздандырғаннан соң 5 күн үзіліс.

Егер шұғыл түрде құтылу қажет болса химиялық заттар қолданған дұрыс:

  • Карбофос.
  • Хлорофос.
  • Фосфамид.

Суаршын қандалалар (лат. Gerridae) – қандалардың бірнеше тұқымдастары. Дене ұзындығы 1-34 мм. Оның 700-дей түрлері белгілі . ТМД-да 40 түрі бар. Су бетінде, ылғалды мүкте , су жағалауларында мекендейді;

Halobates туысының түрлері жиектен бірнеше шақырым қашыктыкта – тропикалық және субтропикалық теңіздер мен мұхиттардың бетінде тіршілік етеді. Тропикалық елдерде Атлант, Үнді және Тынық мұхиттында мекен етеді. Қанатсыз қандала түрі бұлар өмір бойы мұхит толқындарында тіршілік етеді. Жіңішке жіпшелер олардың аяқтарын жабады, нәтижесінде гидрофобты беткей түзеді. Орта аяқтары ескек қызметін атқарып, қозғалыс кезінде тартылыс күшін түзейді. Артқы аяқтары қозғалысты меңгеру үшін қолданылады.  Halobates  су бетінде секундына 1 м жылдамдықпен  қозғалуға бейім. Олар көбіне су бетіне шыққан зоопланктон, өлі медуза, уылдырықпен қоректенеді. Олар ешқашан су астына түспейді. Жұмыртқаларын су бетінде малтып жүрген су құстарының қанаты, ағаш бұталары, және т.б заттарға салады.  Жұмыртқасы дөңес, (ұзындығы 1 мм, ені 0,2 мм). Ұрғашылары  10- 20 жұмыртқаға дейін салады, одан нимфа пайда болып, кейін ол 5 кезеңнен өтеді.

Төсек қандаласы. Қандаланың бұл түрі қанмен қоректенеді. Басқа жәндіктерден айырмашылығы қанатсыз және паразиттік тіршілік етуге бейім. Бұлар жарты жылдан астам уақыт қорексіз тіршілік етуге төзетіндіктен, үй-жайды мекендеп, адамның қанын сорады.  Бұл қандалалардың басқа сүтқоректілерде паразиттікпен тіршілік ететін түрлері бар. Олар жарқанаттың, шақшылдақтың, құстардың денесінде паразиттікпен тіршілік етеді.  Үй ішінде олар адам денесін шағып, денеде өзіндік із қалдырады.

Зерттеу барысында ғалымдар  төсек қандаласында бірнеше адамға зиян аурулардың қоздырғышын анықтаған. Соның ішінде тиф, бруцеллез, сібір жарасы, лейшманиоз, чума, туляремия,  Ку қызбасы және т.б. бірақ бұл аурулар шаққан кезде берілмеген. Бірақ төсек қандаласының шағуынан болатын әсерлері:

  • Шаққан жердегі аллергия. Статистика бойынша 80% адамдарда байқалады. Ол  папула, қызару,қышу және ауырсыну арқылы көрінуі мүмкін. Кейде тіпті  — анафилактикалық  шок дамиды.
  • Қабыну. Зақымдалған жерде пайда болатын және қышу нәтижесінде іріңдеуі де байқалады. Зақымдалған осындай тыртықтан адам денесіне әр түрлі қауіпті денелер түсуі мүмкін.
  • Темір жетіспеушілік анемия. Сирек жағдайда кездеседі, бірнеше паразит бір мезетте шаққан кезде пайда болады және шаққан кезде олардың сілекейі қан құрамын өзгертеді.
  • Төсек қандаласы өзі шаққан жерде өзіне сай орын қалдырады, яғни бірнеше жерден қан сорып, қызарған із қалдырады.

Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі мебельдердің қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды т. б. жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті спирт ерітіндісін және хлорофос қорытпасын; «Фосфолан», «Неопин», «Хлорак», дусттарын; «Дифос», «Метасил», «Тролен» сияқты сұйық препараттарды; сондай-ақ «Прима—71» және «Неофос» аэрозольды препараттарын қолданады. Бұларды алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек. Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!