Жұмыр құрттар. Трихинеллез

Жұмыр құрттар

Жұмыр құрттар түрі 5 класcқа бөлiнедi:

  • құрсақ кiрпiкшелi құрттар
  • нематодалар
  • түктi құрттар класы
  • коловраткалар
  • киноринхилар

Жұмыр құрттар немесе нематодтар (Nemathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы – ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos – жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады). Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар – адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді.

Трихинеллез

Трихинеллез (trichinellosis; синоним: трихиноз) – адам және сүтқоректілердің жедел гельминтозы, медико-социальды мағынасы зор, себебі клиникалық көрінісі ауыр, көп жағдайда еңбекке қабілеттігі бұзылады.  Инвазияға қызба, бұлшықеттегі ауырсыну, бет ісінуі, терілік бөртпелер, эозинофилия, ауыр жағдайда миокард, өкпе, орталық нерв жүйесінің зақымдалуы көрініс береді. Трихинеллез жануарлар ішінде барлық жер шарында, Австралиядан басқа континенттарда кездеседі.  Көбінесе солтүстік жер шарында кездеседі. Адамдардың жиі ауыратын бөлігі АҚШ, Германия және Польша.

Трихинеллез себебі:

Трихинеллез қоздырғышы Trichinella spiralis (Paget, 1835, Owen, 1835). Табиғатта басқа да түрлері бар: Т. pseudospiralis, T. nativa, T. nelsoni. Олардың әсері аз зерттелген.Трихинелла – ұсақ, жіп тәріздес гельминттер (thrix – шаш), көлденең кутикуламен қапталған.  Денесі Т. spiralis домалақ, алдыңғы бөлігіне қарай жіңішкерген. Жыныстық дамыған түрінің ұзындығы 1,2-2 мм, ені  0,04-0,05 мм, ал ұрғашы түрінің ұзындығы 1,5-1,8 мм. Дернәсілдері таяқшаға ұқсас, ұзындығы 0,1 мм-ден 1 мм-ге дейін ұзарады.  Дернәсілдері көлденең салалы бұлшық еттерге өтіп, дамиды, шиыршықтанып, спираль тәрізді бұратылып жатады.
Асқорыту жүйесі ауыз тесігі арқылы басталады, ол ауыз капсуласына барады, вентральды жағында арнайы иесінің ішегінде жабысып орналасу үшін арнайы  стилет бар. Өңеш – жіңішке капиллярлы түтік – ішекке жалғасып, тік ішекпен аяқталады.

Трихинеллез – табиғи ошақты  инвазия

Трихинеллездың екі ошағы бар: табиғи және синантропты. Табиғи ошақтар пайда болу себебіне қарай біріншілік болып саналады. Трихинелла  57 жабайы және үй жануарларында тіршілік етуі мүмкін. Бұл ошақтарда паразит жабайы жануарларда тіршілік етеді  (қабан, борсық, енот тәрізді ит, ақ және қоңыр аю, түлкі және т.б), су сүтқоректілерінде (кит, су балық т.б).  Синантропты ошақтарда трихинелла  үй жануарларында тіршілік етеді. (шошқа, мысық, ит), кеміргіштер (тышқан). Табиғи және синантропты ошақтар арасында тікелей және қайталамалы байланыс бар.Табиғи ошақтардың инвазиясы синантропты түріне екі жолмен түседі: адам арқылы, яғни аңшылық кезінде инвазирленген жабайы жануарларды аулап және олардың қалдықтарымен үй жануарларын тамақтандырады және жабайы синантропты тышқан т.б көктемде табиғи ошақтарға орын ауыстырып, ал күзде қайта қайтып келеді. Нәтижесінде аралас табиғи – синантропты ошақтар пайда болады.
Жануарлар бұлшықетінде дернәсіл инвазивтілігін жылдар бойы сақтайды, ал өлген материалда олар өте жоғары және төмен температура әсерінен қайтыс болады  (-40, -50°С). Адам үшін инвазивтілік көзі трихинеллезбен зақымдалған жабайы жануарлар мен үй жануарлары болуы мүмкін. Жиі ол шошқа, жабайы қабан, ақ немесе қоңыр аю, түлкі, кейбір халық үшін ит.

Зақымдалу жолы  пероральды. Адамдардың трихинеллезге қабылдаушылығы жоғары. Ауру дамуы үшін  10-15 г трихинеллезбен зақымдалған етті жеу жеткілікті. Зақымдалу тринеллезбен зақымдалған жануар етін толықтай қайнатпай немесе шикідей пайдалану нәтижесінде дамиды. Трихинеллезбен ауру топтық дамиды, яғни  санитарлы – ветеринарлы тексеруден өтпеген трихинеллезды жануарлардың етін пайдаланған бір жанұя адамдары немесе бір ұжым  топтық түрде зақымдалады. Трихинелла дернәсілі  етті 80°С қыздырған кезде өледі, ал тұздау және қақтау әсер етпейді.

Трихинелланың  өмірлік циклы. Трихинеллада адамнан басқа әртүрлі иесі болады. Олар әртүрлі сүткоректілерде тіршілік етеді.  Жыныстық дамыған кезінде гельминт жіңішке ішекте, ал дернәсілдік кезінде көлденең салалы бұлшықетте тіршілік етеді, жүрек бұлшықетінен басқа. Адам трихинеллезбен  инкапсулярлы дернәсілмен зақымдалған етті пайдаланған кезде зақымдалады.  Зат алмасу кезінде дернәсіл капсуласынан босап, бір сағаттан соң ішектің шырышты қабатына орналасады. Бір күннен соң олар жыныстық жетілген түріне айналады.

Әртүрлі жануарлар денесінде трихинелла  10 күннен 56 күнге дейін тіршілік етеді, 200 ден 2000 дернәсілге дейін көбейеді. Барлық кезең ішінде адам ішегінде (42-56 күн аралығы) тіршілік етіп, 1500  дернәсілге дейін салады. Дернәсіл ішектің шырышты қабатына өтіп, кейін лимфа жүйесіне, одан кейін қан тамыр арқылы бүкіл денеге таралады.  5-8 күндері дернәсіл бұлшықетерге өтіп,  дамиды.   18-20 күннен соң дернәсіл 0,8 мм дейін бұлшықетте ұзарады. Жауап реакциясы ретінде ағзада 35-40 күн арасында дернәсілдің айналасында дәнекер тінді капсула пайда болады. Капсуланың орташа өлшемі 0,35 х 0,24 мм. Капсула қорғаныш қызметін атқарады, оның қабырғасы арқылы қан тамырлары өтеді. Сол арқылы дернәсіл қоректік заттар мен оттегіні алып тұрады.  Бұлшықеттерде дернәсілдердің орналасуы әртүрлі олар жүрек және біріңғай салалы бұлшықеттерде болмайды. Көбінесе олар қан тамырларына бай бұлшықеттерде орналасады:  тіл, диафргама, иық бұлшықеттерінде, шайнау бұлшықеттерінде болады.

Трихинеллез ауруы қазақша

Трихинеллез патогенезіТрихинеллездің патогенезі күрделі бірнеше патологиялық реакциялардан тұрады, басты іске асушы механизм ол – қоздырғыш. Бүкіл биологиялық цикл бір ағзада өтеді, адам ағзасы, бірақ гельминттің  өсуіне байланысты әртүрлі орналасу орны болады: инвазивті дернәсіл жіңішке ішектің шырышты қабатында;  ал ересек түрі жіңішке ішектің тінінде; миграциялаушы дернәсіл – қан тамыр және лимфа жүйесінде; бұлшықеттік дернәсіл –көлденең жолақты бұлшықетте. Нәтижесінде  – метаболизм өнімдері және жартылай ыдырау өнімдері, әсіресе дернәсілдік және өсуші түрлерінің өнімдері тіндерге түседі. Олар паразитарлы  антиген болып табылады және жоғарғы  сенсибилизирлеуші белсенділікке ие.

Трихинеллездің аллергиялық табиғаты оның патогенезінде жатыр. Н. Н. Озерецковская патологиялық процестің үш фазасын бөліп көрсетті:

  • ферментативті-токсикалық фаза ( 1-2 апта )
  • аллергиялық фаза (2-ші апта соңы -3-4 апта басы)
  • иммунопатологиялық фаза

Ферментативті-токсикалық фаза трихинелланың инвазивті  дернәсілдерінің ішектің шырышты қабатына енуімен және ересек гельминттің пайда болуымен байланысты, метоболит және ферменттердің әсерінен ішекте қабыну реакциясы пайда болады.

Трихинелланың аллергиялық фазасы –жалпы аллергиялық көріністер дамиды: қызба, миалгия, ісіну, терілік бөртпе,конъюнктивит, катаральды өкпелік синдром және т.б. Бірінші апта соңында  пайда болған ересек трихинелла жаңа дернәсілдер туындатады, олар қан және лимфа арқылы көлденең салалы бұлшықеттерге тарайды. Екінші апта соңы, төртінші апта басында сарысуда спецификалық антиген деңгейі жоғарылап, жоғарғы аллергиялық реакция пайда болады. Жоғарғы аллергиялық реакция ішекте ересек трихинелланың өлуіне әсер етеді. Бұлшықеттегі трихинелланың айналасында гранулема пайда болады, кейін ол фиброзды капсулаға айналып, паразит антигенінің иесінің ағзасына түсуіне мүмкіндік бермейді.

Иммунологиялық реакциялардың көрініс беру дәрежесі  антиген дозасы және ағза иммунореактивтілігімен,  паразиттің иесінің ағзасындағы адаптациясына байланысты. Зақымдалу дозасының жоғарылауы ішектік және бұлшықеттік инвазия интенсивтілігінің  жоғарылауына әкеледі нәтижесінде аурудың дәрежесінің жоғарылауы болады. Бұл ағзалар мен тіндердің жүйелі зақымдалуына  әкеледі. Бұл фаза қызба, бұлшықеттік ауырсыну, ісіну, конъюнктивит, респираторлы бұзылыстармен көрінеді.

Иммунопатологиялық фаза интенсивті зақымдалумен байланысты, аллергиялық жүйелі васкулит және ауыр мүшелерде зақымдалумен жүреді. Миокард, өкпе, бауыр және басқа мүшелерде түйіндік инфильтрат пайда болады. Трихинеллез ауыр аллергиялық диффузды-ошақты миокардит, менингоэнцефалит, ошақты пневмония және басқа ауыр асқынулармен көрініс береді.

Бесінші және алтыншы апта арасында қабыну процесі паренхиматозды мүшелерде  дистрофиялық өзгерістермен ауысады, ол баяу 6-12 ай бойы қалпына келеді.

 Трихинеллез симптомдары:

  • Клиникалық көріністерінде қызба, беттің ісінуі, бұлшықеттік ауырсыну, терілік бөртпе, жоғары эозинофилия көрініс береді. Инвазияның төмен интенсивтілігінде субклиникалық, симптомсыз ағым тән, тек зақымдалуды көрсететін бір айғақ, қанның эозинофильды реакциясы.

Трихинеллездің клиникалық түрлері ауыр ағымына байланысты әртүрлі болады. Осыған байланысты клиникалық жіктелуі келесідей:

  • жасырын
  • жеңіл
  • орташа ауырлықта
  • ауыр

Инвазия периодтары:

  • инкубациялық
  • жедел көрініс сатысы
  • асқыну
  • реконвалесценция және рецидив

Инкубациялық кезең 10 – 25 күн. Бірақ табиғи штамм түрімен зақымдалған кезде 40 – 45 күнге дейін созылады. Егер ауру ағымы ауыр болса инкубация ұзақтығы 7-10 күн, ал аса ауыр болса 3 – 1күн. Жасырын кезеңде инкубациялық кезең 4-тен 5-аптаға дейін созылады. Бұл кезең диагностика үшін қиын, басты симптомдар: субфебрильды қызба, жеңіл бұлшықеттік ауырсыну,  беттің бозаруы. Перифериялық қан анализінде лейкоциттер қалыпты, ал эозинофилия 7 – 12% дейін болады.

Ауру жедел түрде дене температурасының  38 – 39° С дейін жоғарылауымен, бас ауруы,  әлсіздікпен басталады. Температура тез түрде субфебрильды деңгейге дейін төмендеп, бір апта бойы сақталады.  Балтыр бұлшықетіндегі,  шайнау және беттің ісінуі байқалады.  Бұл көріністер өздігінен 1- 2 апта ішінде жоғалуы мүмкін, ал эозинофилия 1 – 3 айға дейін сақталады.

Науқастардың 1/3 бөлігінде  өкпе бронхылық патология кездеседі. Клиникалық көрінісінде жоғары тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, пневмония, плевритпен көрініс береді. Трихинеллез кезіндегі өкпелік патологияның басты ерекшелігі рентгенологиялық суретте орын ауыстырушы инфильтраттардың болуы. Қызба кезінде жүрек – қан тамыр жүйесінің симптомдары үдей түседі: тахикардия, жүрек тондарының тұйықтығы, жүрек ұшындағы систолалық шу. ЭКГ  көрінісінде зат алмасулық және дистрофиялық өзгерістер байқалады. Науқастар  физикалық жүктемме кезінде болатын, жүрек соғуына және ентікпеге шағымданады. Кейбір науқастарда ауру асқазан – ішек жолының ауруларымен көрінеді: іштегі ауырсыну, жүрек айну, құсу, іш өту.

Лимфа түйіндерінің ұлғаюы жиі балаларда байқалады, ол ретикулоэндотелиалды жүйе іске қосылғанын көрсетеді.  Диспротеинемия байқалады: гипопротеинемия және гипоальбуминемия байқалады, басқа жағынан  альфа-2-глобулин және гамма-глобулиндердің жоғарылауы болады.  

Мүшелердегі және жүйелік зақымдалулар өлімге әкеледі. Трихинеллез кезінде басты летальды себеп жедел аллергиялық миокардит болып табылады.  Науқаста кенет жүрек ұстамасы байқалады. Екінші орында пневмония болып табылады, астма тәрізді бронхит және плеврит  арқылы көрініс береді. Инфильтрат
антибиотикке резистентті болып табылады, бірақ глюкокортикоидты гормон әсерінен тез жоғалады. Үшінші орында орталық нерв жүйесінің зақымдалуы болып табылады және жиі ер адамдарда кездеседі. Психоз, ауыр  истерия, эпилептиформды ұстама, парез  болуы  мидың және жұлынның терең диффузды- ошақты зақымдалуын көрсетеді.  Кейбір науқастарда гемостаз бұзылысынан, қан ұюының дұрыс болмауынан флебит және аяқ тамырларының  тромбозы байқалады. 

Басты клиникалық көріністері  ісінулі, бұлшықеттік және ауырсынулы түрлері балаларда әлсіз байқалады.  Ауру жеңіл түрде өтеді, жиі жасырын түрде болады. Лабораторлы көрсеткіштері аз түрде эозинофилия, оң С-реактивті ақуызбен көрінеді. Балаларда трихинеллездің жеңіл өтуі иммунологиялық белсенділікке байланысты.

Трихинеллез диагностикасы:

  1. клиникалық тексеру;
  2.  эпидемиологиялық анамнез;
  3. лабораторлы зерттеу нәтижелері.

Аурудың клиникалық диагностикасында 36-40% жағдайда қателіктер болады. Жиі қате диагноздар: тұмау және  жедел  респираторлы аурулар (46-47%) , паратиф (14-15%),  тағамдық  токсикоинфекция және дизентерия (7-8%), пневмония (6-7%), себепсіз аллергия  (4-5%), конъюнктивит (4,5-5%).

Басты клиникалық симптомдар: қызба,  бұлшықеттік ауырсыну (91%), қасаң қабақ ісінуі (80,2%), көздік синдром – хемоз, конъюнктивит, склера инъекциясы, склераға қан кету, көздегі ауырсыну (80,2%); терілік бөртпелер (33%) және асқазан – ішектік бұзылыстар (33%)

Басты лабораторлы-клиникалық көрсеткіштер: тұрақты эозинофилия (96,6%), лейкоцитоз (68,1%) және гиперальдолаземия – Ф-1,6-Ф-альдолаза белсенділігінің жоғарылауы (91%).

Трихинеллез емі:

Трихинеллездің барлық формасын стационарда жүргізеді. Жасырын және жеңіл формалы түрінде  қабынуға қарсы стериодты емес дәрілермен жүргізеді. Спецификалық ем — мебендазол (вермокс) орташа және ауыр дәрежелі науқастарға жүргізеді. Вермокс ересек адамдарға  күніне 0,3 г (балаларға 5 мг 1 кг дене салмағына ) тамақтан соң 3 рет қабылдайды,  7—10 күн ауру ауырлығына байланысты. Қосымша бруфен және вольтаренмен емдейді. Глюкокортикоидты спецификалық препараттармен бірге береді, преднизолон 30 дан 80 мг күніне, 6—10 мг дексаметазон күніне  химиотерапия кезінде,  5—7 күннен соң дозасын азайту арқылы жүргізіледі.  Ауырған кезде науқастар мәжбүрлі қалыпқа ие және қозғалыссыз болады, сондықтан науқас жазылған соң — массаж, пассивті кейін, белсенді гимнастикамен шұғылдану қажет.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!