Аортокоронарлы шунттау (АКШ)
Коронарлы артериялар холестеринді майлармен, яғни атеросклеротикалық түйіндермен бітеліп қалуы мүмкін. Артерияда түйіндердің болуы тамыр қабырғасын тегіс емес етеді және тамыр эластикалығын төмендетеді.
Жүректің коронарлы артерияларының тарылуы немесе окклюзиясы оны қанмен қамтамасыз етуін төмендетеді. Жүрек жасушалары жұмыс кезінде оттегіні пайдаланады, сондықтан олар қан құрамындағы оттегі деңгейіне тәуелді болып келеді. Холестериннің шөгуі оттегі жеткізілуін төмендетіп, жүрек қызметін төмендетеді. Осындай жүрек коронарлы тамырларының бір немесе бірнеше зақымданулары болса, кеуде тұсында ауырсынулар болады. Кеуде тұсындағы бұндай ауырсынулар, сигнал ретінде симптом болып табылады. Ауырсыну мойынға, аяққа және қолға берілуі мүмкін, ол тамақтан соң немесе физикалық жүктемеден кейін пайда болуы ықтимал. Бұл жағдай біршама уақытқа созылса, жүрек жасушаларының қоректенуін бұзады, яғни ишемияға әкеледі, ал ол өз кезегінде ” миокард инфарктісіне ” әкеледі.
Аортокоронарлы шунттау ЖИА емдеудің ең тиімді әдісі болып табылады. Науқастар операциядан соң өздерін жақсы сезінеді, бірнеше айдан соң қалыпты өмір сүру салтына қайта келеді.
Коронарлы артериялардың ауруы (жалпы атеросклероз клиникасының бір көрінісі) жүрек бұлшықеттерін толықтай қанмен қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде зақымдалу пайда болады. Қазіргі таңда ЖИА күн санап өсуде.
Аортокоронарлы шунттау (АКШ)– бұл жүрек қан тамырларының тарылған жерін қалпына келтіретін операция түрі. Бұл хирургиялық манипуляция кезінде тарылған жердің маңына, қанмен қамтамасыз етілмеген жүректің бөлігіне қан айналымның басқа жолын салады. Жүрекке жасалатын операция кеуде торының ортасынан кесу арқылы жасалады, сол жерден кесіп, жүрекке түседі. Екінші кесу жиі аяққа жасалады, сол жерден вена кесіндісін алады, кейін ол шунттау үшін қажет болады. Аяқ венасы салыстырмалы түрде “таза” болады, атеросклерозбен зақымдалмаған болып келеді және бұл вена ұзын және ірі болып табылады. Вена кесіндісін алған соң, ешқандай қиындық туындамайды, яғни қан айналым бұзылмайды. Операциядан соң бастапқы апталарда науқастың аяғы ауруы мүмкін, әсіресе жүрген кезде және ұзақ уақыт тұрған кезде. Кейін бұл қолайсыздық кетіп,науқас өзін қайтадан жақсы сезінетін болады. Шунттау үшін жиі және қалаулы болып ішкі кеуде және кәрі жілік артериясы болып табылады.Бұл шунттың толықтай қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Коронарлы шунттаудың түрлері
- Жасанды қан айналым қолдану арқылы
- Жасанды қан айналымсыз шунттау үшін “стабилизатор” қолдану арқылы
- Минимальды хирургиялық кесінді жасау арқылы, соның ішінде эндоскопиялық операция.
Оперативті әдіс коронарография жасаған соң және жүрек коронарлы артерияларының зақымдалу денгейін эксперттық бағалаған соң анықталады.Коронарлы артериялардың мультифокальды зақымдалуы кезінде және жүректің қосарлама зақымдалулары болса (сол қарыншаның инфаркттан кейінгі аневризмасы болса, туа немесе жүре пайда жүрек ақаулары болса)операция тек қана жасанды қан айналым арқылы жасалады.
Кішкентай кесу арқылы жасалатын операциялардың тиімділігі:
- Науқас үшін жөтеліп және терең дем алу үшін тиімді
- Қан жоғалту азырақ
- Операциядан кейін ауырсыну мен дискомфорт азырақ
- Инфицирлену мүмкіндігі азырақ
- Қалыпты белсенділікке тез келеді
Жасанды қан айналым арқылы жасалатын АКШ
Дәстүрлі АКШ орталық стернотомия ( кеуде торының ортасынан) арқылы жасалады. Операция кезінде жүрек тоқтатылуы мүмкін. Жасанды қан айналым іске қосу үшін (жүрек қызметін тоқтату) жүрекке жасанды қан айналым құрылғысымен байланысқан канюляны орналастырады. Операцияның басты кезеңінде жүрек үшін жасанды қан айналдыру құрылғысы жүрек – өкпе, іске қосылады, ол бүкіл ағзадағы қан айналымды қамтамасыз етеді. Науқастың қаны құрылғыға түседі, онда газ алмасу жүреді, яғни қан оттегімен байытылады, сосын түтік арқылы науқасқа барады. Сонымен қоса, қан фильтрленеді, суытылып немесе жылытылады,яғни науқасқа қажетті температураны қамтамасыз етеді.Жасанды қан айналым кезінде хирург стеноздан төмен деңгейде вена мен коронарлы артерия арасында анастамоз жасайды. Кейін жүрек қызметі қалпына келеді, венаның қарама – қарсы соңғы бөлігі аортаға тігіледі. Барлық коронарлы артериялар шунтталған соң, жасанды қан айналымды ақырындап тоқтатады, ол көбінесе 3 тен 6 сағатқа дейін созылады.
Жасанды қан айналым құрылғысыз жасалатын АКШ.
Жақсы хирургиялық техника және медициналық құрылғылар хирургке АКШ жасауды жұмыс істеп тұрған жүрекке тікелей жасауға және жасанды қан айналым құрылғысыз дәстүрлі түрде орындауға мүмкіндік бар. Бұл операция кезінде арнайы құрылғы қолданылады, ол шунттау кезінде жүрек қозғалысын азайтады. Анастамоз үшін вена немесе ішкі кеуде артериясы қолданылады.
Жасанды қан айналым құрылғысыз жасалатын аортокоронарлы шунттау тиімділігі
- Қан жүйесінің аз зақымы
- Қалыпты белсенді өмірге тез оралу мүмкіндігі
Операцияға дейінгі кезең:
Науқас стационарға жатқызылады. Науқастан тексерілу жүргізуге рұқсат алған соң, әртүрлі тест сынамалар, электрокардиография және рентген зерттеулер жасалады. Операция алдында науқаспен анестезиолог, тыныс гимнастика маманы әңгімелеседі. Операция алдында науқасқа
санитарлы-гигиеналық шаралар жүргізіледі (душқа тусу,клизма жасау, операция аланын қыру) және қажетті дәрілер пайдалану.Операция алдында науқас таза болып, кеше жақын тамақтанбауы қажет.
Операция күні:
Науқас операциялық бөлімге апарылады және операциялық столға жатқызылады: оған арнайы мониторлар жалғанады.Анестезиолог дәрі жіберген соң науқас ұйқыға кетеді.
Анестезиядан соң науқасқа тыныс түтігін енгізеді (интубация жасайды), асқазан зондын енгізеді (асқазан секрециясын бағалау үшін) және Фолея катерін орналастырады. Дәрігер тағайындаған дәрілерді тамыр ішіне жіберіледі. Науқастың операция алаңын антибактериальды ерітіндімен өңдейді және операция басталады.
Операция
Операция кезінде жүрек – өкпе құрылғысы қосылады нәтижесінде хирург қажетті артерияларға шунттауды жүргізеді. Кейін баяу түрде жасанды қан айналым құрылғысын өшіреді.Операция аяқталғанға дейін кеуде торына дренажды түтіктер орналастырылады,ол операция аймағынан сұйықтықты шығару үшін қажет. Операциядан кейінгі алаңға толықтай гемостаз жүргізіледі, кейін ол орын тігіледі. Науқас мониторлардан ағытылып, портативті мониторларға қосылады кейін реанимация бөліміне ауыстырылады.
Операциядан кейінгі күн:
Науқас реанимация бөлімінде болған кезде, қан анализдері алынады, электрокардиографиялық және рентгенологиялық зерттеулер жүргізіледі.Науқастың барлық өмірлік көрсеткіштері бағаланады. Респираторлы көмектен соң, науқастантан тыныс алу түтігі алынып, өздігінен тыныс алуға көшеді. Кеуде торындағы дренаж және асқазан зонды тұра береді. Науқаста аяқтағы қан айналымды ұстап тұратын арнайы киім кигізеді (чулки). Науқас төсекте болады және арнайы инфузиялық терапия алады (ауырсынуды басатын дәрілер, антибиотик, седативті дәрілер)
Операциядан кейінгі бірінші күн: Науқас реанимация бөлімінде болады немесе арнайы палатаға ауыстыруға болады. Сұйықтық балансы қалпына келген соң, қуықтан Фолей катетерін алып тастауға болады. Жүрек әрекетін арнайы дистанционды мониторлау арқылы тексеріледі, медикаментозды ауырсынуды басатын дәрілер, антибиотик сол қалпынша тағайындалады. Арнайы диеталық тамақтану болады және аздап физикалық жүктеме жүргізе бастайды. ( төсекте отыру, орындыққа созылу және т.б)
Операциядан кейінгі екінші күн: Операциядан кейінгі екінші күні оттегілік қамтамасыз етілу тоқтатылады, ал тыныстық гимнастика жалғасады. Кеуде торынан дренажды түтіктер алынады. Телеметриялық құрылғы арқылы науқас жағдайы бақылауда болады. Науқастың салмағы тексеріледі, күнделікті дәрі – дәрімектер беріліп тұрады. Тамақтануы диеталық, қозғалыс белсенділігі күнделікті ұлғаяды (науқас ассистент көмегі арқылы орнынан тұрады, палатада қозғалады) Дәлізде аздаған қозғалыстар жүргізеді, персонал науқасқа қауіп түрлерін, операциялық тігісті қалай өңдеу және т.б шаралар туралы әңгіме жүргізеді.
Операциядан кейінгі үшінші күні: Науқас жағдайына мониторлауды тоқтатады. Қажетінше ауырсынуды басу жалғастырылады. Дәрігерлік тағайындамалар орындалып, тыныстық гимнастика жалғастырылады. Науқасқа душқа түсуге және қозғалыс әрекетіне рұқсат беріледі.
Операциядан кейінгі төртінші күні: Науқас күніне бірнеше рет тыныстық гимнастика жасайды. Күнделікті дене салмағын тексереді. Тамақтануы диеталық (майлы тұзы тамақты шектеу), бірақ тамақтануы әртүрлі және көбірек болуы тиіс. Науқастың физикалық жағдайын тексеріп ауруханадан шығарар кезде арнайы инструкциялар беріледі.
Реабилитация
Диета. Қолданылатын ас тұзы және майлы тағамдарды шектеу қажет. Егер тамақтану режимі дұрыс болмаса (шылым шегуден бас тарту, арнайы гимнастикамен айналысу), рецидив даму қаупі жоғары болады. Диетадан басқа, дене салмағын бақылау қажет.
Шылым шегу. Шылым шегуге болмайды. Шылым шегу жүрек ауруларына ғана емес, рак ауруына да әкеледі.
Ауруханадан шыққан соң, үйде науқас өзін әлсіз сезінеді, ол жұмыс жасамаған бұлшықет әсерінен болады. Егер сау адамды бір аптаға төсекке жатқызып қойса, ол 15% бұлшықетінен айырылады. Бұлшықетті қалпына келтіретін әдіс жаттығу.Операциядан кейінгі эффективті әдіс жаяу жүру және пульс 110 соққыдан аспауы қажет. Егер пульс бұл саннан жоғарыласа, отырып тынығу қажет.
Дәрі- дәрімектер. Дәрігер тағайындаған дәрілерді пайдалану қажет. Операцияға дейін пайдаланған дәрілерді қолданбауыңыз жөн. Барлық шағымдар мен сұрақтарды өз дәрігеріңізден сұрап білуіңіз қажет.
Жұмыс. Отырып жұмыс жасайтын адамдар 6 айдан соң өз жұмысына қайтып келуі мүмкін. Ал егер ауыр жұмыс жасатындар ұзағырақ тосуы қажет.
Үйде
- Күнделікті бір уақытта тұру қажет.
- Суға түсу немесе душ қабылдау қажетінше
- Түнгі ұйықтаған киімдерді шешіп, үй киімін кию қажет.Өзіңізді сау адамдай сезіну қажет.
- Белсенділік кезеңінен кейін, тамақтан соң, жатып тынығу қажет.
- Жыныстық қатынасқа өзіңіз қалаған уақытта түсуге болады, бірақ кеуде торы толықтай 2,5 – 3,5 айдан соң бітіседі, сондықтан кеуде торына күш түспейтін позициялар қолдану қажет.
- Машина айдауды физикалық жағдайыңыз рұқсат еткен кезде орындауға болады, бірнеше апта тосқан дұрыс.
- Келесі дәрігерге қаралу жағдайыңызға байланысты болады.