Тік ішекті саусақпен тексерудің сатылы нұсқауы
Іс шараны бастамас бұрын науқасқа жүргізіліп отырғалы тұрған әдістің мәнін түсіндіру қажет.
- Науқас кушеткада тізерлеп – шынтақтап тұруы қажет.
- Сол қолдың саусағымен перинальды теріні ақырын созады.
- Резина перчатка киілген оң қалдық сұқ саусағын вазелин немесе мазьбен майлайды.
- Саусақты абайлап тік ішек ампуласына кіргізеді.
- Жүйелі түрде шырышты қабықшаның тік ішек қабырғасының және сфинктер тонусының жағдайын тексереді.
- Науқасты жүресінен отырғызу қалпына ауыстырғанда 10-12см анустан жоғары локализацияланған ісікті жиі байқауға болады.
- Тік ішектің алдынғы қабырғасын тексеру – перитонит, дугласты кеңістік инфильтраты, метастазда құнды мәліметтер береді.
- Тік ішектің сфинктерлі аппаратын, ішкі және сыртқы геморройдалды түйіндерді тексереміз.
- Диагнозды анықтап, маңызды мәліметтер алу үшін, саусақты шығарғанда перчатқаны міндетті түрде қарап тексеру қажет (нәжіс массасының түсі, қанның болуы, шырышы).