Неврологиядағы сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу
Екі өлшемді-кеңістікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе қарапайым геометриялык кескіндерді (крест, шеңбер) салады. Сау адам денесіне жазылғанын айнытпай айтады. Сырқат цифралар мен фигураларды шатастырып ажырата алмауы (графанестезия) немесе оларды киналып анықтауы (граф-гипестезия) мүмкін.
Дискриминациялық сезімді тексеру үшін екі сирағы ортасында шкала сызықшалары бар қарғаша бекітілген Веберь циркулін пайдалану арқылы дәрігер сырқаттың терісіне сипаты бірдей екі тітіркеніс жолдайды. Әуелі: циркуль қадамы 8-10 м болса кейінірек циркуль сирақтарын жақындата отырып онын ұшымен түртеді. Бұл әрекет сырқат екі тітіркеністің ара қашыктығын айыра алмаған кезінде тоқтатылады да қарғашадагы өлшем мөлшері жазылып алынады. Әдетте сау адам ииркуль қадамьш саусақ ұшында 2 мм және бел тұсында 60 мм дейін ажырата алатындығы белгілі. Дискриминациялық сезім бұзылған кезде бір мезгілде жанасқан екі тітіркеністі сырқат адам ажырата алмайдынемесе ол қалыпты жағдайдан едәуір ауытқиды.
Стереогаостикалык сезім. Тексерілуші адамның алақанына ұсақ-түйек бұйымдарды (кілт, қарындаш, түйме т. б.) ұстатып, оларды сипап білуі өтініледі. Егер бір колымен сипау арқылы аталған бұйымдарды анықтай алмаса, онда оларды екінші қолына ауыстырып сипатады (ұстатады). Сонда тануы мүмкін. Ұстатылған бұйымдарды сипау аркылы ажырата алмауды астерогнозия
Сезімталдықтың тұрақтылығы. Дәрігер қолына бір шөкім мақта немесе шашақша алып сырқат денесінің симметриялы тұстарьш нұқу арқылы аталған тітіркендіргіштердің нақтылы әсері сезілген нүктені дәл анықтауы керек. Дені сау адам белгілі нүктені дәл көрсетеді. Ал дертке шалдыкқан болса тітіркенген жерін дәлдеп ажырата алмайды, тіпті мүлде басқа нүктелерді нұсқауы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар топанестезия немесе топгипестезия деп аталады. Кейбір жағдайда сыркат тітіркенген жерін көрсетем деп, мүлде қарама- қарсы жақты нұсқайды. Бұл құбылыс сирек кездеседі. Мұндай ауытқушьшык аллохейрия немесе синестезия деп аталады.