Ауру тарихы созылмалы обструктивті өкпе ауруы
Паспорттық бөлім
Тұылған күні: 11 сәуір 1960ж.
Тұрақты мекен жайы: Қарағанды облысы,_______
Түскен күні: 02.09.2016ж.
Жұмыс орны: жұмыссыз, отыншы болып жұмыс істеген
Келіп түскендегі диагнозы: созылмалы обструктивті өкпе ауруы
Клиникалық диагнозы:
Шағымдары
Түскен кезде тыныстың тарылуына, ентігуге,жасыл түстіқақырық бөлінуге көбіне кешкі уақытта, ылғалды жөтелге шағымданған, жалпы әлсіздікке
Ауру анамнезі
Отыз алты жылдар бері күніне бір қорапқа дейін темекі шегеді. Өзін 2015 жылдың желтоқсан айынан бері науқаспын деп есептейді. Себебі жумыс барысында алғаш рет тынысының тарылғанын байқаған. 2015 жылдың тамыз айының ортасында күшейгенін байқаған. Тыныс алу физикалық жүктемеден кейін, үшінші қабатқа көтерілгенде байқалады. Амбулаторлы емделген цефазолин екіреттен бес күн, эуфиллин бес күн қабылдаған. Басқа ешқандай аурумен ауырмаған.Бұқаржырау орталық аудандық ауруханадан жолдама бойынша келген.
Өмір анамнезі
Денесі жасына сай дамыган, 1960 жылы 11 сәуірде дүниеге келген. Он бір баланың төртіншісі. Үйленген, үш бала-шағасы бар. Әскерде болған. Интернатта оқып жүргенде сол жақ аяғы, үлкен жіліншік сынған. Туберкулезбен ауыратын науқастарман қатынаста болғанын жоққа шығарады. Спирттік ішімдіктерге әуестігі жоқ, 36 жылдан бері темекі шегеді, күніне бір қорап. Ештеңеге аллергиялық белгілер байқалмаған. Ата-анасы бұл сырқатпен ауырмаған. Отыншы болып жұмыс істеген.
Қазіргі жағдайы ( status praesens)
Жалпы қарау
Жағдайы орташа ауырлықта, төсектегі жағдайы белсенді.
Есі дұрыс
Бойы 164 см., салмағы 80 кг.
Терісі –серпімді, құрғақ, дене қызуы қалыпты
Терасты шелмайы: білекте қалыпты 3см. Кіндік маңында 10 см.
Лимфа түйіндері пальпацияланбайды.
Тірек қимыл: нормостеник, бұлшық еті жақсы дамыған. Сүйектерінде ауырсыну байқалмайды, буындарында ауырсыну жоқ
Тыныс алу жүйесі
Қарау кезінде мұрын пішіні өзгермеген, мұрынмен еркін тыныс алады. Мұрынның шырышты қабығы қалыпты.
Кеңірдек : кеңірдек тұсында ісіктер мен деформацияның белгілері жоқ. Дауысы қырылдап шығады.
Кеуде торы: кеуде клеткасы симметриялы, эмфизематозды, эпигастралді аймақ 90 градус шамасында. Кеуде клеткасының айнала өлшемі 110 см.
Тыныс алу түрі қалыпты, тыныс алуы симметриялы. Тыныс алу минутына 23 рет.
Пальпация. Пальпация кезінде ауырсыну білінбейді, кеуде торының эластикалығы қалыпты, тығыздалуына байланысты дыбыстық діріл оң жақта әлсіреген.
Перкуссия. Салыстырмалы перкуссиядан екі жақты симметриялы қорапша тәрізді дыбыс естиледі.
Топогрофиялық
Оң | Сол | |
өкпенің ұшы алдынан | 5 | 5 |
өкпенің ұшы артынан | 7 | 7 |
Крининг алаңы | 8,5 | 8 |
Бұғанаорта сызығы | 6 | – |
алдыңғы қолтықасты шұңқыры | 8 қ/а | 8 қ/а |
ортаңғы қолтықасты шұңқыры | 9 қ/а | 9 қ/а |
артқы қолтықасты шұңқыры | 10 қ/а | 10 қ/а |
жауырын сызығы бойынша | 11 қ/а | 11 қ/а |
омыртқа маңы сызығы | 11 қ/а | 11 қ/а |
Өкпенің төменгі шекарасының экскурсиясы | 3,5 см | 4 см |
Аускультация. Кеуде торын салыстырмлы тыңдағанда өкпенің екі бөлігінде де везикулярлы дыбыс әлсіреген. Өкпенің барлық бөліктерінде ылғалды сырыл естіледі. Әлсіз ысқырықты дыбыс байқалады.
Жүрек-қан тамыр жүйесі.
Жалпы қарау: жүрек аймағында және мойындырықтық тілікте пульсация байқалмайды, веналық пульс оң, Мюсси симптомы анықталмайды.
Пальпация. Жүрек ұшы түрткісі солжақ бұғана сызығымен 1,5 см ішке қарай орналасқан; күші орташа, шектелген. Систолалық және диастолалық діріл байқалмайды. құрсақтық аортаның есебінен,эпигастралді пульсация пальпацияланады.
Перкуссия. Салыстырмалы жүрек шекарасы:
Оң жақ-төстің оң жақ қырымен 4 қабырғааралық;
Сол жақ- 5 қабырғааралық, ортаңғы бұғана сызығы бойымен 1см сыртқа;
Жоғарғы шекарасы-сол жақ төстік сызық бойымен 3 қабырғааралық деңгейінде 1 см сыртқа;
Жүректің көлденең салыстырмалы тұйықталуы 12 см.
Қан тамыр шоғыры 6 см.
Жүрек конфигурациясы қалыпты
Жүректің обсалютті туйықталуы:
Оң жақ-төстің сол жақ қыры 4- қабырғааралық;
Сол жақ- салыстырмалы шекарадан 1 см ішке қарай;
Жоғарғы шекарасы- 4 қабырға дейін;
Аускультация. Жүректі тыңдау кезінде патологиялық шуылдар жоқ, ритмі ырғақты, бірінші және екінші тондар анық естіледі.
Ас қорыту жүйесі.Қарау. Тілі –ылғалды, тілінде ақ жамылғымен жабылған. Іші симметриялы, тыныс алуға қатысады. Тері асты веналары кеңеймеген. Жарық, стрилер жоқ.
Аускультация. Ішек шуылдары естілмейді.
Перкуссия. іштің барлық аймақтарында тимпаникалық дыбыстар естіледі.
Пальпация. Беткей пальпация: қарын жұмсақ, бұлшықеттердің ауырсынуы байқалмайды, ақ сызықтың және кіндіктің маңында жарық белгілері жоқ, ак сызық бойында жарықтар жоқ. Шеткин-Блюмберг симптомы терис. Жиек ішектері мен сигма тәрізді эластикалық және ауырсынусыз.
Нәжісінің түсі қоңыр, жоспарланған, ретсіз. Іш қату мен іш кебу байқалмайды.
Зәр шығару жүйесі
Қарау. Теріде бүйрек аймағы өзгеріссіз, зәр шығаруы қалыпты, ауырсынусыз.
Перкуссия. Екі жагынанда Пастернацский бойынша симптом теріс.
Пальпация. Бүйрек пальпацияланбайды. Басу кезінде ауырсыну жоқ.
Эндокринді жүйе
Қалқанша бездің улғаюы байқалмайды. Пальпациялағанда жұмсақ ауырсынусыз.
Жүйке жүйесі
Ақыл есі жасына сәйкес. Ұйқысы қалыпты.
Көру мүшесі: көз алмасының қозғалысы қалыпты, көз қарашығы реакциясы қалыпты
Есту және весибулярла аппарат: қыметтері бұзылмаған.
Мимикалық бұлшықеттер қалыпты дамыған.
Сөйлеуде бұзылыстар жоқ.
Жүрісі қалыпты
Синдром | Симптом |
Анемиялық
Өкпенің тығыздалу синдромы
Тыныстық жеткіліксіздік
Интоксикация | Бастың ауруы Ентігу, көбіне физикалық жүктемеден кейін байқалады, компенсаторлы тахикардияның пайда болуы Әлсіздік Басының айналуы
Везикулярлы дыбыстың әлсіреуі Өкпеде ұсақ көпіршікті сырылдардың болуы
Тыныс алудың қиындауы, тахипноэ
Жалпы алсіздік Түнде аздап қалтыраудың болуы Жұмысқа қабілетінің төмендеуі Дене қызуының 38,8-ге дейін көтерілуі |
Негізгі синдром: аталған синдромдар ішінен жетекші синдром болып өкпе тінінің тығыздалу синдромы болды. Себебі осы синдром басқа синдромдарға қарағанда айқын дәрежеде және ұзақ уақыт сақталып науқастың госпитализациясына алып келді.
Ажыратпалы диагноз І – этап
Өкпе тінінің тығыздалу синдромы келесі ауруларда кездесуі мүмкін:
- Пневмония
- Инфильтратциялы туберкулез
- Өкпе инфарктісі
4.Созылмалы обструктивті өкпе ауруы
- Өкпе тінінің тығыздалу синдромы инфильтратциялы туберкулез кезінде перкуторлы дыбыстың қысқаруын, дауыс дірілінің күшеюі, бронхиалды тыныс, орташа көпіршікті сырылдар тыныс алуда тек қана жөтелден соң естіледі. Өкпелік-қабынулық синдром инфилтратциялы туберкулезде аздаған жөтелмен кейде қан түкірумен сипатталады.Патологиялық перкуссиялық және аускультациялық феномендердің көбінесе өкпенің жоғарғы бөліктерінде орын алуы – туберкулезге тән. Бұл аурудан айыру үшін қақырықты қайталап туберкулез микобактериясына тексеріп, тері ішілік туберекулин сынамасын жасайды. Күдіктенген жағдайда кәдімгі антибиотиктер әсер етпесе, туберкулезге қарсы арнайы ем жасайды.
Қорытынды: Ажыратпалы диагноздың бұл этапында науқаста инфильтратциялы туберкулез бар екенін айтуға ерте, сол себепті қосымша зерттеулерді қажет етеді.
- Өкпе тінінің тығыздалу синдромы өкпе инфарктісінде мынадай шағымдармен өтуі мүмкін: ауру барысында кенеттен кеуде клеткасының ауырсынуы және кейіннен барып дене қызуы көтерілуі(390С-ден аспайды) тән, қанды қақырық.
Ал менің науқасымда кеуде клеткасында ешқандай да ауырсыну жоқ, науқасымның қақырығы жасыл түсті.
Перкуссияда кішкентай аймақтың зақымдалуы анықталады.
Ал менің науқасымда кеуденің барлық бөлігінде қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі.
Өкпе инфаркті жарақатқа, операцияға ұшыраған, осыдан бұрын тыныс жолдарының инфекциясымен ауырмаған және қозғалуға шамасы келмейтін және тромбофлебиті бар науқастарда күдіктенген жөн.
Менің науқасым анамнезінде мұндай жағдайларды жоққа шығарады.
Мұндай науқастарда жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, тромбоэмболиялық жағдайлар анықталуы мүмкін. Менің науқасымда бұл аурулардың симптомдары байқалмайды.
- Өкпе тінінің тығыздалу синдромы пневмония кезінде.Шағымы: Дене қызуының көтерілүі, шырышты іріңді қақырықтың болуы, ауырсынудың болуына, тырыштық жағдайдағы ентігүдің болуы.
Алменің науқасымда ентігүдің физикалық жүктемеден кейін болатынына, жасыл түсті қақырықтың болуы, ауырсынуды жоққа шығарады.
Перкуссия: персуторлы дыбыстың туйыкталуы және қысқаруы байқалады.
Ал менің науқасымда қорапша тәрізді дыбыстың естіледі.
Пальпация: дауыс дірілі күшейген болып келеді , қарағанда дене бітімі қалыпты.
Ал менің науқасымда: қарағанда дене бітімі эмфизематозды, пальпациялағанда дауыс дірілі әлсіреген.
- Созылмалы обструктивті өкпе ауруы
Шағымдары: жөтелге және киын бөлінетін, таңертең көбірек байқалатын қақырықтың бөлінуіне, тынысының тарылуына және оның физикалық жүктеме кезінде үдейе түсуіне шағымданады
Менің науқасымда: ылғалды жөтелдің болуына, жасыл түсті тұтқыр қақырықтың бөлінуіне, жане тынысының тарылуына шағымданған
Жалпы қарағанда: тыныс алуына тахипноэ тән болып келеді, кеуде торы сәл ұлғайған болып келеді, көптеген сырылдар мен везикулярлы тыныстың әлсіреуі байқалады.
Менің науқасымда: тыныс алу жиілігі 23 рет.мин , кеуде торын өлшегенде 110 см. болды, және перкуссия кезінде қорапша тәріздес дыбыстың естілуі. Аускультация кезінде везикулярлы дыбыстың әлсіреуі байқалады, жәнеде өкпенің барлық бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.
Менің науқасымда аталған көрсеткіштердің басым бөлігі сәйкес келеді.
Зерттеу жоспары
Лабороториялық зерттеу әдістері:
- Қанның жалпы анализі
- Қанның биохимиялық анализі
- Жалпы зәр анализі
- Қақырықты зерттеу
- Коагулограмма
- Антибиотикограмма
- Нәжісті гельмиттер мен қарапайымдыларға тексеру
Инструментальді зерттеу әдістері:
- Кеуде торының рентгенограммасы
- Бронхаскопия
- Спирография
- ЭхоКГ
Лабараториялық зерттеу нәтижелері
Жалпы қан анализі:
Показатели: | 05.05.2016 | Норма |
Эритроцит | 5,0 | 3,7 – 5,5х1012/л |
Гемоглобин | 147 | 120 – 160 г/л |
Гематокрит | 40,0 | 35 – 54% |
ТК | 0,88 | 0.85-1.05 |
Лейкоцит | 10,1 | 4,0-9,0 х 109/л |
Нейтрофил | 62 | 45-70% |
Таяқша ядролы | 38 | 1-6% |
Сегмент ядролы | 24 | 47-72% |
Лимфоцит | 30 | 18-40% |
Эозинофил | 2 | 0 – 5% |
Моноцит | 5 | 2- 9 % |
Базофил | 1 | 0-1,5% |
Тромбоцит | 354 | 180-320х109л |
ЭТЖ | 15 | Мм/сағ |
Қорытынды: Лейкоцитоз, Тромбоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
Қанның биохимиялық анализі:
Көрсеткіштер | 05.05.2016 | Норма |
Жалпы белок | 79 | 60-83 г/л |
Креатинин | 67 | 62-115 мг/дл |
Глюкоза | 10,6 | 4,1-5,9 ммоль/л |
Жалпы билирубин | 9,0 | 3,0-21,0 мкмоль/л |
Холестерин | 7,76 | 3,9-5,3 мммоль/л |
АЛТ | 88.00 | 5-49 ед/л |
АСТ | 51.00 | 0-34 ед/л |
C- реак. Белок | 16 | 0-10 мг/л |
Қорытынды: гипергликемия, гиперхолестеринемия, АлаТ, АсаТ жоғарылаған, С-реактивті белок жоғарылаған.
Жалпы зәр анализі:
Көрсеткіштер | 05.05.2016 ж |
Түсі | Желтый |
рН | 5,0 |
Салыстырмалы тығыздығы | 1,025 |
Мөлдірлигі | Мөлдір емес |
Белок | жоқ |
Глюкоза | 14 ммоль/л |
Билирубин | жоқ |
Эпителий | Бір екеу көру айтағында |
Лейкоциты | 2-көру айтағында |
Шырыш | аздаған |
Эритроцит | жоқ |
Қорытынды: тығыздығы жоғарылаған, глюкозурия
Қақырық анализі:
- түсі- жасыл
- сипаты –шырышты-іріңді
- қоспалар –шырыш
- консистенциясы –вязная
Микроскопиялық зерттеу 02.09.16 ж.
- алвеолармы макрофагтар –бірен –саран көру аймағында
- лейкоциттер – 19-30 көру аймағында
- нейтрофилдер- 87
- эозинофилдер- 2
- лимфоциттер-11
- саңырауқұлақтар-ашытқы саң.
- Басқа флоралар – кокк таяқшалары
Коагулограмма
Талдауы | Нәтижелері | Нормалары мен өлшемдері |
Протромбинді индекс | 42 | 100+/-6 % |
Фибриноген | 2 | 2-4 г/л |
Аутокоагулограмма | 11 | 10-13 сек |
Р.Ф.М.К. | Теріс | Теріс |
Коалин кефалин уақыты | 37 | 28-38 сек. |
Фибрин лизисінің белсенділігі | 5 | 4-10 мин. |
Тромбин уақыты | 15 | 14-17 сек. |
Антитромбин і | 48 | 75-125 % |
Қорытынды: протромбинді индекс төмендеген.
Антибиотикограмма: 02.09.16 ж.
1 | 2 | 3 | 1 | 2 | 3 | ||
Бензилпеницилин | R | r | Неомицин | ||||
Ампициллин | R | R | Тобрамицин | ||||
Осациллин | S | Меропенем | |||||
Ванкомицин | S | Имипенем | |||||
Цефазалин | R | R | Азитромицин | S | S | ||
Цефуроксим | I | I | Клиндомицин | S | S | ||
Цефотаксим | S | S | Доксимицитин | S | S | ||
Цефтриаксон | S | S | Кетоконозол | S | |||
Цефтазидим | S | S | Нистатин | S | |||
Офлаксацин | S | S | Флуконазол | S | |||
Левофлаксацин | Интаконазол | S | |||||
Ципрофлаксацин | S | S | Клотримазол | I | |||
амикацин | Амфотерицин В | S |
Нәжісті гельмиттер мен қарапайымдыларға тексеру
Entamoeba histolytica ( дизентерия амеба вегетативті формасы) | анықталмады |
Entamoeba histolytica (төрт ядролы дизентерия амебасы) | анықталмады |
Balantidium coli | анықталмады |
Гельмиттер жұмыртқасы | анықталмады |
Қарапаымдылар | анықталды |
Chilomastix mesnili (хиломастикс вегетативті формасы) | анықталмады |
Chilomastix mesnili ( цисты хиломастикс) | анықталмады |
Аспаптық зерттеу нәтижелері
Спирометрия.
ӨТС-64% ЖДШК1-63% ТС-99% МКЖ25-52% МКЖ50-36% МКЖ75-41%
Бронхоскопия 07.09.16 ж.
Аппиккационды анестезия лидокаин 10% –4 доза.
Көмей кеңірдек өтімді. Шеміршек аралықтары бірдей, көрінісі жақсы. Шырышты қабаты кызғылт, тегіс.
Басты, бөлшектік, сегменттік, субсегменттік бронхтар дұрыс шеңберлі формада. Сол жақта 7-8- сегмент бронхтары деформациясы байқалады. 1-5- сегменттік бронхтар, іріңді қақырық пен шырышты қабығының ісінуі есебінен тарылулар байқалады. Шырышты қабығында атрофиялық белгілер байқалады.
Қорытынды:сол жақ диффузды іріңді эндобронхит 1 сатысы, шырыштың атрофиялық өзгерістерімен. Сегментті бронхтардың деформациясы.
Кеуде торының рентгенограммасы: 01.09.16 ж.
Кеуде торының тура және оң жақ бүйірлік рентгенограммасында ошақтар мен инфильтративті көлеңкелер байқалмайды. Өкпе суреті өзгермеген.
Диафрагма контуры анық және аздап төмендеген. Сол жақ бөлігі 6- жабырға тұсында орналасқан.
Жүрек көлеңкесі қалыпты, кеңеймеген. Аорта өзгермеген. Сүйектік- деструктивті өзгерістер жоқ
Қорытынды: рентген суреті ошақты инфилтративті көлеңкелерсіз. Бронх өабырғасы тығыздалған, деформацияға ұшыраған.
Эхокардиография:
Парастернальді пазиция және апикальді төрткамералы позиция, стандартты өлшеу:
ОҚ (мм) | 33 |
Пст ОҚ (мм) | 9 |
АО (мм) | 33 |
СЖ (мм) | 45 |
ҚАП (мм) | 16 |
СҚ (мм) | 57 |
ЗССҚ (мм) | 15 |
ОЖ (мм) | 42 |
Қорытынды: аорта қабырғасы, аорта қақпақшасы тығыздалған. Митрпльді, тригуспидальлі, өкпелік сабаудың қақпақшаларында өзгерістер жоқ. Сол жақ қарыншаның кеңеюі. Қарыншалардың қабырғалары қалыңдаған.
Өкпе инфарктісі
Кеуде қуысының рентгенографиясында : өкпе түбірінің кеңеюі және оның деформациясы, плевра қуысында экссудаттың болуына байланысты рентген суретте қараюлар байқалады,жоғарғы қуыс венаның кеңеюу жиі байқалады, жүрек көлеңкесінің ығысуы байқалады. Ал менің науқасымда: инфилтративті өзгерістер байқалмайды, жүрек көлеңкесі озгермеген диафрагма қалыпты. Қанның биохимиялық анализінде:лактатдегидрогеназаның белсенділігінің жоғарылауы, жалпы билирубиннің жоғарылауы байқалады. Ал менің науқасымда қанның АлаТ, АсаТ жоғарылаған.
Өкпенің инфильтративті туберкулезі
Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, лимфопения,моноцитоз, ЭТЖ-ның 23-25 мм/сағ дейін жоғарылауы болады. Ал менің науқасымда: лейкоцитоз,лейкоцитарлы формула солға ығысқан байқалады.
Қанның биохимиялық анализінде альбуминдердің төмендеуі, және а және y-глобулиндердің жоғарылауы байқалады. Ал менің науқасымда қанның биохимиялық анализінде гипергликемия, гиперхолестеринемия байқалады.
Несеп талдауында нәруыз, гиалинді цилиндрлер болады. Ал менің науқасымда несеп талдауында өзгерістер анықталмады.
Кеуде қуысының рентгенографиясында : анық емес, пішіні дұрыс емес,сау өкпе тінінде жаймен жоғалуменконтурының қараюы байқалады. Ал менің науқасымда : рентген суреті ошақты инфилтративті көлеңкелерсіз.
Пневмония
Жалпы зәр анализінде өзгерістер болмайды. Ал менің науқасымда салыстырмалы зардің тығыздығы жоғарылаған жәнеде глюкозурия байқалады.
Рентген суретіңде өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінде қарайаюлар байқалады. Ал менің науқасымда рентген суретінде инфильтративті, ошақты қараюлар жоқ.
Қақырықтың микроскопиялық талдауында пневмония қоздырғыштары стафилакокк, стрептакокк т.б бактериялар байқалады. Ал менің науқасымда ашытқы саңырауқұлақтары ғана байқалады.
Созылмалы обструктивті өкпе ауруы
Қанның биохимиялық анализінде гамма глобулиндер мен глюкозаның мөлшери жоғарылайды. Менің науқасымда гипергликемия байқалады.
Бронхоскопияда бронхтардың тарылуы, кейде бітелуі байқалады. Менің науқасымда сол жақтық 7-8 сегменттік бронхтардың деформациясы, 1-5- сегменттік бронхтар, іріңді қақырық пен шырышты қабығының ісінуі есебінен тарылулар байқалады. Атрофиялық өзгерістер байқалады. Жиналған лабараториялық және аспаптық анализдер қорытындысына карап созылмалы обструктивті емес бронхит деп айтуға болады.
Клиникалық диагноз: Созылмалы обструктивті өкпе ауруы, өршу сатысы, В категориясы, тыныс жеткіліксіздігі II, темекі шегу индексі 36.
Клиникалық диагнозды негіздеу:
Обструктивті өкпе ауруы: рентген суреті ошақты инфилтративті көлеңкелерсіз, бронх қабырғасының тығыздалуы және деформациясы байқалады. Бронхоскопияда сол жақ диффузды эндобронхит бірінші сатысы шырышты атрофиялық өзгерістер байқалады, сегментті бронхтардың деформациялануына негізделген.
Созылмалы: науқас өзінің өмір анамнезінде 2015 жылдың желтоқсан айынан бері ауыратынын айтады. Жұмыс істеу барысында ентігу байқалған.
Бронхолитикалық тип: бронх қабырғасының тығыздалуы және деформациясы байқалады. Бронхоскопияда сегментті бронхтардың деформациялануына негізделген.
Өршу сатысы: жөтелдің интенсивтілігінің күшеюі мен физикалық жуктемеге бейімділіктің төмендеуіне негізделген.
В категориясы: өршу саны жылына бір рет қана 2016 жылдың тамыз айында байқалған. САТ-19, mMRC 2 болуына негізделген.
Тыныс жеткіліксіздігі II: ентігу орташа физикалық жүктеме түсіргенде және үшінші қабатқа көтерілгенде байқалады.
Тамекі шегуші индексі: 36 – 36 жылдан бері темекі шегеді, күніне 20 данадан.
Ем тактикасы
Емнің мақсаты
– симптомдардың айқындылығын азайту;
– асқынулардың дамуын болдырмау;
– өкпенің оптималды функциясын ұстап тұру;
– күнделікті белсенділікті, өмір сапасы мен өмір сүруді арттыру.
Дəрі дəрмексіз ем: бірінші кезекте жəне ең əрекетті əдіс болып темекі тартуды тоқтату табылады. Темекі шегу зияны туралы кез келген консультация тиімді жəне əр қабылдауда жүргізілу қажет.
Режим II, Диета 10
Дəрі дəрмектік ем:
Бронхолитиктер
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
- *Ипратропия бромид аэрозоль 100 доза, ипратропия бромид 21 мкг.
- *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; таблетка 2 мг, 4 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.
- *Теофиллин таблетка 200 мг, 300 мг таблетка ретард 350 мг.
- *Фенотерол аэрозоль 200 доза.
- *Салметерол ингаляция үшін аэрозоль 250 мкг/доза.
- **Амброксол сироп 15 мг/5 мл; 30мг/5 мл; ерітінді 7,5 мг/мл.
- **Амоксициллин пероралдық суспензия 250 мг/5 мл.
- ** Амоксициллин+клавулондықышқылтабл, оныңқабықшасын жабу 500 мг/125 мг 875 мг/125 мг.
- **Парацетамол 2,4% шишадағы сироп; суспензия; суппозиторилер 80 мг.
- *Азитромицин 500 мг.
- Итраконазол 150 мл – 10 мг\мл ауызбенішугеарналғанерітінді.
- *Метронидазол 250 мг, табл.
- *Ипратропия бромид 21 мкг+фенотеролгидробромиді 50 мкг.
Қосымшадəрі-дəрмектертізімі:
- *Аминофиллин инъекция үшінерітінді 2,4% ампулада 5 мл, 10 мл.
- *Бекламетазон аэрозоль 200 доза.
- *Флютиказон аэрозоль 120 доза.
- *Кларитромицин 500 мг, табл.
- *Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.
Антибактериялды терапия
- Азитромицин ішке 0,5г 1рет/тәул. – 1-ші тәулікте, ары қарай 0,25г 1рет/тәул. – 4 тәулік бойы
- Амоксициллин ішке 0,5г 3рет/тәул. – 7-10 тәулік
- Спирамицин ішке 3млн. 2рет/тәул. – 3-5 тәулік.
- Рокситромицин ішке 0,15г 2рет/тәул. – 7-10 тәулік.
Қақырық түсіруші заттар есебінде рефлекторлық əсердегі препараттарды пайдалануға болады: термопсис , бромгексин; немесе муколитиктер жəне мукорегуляторлар – амброксол, ацетилцистеин, карбоцистеин, олар мукополисахаридтерді бұзады жəне қақырық сиалумуциндерінің синтезін бұзады.
- Амброксол ішке 30мг 3рет/тәул. 2 тәулік бойы, ары қарай 30мг 2рет/тәул. – 7-10 тәулік
- Ацетилцистеин ішке 200мг 3-4рет/тәул. – 7-10 тәулік
- Карбоцистеин ішке 750мг 3рет/тәул. – 7-10 тәулік
- Бромгексин ішке 8-16мг 3рет/тәул. – 7-10 тәулік, бұлшық етке 16 мг 2-3 рет/тәул. – 7-10 тәулік.
Гипертермия кезінде парацетамол тағайындалады. Бактериологиялық зерттеудің нəтижесі бойынша, клиникалық тиімділік жəне шығарылған микрофлораға байланысты емге түзетулер енгізіледі (цефалоспориндер, фторхинолондар жəне басқалар).
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- Обструктивті синдромын басу.
- Денетемпературасынқалыпқакелтіру.
- Жөтелдіңжоғалуы.
Күнделік
Күні | Жалпы жағдайы | |
02.09.2016 жыл
| Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта , интоксикация синдромына байланысты (қызу, әлсіздік, шаршағыштық) . Тыныстың тарылуына, ентігуге, жасыл түсті қақырық бөлінуге, көбіне кешкі уақытта, ылғалды жөтелге шағымданған, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ентігу орташа физикалық күштеме кезінде байқалады. Қақырықты жөтел жиі байқалады. Қақырық көп мөлшерде. Пальпацияда дауыс дірілі күшейген. Аускультацияда: тынысы везикулярлы дыбыс әлсіреген, демшығару кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Дене қызуы 37,9ºC, АҚ – 135/80, ТАЖ – 23 рет минутына, ЖЖЖ – 85 рет минутына.
| Rp: aerosolum “Salmeterolum” № 1 D.S. ингаляционды түрде бір екі рет.
Rp: Azitromicini 0,5 D.t.d№ 1 in tab S бір таблеткадан күніне бір рет, ішке.
Rp: Bromgeccini 16,0 D.t.d. № 30 in tab S бір таблеткадан күніне 3 рет, ішке
Rp: Paracetamol 0,5 D.t.d. № 1 in tab S дене қызуы көтерілгенде |
10.09.2016 жыл
| Науқастың жалпы жағдайы асқынусыз. Тыныстың тарылуына, ентігуге, жасыл түсті қақырық бөлінуге, көбіне кешкі уақытта, ылғалды жөтелге шағымданған, жалпы әлсіздікке шағымданады. Үшінші қабатқа көтерілгенде ентігу байқалады. Қақырықты жөтел азаймаған. Қақырық аз өлшерде. Пальпацияда дауыс дірілі күшейген. Аускультацияда: тынысы везикулярлы, демшығару кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Дене қызуы 37,6ºC, АҚ – 130/85, ТАЖ – 23 рет минутына, ЖЖЖ – 85 рет минутына.
| Rp: aerosolum “Salmeterolum” № 1 D.S. ингаляционды түрде бір екі рет.
Rp: Azitromicini 0,25 D.t.d № 1 in tab S бір таблеткадан күніне бір рет ішке.
Rp: Bromgeccini 16,0 D.t.d. № 30 in tab S бір таблеткадан күніне 3 рет, ішке
Rp: Paracetamol 0,5 D.t.d. № 1 in tab S дене қызуы көтерілгенде |
18.09.2016 жыл
| Науқастың жалпы жағдайы асқынусыз. Үшінші қабатқа көтерілгенде ентігү байқалады. Қақырықты жөтел сиректей түскен. Қақырық аз мөлшерде. Пальпацияда дауыс дірілі күшейген. Аускультацияда: тынысы везикулярлы,демшығару кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Дене қызуы 37,0ºC, АҚ – 130/80, ТАЖ – 21 рет минутына, ЖЖЖ – 86 рет минутына.
| Rp: aerosolum “Salmeterolum” № 1 D.S. ингаляционды түрде бір екі рет.
Rp: Amoxicilinш 0,5 D.t.d № 1 in tab S бір таблеткадан күніне үш рет, ішке.
Rp: Bromgeccini 16,0 D.t.d. № 30 in tab S бір таблеткадан күніне 3 рет, ішке
|
Эпикриз
Паспорттық бөлім А.Ж.Т: _______________________
Тұылған күні: 11 сәуір 1960ж.
Тұрақты мекен жайы: Қарағанды облысы, _________________
Түскен күні: 02.09.2016ж.
Жұмыс орны: жұмыссыз, отыншы болып жұмыс істеген
Келіп түскендегі диагнозы: созылмалы обструктивті өкпе ауруы
Шағымдары : Түскен кезде тыныстың тарылуына, ентігуге, жасыл түсті қақырық бөлінуге көбіне кешкі уақытта, ылғалды жөтелге шағымданған, жалпы әлсіздікке
Ауру анамнезі: Отыз алты жылдар бері күніне екі қорапқа дейін темекі шегеді. Өзін 2015 жылдың желтоқсан айынан бері науқаспын деп есептейді. Себебі жумыс барысында алғаш рет тынысының тарылғанын байқаған. 2015 жылдың тамыз айының ортасында күшейгенін байқаган. Амбулаторлы емделген цефазолин екіреттен бес күн, эуфиллин бес күн. Басқа ешқандай аурумен ауырмаған. Бұқаржырау орталық аудандық ауруханадан жолдама бойынша келген.
Өмір анамнезі: Денесі жасына сай дамыган, 1960 жылы 11 сәуірде дүниеге келген. Он бір баланың төртіншісі. Үйленген, үш бала-шағасы бар. Әскерде болған. Интернатта оқып жүргенде сол жақ аяғы, үлкен жіліншік сынған. Туберкулезбен ауыратын науқастарман қатынаста болғанын жоққа шығарады. Спирттік ішімдіктерге әуестігі жоқ, 36 жылдан бері темекі шегеді, күніне бір қорап. Ештеңеге аллергиялық белгілер байқалмаған. Ата-анасы бұл сырқатпен ауырмаған. Отыншы болып жұмыс істеген.
Қазіргі жағдайы ( status praesens)
Жалпы қарау: Жағдайы орташа ауырлықта, төсектегі жағдайы белсенді. Есі дұрыс. Бойы 164 см., салмағы 80 кг. Терісі –серпімді, құрғақ, дене қызуы қалыпты. Терасты шелмайы: білекте қалыпты 3см. Кіндік маңында 10 см. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Тірек қимыл: нормостеник, бұлшық еті жақсы дамыған. Сүйектерінде ауырсыну байқалмайды, буындарында ауырсыну жоқ
Тыныс алу жүйесі: Қарау кезінде мұрын пішіні өзгермеген, мұрынмен еркін тыныс алады. Мұрынның шырышты қабығы қалыпты. Кеңірдек : кеңірдек тұсында ісіктер мен деформацияның белгілері жоқ. Дауысы қырылдап шығады. Кеуде торы: кеуде клеткасы симметриялы, қалыпты, эпигастралді аймақ 90 градус шамасында. Кеуде клеткасының айнала өлшемі 110 см. Тыныс алу түрі қалыпты, тыныс алуы симметриялы. Тыныс алу минутына 23 рет. Пальпация. Пальпация кезінде ауырсыну білінбейді, кеуде торының эластикалығы қалыпты, тығыздалуына байланысты дыбыстық діріл оң жақта әлсіреген. Перкуссия. Салыстырмалы перкуссиядан, екі жақты симметриялы қорапша тәрізді дыбыс естиледі.Аускультация. Кеуде торын салыстырмлы тыңдағанда өкпенің екі бөлігінде де везикулярлы дыбыс әлсіреген. Өкпенің барлық бөліктерінде ылғалды сырыл естіледі. Әлсіз ысқырықты дыбыс байқалады.
Жүрек-қан тамыр жүйесі: Жалпы қарау: жүрек аймағында және мойындырықтық тілікте пульсация байқалмайды, веналық пульс оң, Мюсси симптомы теріс. Пальпация. Жүрек ұшы түрткісі солжақ бұғана сызығымен 1,5 см ішке қарай орналасқан; күші орташа, шектелген. Систолалық және диастолалық діріл байқалмайды. құрсақтық аортаның есебінен, эпигастралді пульсация пальпацияланады. Перкуссия. Салыстырмалы жүрек шекарасы:
Оң жақ-төстің оң жақ қырымен 4 қабырғааралық; Аускультация. Жүректі тыңдау кезінде патологиялық шуылдар жоқ, ритмі ырғақты, бірінші және екінші тондар анық естіледі.
Ас қорыту жүйесі: Қарау. Тілі –ылғалды, тілінде ақ жамылғымен жабылған. Іші симметриялы, тыныс алуға қатысады. Тері асты веналары кеңеймеген. Жарық, стрилер жоқ. Аускультация. Ішек шуылдары естілмейді.Перкуссия. іштің барлық аймақтарында тимпаникалық дыбыстар естіледі. Пальпация. Беткей пальпация: қарын жұмсақ, бұлшықеттердің ауырсынуы байқалмайды, ақ сызықтың және кіндіктің маңында жарық белгілері жоқ, ак сызық бойында жарықтар жоқ. Шеткин-Блюмберг симптомы терис. Жиек ішектері мен сигма тәрізді эластикалық және ауырсынусыз.
Зәр шығару жүйесі: Қарау. Теріде бүйрек аймағы өзгеріссіз, зәр шығаруы қалыпты, ауырсынусыз. Перкуссия. Екі жагынанда Пастернацский бойынша симптом теріс. Пальпация. Бүйрек пальпацияланбайды. Басу кезінде ауырсыну жоқ.
Эндокринді жүйе: Қалқанша бездің улғаюы байқалмайды. Пальпациялағанда жұмсақ ауырсынусыз.
Жүйке жүйесі: Ақыл есі жасына сәйкес. Ұйқысы қалыпты.Көру мүшесі: көз алмасының қозғалысы қалыпты, көз қарашығы реакциясы қалыпты. Есту және весибулярла аппарат: қыметтері бұзылмаған.Мимикалық бұлшықеттер қалыпты дамыған. Сөйлеуде бұзылыстар жоқ. Жүрісі қалыпты
Лабараториялық зерттеу нәтижелері
Жалпы қан анализі:
Қорытынды: Лейкоцитоз, Тромбоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
Қанның биохимиялық анализі:Қорытынды: гипергликемия, гиперхолестеринемия, АлаТ, АсаТ жоғарылаған, С-реактивті белок жоғарылаған.
Жалпы зәр анализі: тығыздығы жоғарылаған, глюкозурия
Қақырық анализі: түсі- жасыл, сипаты –шырышты-іріңді ,қоспалар –шырыш ,консистенциясы –вязная
Микроскопиялық зерттеу 02.09.16 ж.: алвеолармы макрофагтар –бірен –саран көру аймағында, лейкоциттер – 19-30 көру аймағында, нейтрофилдер- 87, эозинофилдер- 2, лимфоциттер-11 , саңырауқұлақтар-ашытқы саң.Басқа флоралар – кокк таяқшалары
Аспаптық зерттеу нәтижелері
Спирометрия.ӨТС-64% ЖДШК1-63% ТС-99% МКЖ25-52% МКЖ50-36% МКЖ75-41%
Бронхоскопия 07.09.16 ж.Қорытынды:сол жақ диффузды іріңді эндобронхит 1 сатысы, шырыштың атрофиялық өзгерістерімен. Сегментті бронхтардың деформациясы.
Кеуде торының рентгенограммасы: 01.09.16 ж.Қорытынды: рентген суреті ошақты инфилтративті көлеңкелерсіз.
Ем тактикасы
Емнің мақсаты
симптомдардың айқындылығын азайту;
асқынулардың дамуын болдырмау;
өкпенің оптималды функциясын ұстап тұру;
күнделікті белсенділікті, өмір сапасы мен өмір сүруді арттыру.
Дəрі дəрмексіз ем: бірінші кезекте жəне ең əрекетті əдіс болып темекі тартуды тоқтату табылады. Темекі шегу зияны туралы кез келген консультация тиімді жəне əр қабылдауда жүргізілу қажет.
Режим II, Диета 10
Дəрі дəрмектік ем:
Бронхолитиктер
- Фенотерол аэрозоль 200 доза.
- Салметерол ингаляция үшін аэрозоль 250 мкг/доза.
Антибактериялды терапия
- Азитромицин ішке 0,5г 1рет/тәул. – 1-ші тәулікте, ары қарай 0,25г 1рет/тәул. – 4 тәулік бойы
- Амоксициллин ішке 0,5г 3рет/тәул. – 7-10 тәулік
Қақырық түсіруші заттар
- Амброксол ішке 30мг 3рет/тәул. 2 тәулік бойы, ары қарай 30мг 2рет/тәул. – 7-10 тәулік
- Ацетилцистеин ішке 200мг 3-4рет/тәул. – 7-10 тәулік
Дәрігерлік ұсыныстар:
- темекі тартумен күрес
- жылына 4 рет диспансерлік бақылаудан өту;
- жылына 2 рет зертханалық және диагностикалық бақылау: ЖҚА, ЖЗА,
- жылына бір рет 1 – кеуде флюорографияға түсу және ;
- жылына бір рет қақырықты микроскопиялық тексеру,
- жылына 1 рет қақырықтағы бактериялардың антибиотикке сезімталдығын анықтау;
- жылына 1 рет оксиметрия,
- жылына 1 рет спирометрия,
- бронхоскопии,
- КT сканерлеу – көрсеткіш бойынша.
Негізгі емдік шаралар:
Сонымен қатар:
- Салауатты өмір салты;
- қауіп факторлаын коррекциялау;
- психопрофилактика;
- негізгі және қосымша аурулаpы бойынша терапия жүргізу.
Пайдаланылған әдебиеттер
- В.С. Моисеев, Н.А. Мухин, Ф.И. Мартынов «Ішкі аурулар», Мәскеу 2015ж, 563-592
- Прфессор Р.С. Досмагамбетова «Ішкі аурулар» пульмонология модулі, Мәскеу 2016ж , 64-81 беттер
- Б. Калимурзина «Ішкі аурулар» I том Алматы 2005ж
- Б.Н. Айтбембет «Ішкі аурулар пропедевтикасы» Алматы 2009ж, 338-369 беттер.