Балаларға кеңірдек интубациясын жасау алгоритімі
Қажетті құрал – жабдықтар: эндотрахеальды түтікшелер: жаңа туған нәрестелерге №00, 6 айлық сәбилерге №0, 1 жаста №1, 2 жаста №2, 3 жаста №3; 3 – 5 жаста №4, 5 – 9 жаста №6 өлшемде сыртқы dm көлемі жаңа туған нәрестелерде 4,3 – 5,0 мм; 6 айлық 5,3 – 5,6 мм; 1жас 6,0 – 6,3 мм; 2 жас 6,6 – 7,0 мм; 3 жас 7,3 – 7,6 мм; 3 – 5 жас 8,0 – 8,3 мм; 5 – 9 жас 9,3 – 9,6 мм. Эндотрахеальды түтіктің ұзындығы ауыз бұрышынан құлаққа дейінгі 1.5 қашықтыққа тең болуы тиіс. Ларингоскоп, электрлік батареялы бар сабы және шам орналасқан жүзден тұрады. Жүзі тура немесе иілген пішінді болады. Балаларда жиі тура жүзді ларингоскоп қолданылады.
- Ларингоскоптың жарамдығын тексеру: батарейкаларын, шамының қосылуын.
- Науқас горизонтальды күйінде жатқызылады.
- Басы артқа қарай шалқайтылады – атлантоокципитальды байлам максимальды жазылады.
- Оң қол саусақтарын ерінін ашып астыңғы жағын алдыға қозғайды, ларингоскоп сол қолда болады.
- Ларингоскоптың шамын жағып, ауыз қуысына енгізіледі: алдымен тілді жоғары және содан кейін солға ығыстырады.
- Жүздің соңы ауыз – жұтқыншақ түбіріне келіп тіреледі, сол кезде көру аймағында өңешке ену аумағы сопақша пішінді байқалады, бұл кезде жүзді аздап өзіне қарай, тартады, осы сәтте кеңірдек үсті қою – қызғылт жапырақ пішінді болып көрінеді. Кеңірдек үстіне жоғары басқанда дауыс байламы ашылады.
- Дауыс байламы көріне салысымен оң қолға эндотрахеальды түтікшені алып, 1,5 – 2см тереңдікке енгізеді. Дауыс байламы үнемі көру аймағында болу үшін көмекші кеңірдек қабырғасын ақырын саусақпен басады. Түтікшені жүзіне аздап қырындатып енгізеді.
- Эндотрахеальды түтікшенің кеңірдекте тұрғанын, өкпені тыңдау арқылы тексереді.
- Орнын анықтаған соң, түтікше бекітіліп, адаптерге қосылады.
Ескерту: Кеңірдек интубациясын жүргізудің барлық кезеңінде оттегін ағынмен жіберу арқылы оксигенация жүргізіп отырады.