Стоматологиядағы протездер

Биокерамикадан протездер дайындау

Керамикалық материалдар халық шаруашылығын әр саласында кеңінен қолданылады. Олардың көпшілігнің механикалық мықтылығы жоғары, тозуға төзімділік және химиялық тұрақтылық сияқты қасиеттері бар.

Керамикалық материалдардың іішінде стоматологияда қолданылатыны фарфор мен соңы жылдарда ұсынылған кристалды шыны. Фарфордың эсттеикалық сапа-лығының жоғарылығы және мықтылығы мен қаттлығының жеткілкті дәрежеде жоғары болуы, тіс салу мақсатында қол-дану үшін өзіне ерте кезден назар аударады. 20-ы ғасырдың басынан бастап фарфордан жасанды тіс жасаудың фабрикалық тәсілдері меңгеріілген.

Пластмассадан жасалынған тістерді қолдануға дейін, алынбалы протездерді дайындау үшін фарфор тістер кеңінен қол-данылып жүрді. Қазіргі кезде де фарфордан жасалған тістердің көптеген түрлері шығарылады. Оның негізгі себебі пласьмас-садан жасалынған тістердің физикалық, механикаылық және эстетикалық көрсеткіштерінің фарфордан жасалынған тістерден төмен болуында.

Металдардан жасалынған протездерді керамикалық массалармен әшекейлеу тәсілдері фарфор материал-дарына деген сұранысты көбейтуде. Ортопедиялық стоматологияда қолданыла бастаған кристалды шыны материалдар арнайы термиялық өңдеуден өткеннен кейін ерекше кристалдық құрлысқа ие болады да, мықтылығы мен қаттылығы жоарылайды.

Бірақ, ол иілімсіз және морт сынғыш. Осы қасиетіне байланысты бұл материалдардан жасалынатын протездер серпімділіік кернеуіі болмайтын конст-рукциялар үшін қолданылады. Керамикалық массалар жасанды тістер, жасанды қаптама, микропротез жасау үшін және металдан жасалынған протездерді әшекейлеу үшін қолданылады.

Стоматологиялық фарфор. Ортопедиялық стоматологияда қолданатын фарфор массалары дала шпатынан 60-75%, кварцтан 15-35%, каолиннен 3-10% тұрады. Фарфор массаларының қолданылуына байланысты көрсетілген кампоненттердің проценттік қатынсы өзгеруі мүмкін. Массаның құрамына бояулар қосады, ал кейбір кезедерде арнайы қасиет беру үшін басқа комплненттерді қосады.

  • Дала шпаты – фарфор массаларының негізгі компоненті. Химиялық құрамы жағынан күрделі қосылыс болып табылады.
  • Кварц – фарфордың қаттылығын жоғарылататын және керамикалық бұйымдарға химиялық тұрақтылық беретін негізгіі компоненттерінің бірі. Кварц кремнеземнің SiO бір түрі және табиғатта ең көп тараған минералдар болып есептеледі. Таза кварц ол тау хрусталі.

Металлл тотықтарымен боялған кварцтың түстері әр түрлі болып: күлгін, сары және т.б. Кварцтың балқу температурасы 1700С. Кварцтың тығыздығы 2,65 г/см, моостың көрсеткіші бойынша қаттылығы – 7. Кәдімгі жағдайда кварцтың жылулық коэффицентінің ұлғаюы өте төмен, тек қана қорғасын қышқылында еріп басқа қышқылдармен және слтілермен әрекеттеспейді.

керамикалық тістер

Металлл тотықтарымен боялған кварцтың түстері әр түрлі болып: күлгін, сары және т.б. Кварцтың балқу температурасы 1700С. Кварцтың тығыздығы 2,65 г/см, моостың көрсеткіші бойынша қаттылығы – 7. Кәдімгі жағдайда кварцтың жылулық коэффицентінің ұлғаюы өте төмен, тек қана қорғасын қышқылында еріп басқа қышқылдармен және слтілермен әрекеттеспейді.

Фарфор массаларында кварцтың болуы оның қоймалжың-дығын арттырады, ал егер оның мөлшері көп болса масса түйіршіктеніп, балқу температурасы жоғарылайды.

Каолин – ақ саз балшық. Ол стоматологиялық фарфордың құрамындағы қажетті бөлігі болып табылады. Оны 3-10% мөлшерде қосатын болса фарфор массасы бұлыңғырланады және аққыштығы төмендейді. Құрамында каолиннің көбеюі фарфор массасының күйдіру температурасын жоғарылатады.

Ақ саз балшық – бұл дала шпатынан тұратын ұзақ уақыт бойы тау жанастарының судың, желдің, күннің температурасының әсерінен ыдыраудан болатын зат. Табиғаттағы ақ саз балшықтың құрамында металл тотықтары, қос тотықты кремний, жерсазы және басқа каолинге әр түрлі түс беретін заттар болады.

Каолин өндірістің көптеген салаларында қолданылады: отқа төзімді бұйымдарды дайындағанда, қағаз өндірісінде, фарфюмерлк заттар шығару үшін және т.б.

Штифті тістер – штифтің көмегімен түбір өзегінде бекітіліп, табиғи тістің сауытты бөлігін қалпына келтіретін алынбайтын протездің бір түрі. Ол сауытты қаптамадан бөліктен түбір қорғаныс пластинкамен штифтен тұрады. Сауытты бөлігі табиғи тістің едәір бұзылған немесе жоқ болған кезінде анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіреді.

Л. В. Ильина – Маркосян жіктелуі бойынша штифті тістер 3 топқа бөлінеді.

Штифті тістредің сауытты бөлігі немесе түбір үстілік қалқаны түбірге кигізіліп (жанасып) тұрады.

Түбірдің шығыңқы бөлігі қалпақшамен жабылады. Штифті тістің бекітуші бөлігі түбірдің шығыңқы бөлігіне ғана емес, түбір өзегінің қабырғаларына да вкладка арқылы кіріп тұрады.

Е. И. Гаврилов стандартты штифті тістердің тістреді жеке топқа бөлуді ұсынады. Түбір қорғаныс пластинасының конструкциясында байланысты В.Н. Копейкин штифті тістердің сақиналы және тұтас құйылған деп бөлуді ұсынады. Ол штифті тістерді культті қаптама және Логанның қаптамасына жатқызады. Дайындалу әдісіне байланыты – штитфі тістер құйылған және дәнекерленген; материалына байланысты – металлддан пластмассалы, фарфорлы және беттелген.

Штифті тістер кигізілетін түбірге қойылатын талаптар:

  • Түбір ұшы маңында созылмалы қабыну ошағы болмай, түбір өзегі түбір ұшына дейін цементпен керек.
  • Түбір тұқылы қызыл иек деңгейінде немесе одан сәл шығыңқы болуы керек.
  • Түбір өзегінің қабырғалары қалың, кариеспен зақымдалмаған болуы керек.
  • Түбірдің ұзындығы сауыт ұзындығының 2: 1 қатынасындай болуы керек.

Штифті тістерге қойылатын талап:

  • Түбірді қоршаған тіндерді зақымдамауы керек;
  • Түбір өзегіндегі цемент еріп, сарылып кетпеуі үшін түбірге нығыз отыруы керек;
  • Штифтің көмегімен түбір өзегінде жақсы бекітілуі керек;
  • Эстетикалық талғамға сай болуы керек;
  • Құйылған культті штифті толтырғыштар.

Тіс сауытты толығымен зақымдалып, жоғалған кезде, қаптама, штифті тіс және толтырғыштарды пайдалану мүмкін болмаған уақытта құйылған штифті толтырғыштардың көмегімен протездеуге болады.

Ол тұтас құйылған штифтен, толтырғыштан және культті сауытан тұрады. Сауыт фарфорлы, пластмассалы және құрасты құйылған болады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!