Тіс жұлу операциясы

ТІС ЖҰЛУ ОПЕРАЦИЯСЫ

Қазіргі уақытта ең жиі жүргізілетін операция ол тіс жұлу.

Жалпы тіс жұлу ауыр операция болып есептеледі, себебі, тіс өз ұясынан күштеп жұлынып алынады. Тіс жұлынған кезде дөңгелек сіңір, периодонт, сүйек қабығы қан тамырлары мен нерв талшықтары үзіледі, тіс ұясы да жараланады, оған ауыздағы заттар түседі. Ауыз қуысының адам организмдегі микробқа ең бай жері екендігін, оны стерилді ету мүмкін еместігін еске алсақ, онда тіс ұясындағы жарақатқа инфекцияның енуі түрлі қабыну процестеріне жол ашу қаупін арттыра түседі.

Тіс жұлу кезіндегі науқастың уайым-қайғысын (тыныс алу мен тамыр соғуының жиілеуі, қан қысымының көтерілуі, кейбір ағзалар қызметінің бұзылуы) жаңағы аталған жарақатқа қоса есептесе жергілікті немесе жалпы асқынуға себептің жеткілікті екендігін анық түсінуге болады.

Тіс жұлу операциясы көне замандардан белгілі (Эскулаптан). Ол туралы алғашқы жазба мағлұматтар Гипократқа тиесілі (Р. Бауме, 1899).

Алғашқы қорғасын қысқыштардың үлгісі Дельфит храмында сақталуы. Темірден жасалған қысқыштар жайлы Аристотель жазып қалдырған.

Тістердің анатомиялық ерекшеліктері есепке алынбаған көне дәуірде тіс жұлу күрделі операция болып саналған. 1826 ж. Гаррис Фай тістердің анатомиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып қысқыштар үлгісін ұсынған, ол сол үшін күміс медальдің иегері болды. Кейінірек 1841 ж. Джон Томас анатомиялық қысқыштар жасады, олар көп өзгеріссіз күні бүгінге дейін қолданылуда.

ТІС ЖҰЛУ ОПЕРАЦИЯСЫН ЖАСАУҒА БОЛАТЫН ЖӘНЕ БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР

Тіс жұлу операциясы белгілі бір қажеттіліктерімен шектелген. Терапевтикалық стоматологияның дамып емнің жаңа түрлерін қолдануы периодонттағы патологиялық процестерді тоқтатуға жол ашты. Ертеректе санация кезінде жұлып тастайтын түбірлер мен бұзылған тістер, алып-салмалы протездерді ұстату үшін пайдаланылатын болады. Гемисекция, реплантация, түбір ұшының резекциясы тістерді сақтап қалуға жағадй жасады. Тіс жұлынған соң тек сол тістің ғана емес, оған көрші, қарсы орналасқан тістердің (конвергенция, дивергенция, орнынан өсіп шығуы) айналасында да көп өзгерістер болады. Бұл шайнау жүйесіндегі өзгеріске әкеледі. Бірнеше тістің жұлынуы сөздің, сырт пішіннің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Сөйте тұра тісті жұлмай қалдырған кезде одан пайда болатын өзгерістерді ескеріп (организмнің сенсибилизациясы, күшінің азаюын, нерв талшықтарының тітіркенуін, кілегей қабықтың жаралануы мен инфекцияның тарауын), тісті жұлу алдында операцияға тиісті қажеттіліктерді анықтап алған жөн.

ТІС ЖҰЛУ ОПЕРАЦИЯСЫН ЖАСАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР

Қажеттіліктер толық (абсолютное п) және жартылай (относительное п.) Танфильев Д.Е. 1966) жалпы және жергілікті (Бернадский Ю.И.., 1970), жедел (срочное п.) және жоспарлы (плановое п.,), (Заусаев В.И., 1981) болып жіктеледі.

Жедел және толық қажеттілікке жедел ағымды одонтогендік инфекция (остеомиелит, абсцесс, флегмона, периостит) жатады. Қабыну процесі басталуынан көп кешікпей ауру тіс жұлынса, онда инфекцияның әрі қарай тарауы тоқтатылып, тезірек оң нәтижеге қол жетеді. Қабыну процессі ұлғайып кетсе, тіс жұлу операциясы жеткіліксіз деп табылады. Қосымша көшпелі қатпар, басқа да жақ айналасындағы жұмсақ тіндерді тіліп, жалпы ем жүргізу қажет.

Консервативті ем нәтижесіз болса, қабыну процессі асқынып кетсе, одонтогенді хрониосепсис кезінде ауру тіс шұғыл түрде жұлынады.

Жоспарлы қажеттіліктер мыналар:

  • Сауыты түгел бұзылып, түбірі протез салуға пайдалануға жарамай қалған тіс;
  • Түбірі қисық, өзегі бітеу болып, реплантация мен түбір ұшының резекциясын жасауға, емдеп жазуға болмайтын тіс;
  • Гаймор қуысындағы қабынуға себепкер тіс;
  • Ішкі ағзалардың ауруына себепкер тіс;
  • Пародонтоздың 3 дәрежесінде босап қалған тіс;
  • Ортодонтикалық ем кезінде басқа тіске орын босату үшін;
  • Антогенисін ерте жоғалтып, орнынан мейлінше шығып кеткен (Попов-Годон фонемені), протезге пайдалануға жарамсыз күйге жеткен конвергенция, алынатын протездің орнықты тұруына кедергі жасайтын соңғы тіс;
  • Жақ сүйегі сынғанда сынық сызығында қалып инфекцияны әрі қарай тарататын, сынықтардың кедергі жасайтын, сынған, мейлінше босаған тіс;
  • Сауытын жонса да тіл, ерін қанат-жақ қатпарын жаралайтын тіс;
  • Ортодонтиялық емге келмейтін, тіс доғасынан тыс (жоғарғы сүйір тістер) тіс (косметикалық пайымдау негізінде жұлады);
  • Ретенцияға, дистопияға ұшыраған қиыншылықпен шығатын (ақыл тістер) тіс;
  • Альвеола өсіндісіндегі киста мен ісікті радикалды операция жасап алып тастағанда  жыланкөздің шығуына кінәлі тіс.
  • Сүт тістерді жұлу қажеттілігі балалар стоматологиясында айтылады.
  • Жоспарлы жағдайда жұлуды (жартылай қажеттілік) 1-2 күн кейінге қалдырғанмен науқастың денсаулығына пәлендей нұсан  келмейді.
  • Қорыта айтқанда, қажеттілік бар кезде тісті мүмкіндігінше ертерек жұлу дұрыс болып табылады.

ТІС ЖҰЛУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР (ЖАРТЫЛАЙ)

Тіс жұлуға толық қарсылық жоқ. Жартылай жұлуға болмайтын жағдайлар жалпы және жергілікті деп бөлінеді.

Жалпы жұлуға болмайтын жағдайлар:

  1. Қан аурулары (гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия, лейкемия);
  2. Жүрек-қан тамырлары аурулары (миокард инфаркты, декомпенсациялы жүрек ақауы т.б.)
  3. Жұқпалы аурулар;
  4. Нерв жүйесінің аурулары (эпилепсия, психоз т.б.)
  5. Екіқабат кезде, етеккір келгенде

Қан ауруларымен ауырған науқастың тісін жұлған соң тіс ұясынан аққан қан көпке дейін тиылмауы мүмкін. Сондықтан науқасты стационарға жатқызып гематологтың қатысуымен емдеп, содан соң тісін жұлуға болады.

Күнделікті бақылау кезінде қанның ұюы 4-5 мин-ке жеткенде (қалыпты жағдайдың жоғарғы шегі) тісті жұлуға болады. Дәрігер гематологтың емін жарақат жазылғанша жүргізу керек.

Лейкемия ауруы кезінде ауызда жара, некроз болғандығын ескеріп, тіс жұлғанда, оның айналасындағы тіндерді қорғау керек. Етеккір келгенде әйелдердің қан ұюы нашарлайды. Сондықтан егер аса қажеттілік болмаса, тісті етеккір тоқтаған соң 2-3 күннен кейін жұлуға болады.

Жүрек-қан тамырлары бұзылыстарына байланысты болмайтын жағдайлар.  Жалпы дәрігерлік дайындықтан соң тісті емханада немесе стационарда жұлуға болады.

Ауыр науқастардың тісін  жұлуға болмайтын жағдайларды А.И. Рыбаков (1962) тым артық айтылған деп есептейді. Шұғыл қажеттілік кезінде (жедел ағымды одонтогенді инфекция) асқынудың алдын алып, абайлап, тісті жұлудың еш қиындығы жоқ. Тіс жұлудың алдында терапевтпен кеңескен дұрыс.

В.З. Скоробогатьконың (1966) мәліметі бойынша, тіс жұлған соң кейбір аурулардың асқынуы мүмкін (қан қысымы көтеріліп, жалпы әлсіздік, жүрек соғуы жиілеп, төс қыры, жүрек тұсы сыздап ауырады).

З.М. Миканба (1958) жүрек-қан тамырлары ауыратын науқастарды жете зерттеп, олардың тісін жұлуға толық қарсылық жоқ деп табады.  Ол өзінің әдістемелік хатында (1963) ауруларды 3 топқа бөледі.

1 топ. Қарсылықтары жартылай, тістерін емханада жұла беруге болатын аурулар түрлері:

  • 1) жүректің органикалық ақауы;
  • 2) кардиосклероз;
  • 3) кризге ұшырамаған 1-2-3 дәрежелі гипертония; 4) қан айналымының 1-2 дәрежелі созылмалы кемшілігі; 5 ) ревматизмнің өршу фазасындағы жүректің органикалық ақауы; 6) жүрек астмасы мен стенокардия ұстамалары жоқ жүрек инфарктына үш айдан астам уақыт өтсе.

2 топ. Қарсылықтары толық аурулар түрлері; 1) жедел ағымды миокард инфарктының алғашқы күндері; 2) инфарктың асқынулары – жиі қайталайтын коллапс пен жүрек қарыншаларының жедел ағымды аневризмасы; 3) гипертониялық криздер.

3 топ. Жартылай қарсылықтары бар аурулар. Жиі стенокардия ұстамасы бар созылмалы жүрек кемшілігі бар аурулар. Жеделдету септикалық эндокардит пен жүрек қарыншасының созылмалы аневризмасы бар аурулар терапевтикалық стационарда емделіп болған соң терапевтің кеңесімен тіс жұлу мәселесі шешіледі.

Барлық жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауырған науқастарды псхика-эмоциональды, гормональды дайындықтан (премедикация, тиянақты анестезия) өткізеді. Анестетиктерге адреналин қосылмайды. Қорқу, қобалжуды болдырмайтын дәрілер беріледі. Жүрек-қан тамырларының қызметі дұрыс жүріп тұруы үшін жүрек гликозидтері, тіндегі зат алмасуын жақсартатын, антиаритмикалық дәрілер беріледі.

Жұқпалы аурулар кезінде науқас организмнің қорғаныс күштері әлсірейді, соны ескеріп, тиісті қажеттілік болмаса тіс жұлуға болмайды. Жартылай қарсылықтарға нерв жүйесінің аурулары жатады (истерия, эпилепсия, психхозда т.б.). маман дәрігермен кеңесіп, кішігірім дайындықтан соң олардың тістерін жұлуға болады.

Екіқабат әйелдердің емдеуге болмайтын тістерін санация кезінде жұлу қажет. Әйтпесе, тісті жұлудан бұрын акушер-гинекологпен кеңесіп алу керек. Екіқабат әйел сырқат болса тіс жұлу кезінде бала тастап қою қаупі бар. Санация жасауға ең қолайлы мезгіл үшінші айдан сегізінше айға дейінгі аралық. Себебі, 1-2 ай ішінде лоқсу, сілекей шұбыру, тағы сол сияқты ыңғайсыз жайлар мазаласа, 8-9 айларда әйелдің  дәрігерге қатынап, тістерін емдетуі де біраз қиыншылық тудырады.

Жаралы-некроз стоматиті мен гингивит тіс жұлуға жергілікті жартылай қарсылық болып саналады. Жалпы алғанда ауызда жара пайда болуы кілегей қабықтың иммунитетінің төмендеп микрофлораның күшеюінің дәлелі. Сондықтан, шұғыл қажеттілік болмаса тіс жұлуды жара беті қабыршықтанып жазыла бастаған кезге дейін қалдыра тұрған жөн. Төменгі жақтың аздап қозғалған соңғы тісін жұлуды кейінге қалдыра тұру, оны аз уақыт болсада алынбалы протездің қалыптасуына септігін тигізетін мүмкіндігіне байланысты.

Қатерлі ісік аумағындағы тісті жұлудың қажеті жоқ, ол ісікті операция жасап алған кезде бірге кетеді. Олай етпегенде, тіс жұлу, ісіктің тез-өсуіне, жайылынуына әкеліп соқтырады.

Қорыта айтқанда, атап өткен аурулар мен жедел ағымды сәуле ауруы, бүйректің жұқпалы ауруы т.б. тіс жұлуға жартылай қарсылық болып саналады. Толық қажеттілік (жедел ағымды қабыну процессі) болмаса, стоматолог тиісті мамандармен ақылдасып, науқасты дайындап болған соң барып тіс жұлады. Науқастың халі – жағдайы қиын болса, бұл жұмыстардың бәрі стационарда жасалады. Асқынып кетудің алдын алу үшін лекоз, агранулацитоз, сәуле ауруы, септикалық эндокардит, ревматизм, нефрит ауруларына антибактериалды терапия жүргізу қажет.

Науқас тарихына байланысты мәліметтер, тіс жұлу операциясы қысқа да дәл түрде құжаттарда жазылып отырылуы шарт.

Тіс жұлу әдістері

Тіс жұлу операциясы қызыл иек пен периодонтит тіндерін және тіс ұясынан тісті немесе түбірді тіс ұясынан зорлап шығарып алу қимылдарынан тұрады.

Тіс түбірлері алшақ  орналасқан болса тіс ұясы күштеп кеңейтіледі. Тістерді аранйы қысқыштар мен элеваторлар арқылы жұлады.

Кейбір кездерде тіс жұлуға бормашина, қашау, балға қолданылады. Бұл аспаптармен тісті жұлуға кедергі жасайтын сүйек алынып тасталады. Әрине, бұл операциялар науқастарға біршама қиындықтар туғызады.

Тісті жұлудан бұрын анатомиялық ерекшеліктерді ескерген жөн. Мысалы: түбірдің саны, түрі, үлкендігі, қисаюы, түбірлер далдасы, ұя қабырғасының қалыңдығы, гаймор қуысының жақындығы, төменгі жақ өзегінің жақындығы, иннервациялану т.б. Бұл керекті мәліметтер анатомиядан белгілі.

Тісті жұлудың қиындығы алдын ала белгілі болса (төменгі ақыл тістерді жұлу) рентген жасау қажет.

Жұлынантын түбірден басқа тістерге қарап та бірталай мәлімет алуға болады. Мысалы: жалпақ және төмен тіс сауыты оның түбірлерінің алшақ орналасқанының дәлелі. Тіс жұларда науқастың жалпы жағдайын есепке алып, дәрілеп анестезия жасап психологиялық дайындықтан өткізу керек.

Науқасқа тіс жұлу кезіндегі кейбір жайлар туралы біршама  түсінік берсе, ол тіс жұлған кездегі ыңғайсыз жағдайларға онша назар аудармайды.

Тіс жұлу кезіндегі науқас пен дәрігердің орналасуы. Үстіңгі тістерді жұлғанда науқас биік креслода басын шалқайтып отырады. Жұлынатын тіс дәрігердің иығы деңгейінде болу керек. Сол жақтың тістерін жұлғанда науқастың басы дәрігерге қарай, ал оң жақтың тістерін жұлғанда әрі қарай құрылады.

Төменгі жақтың тістерін жұлғанда креслоны шынтақ деңгейіне дейін төмендетеді. Науқастың басы тік орналасады. Төменгі күрек, сол сол жақ кіші, үлкен азу тістерін жұлғанда ол сол қолымен науқастың басын құша оң жағында немесе арт жағында тұрады. Тіс жұлу қиын болатын болса науқасты жатқызады.

Операция алаңын дайындау. Ауыз қуысын асептикалық жағдайға келтіру мүмкін емес. Әлсіз антисептиктер микрофлораны жоя алмайды, ал күштілері кілегей қабықты жаралайды. Сондықтан ауыз қуысын дайындауды  тамақ қалдықтарын тазалап, оның микрофлорасын азайту деп түсінуге болады. Ол үшін ауызды калийдің марганец қышқылы, хлорамин,фурацилин, ас содасы т.б. әлсіз ерітінділермен шаю керек. Жұлынған тістің ұясына түсіп кетпес үшін жақын тұрған тістерді тастардан калий перманганаты, сутегі тотығымен малынған тампонмен тазарту керек.

Ине шаншитын нүкте мен жұлынатын тіс аумағын йодтың 1-2 % спирті ерітіндісімен өңдеу керек.

Тіс жұлу аспаптары.  Негізгі тіс жұлу аспаптары анатомиялық қысқыштар, элеваторлар. Қысқыштар ұш бөліктен тұрады: 1) Жақтары – тістердің анатомиялық құрылысын есепке алып ішін ойық етіп бедерлеп жасалған. Тіс сауытын, немесе түбірдің қалған бөлігін қоса ұстайды. 2) Саптары – дәрігер ұстайтын бөлігі. 3) Құлыбы – қысқаштың екі бөлігін бір-бірімен бекітеді

Тұрақты тістер мен сүт тістерді жұлатын қысқаштар тобы бөлек болады. Олардың басқа үстіңгі, төменгі жақ тістерін, сауыты сақталған тістер мен түбірлерді жұлатын қысқаштар да бір-бірінен өзгеше. Белгілі бір тістерді жұлатын арнайы қысқаштар бар.

Қысқаштарды таңдағанда төмендегідей белгілеріне назар аударады. Бұрыш белгісі – үстіңгі жақ тістерін жұлатын қысқаштардың жақтары мен саптары бір түзудің немесе параллель (паралельге жақын) түзудің бойында орналасады.

Төменгі жақ тістерін жұлатын қысқаштардың жақтары мен саптары бір-бірімен 90′ (яғни соған жақын) бұрыш түзеді. Бұлардың барлығы дерлік сапты бойлай иілген (саптары бір-бірінің үстіне орналасады), содан соң кейбіреулері (негізінен ақыл тістерді жұлу үшін) саптың қырына қарай иілген (горизонталь) саптары қатар орналасады. Саптың иілу белгісі: үстіңгі күрек, сүйір тістерді жұлу үшін тік қысқыштар, ал, кіші, үлкен азу тістерге S – тәрізді иілген қысқыштар қолданылады, олардың сабы бері орналасқанмен жақтары тісті дәл ұстайды. Үстіңгі ақыл тіске арнайы немесе байонет (штык тәрізді) қысқыштар қолданылады.

Төменгі жақ тістері қысқыштардың жақтары мен саптары 90′ бұрыш түзгендіктен, оларды құстұмсық деп те атайды. Оң мен солдың белгісі: жақтарының екеуі де бірдей қысқыштар оң, сол екендігіне қарамай қолданыла береді. Олар тік, тәрізді жақтары жұмыр, байонет, құстұмсықты қысқыштар.

Үстіңгі 6-7 – ші тістерді жұлатын қысқыштар жақтарындағы  өсінділеріне байланысты оң, сол болып бөлінеді. Өсінді тістің ұрт (вестибуляр) жағына орналасып, ұрт түбірлерінің арасына қарай бойлайды. Сондықтан ол қысқыштың сол жағына орналасса оң, ал керісінше сол жақты болып саналады.

Жақтардың түйісуі мен еніне қарай белгілері. Сауыттары сақталған тістерге жақтары түйіспейтін, түбірлерді жұлуға жақтары  түйісетін қысқыштар қолданылады. Ыңғайлырақ болуы үшін сауыт және түбір қысқыштары десек те болады.

Сауыт және түбір қысқыштары жақтарының еніне қарай жалпақ орта, жіңішке болады. Тіс сауыты немесе түбірінің жуан, жіңішкелігіне байланысты жалпақ, орта, жіңішке қысқышты таңдап алуымызға болады.

Қысқыштарды ұстау тәсілдері. Мамандар қысқыш ұстаудың  екі тәсілін ұсынады. Оны оң қолмен ұстайды.

1 тәсіл: Саптарының (бранштардың) арасына 4-5 саусақтарды кіргізіп 1 саусақтың ұшын  тірей бір сапты ұстайды. 2-3 саусақтапр екі сапты қоса ұстайды. Осы жағдайдай бір сап 1 саусақ, алақан, 2-3 саусақтардың негізгі буынымен қыса ұсталады. Екінші сапты 4-5 саусақтармен жылжытып қысқышты  ашамыз. Әрі қарай 4-5 саусақтар саптар арасынан шығып екі сапты қоса қыса ұстайды.

тәсіл: саптар арасында 2-3 саусақтар. 1 саусақ бір сапты, 4-5 саусақтар екіншісін ұстайды. 3 саусақты жақғанда қысқыш орналасқан саң саптар арасындағы саусақтар шығарылып, барлық саусақтар мен алақанға қыса ұстаймыз (10 а,б-сурет).

Қысқыштармен жұлу қимылдары. Тісті (түбірді) жұлудан бұрын қызыл иек пен дөңгелек сіңірді тістен ажыратады. Сонда қысқышты тіс-қызыл иек қалтасына бойлата жылжытуға, кілегей қабықтың жыртылмай аман қалуына мүмкіндік туады.

Тегістегіш (гладилка) аспаптың ұшын иектің астына 1-2 см-дей бойлатып сүйек қырына дейін жетіп, тіс сауытын айналдыра кіреберіс пен ауыз қуысы жағындағы иекті тістен ажыратады. Егер жұлынатын тіс жеке дара тұрған болса, онда оны шыр айналдыра қызыл иектен ажыратады.

Қызыл иекті тістен ажыратпай тұрып тіс жұлуды бастасақ, кілегей қабықтың біраз бөлігі сүйектен сылынып, жыртылып тіспен бірге жұлынады. Жарақат орны қанап, жалаңаштанып қалған сүйекке инфекция оңай еніп қабыну басталуы әбден мүмкін. Жыртылған кілегей қабықты орнына орналастырып тігіп қою керек.

Үстіңгі тістерді жұлғанда сол қолдың 2-3 саусақтарын ауыз қуысына енгізіп, бас бармақпен сыртынан төменгі жақты сыға ұстаймыз. Бұл төменгі жақтың буынын жарақаттан сақтайды. 2 саусақ ұртты ығыстырып тұрады. Төменгі оң жақтың тістерін жұлғанда сол қолдың 1-2 саусақтары ауыз қуысына орналасады.

Тісті жұлу үшін бір-бірімен ұштасып жатқан бірнеше шартты қимылдарды орындау қажет. 1) қысқышты салу; 2) қысқышты жылжыту; 3) қысқышты сыға ұстау; 4) тісті (түбірді) ырғай (немесе айналдыру); 5) тісті ұясынан жұлып шығару.

Қысқышты салу. Қысқышты тіске (түбірге) салғанда, тіс оның екі жағының арасында болуы керек. Қызыл иекті қысып қалмайтындай етіп қысқыш жақтарының бірімен тісті ішкі (тіл, таңдай), екіншісімен сыртқы (ерін, ұрт) беттерінен ұстайды. Қысқыш жақтары мен тіс бір түзудің бойында орналасуы шарт – бұл негізгі ереже. Қысқыш тіс бойына дәл салынбай қисық түссе, онда тіс сынып кетуі мүмкін. (11 сурет)

Қысқышты жылжыту. Қысқыш жақтары тісті бойлай сырғып қызыл иек астынан сүйекке барып тіреледі. Бұл кезде олар тістің мойнынан да әрі асып түбірді ұстайға ыңғайлы болады. Егер жұлынантын түбір биіктігі қызыл иекпен бірдей немесе одан төмен орналасса, онда қысқыш жақтарын әрі қарай альвеола өскінінің үстіне бойлата жылжытады. Олай етпесек тереңде қалған түбірді жұлу қиын болады. Қысқыш жақтары альвеола өскінінің үстіне түскенде сүйектің де кішкене бөлігі жаншылып түбірмен бірге жұлынады. Әдетте бұл жарақат тіс ұясының жазылуына залалын тигізбейді. Қызыл иекте эластикалық талшықтар жоқ, сондықтан, қысқыш жақтарын тереңдете жылжытқанда, қызыл иектің жиегі жыртылады. Түбір жұлынған соң қызыл иек орнына қайта келеді.

Қысқышты сыға ұстау. Қысқыш саптарының арасындағы саусақтарды шығарып, қолды саптардың ұшына таман жылжытып сыға ұстайды. Мұнда ескеретін жай: асқан ептілікпен қимылдау. Мысалы; қатты сыға ұстағанда тіс сынып, ұсатылып кетуі мүмкін. Бос ұстаса тіс сырғып шығып кетуі мүмкін. Сондықтан сыға ұстау кезінде тіс сырғып шығып кетуі мүмкін. Сондықтан сыға ұстау кезінде қол күшін мұқият сезімталдықпен реттеп отырған абзал.

Тісті ырғау. Түбір мен тіс ұясының арасындағы байланысты тісті ырғау арқылы үзеді. Тісті кіреберіс пен ауыз қуысына қарай әрлі-берлі ырғайды (люксация). Одан басқа тісті өз орнынан айналдыра (ротация) қозғап та ұясынан босатады. Ротация тек бір түбірлі тістерді немесе жеке түбірді босату үшін қолданылады. Жеке түбірге ротация жасағанда абай болған жөн. Өйткені, кейде, түбір ұшы имек болып келеді. Ротация кезінде ол сынып, қалып қоюы мүмкін. Люксация барлық тістер мен түбірлерді босату үшін қолданылады. Алғашқы ырғау тіс ұясының әлсіз тұсына қарай жасалады. Көбінесе ауыз, кіребетісіне қарай. Үстіңгі 6-шы тісті жұлғанда люксация таңдайға қарай басталады.

Төменгі жақ тістерінен 7-8 тістерді жұлғанда люксация тілге қарай басталады.

Жалпы, люксация тіс орнынан түгел босағанға дейін байыппен жасалады.

Тіс ұясынан жұлып алу. Тіс ұясынан әбден босатқан соң оны жұлқымай, жайлап суырып алады. Тісті жұлған кезде оны алғашқы люксация қимылы бағытына қарай суырамыз. Жалпы қимылдар сыртқа қарай бағытталған. Үстіңгі тістерді төмен қарай, төменгі тістерді жоғары қарай жұлады. Тісті жұлқып тартқанда қысқыш қарсы тұрған тістерге соғылатындығын ескерген жөн.

Үстіңгі күрек тістерді жұлу. Орталық күрек тістің түбірі жуан, ұшы дистал бағытқа қарап аздап иілген. Бүйірдегі күрек тістің түбірі жіңішке, оның ұшы таңдайға қарай әжептәуір иілген.

Тік қысқыштың бір жағы күрек тістің таңдай бетін, екінші жағы кіреберіс бетін ұстайтындай етіп салады. Одан соң қысқышты жылжытып, сыға ұстайды. Кейінгі қимыл ротация мен люксация. Люксация алғаш сыртқа, сосын таңдайға қарай. Сол бүйірдегі күрек тісті жұлғанда науқастың басы аздап оңға қарай бұралады (немесе керісінше). Сол қолдың 1-2 саусақтарымен альвеола өсіндісін сыға ұстап, 2 саусақ үстіңгі ерінді ығыстырады. Жалпы күрек тістерді жұлу аса қиын емес.

Үстіңгі сүйір тістерді жұлу. Науқастың басы аздап қарсы жаққа бұрылады. Тік қысқашты күрек тістегідей етіп саламыз. Сүйір тістің тамыры жуан, ұзын болғандықтан оны жұлу үшін едәуір күш жұмсауға тура келеді. Люксация мен ротацияны кезек қолданады.

Үстіңгі кіші азу тістерді жұлу. 4-ші тістің кейде 2 түбірі болады, бір түбір болған кезде де оның ұшы екіге ажырап барып бітеді. Түбірлер жіңішке, ұзын болады. Сондықтан ротация жасауға болмайды. 5-ші тістің түбірі біреу-ақ, оның екі бүйірі сығылған. Оны жұлғанда ротация, люксация жасауға болады. Жалпы 4-5 ші тістердің түбірлері дистальды бағытқа қарай иілген. 4-5-ші тістерді жұлу үшін S – тәрізді сауытты қысқаштарды (жақтары жұмыр) қолданылады. Қысқышты тістке салғанда оның бір жағы тістің таңдай, екінші жағы ұрт беттерінде орналасады. Алғашқы ырғау сыртқа қарай бағытталады. Түбір ұштарын (әсіресе 4-ші тістің түбірлерінің) сындырып алмау  үшін қимыл дәл, байыпты болуы керек.

Үстіңгі үлкен азу  тістерді жұлу. Үстіңгі моляр тістердің 3 түбірі болады. Олардың біреуі таңдай, екеуі ұрт түбірлері. Ұрт түбірлері бір-біріне жақын, ал таңдай түбірі олардан алшақ, оқшау орналасқан. 3-ші молярдың түбірлері түрліше болып келеді, олар кейде бірігіп те кетеді.

6-7-ші тістерді S – тәрізді жағының бірінде қылқаны бар қысқышпен жұлады. Оның қылқаны тістің ұрт түбірлерінің арасына кіріп, қылқанның екі жағындағы ойықтар сол ұрт түбірлерін ұстап, ал таңдай түбірін қысқыштың жұмыр жағы ұстайтындай етіп салады.

тіс жұлу операциясы

Анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп, алғашқы ырғауды 6-шы тісті жұлғанда ішке қарай, ал 7-8 ші тістерді жұлғанда сыртқа  қарай бастайды. 6-7-8-ші тістерге ротация жасауға болмайды, тек түбірлер бөлінген соң таңдай түбірді ғана ротация жасауға болады.

8-ші тістің басқалардан өзгеше құрылысы оған арнайы қысқыш қолдануды қажет етеді. Ол қысқыштардың оң солы бірдей, байонетке ұқсас, бірақ одан айырмашылығы жақтары жалпақ және түйіспейді.

Үстіңгі жақтың бұдыры сынып кетпес үшін сол қолдың 1-2 саусақтарымен альвеола өскінін ұстап тұру керек.

Төменгі күрек тістерді жұлу. Төменгі күрек тістердің түбірлері біреу, бүйірлері сығыңқы, альвеоланың сырт қабырғасы жұқа. Оларды жұлу үшін құстұмсық, сауытты, жақтары жұмыр, бойлай иілген (иогнутые по ребру) қысқыштар қолданылады. Сауыттары мен түбірлері жіңішке болғандықтан қысқыш жақтары олардан жіңішкерек болуы керек. Олай болмаса көрші тістерді босатып алуымыз әбден мүмкін. Қысқыш жақтарының бірі тістің тіл, екіншісі кіреберіс жағына салынады. Ротация жасауға болмайды, алғашқы люксация сыртқа қарай жасалады. Ротация кезінде қысқышпен көрші тісті босатып немесе жұлынатын тіс түбірін сындырып алуымыз мүмкін. Ұясынан жұлып алған кезде абай болған жөн. Орынсыз, дөрекі қимыл үстіңгі күрек тістердің сауытын сындыруы мүмкін.

Төменгі сүйір тістерді жұлу. Төменгі сүйір тістің ұзын, жуан түбірі бар. Оның қабырғсаы жұқа. Бұл тісті жұлу күрек тіс сияқты, тек қысқыштың жағы жалпақ болуы керек. Люксация сыртқа қарай басталады, ұядан шығарар кезде біршама ротация жасауға болады.

Төменгі кіші азу тістерді жұлу. Төменгі премолярлардың түбірлері біреу, бүйірлері сығыңқы. Ұясының қабырғалары қалың болғандықтан, қысқышты салу, жылжыту қиындау. Бұл тістерді жұлу үшін күрек тістер мен сүйір тістерді жұлатын қысқаштар қолданылады. Люксация сыртқа қарай басталады. Премолярлардың ұяда мықты тұрғанын ескеріп, көрші тістерді жаралап алмау жолдарын еске сақтау керек.

Төменгі үлкен азу тістерді жұлу. Төменгі молярлардың медиальды, дистальды орналасқан екі түбірі болады. Кәде үш түбірлі. Үшінші түбір дистальды түбірдің тіл, ұрт түбірлеріне бөлінуінен 7-8 –ші тістердің түбірлері бірігіп кетуі, 8-ші тістің түбірінің ұшы жуан болып келуі ықтимал. 6-шы тістің альвеола қабырғасының екі жағы бірдей, ал 7-8-ші тістердің сыртқы қабырғасы қалың. Демек, 6-шы тісті жұлғанда люксация сыртқа қарай, 7-8 ші тістерді жұлғанда ішке қарай басталады, тіс те ұясынан сол бағытқа қарай шығады. 8-ші тістің күрделі орналасуы, толық өсіп шықпауы т.б. ерекшеліктері рентген суретін қажет етеді. Төменгі моляр тістерді жұлуға құстұмсық, сауыт қысқыштарының екі түрі де қолданылады. Сапты бойлай, қырына қарай иілген қысқыштар жақтарында қылқандары бар. Қылқандар тіс сауытын орай айналып түбірлер бифуркациясына кіріп қысқышты нық ұстайды.

8-ші тісті жұлуға сапты бойлай иілген қысқыш жарамайды, себебі езі мен ұрт кедергі жасайды. Қырынан иілген қысқыштармен барлық төменгі молярларды жұлуға болады, 6-7-ші тістерді сапты бойлай иілген  қысқыштармен жұлған ыңғайлы. Горизонталь қысқыш жұлынатын, одан бері орналасқан тістерді жауып, көзден таса қылады, тісті ырғау кезінде де қолайсыздық туғызады. Бұл қысқыш негізінен науқастың жағы қарысып, аузы ашылмай қалғанда таптырмайтын құрал. 8-ші тісті жұлу кейде әдеуір қиындық туғызады. Оны ырғап,босату үшін элеваторлар қолданылады. 8-ші тісті жұлу жайлы толығырақ «тіс жару аурулары» деген тақырыпта айтылады. Кейде тіс пен түбірлерді жұлғанда белгіленген ережелерден ауытқуға тура келеді. Мысалы: түбірді бүтін қалған қырын ұстай ырғап мұжылған жағына қарай босату, тістің қай тұсқа қарай оңай босайтынын есепке алу. Тіс сауыты сынған кезде сауыт қысқашының орнына, түбір қысқышын қолдану. Бұл ерекшеліктерді игеру, қолдану үшін, мұқияттық қажет.

Түбірлерді жұлу. Тістерге қарағанда, түбірлерді жұлу қиындау. Себебі қысқыш жақтарымен түбірді сыға ұстау оңайға түспейді. Моляр түбірлерін жұлу үшін оларды бормен ажыратып, элеватормен ырғау қажет.

Жалпы алғанда түбірді жұлмас бұрын, оның беріктігіне түбір далдасына, альвеола қалыңдығына, көрші тістер жайлы мәліметтерге баса назар аудару, қажет болса рентген суретін жасау керек.

Түбірлерді қысқашпен жұлу. Үстіңгі түбірлерді жұлу үшін байонет, түйісетін қысқыштар қажет. Бұл қысқыштар әмбебап деп те аталады, себебі жақтары саптарынан едәуір алшақ орналасқан. Бұларды моляр тістерге қарай апару оңай, жақтарын терең бойлата жылжытуға тіпті түбір ұясына кіргізуге де болады. Байыптап қолданса байонет (универсал) қысқыштар  төменгі 8-ші тістерді жұлуға да жарайды. Моляр түбірлерін жұлғанда қысқыш жақтарын салады. Егер түбірлер бір-бірімен берік орналасқан болса, олар бірге жұлынады. Сынып кеткен жағдайда жеке дара жұлынады. Түбірлер бөлек болса, таңдай түбірін ротация жасап жұлады. Содан соң қысқыштың бір жағын босаған таңдай түбірдің ұясына жылжытып, екінші жағын қалған ұрт түбірлерінің біріне салады.  Қысқышты түбірге салғанда ол сүйектен сырғанап, сыға ұстау мүмкін болмаса, онда түбірлерді бормен ажыратып, жекелеп жұлады. Түбірлерді шар, фиссур борлармен ажыратады. Борды түбір далдасына дейін бойлатып әрлі-берлі айналдыра отырып бойлатып жұлып алады. Қалған түбірлерді байонет қысқашпен жекелеп жұлады.

8-ші тістің түбірлері бір-бірімен жапсарлас келеді, сондықтан оны байонет қысқышпен жұлып алу онша қиын емес.

Төменгі түбірлерді жұлуға жақтары түйісетін, сапты бойлай иілген, құстұмсық қысқыштар жарайды. Бұл аспаптарды 8-ші тістің түбірлеріне салуға мүмкін болмағандықтан (себебі бұрын айтылған) элеваторларды қолданады.

Қысқыш жақтары түбірдің ішкі, сыртқы беттерінде салынады. Моляр түбірлерін жұлғанда қысқышты жұлынуға оңай түбірге салады. Бифуркация мықты болса екі түбір бірге жұлынады, осал болса бөлініп шығады. Екінші түбір соңынан жұлынады.

Егер қысқышты түбірге салу қиын, бифуркация мықты болса, онда түбірлерді бормен ажыратады. Жеке түбірлер қысқыш, элеваторлармен жұлынып алынады

Тіс пен түбірді элеватормен жұлу. Тіс пен түбірге қысқыш салу мүмкіндігі жоқ болса тік, бұрыш элеваторларды қолданамыз.

Элеватордың сабы, қасықша тәрізді жұмысшы бөлігі және оларды жалғастырып тұрған орта бөліктен тұрады.

Тік элеватрдың жұмысшы бөлігі науа тәрізді. Онымен үстіңгі жақтың түбірлерін, төменгі 8-ші тісті жұлады.

Найза тәрізді элеватордың сабы орта бөлігіне көлденең бекітілген. Жұмысшы бөлігі сүңгі сияқты үшкірленіп барып бітеді. Жұмысшы бөлігінің  бір беті тегіс екінші беті жұмыр. Найза тәрізді жұмысшы бөлігі орта бөлігіне паралелль тұрады.

Леклюз элеваторы төменгі үшінші моляр тістерді, соңғы тістерді жұлуға қолданылады.

Бұрыш (бүйір) элеватрдың құрылысы тік элеватор сияқты, айырмашылығы, жұмысшы бөлігі орта бөлігімен 90-120° бұрыш құрап қасықша тәрізді, үшкірленіп барып бітеді. Бұл элеватрдың оң (өзіне), сол (өзінен) екі түрі бар. Элеватрдың қасқша беті жұлынатын тіске қарап салынады. Бұл аспаппен төменгі жақтың тіс, түбірлерін жұлады.

Тік, найза элеватордың сабын оң қолмен ұстағанда 2 саусақты оның орта бөлігінен асыра қасықша бетіне жапсыра ұстайды. Сонда сұқ саусақ аспаптың тайып кетуінен сақтайды.

Элеваторды периодонт саңылауына кіргізу үшін оңды-солды  қозғап түбірді ұяның қарсы бетіне қарай ығыстырып барып шығарады. Элеватордың қасықша бетінде өте үлкен иін күші пайда болады. Ол тек жұлынатын түбір емес, тіреп тұрған көрші тісті де орнынан босатуы мүмкін. Соны ескеріп, сол қолдың саусақтарымен тіреп тісті ұстап тұру керек. Қатардан тыс тұрған тістерді де осылайша жұлады.

Жалпы элеваторды қолданбас бұрын оның ұшын кіргізетін орнын, тірек болатын тіс жағдайын жете бағалау керек.

Бұрыш элеваторды да оң қолмен ұстап сұқ саусақты оның қасықша бөлігіне жақын ұстап, сол қолдың бас бармағымен оның қасықша тұсынан басып тереңдете ендіреміз де оң қолмен элеватор сабын қапсыра ұстап өз өсінің бойында айналдырады. Нәтижеде оның қасықшасы түбірді ұядан ығыстырып шығарады.

Егер элеватор қасықшасы төменгі моляр түбірінің босаған ұясына кіргізілген болса, оның ойық жағы жұлынатын түбірге қарай бағытталады. Ұясының қабырғасы мен көрші тіске сүйеніп элеваторды айналдыра бұрғанда алғаш түбір далдасы, соңынан екінші түбір де жұлына шығады.

Есте сақатйтын жәйт, кез келген элеватормен жұмыс істегенде оның сабы ұрт жақта тұрады. Оны ешқашан ауыз қуысының ішінен, қарсы жақтан салып қолдануға болмайды. Бұл кезде аспаптың тайып кетуі, айналасындағы жұмсақ тіндерге қадалып қалу қаупі бар.

Тереңде қалған түбір сынықтарын жұлу.  Толық немесе жартылай ретенциялы тістерді, сынып қалған түбірдің ұштарын жұлуға қысқыштар жарамайды, тіпті элеваторлармен же жұлу оңайға түспейді. Мұндай кезде атипик элеваторлармен де жұлу оңайға түспейді. Мұндай кезде атипик операциялар керек; кесу мен қашау.

Ретенциялы тістер үшін бұл операциялар  қалыпты жағдай. Оларды белгіленген операция күнінде жасайды. Оған дәрігер мен мейіркеш мұқият дайындалады. Операция жергілікті анестезия немесе наркоз арқылы жасалады.

Кесу мен қашау операциясы. Тіс ұясының босаған тұсынан ретенциялы тістердің сауытына жақын тұстап трапеция немесе ойық тәрізді етіп тінді, сүйек қабығын сүйекке дейін кеседі. Кесілген кілегей мен сүйек қабығының құрағы көрші тістердің тұсына дейін қамтитын үлкен болғаны дұрыс. Себебі сүйек тесіп, қашап, оятын алаңқай жаңағы құрақтың ортасында орналасады. Құрақтың табаны көшпелі қатпарға бағытталады, сонда одан келген қан тамырлары арқылы қоректенуі сақталады.

Хирургтің көмекшісі ілгекпен құрақты ығыстырып ұстап тұрады. Домалақ бормен түбірдің немесе ретенциялы тістің тұсынан бірнеше тесік жасалады. Фиссур бор арқылы ол тесіктер арасы біріктіріледі. Сонан соң сүйекті элеватормен алып тастайды. Аршылған тіс пен түбірді элеватормен босатып орнынан шығарады. Түбірдің ұшын тегістегіш, тіс тастарын алатын ілгекпен немесе жіңішке қашаумен алуға болады.

Ретенциялы тістің сауытын бормен аршыған  соң оған байонет қысқыш салып белгілі қимылдар  арқылы жұлуға болады.

Тіс пен түбір ұяларынан өткір кюретаж қасықшасымен грануляциялар, фолликул қабығы қырып алынады. Сүйек ұнтақтарын антисептик ерітіндісімен жуып шығарады.

Кейбір мамандар сүйек жарақатына антибиотик, сульфаниламид дәрілер мен сүйек ұнтағымен толтыруды ұсынады. әрине, жарақат үлкен болса олай етуге де болады, бірақ көбінесе сүйектің өткір қырларын тегіс теп, құрақты орнына келтіріп кетгутпен тігіп қойса, жарақатқа қан ұйысып, жара жазылып кетеді.

Кейбіреулердің айтуынша, қашау мен болғаны қолданып сүйекті ойып алуға болады. Оларды қолданудың науқасқа қалай әсер етері белгілі. Оның үстіне балғамен соққылап, қашаумен ойып жарақатты ұлғайтып алуға болады. Сондықтан, оларды бормашина жоқ кезде ғана, онда да асқан ептілікпен қолдану керек. Науқасқа жағдайды түсіндіріп, қашауды өткірлеп, балғаны байқап соғып, сүйекті кішкене бөлшектеп алу қажет.

Төменгі моляр тістердің түбірін жұлғанда жақ өзегінің, ал үстіңгі тістерді жұлғанды гаймор, мұрын қуысының жақын екендігін есте сақтаған абзал.

Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім

Тіс жұлу кезінде тіс, түбір т.б. алынған заттар табақшаға жиналуы керек. Операциядан соң жиналған заттарды зерттеп, егер гранулема қалып қойса оны кюретаж қасықшасымен тазалайды. Түбір, сүйек сынықтарын да ұядан шығарады.

Тісті ырғағанда орнынан сырғаған ұя қырларын, саусақпен немесе тампонмен басып орнына келтіреді. Сүйек пен далданың үшкір қырларын қысқыштармен тістеп тегістейді. Дөңгелек сіңір де қалыпты жайына жақындайды.

Қиын жұлынған тіс, қатарынан жұлынған тістер орынына кетгут жіптер салынады. Кілегей қырлары бір-біріне жақындаса да жеткілікті, олар сүйекке жабысып, ұядағы ұйысқан қанды ұстап қалады. Ауызды шаю керек емес. Сонан соң стерилді тампонды ұя үстіне қойып 10 – 15 минуттай ұстау керек.

Қан тамырларының тарылып, тромбпен бітеліп қалуынан кейде ұя бос қалады. Бұл дұрыс емес, себебі бос ұяға сілекей, тамақ қалдығы кіріп оның қабынуына себеп болады. Бұл кезде хирургиялық қасықшасымен ұя қырларын, түбін қырып, майда тромбтарды алып, науқастың басын төмен салбыратып ұяға қан толтыру жолын қарастырады.

Тіс жұлдырған күні ыстық, қатты тамақ ішуге, ауыр жұмыс істеуге ыстық суға түсуге, ішкілік ішуге болмайды. Бұлар ұядағы ұйысқан қанды шайып, қан тамырларын кеңейтіп ұядан тоқтамай қан ағуына себеп болады. Тамақ жылы жұмсақ болғаны жөн.

Ертеңінде тамақтан соң ғана жайлап ауыз шаюға болады. Тіс жұлдырған соң бірнеше сағат 1 – 2 күн бойы ұя орнында ауырсынған сезім бірте-бірте азайып барып жоғалады. Осы мерзім ішінде шыққан қан аралас түкірік бастапқы түсіне қайта оралады.

Периодонт пен жақ сүйектегі жедел ағымды қабыну процесі болса, жараны тігу мен ұяны кюретаж жасауға болмайды. Кескен жерден, тіс ұясынан ірің шықса ауызды антисептик ерітінділерімен шаю керек. Тіс ұясынан қан тыйылмаса, 1 – 2 күн ішінде тіс орнының ауырғаны қоймаса, тіпті күшейіп кетсе, кейінге қалдырмай дәрігерге қаралу қажет.

Тіс ұясының жазылуы

Тіс ұясы ұйысқан қанмен бітіледі. А.Е.Верлоцкийдің итке жасаған тәжірибесі бойынша, ұя түбі мен бүйірлерінен ұядағы тромбқа қарай грануляция тіні өсіп 7 – 8 күн ішінде кілегей қабықтан өскен эпителий тромбты түгел жабады. Ол 12 – 14 күннен соң бекиді, үш аптадан соң барып қалыпты жағдайға келеді. 7 – 8 күннен бастап ұя түбіндегі грануляция остеоид тіндермен алмаса бастайды. Жараланған өткір сүйек қырлары да ыдырайды. 4 аптадан соң ұяда сүйек нұсқасы пайда болды. 2 – 3 ай өткен соң ұядағы остеоид тін мен оның айналысында айырмашылық негізінен жоғалады, альвеола қыры 1/3 биіктігіне отырады, айналасы жұмырланады. Ал 6-ай өткен соң ұядағы сүйек жақ сүйегімен бірдей болып қалыптасады.

Адамда бұл аталған жайлар біршама баяу болады. Ұяда қалған түбір сүйекке де сіңбейді, ылғыстырылып та шығарылмайды. Созылмалы қабыну процесі тоқтамай жалғаса береді. Ұя жазылып бітелгенімен қызыл иекте жыланкөз пайда болып, қабыну оқтын-оқтын асқынып тұрады.

Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар

Тісті жұлу кезінде болатын асқынуларды жалпы және жергілікті асқынулар деп бөледі. Жалпы асқыну жағдайлары: естен тану, коллапс, шок, жұлынған тістің тампонның, ұйыған қанның, тыныс жолына өтіп кетіп кептеліп қалу нәтижесінде болатын тұншығу жатады. Олардың пайда болуына- операция алдында қорқу, құрал жабдықтардың, түкіргіштегі қанның көрінісі, дәрігердің науқасқа селқос әсер етеді.

Сонымен бірге организмнің қажуы, жүрек қан тамырларының зорығы, жұқпалы аурулар, себепші болуы мүмкін. Жансыздандырудың толық әсер етпеуі, науқастың ауруды сезінуі тыныс және жүрек қан тамыр орталықтарының жұмысына әсер етіп оларды әлсіретеді.

Жалпы асқыну

Естен тану. Олардың нерв жүйесінде жеке ми қыртыстарында қан келмеуі нәтижесінде ауру адам есінен танады. Мүндай кезде әлсіздік, құлағы шуылдап, көз қарауытып, басы айналуы, аяқ-қолы мұздауы мүмкін. Естен тану кезінде денеден суық тер шығып, көз қарашықтары кеңейеді. Ауру адамының денесі босап, қолдары төмен салбырап түсіп кетеді. Тамыр сияқты жиілеп әлсірейді. Мұндай жағдайда науқас бірнеше минуттан соң қалпына келеді.

Алғашқы әрекеттер мидың қан айналымын жақсартуға бағытталуы тиіс. Операция жедел тоқтатылып, аурудың басын тізесінен төмен қарай еңкейту немесе креслоның сүйенігін төмен түсіріп оның денесін көлденең күйге келтіру қажет.

Терезелерді ашып, түймелерін, белбеуін ағытып, тыныс алуды қиындататын кедергілерді жояды. Тыныс алу орталығын қоздыру үшін мұрынға мүсәтір спиртімен ылғалданған мақта иіскетеді. Бұл іс-әрекеттер жеткілікті нәтиже бермеген жағдайда тері астына 1 мл 10% кофеин ерітіндісі, кордиамин, коразол егіледі, оттегімен тыныс алдырады. Лобелиннің немесе 1% цититонның 1 мл егіледі. Аурудың аяқтары бас деңгейінен жоғары көтеріледі.

Есі танған аурудың жағдайы жақсарған соң, операцияны жалғастыруға болады. Мұндай жағдайды болдырмауы үшін, алдын ала сақтық шараларын қолдану қажет.

Коллапс. Тіс жүлу кезінде ауру жағдайының қиындауының ауыр түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл жағдай жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі нәтижесінде шығады.

Коллапстың негізгі себептері – үлкен жарақат және аурудың қансырауы. Науқастың бет-аузы бозарып, аяқ-қолы мұздап, қан қысымы төмендейді, басы айналып көру қабілеті нашарлайды. Тыныс алуы әлсіреп жиіледі. Емдеудің негізгі мақсаты қансырауды тоқтатуға, қан қысымын қалпына келтіруге бағытталады, операцияны тоқтатып, жарақатты тампонмен жуып, ауруды көлденең жатқызады. Тері астына жүрекке әсер ететін дәрілер салынады. Аяққа ыстық су құйылған резеңке қыздырғыш қояды.

Шок. Тіс жұлу кезінде ауруда шоқ дамуы өте сирек кездеседі. Кей жағдайларда операциядан соң болуы мүмкін.

Шоққа алып келетін жағдайлар – естен тану, коллапстағыдай. Негізгі себептері: ұзақ уақытқа созылған операция, көп мөлшерде қан жоғалту, жансыздандырудың жеткілікті дәрежеде болмауы.

Бұл жағдай өмірлік маңызы зор дене мүшелері қызметінің нашарлауына әкеліп соғады және орталық нерв жүйесінің шамадан тыс әлсіреуінің нәтижесінде болады. Алғашында қозу, оның артынан іле сала тежелу процесі жүреді. Ауру адам айналасын қатыссыз қарайды, ақыл есі жайында, тері қабаты көгеріп-бозарған, көз қарашығы кеңейіп, қан қысымы төмендеп, тамыр соғысы әлсірейді. Үстірт тыныс алып, көз алмасы үңірейіп қозғалыссыз болады. Дене қызуы төмендейді. Шоқ жағдайында емдеу – физиологиялық ерітінді, глюкоза, морфин егу, қан құю, ысытқыштармен ысыту, оттегі мен көмір қышқылының 3-5% қоспасымен тыныс алдыру.

Қанды шоққа қарсы бағытталған сұйықтармен  кезектестіріп құю қажет. Полинглюкин немес поливинил, пирамидон қабылдаған да пайдалы.

Алдын алу шаралары қансыратпау, жеткілікті дәрежеде жансыздандыру, операцияның алдында премедикация жасау.

Тыныс алудың бұзылуы. Тыныс жолдарынан – жұлынған тістің, тампонның немес ұйыған қанның түсуінің нәтижесінде, ауру тұншығуы мүмкін. Мұндай жағдайда жедел трахеостомия жасау қажет.

Егер де тыныс жолдарына жұлынған тістің жарықшақтары түссе бұл тыныс алуды шұғыл өзгертпейді. Алайда, кейін өкпенің іріңді қабынуына әкеліп соғады. Сондықтан ауруды рентгендік зерттеуден өткізу және пульмонологтың кеңесі қажет.

Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар

Тіс жұлу кезінде, тіс саусақтарының немесе түбірдің сынуы салыстырмалы жиі кездесетін құбылыс. Бұған себеп көбінесе тіс сауытының қатты бұзылуы, түбірлердің қисық болуы немесе гиперцементоз, көп емделген тіс. Тіс жұлу әдістерін жеткілікті дәрежеде меңгермеу де, көп жағдайда оның сынуына алып келеді. Мысалы, қысқыштың ұрттарын терең енгізбеу, жақсы қысып ұстамау, дөрекі қозғалыстармен босаңсыту (қозғалту) немесе бұрау. Мұндай асқынуларда операцияны элеваторды қолдануымен немесе түбірлерді бормен кесіп алумен аяқтайды. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, тіс жұлу әдісін дұрыс таңдап алу жіне оны дұрыс өткізу керек.

Төменгі жақ денесінің сынуы. Аз кездесетін жағдай.  Ол сүйекте болатын қандайда бір патологиялық процестер нәтижесінде (ісік, сүйек кемегінің қабынуы, киста) немесе тістің дөрекі жұлынуы, сол сияқты қашаумен болғаны қолданып жұмыс істегенде болуы мүмкін.

Емдеуі – шеңдеуіш салу.

Алдын алу – тісті жұлардан бұрын науқасты жан-жақты тексеру.

Тіс ұясы, сүйек өсіндісінің сынуы. Қысқыштың жақтарын терең енгізіп қашаумен жұмыс істегенде кездеседі, жоғарғы жақтың денесі қоса жұлынуы мүмкін, дөңестің сынықтары қозғалмалы болып, ауа көпіршіктері аралас қан кетеді.

Емдеу – дөңестің бос жатқан сынықтарын жұлып алып тастап, қан тоқтату және тігу. Керек жағдайда – шеңдеуіш салу қажет.

Төменгі жақ буының шығып кетуі өте сирек кездеседі.

Бұл асқынуы түрі самай-төменгі жақ сүйегі буынында патологиялық процесс болғанда немесе сау буынға мөлшерден тыс күш салғанда, қысқышты төмен зорлықпен итергенде, ұлғайған адамдардың тісін жұлу уақытқа созылған жағдайларда болуы мүмкін.

Емдеу. Буынды өз қалпына келтіру. Төменгі жақты қозғалтпастай етіп, байлап таңу 3 – 4 күндей диета сақтау.

Бет және ауыз қуысы тіндерінің жарақаттануы тіс жұлу тіртібін бұзу нәтижесінде болады. Шырышты қабықтың жарылуы, қан кетуі, тіл, ерін, ұрт және түбі тіндерінің жарақаттануы.

Емдеуі – ауыз қуысындағы барлық жарақаттар тігіледі.

Алдын алу шаралары. Тіс жұлу кезінде периодонттық айналма байламдарын үзу үшін шырышты қабықты тістен ажырату, ұрттары кең қысқыштармен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде болады.

Босап қалған тіс қайтадан өз орнына қондырылуы қажет. Қарама-қарсы тістердің жарақаттануы, тісті жұлып шығару кезіндегі дөрекі қимыл іс-әрекеттердің нәтижесінен туады. Мұнда тіс сауытының сынуы, эмальдан ажырауы, ұрылу нәтижесінде перидонттың жарақаты пайда болуы мүмкін.

Сақтық шаралары: жұлынған тісті ұясынан дұрыстап шығару қозғалыс әдетте жанына сосын жоғарыға немесе төменге жүргізілуі керек.

Тістерді немесе тіс түбірлерін, ауыз қуысы түбі тіндеріне, ақыл азу тістер арты кеңістігіне, ауыз кіреберісі жанындағы шырышты қабыққа өткізіп жіберу элеватормен, қашаумен дөрекі жұмыс істеу нәтижесінде болады.

Емі. Тіс түбірлері немесе тіс әдетте аурухана жағдайында жұлынуы керек. Екі бағытта (проекция) рентген суреті болуы қажет. Сақтық шаралары: элеватормен байқап жұмыс істеу, сол қолдың саусақтарымен тісті немесе түбірді түбірді тежеп ұстап тұру.

Гаймор қуысының тесілуі. Мұндай жағдай жоғарғы жақ азуларының анатомиялық орналасуына байланысты. Тіс түбірлері гаймор қуысына жақын немесе қандайда бір қабыну процестері, ісіктер болса тік элеваторды абайлап пайдаланбаса кездеседі. Мұнда, мұрыннан ауыз қуысына ауа ағымы еркін өтіп, одан жұлынған тіс ұясынан ауа көпіршіктері аралас қан кетеді. Ауру адам ұртын томпайта алмайды, себебі ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ажыратып тұратын тосық (герметизация) жоқ.

Мұндай жағдайды анықтау үшін саусақтармен мұрынды қысып ұстап, мұрын арқылы тыныс алуды сұрайды, ауа көпіршіктері аралас қан сырылдап тесік арқылы шығады. Осындай жағдайда гаймор қуысын жуу немесе оны құралдармен зерттеу жақсы нәтиже бермейді, қосымша жарақаттануы және ыластануы мүмкін. Түбір гаймор қуысының шырышты қабығы астында оған зиянын тигізбей орналасуы мүмкін. Егер тіс толығымен жұлынып, жақ қуысында қабыну процесі болмаса, тіс ұясында ұйыған қанның жиналуын қадағалап, оны жарақаттанудан және жуылып кетіден сақтау қажет. Осы мақсатпен, тіс ұясының үстіне йодоформға малынған тампон көршілес тістерге бекітіледі. Тампонды айналадағы шырышты қабыққа тігу де мүмкін. Тіс қабырғаларында едәуір үлкен жарақат болса, оны тігу керек. Шырышты қабық шеттерінің тіс ұясы үстінде бір-бірімен жанасуы үшін қосымша қияықтар кесіледі. Ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабығын трапеция тәрізді тіліп, сүйекке дейін тіс ұясы жағына жылжытады. Ал кейде оны таңдай жағынан жасайды, негізін үлкен таңдай тесігіне қаратып, содан кейін тігіс салады. Тіс немесе түбір гаймор қуысына итеріліп өтіп кеткен, бірақ қабыну процесі дамымаған жағдайлар да кездеседі

Тіс немесе түбір ыластанған болса, оны қуыстан шығарып алып тастамайынша, гаймор қуысының созылмалы қабынуы дамиды.

Сол себепті түбірлерді, тістерді шығарып тесікті неғұрлым тезірек жабу керек. Мұндай жедел операция, әдетте аурухана жағдайында, тіс жұлынған соң 1 – 2 күн аралығында жасалады. Операция Колдуэл – Люктің әдісі бойынша гаймор қуысын тесу арқылы өткізіледі. Тіс жұлынған соң, гаймор қуысы, төменгі тыныс жолы арқылы қатпардағы кесілген жарақат тігіледі. Қажетті дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Кей жағдайда тіс жұлынғаннан кейін, гаймор қуысынан тіс ұясы арқылы көп мөлшерде іріңді экссудат ағады, бұл қуыста қабыну процесінің жүріп жатқандығының айғағы.

Мұндай жағдайда қуысты, тіс ұясы арқылы антисептикалық ерітінділермен жуып, тіс ұясын ашық күйінде қалдырады. Науқас рентгендік тексеруден өтуі өажет. Жоғарғы жақ қуыстарына белгіленген арнайы әдістер бойынша операция жасалады (гаймор қуысына ығысып өткен ісіктерге операция жасау әдістері оқулықтың арнайы бөлімінде қаралады).

Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар

Қан кетуі. Тіс жұлынуы басқа операциялар сияқты қан кетумен өтеді. Қан 4 – 5 минут шамасында өздігінен немесе тампон жәрдемімен тоқтайды.

Алайда кейбір жағдайларда қан кетуі тез арада тоқтай қоймайды, мұндайда біріншілік қан кетуі немесе операциядан бірнеше сағат, бірнеше күн өткен соң екіншілік қан кету деп аталады.

Қан кету мерзімі, оның сипаты жергілікті және жалпы себептерге байланысты. Жергілікті себептердің бірі шырышты қабаттың жырылуы болып есептеледі, мұнда ірі артерия, вена, қан тамырлары (таңдай, тіл, менталь т.б.) жарақаттануы мүмкін.

Сүйек тінінің зақымдануы (тіс ұясы қабырғасының жарықшағы, тіс ұясы өсіндісінің өткелдері) көп мөлшерде қан кетуіне алып келеді, себебі сүйек қан тамырлары үңірейіп тұрады.

Жедел ағымдағы қабыну процесінде тіс ұясынан қан кетуі, тромбтың бұзылуынан (тіс ұясының қабынуы) болады. Жергілікті анестезияда ертінідіге адреналин қосылса, қан тамырлары тарылып операция кезінде оның тыйылуына ықпал жасайды, ал 1 – 2 сағаттан соң тамырлар кеңейіп ұйыған қанды ығыстырып шығарады. Осындай жағдайда қан кетуі мүмкін.

Өте сирек жағдайларда тіс жұлынғаннан соң-ақ қан кетеді, бұл түбір гемангимоға жақын жайласқанда болады. Мұндай жағдайда сыртқы ұйқы артериясын байламай немесе ісікті толығымен алып тастамай қан тоқтауы мүмкін емес.

Тіс ұясын тампондап, төменгі жақты жоғарғы жаққа қысып бинтпен таңып байлап ауруды ауруханаға жібереді.

Тіс ұясынан қан кетуіне алып келетін жалпы жағдайлар қанның ұю қасиетінің нашарлауы, қан тамырларының өткізгіштік қасиетінің ұлғаюы. Олардың қатарына: гемофилия, Верльгоф ауруы, цинга, лейкоз жатады. Жұқпалы аурулар (безгек, скарлатина, эндокардит).

Сондай-ақ қан қысымы жоғары немесе антикоагуланттар қабылдап жүрген адамдарда қан кетуі байқалуы мүмкін.

Тіс жұлынған соң қан кетуі тоқтату әдістері. Әдебиеттерде қан тоқтатудың  физикалық, биологиялық және химиялық әдістер баяндалған. Олар әдетте бірлесіп қолданылады.

Көрінуге келген науқастан алдымен қан кетудің себептерін анықтау қажет. Тіс ұясы ұйыған қаннан тазартылып, ауыз қуысы шайылып, қан кетіп жатқан орын анықталады. Қан жұмсақ тіндерден кетіп жатса оның қан тамырлары байланады немесе тігіледі, жарақатанған шырышты қабатына тігіс салынады.

Қан тамырын байлауға мүмкіншілік болмаған жағдайда, жарақатты құрғатып, тамырды гальванокаутермен немесе қызыдырылған құралмен күйдіру арқылы немесе калий перманганатының кристалдары себілген тампон қою арқылы тоқтатады. Қан сүйектен кеткен кезде қысқыштармен оның қан ағып жатқан бөлігін қысып жұмсақ тіндермен жауып, шырышты қабатының шеттерін тігеді. Тіс ұясын кетгут түйінімен немесе қан тоқтатқыш губкамен толтыру арқылы қанды тоқтатуға болады. Осы айтылған әдістердің барлығы нәтиже бермеген жағдайда тіс ұясын 4 – 5 күнге тампондауға болады. Тампонды тіс ұясына орналастыруды оның түбінен бастайды, йодоформ қоспасына малынған ұзынша дәкені, қатпарлап нағыздап үстін 1 – 2 тігіспен тігеді. Тігістерді 4 – 5 күннен соң алады, сол кезде тампонды тіс ұясынан грануляциялық тін ығыстырып шығарады. Қан тоқтату үшін дәрі-дәрмектер қолданылады. 5 10 мл 10% хлорлы кальцийдің ерітіндісін, венаға аскорбин қышқылы, күніне 2 мезгіл, 0,015 – 0,02 викасол немесе 1 – 1,5мл 1% викасол ерітіндісін бұлшықетке жібереді.

Кейбір қан аурулары бар науқастарды тез уақытта ауруханаға жатқызып гематологпен немесе терапевтпен кеңесу қажет болады. Алдын ала қан кетіп жатқан тіс ұясын тампондап, қанның анализін зерттеп және коагулограмманы анықтау керек. Көп кешіктірмей қажеттілігіне қарай қанды тромбоциттерді, антигемофилді плазманы, изогенді сарысуды құю керек. Реципиенттен донорға тікелей қан құю өте тиімді болады. Қан құю екі мақсатты көздейді: біріншіден – қанды тоқтату, екіншіден қанды толықтау үшін.

Жергілікті жасалатын шаралар – ұяшықты гемостатикалық губкамен, биологиялық антисептикалық, тромбинді тампондармен, аминокапрон қышқылымен, гемофиобринмен тығындау қанды тоқтату мақсатына бағытталады.

Қан кетуді болдырмаудың алдын алу үшін дәрігер науқастан бұған – болмағанын анықтап алуы керек. Анықтау барысында науқасты арнайы дайындау керек болса, операцияны ауруханада өткізген тиімді болады.

Жергілікті себептермен болатын қан кетулерді болдырмау үшін пародонт тіндерін көп жарақаттамай, тіс жұлу операциясының бар ережелерін мұқият сақтау қажет.

Ұяшықтың ауруы тіс жұлғаннан кейінгі онда болатын әртүрлі асқынулардың салдарынан болады, оларға: альвеолит, неврит, ұяшық остеомиелиті жатады.

Альвеолит себептері: тісті жұлу кезінде ұяшыққа инфекцияның түсуі, тіс жұлудан кейінгі түбір ұшы маңындағы қабыну процестерінің өршуі, операция кезінде ұяшықтың жарақаттануы.

Ауру тісті жалғаннан соң 3 – 4 күннен кейін басталады. Үнемі тоқатамай сыздап, науқас жатқан кезде, температура көтеріліп, механикалық тітіркендігіштерден үдейтін ауыр сезімі осы ауруға тән белгі. Ауыру сезімі анелгетиктирді ішіп, ыстық басқанға да тоқтамайды. Аздап дене қызуы көтеріліп (34-37,5), ұрт тіндерінің ісінгені байқалады. Тексеру барысында ұяшық бос немесе иісі нашар шіріген сұр түсті ұйыған қан, кейде тамақ қалдықтары анықталады. Қоршаған қызыл иек қызарып ісінген, басып тексергенде ауыр сезімі жоғары.

Емі: жергілікті жансыздандыру жасалып, өткір қасықпен ұяшық тазаланып, ривенолдың (1:1000), фурацилиннің (1:5000), асқын сутегінің (2%), калий перманганатының (1:5000) жылы ерітінділерімен жуылады. содан кейін ұяшықта жаңадан қан ұйығы түзіледі немесе антибиотиктер мен сульфаниламидтерден дайындалған пастамен толтырып, ½ сағатқа дәке тампонмен жауып қояды. Егер ауыру сезімі жоғары болса осы аталған пастаға анестезин қосуға болады. Ұяшыққа камфорфенолға малынған тампон қоюға болады және жергілікті жансыздандыру тәсілімен новакиан-пенициллин блокадасын жасауға болады.

Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұяшыққа йодоформға және протеолитикалық ферменттерге малынған тампондарды қоюға болады.

Үйде аналгетиктерді ішу мен ауыз қуысына жылы ас содасымен жасалған ванночкалар тағайындалады.

Физиоемдер: УЖЖ, Бернар тогы, соллюкс пайдаланылады. Ауыру сезімі 1 – 3  күннің аралығыда басылады. Альвеолиттің ағымы ауыр кезде ұяшықты тазалап өңдеу бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Науқас альвеолит кезінде 2 – 3 күнге еңбектен босатылады.

Ұяшық остеомиелиті. Альвеолитке қарағанда кешірек дамиды. Ағымы созаылмалы. Ұяшықтан ірің шығып, грануляциялының өсуімен ерекшеленеді.

Тексеру барысында ұяшық бос немесе онда аздаған грануляцияның, іріңнің барлығы анықталады. Жараның жазылу нышаны байқалмайды, 12-15 күннен кейінгі рентген суретінде ұяшықтың сүйек тіні бұзылғаны, кейінірек майда секвестрлердің барлығы анықталады.

Емі. Кешенді десенсибилизациялық қабынуға қарсы емдеу шаралары мен секвестр болса ұяшыққа кюретаж жасау. Ұяшықтың невриті тісті жұлғаннан соң шеттерінде өткір қырлардың қалуынан пайда болады. 3 – 4 күннен кейін ұяшықта невралигаиялық ауыру сезімі пайда болып, тамақ жегенде, ұяшықты механикалық тітіркендіру кезінде үдей түседі. Ауыру сезімі шырышты қабық сүйектің өткір қырын жауып тұрғандықтан пайда болады. Ұйыған қан сақталады. Ұяшық жазылғаннан кейін шетіндегі өткір қыр шырышты қабықты тесіп шығуы мұмкін, бірақ айналасындағы шырышты қабықта қабыну процесі байқалмайды. Кей кездері ұяшықтың өткір қыры 1 – 2 айдан соң сорылып кетеді.

Ұяшық невриті. Өте ұзақ әрі қиын емделетін, өзінен-өзі әрі сыртқы тітіркенулерден де пайда болатын ұястамалы ауыру сезімі бар дерт. Ұяшықта қабыну белгілері жоқ, іші қан ұйығымен толған.

Аурудың себептері. Нерв талшықтарының тіс жұлу кезінде қысылып қалуы, езілуі, ұяшыққа түскен сүйек сынығының нервті тітіркендіруі және т.б. Науқастың ауруына бұдан басқа себептер де болуы мүмкін. Мысалы: ұяшықтың өткір қырларының және түбіраралық сүйек пердесінің қалып қояды. Бұл жағдайда ауыру сезімі осы өткір сүйек қырларының үстіндегі шырышты қабықтың тітіркенуінен пайда болады. Кейде жара толық жазылған олар сүйекті тесіп шығады.

Өткір қырды саусақпен сипап анықтау қиян емес. Шырышты қыбықтың сүйекке тиген жерінің ауыру сезімі жоғары, қабыну процесінің белгілері байқалмайды. Ауыру сезімі біртіндеп азайып, кейін 1-3 айдан соң ұяшық толық сүйекпен толғанда өткір қыр мұқалып кеткен соң мүлдем қойып кетеді.

Осыған байланысты науқасты ертерек қатарға қосу мақсатымен альвеолоэтомия операциясы жасалады. Трапеция тәрізді тіліктер жасап, шырышты қабықты жалаңаштайды. Сүйектің өткір қырларын түбірлік қысқыштармен алады немесе фрезбен, бұрғымен тегістейді. Тілікті қайта орнына тігеді.

Ұяшықтың өткір қырлары науқастың ауыз қуысына протез салу кезінде де тегістейді.

Егер өткір қырлар болмай, тіс түгел жұлынып, қабыну дерті болмаса да ауыру сезімі пайда болса физиоем мен ауыз ішіне жылы ванночкалар тағайындайды. Кейде ауыру сезімі көрші тістер әсерінен болатын есте сақтау керек.

Бет нервінің парезі. Өте сирек кездесетін асқыну, тісті жұлғаннан кейін нервтің операциялық жарақатқа рефлекаторлы тітіркеніп, жауап беруіне байланысты бірден немесе бірнеше апта аралығында із-түссіз кетеді. Құрғақ жылу, физиоемдер (УЖЖ, соллюкс, ионогальванизация) тағайындалады.

Төменгі ерін мен иек аймағында парез төменгі тістерді жұлғаннан кейін пайда болады. Бұл асқыну төменгі альвеолды нервінің тіс жұлу, ұяшықты кюретаж жасау, жансыздандыру кезінде (немесе остеомилеттің дамуынан) жарақаттануынан пайда болады. Төменгі альвеолды нерві иннервациялайтын аймақтарда сезімталдықтан төмендеуі, мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Ол 1-3 айдың көлемінде қалыпқа келеді.

Қабыну процестері – абсцесс, флегмона, остеомиелит түбір ұшы маңындағы созылмалы процестердің қабынуы салдарынан дамиды. Абсцесс пен флегмона тісті дөрекі жұлып, асептика және антисептика талаптарын дұрыс сақтамаған кезде де дамуы мүмкін. Емдеу жолдары оқулықтың арнайы тарауында айтылған. Көрші тістердің жарақатты периодонтиті, тісті элеватормен дөрекі жұлу себебінен болады.

Алдын алу. Элеватормен жұмыс істеу техникасын жетік меңгері.

Соңында айта кететін нәрсе, тіс жұлу операциясы жақсы жетілген операция. Бірақ, кей жағдайда оның орындау техникасы тәжірибелі хирургтің өзіне де қиынға соғады. Бұл жағдайлар анатомиялық ерекшеліктерге, қарысу мен қабыну процесінің болуымен түсіндіріледі. Тіс жұлу операциясы кезінде және одан кейін әртүрлі өмірге қауіпті асқынулар кездесуі мүмкін. Сондықтан амбулаторияда хирургиялық операциялар тәжірибелі хирургқа беріледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Стоматологиядағы протездер
  2. Стоматологиядағы микробқа қарсы препараттар
  3. Кариес

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!