Конъюктивит

Конъюктивит қабақтың және көз алмасының дәнекер қабатының қабынуы. Ағымы бойыншаконъюктивиттер жедел және созылмалы болып бөлінеді. 

Барлық жедел процесстер этиологиясына байланыссыз жалпы клиникалық белгілерімен білінеді. Жалпы субъективті белгілері: көзде бөгде зат,«құм», жоғарғы қабақ астында бөгде зат сезіну; көзде ашу, қызу бар, көзден жас ағу, кірпіктердің түбінде қатқан қабыршақтар, қабақтардың таңертең жабысып қалуы, көздің бұрыштарында ақ түсті бөліністер бар.

Конъюктивит қазақша

Объективті: қабақтың, күмбездің конъюктивасында қызару, ал склерада беткей немесе конъюктивиальды инъекция. Оның ажыранды белгісі-ашық қызыл түсі, тамырлар суреті анық, қызару күмбезде басым болады.

Қалыпты жағдайда конъюнктиваның қасиеттер: қызғылт түсті, тегіс, жылтыр, мөлдір, ылғалды өтпелі қатпарларда қозғалмалы.Конъюктивит қазақша

Бактериальді конъюктивиттер: оны түрлі микроорганизмдер тудырады, әсіресе жиі стафилококктар. Жедел алдымен бір көзде басталып, бірнеше күннен кейін келесі көзіне көшеді. Неігзі белгісі іріңнің көзден ағуы. Кірпіктердің түбінде сары түсті қатқан ірің.

Бактериальді конъюктивитт емі: антисептикалық тамшыларды (фурацилин, калий пермарганит 2%, бор қышқылын) тамызу, 30% альбуцид ертіндісі 6-8 рет күніне немесе АБ ертіндісін тамызу. Ең жақсысы кең спектрлі 1% тетрациклин, терралицин, линкомицин ертінділері, 0,5% неомицин ертіндісін, түнге қарай 10-20% сульфацил-натрий майы, 5% норсульфазол немесе 1% тетрациклин, 1% стрептоцид лиментін жағу.

Пневмококты конъюнктивиттің ерекшелігі склерада нүкте тәрізді геморрягиялар (қан құйылулар) бар және конъюнктивальдық бетінен мақтамен клеткалар алынады. Кейде сірі қабат (эрозил) процесске ілігеді, бірақ тұрақты қарауытулар қалмайды.

Пневмококты конъюнктивит емі: жоғарғы емге қосымша 0,25% цинк сульфаты ертіндісі 0,1% адреналинмен (пневмококтың ферментативті қабілетін жою үшін).

Жедел эпидемиялық Кох-Уикс конъюктивасы: екі көз бірге қабынады. Бірдей конъюнктиваның қатты ісінуі (хемоз) және конъюнктиваға нүкте тәрізді қан құйылулар, сірі қабаттың жоғарғы бетінде инфильтраттар байқалады. Ауру тез тарайды. Емі: жоғарғыдай.

Бленнореялық конъюктивитті: Нейссер гонококымен туғызатын сырқат: қабақтар тығыз, көк қызғылт түсті, алдында көзден су ағады, кейін қанды су (ет жуған су тәрізді) ісік басылғаннан кейін көп мөлшерде ірің бөлінеді (сары түсті). Ісік бар кезде сірі қабат зақымдануы мүмкін (іріңді жара), кемінде эндофтальмитке, папофтальмитке көшеді, көз алмасы кішірейді, ақ шел толық соқырлыққа әкеп соғады.

Бленнореялық конъюктивит емі: жоғарғыдай. Алдын алу шаралары: нәрестелердің көзіне туғаннан кейін 3 рет 30% сульфацил- натрий ертіндісі тамызылады және қабағы 2% бор қышқылы ертіндісімен сүртіледі.

Дифтериялық конъюнктивит. Лиффер таяқшасымен туғызылады. Клиникасы жағынан гонобленнорияға ұқсас, бірақ бір көз ғана ауыртады. Қабақты теріс айналдырғанда конъюнктивада сұр түсті пленка (ондай пленка танаудың, өңештің дәнекер қабығында) бар. Өте ауыр алынады, алып тастағаннан кейін беті қанайды. Келесіде оның орнында жұлдыз тәрізді тыртық қалады және көз алмасы мен қабақтың конъюнктивасы өзара тұтасып бітіседі.

Дифтериялық конъюнктивит емі: жоғарғы емге қосымша дифтерияға қарсы сарысу енгізу. А,В витаминдері ішуге және жергілікті. Алдын алу: ауруды инфекция бөлімшесінде боксқа жатқызу. Екінші көзді сақтау үшін ауырған көзге шыны сағат тәрізді таңба салу.

Вирусты конъюнктивиттер. Жиілігі бойынша 2 орын алады (бактериальды кон-ден кейін) герперикалық кон-ке тән жәй процесс бір жақты. Адиловирусты кон-тер екі жақты, оның екі формасын ажыратады.

1. Аденофраринго-конъюнктивальді қазба (АФКҚ)

2. Эпидемиялық ператоконьюнктивит (ЭКК)

АФКҚ – фарингит және қазба үстінде пайда болады, коньюктиваның, бетінде көптеген фолликулдардың болуынан беті бұжыр, кейде жеңіл алынатын пленка көзден аз мөлшерде шырыштың ағуы. ЭКК температураның көтерілуімен басталады. Жақын лимфалық түйіндері ұлғаяды, көзден шырыштың ағуы конъюнктивада фолликулдар пайда болады. Сірі қабатының эпитемиінің астында “тиын” тәрізді инфильтраттар болады. Олар біресе өздігінен жойылып біресе қайта пайда болады, кейде бірнеше айларға дейін сақталады. Аяғында өздігінен ісінеді. Бірақ сірі қабатының сезімталдылығы төмен, иммунитет қалады.

Вирусты конъюнктивит емі: жалпы және жергілікті вирусостатикалық және вирусоцидті дәрі –дәрмектер (флореналь, оксалин, теброфен, глудантан 0,1% ертіндісі, 0,5% май, антиметаболиттер-ИДУ, трецид –тамшы, фермагт дезоксирибонуклеаза 0,1-0,3% ертінділер –тамшы, кон-ва астына, итерферон, терогепал, салициаты, диабазол, витаминдер, аллергияға қарсы дәрі. Алдын алу: 1) ауруларды жеке бөлу   2) ассептиканы орындау

вирусты Конъюктивит вирусты конъюктивит 

Созылмалы конъюнктивиттерге жататындар ангулярлы Моракс-Аксенфельд конъюнктивиті диплобациллалар тудырады. Ерекшелігі: көз қатты қышып, көздің бұршақтары суланып қызарады, экземаға тән өзгерістер байқалады, тері тілінген, кепкен құрысқан қабыршақтар бар. Созылмалы конъюнктивит емі: 0,5-1% ципк сульфат ертіндісін 4-6 рет күніне тамызу, қабақ шетіне 1-5% ципк оксиді майын жағу.

Аллергиялық конъюнктивиттер – конъюнктиваның беті бұжыр (сосетчектердің болуынан). Медикаметозды дәрі салдарынан болатын конъюнктивит дәріге сенный өсімдікке, гүлдерге, көздің көктемде қарығуы (УФС) көз жоғары сезімталдығынан болады. Соңғы жағдайда конъюнктивада сосочектердің өсуі «булыжная мостовая».

Аллергиялық конъюнктивит емі: жалпы және жергілікті ем: жоғарғы аталғандарға себептермен сезімталдықты төмендетуге арналған терапия; гистоглобулин инъекциясы, кортикостероидтар, криотерапия (өскіндерді) суықты емдеу. Өмір сүру ортасын ауыстыру.

Басыр (трахома) – жұқпалы кератоконъюнктивит, оны қоздырушы вирустар мен ринкетсиялар арасында орын алады. Ауру білінбей басталады. Конъюнктиваның жоғарғы өтпелі складкасында (бүкпесінде) 4 сатысын ажыратады:

  1. конъюнктиваның инфильтрациясы, ол көкшіл түсті фолликулдар мен сосчектер бар.
  2. инфильтрация фолликулдар жіне бірен- саран сызықты тыртықтар.
  3. 2 сатысындай бірақ тыртықтар басым
  4. ирек тыртықтар ғана. 

Кейде сірі қабат процеске ілігуі мүмкін. Трахсматозды паннус (сірі қабатқа жоғары жағында қан тамырлары өтіп, қарауытуы). Трахома асқынғанда – канакулиттер, дакрнациятиттер, сірі қабаттың іріңді жараға (ол тесілсе эндофтальмит, панофтальмит), трихноз, симблефарап қабақтың айналуы, ксероз-сірі қабаттың құрғауы), көз алмасының қозғалысының шектелуі байқалады. Диагноз конъюнктиваның эпителиальді клеткаларында Дравачек-Гальберштедтер денелерін табумен  цитологиялық-фолликулдардың некрозды ыдырауымен анықталады.

Басыр емі: емханада күніне тетрациклин майын 4-5 рет жағу. Көзге 2-3 ай фоллкулдарды сығу, 1-2 рет үш жұмадан кейін ішуге СА курспен, витаминдер, осы дәрілерге организмнің сезімталдығын төмендету, организмнің реактивтігін жоғарлату. 6 айлық ауруға қарсы емнен кейін аурулар диспансерлік есепке алынады. Жазылудың белгісі: жаңа жағдайда 3 жыл ішінде жаңа аурудың тіркелмеуі, IV сатысында егу 3 жыл ішінде ауру қайталанбаса және теріс лабораториялық нәтиже болса.

Эндогенидті конъюнктивиттер. Жалпы ауруларда синдромды зақымдануда байқалады. Синевенс-Джокс синдромы немесе жедел шырышты тері көз синдромы. Ол коллагеноздың белгісі және оның дамуында вирусты инфекцияның фонтогенді инфекцияның, аллергиялық жағдайлардың маңызы зор. Жедел, бас ауруынан және қызбадан басталады. Қол-аяғында, бетінде көп формалы эссудативті эритема дақ, папуля, жара ретінде ауыз, танау қуысының жыныс органдарының шырышты қабығында көздің конъюнктивасында шырышты іріңді немесе пленка бөлінеді. Шешімі- трихиаз, тыртықтар, симблефарон, сірі қабаттың қарауытуы және панофтальмит.

Эндогенидті конъюнктивит емі: жалпы және жергілікті АБ, СА, кортикостероидтар, қабынуға қарсы ем. Ісік аурулары конъюнктиваның қатерсіз (патилома, невустар, киста, дермоид, гемантома). Емі: оперативті. Қатерлі ісіктер: рак және меланома. Рак- ақшыл, қызыл түсті ісік, кең аяқта, сірі қабатқа, орбитаға қосалқы қуыстарға тарайды. Меланома – тегіс немесе бұжыр пигментті немесе пигментсіз ісік лимбке немесе сводқа жақын. Жиі меңнен шығады. Жиі басқа органдарға метастоз береді. Емі: ерте алып тастау. Көзден тыс тарамаса энукмация (көз алмасын алып тастау), орбитаға тарағанда – экзентерапия келесіде химио және сәуле терапиясы.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!