Иық сүйек сынығы ауру тарихы

Ауру тарихы: Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің ашық II Б дәрежедегі жарықшақты орнынан тайған сынығы. Оң жақ білегінің төменгі бөлігінің жаншылған жарасы. Іштің алдыңғы бетінің соғылуы

  1. ПАСПОРТТЫҚ БӨЛІМ

Аты —жөні: Жакилина Гүлнар Қайнарқызы

Туған жылы, жасы: 03.01.63. 47  жаста

Жынысы– әйел  адам

Ұлты –  қазақ

Кәсібі: жұмыс істемейді

Тұратын жері:  Ш.Қ.О. Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылы.

Ауруханаға түскен күні: 21.11.10.

Ауруханадан шыққан күні:

Болжам диагноз: Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің    ашық II Б дәрежедегі жарықшақты орнынан тайған сынығы. Оң жақ білегінің төменгі бөлігінің жаншылған жарасы. Іштің алдыңғы бетінің соғылуы.

Клиникалық  диагноз: Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің ашық II Б дәрежедегі жарықшақты орнынан тайған сынығы. Оң жақ білегінің төменгі бөлігінің жаншылған жарасы. Іштің алдыңғы бетінің соғылуы.

IІ. ШАҒЫМДАРЫ

Түскен кездегі шағымдары: Оң жақ жамбас сан буынындағы, кеуде қуысындағы, оң жақ білек буынындағы  ауырсынуға шағымданды.

Курация кезіндегі шағымдары: операциядан кейінгі жамбас сан буынындағы  операциялық жара маңының ауырсынуына шағымданады.

IІІ. ANAMNESIS MORBI

Науқастың айтуы бойынша 21.11.10. күні Көкжыра ауылынан Семей қаласына келе жатқан жолда көлік апаты болды. ЖМЖА-ға өз еркімен туыстары алып келді.

ІV. ANAMNESIS VITAE

Науқас күштемелі стенокардия, Боткин ауыруымен ауырған. Туберкулез, венерологиялық ауруларды терістейді

 АЛЛЕРГОЛОГИЯЛЫҚ АНАМНЕЗ

Анамнезінде тағамдарға, дәрілерге, шаңға, иістерге, аллергиясы  жоқ.

    ЖАНҰЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ АНАМНЕЗ

  1. Сәбилік, балалық, жастық шағы.

Жакилина Гүлнар Қайнарқызы  03.01.63 жылы дүниеге келген. Уақытында жетіліп туған, туғандағы салмағы есінде жоқ. Бала кезіндегі дамуы қалыпты өткен. Мектепке 6 жасынан бастап барған, мектептегі үлгерімі жақсы.

  1. Тұрмыстық анамнез.

Тұратын үйі жылы, таза, жер үйде тұрады, комуналды жағдайы жер үйлерге сай. Тамақтануы өзінің айтуы бойынша жақсы, уақытында тамақтанады. Ас тұзын қалыпты қабылдайды.

Дене шынықтырумен айналыспайды.

  1. Еңбек анамнезі.

Еңбекпен шұғылдануы 22  жастан басталған. Қазір үй жаруасымен айналысады.

  1. Жыныстық жетілу кезеңі.

Жыныстық жетілу кезеңі физиологиялық қалыпты өткен. Алғашқы етеккірі 14 жасында келген.

  1. Зиянды әдеттері- жоқ.
  2. V. STATUS PRAESENS.
  3. Жалпы қарау:

А) Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.

Б) Төсектегі жағдайы мәжбүрлі;

В) Есі анық;

Г) Бет әлпетінде ауырсыну сезімі білінеді;

Д) Бойы – 160 см, дене салмағы – 63 кг, дене бітімі – қалыпты, конституциясы – нормостеник.

Е) Тері және шырышты қабат түсі – кәдімгі түсте. Бөртпелер жоқ.  Шаштары және тырнақтарының жағдайы қалыпты.

Ж) Тері асты май қабатының даму дәрежесі қалыпты

З)  Лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырсынусыз.

И) Бұлшық еттерінің дамуы қанағаттанарлық, ауырсынусыз, тонусы сақталған.

К) Сүйек-буын жүйесінде – оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінде жарықшақты орнынан тайған сынығы бар, сан буыны деформацияланған, ісінген, пальпацияда ауырсынады, сол жақ сан буынының жоғары 1/3 бөлігінде сықыры бар, патологиялық қозғалыс.

  1. ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ

Дауысы анық, тыныс алуы мүрын арқылы,еркін,жиілігі минутына-16 рет. Тыныс алу типі кеуделік, ырғақты. Көкірек клеткасы симметриялы, конус тәрізді, екі жағы да тыныс алу актісіне бірдей қатысады.

Пальпация:

Көкірек клеткасын пальпациялағанда ауырсынусыз, дауыс дірілі өзгермеген, өкпенің серпімділігі қалыпты.

Перкуссия:

Салыстырмалы перкусия:

Өкпенің барлық бөлігінде ашық өкпелік дыбыс естіледі.

Топографиялық перкуссия:

Өкпенің бөлігіОң жақСол жақ
Өкпе ұшының биіктігі алдыңғы жағынан3 см жоғары орналасқан.3 см жоғары орналасқан.
Артқы жағынан7-ші мойын омыртқасының өсіндісінің деңгейіне сәйкес келеді.

 

Ал Кренинг алаңы7 см.

 

7 см.

 

Төс маңы сызығы бойынша5-ші қабырға аралықанықталмайды
Бұғана орта сызығы6-шы қабырға аралықанықталмайды
Алдыңғы қолтық асты сызығы 7-ші қабырға7-ші қабырға
Ортаңғы қолтық асты сызығы8-ші қабырға8-ші қабырға
Артқы  қолтық асты сызығы9-шы қабырға9-шы қабырға
Жауырын ортасы сызығы10-шы қабырға10-шы қабырға
Омыртқа маңы сызығы11-ші кеуде омыртқасы11-ші кеуде омыртқасы
Өкпе экскурсиясы

 

                                     4 см.

Аускультация: Аускультативті тыңдағанда везикурярлы тыныс етіледі. Қосымша тыныс шуылдары, сырылдар жоқ. Бронхофония екі жағынан да өзгермеген.

  1. ЖҮРЕК – ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІ

Жүрек аймағын қарау: жүрек аймағында патологиялық пульсация байқалмайды.

Артерия мен веналарды қарау: патологиялық пульсациялар байқалмайды.

Пальпация: Жүрек ұшының соққысы – сол жақта V қабырғааралықта анық анықталады, таралмайды, күшті, биіктігі орташа, бағыты итеретін. Басқа патологиялық симптомдар анықталмайды.

Перкуссия:

Жүректің тұйықтық конфигурациясы – қалыпты.

Жүрек аускультациясы: берілген 5 нүкте бойынша жүрек тондары тұйықталған; ритмі дұрыс; дыбыстылығы – қалыпты; 3-ші және 4-ші тондар естілмейді. Патологиялық шулар естілмейді.

ЖЖС –84 рет/мин; АҚ – 190/160 мм.с.б.

Білезік артериясындағы пульс жиілігі – 84 рет/мин; синхронды, екі қолда да бірдей; жиілігі бірқалыпты, толымдылығы жақсы,. Пульс дефициті жоқ.

Қолқа пальпациясы: қолқада, мойындырық шұңқырында және көк тамырларда патологиялық пульсациялар байқалмайды.

Тамырлар аукультациясы: аускультация кезінде патологиялық шулар жоқ.

Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекаралары
ОңСол Жоғарғы
4-ші қабырға, төс сүйектің оң жақ жиегінен 1 см сыртқа қарай.5-ші қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа қарай.

 

3-ші қабырға аралық төс маңы сызығы бойынша.
Жүректің абсолютті тұйықтық шекаралары
ОңСолЖоғарғы
4 қабырға аралығымен тексергенде төстің сол жақ жиегіне сәйкес келеді.

 

жүректің сол жақ салыстырмалы тұйық шекарасынан 2 см ішке бұғана орта сызығы бойынша.Төстің сол жақ сызығы бойынша 3 қабырға арасында орналасқан.
Жүректің көлденең мөлшері
ОңСол
1 см7 см
Тамыр шоғырының ені
2-ші қабырғаралықта анықталады, ені 6 см.
  1. Асқорыту мүшелері

Қарау: Тілі құрғақ, ақ жабынмен жабылған; тістерінде тісжегі жоқ; жұтынуы еркін; тамақ жұтқыншақ арқылы оңай өтеді; бадамша бездерінде патология жоқ. Іш конфигурациясы – дұрыс формалы; кіндік – таза; тері асты көк тамырларының кеңеюі байқалмайды; тыныс алу актісіне қатысады.    Перкуссия: Перкуторлы дыбыс – тимпаникалық; іш қуысындағы сұйықтықтар қозғалысы – байқалады.

Пальпация: Беткей пальпация: іш бұлшықеттерінің жағдайы босаңсыған, іші жұмсақ; ауырсыну байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс; шалпылдау шуы – естіледі.

Терең пальпация: Образцов – Стражеско әдісі бойынша терең пальпация кезінде – ішектердің перистальтикасы анықталады; асқазанның үлкен иілімі – эпигастральды аймақта валик тәрізді пальпацияланады; қалтқысы пальпацияланбайды; қозғалғыш, ауырсынулар жоқ, шұрылдау анықталады. Ұйқы безі пальпацияланбайды, ауырсынусыз.

Аускультация: ішекте перистальтика шуылы естіледі.

  1. Бауыр және өт жолдары

Қарау: Томпаюлар, бауыр аймағының деформациясы байқалмайды.

Перкуссия:

Оң – ортаңғы бұғана сызығы бойынша: жоғарғы – VI қабырғаралық; төменгі – оң жақ қабырға доғасы бойымен.

Дене ортаңғы сызығы: жоғарғы – VI қабырғаралық; төменгі – төстің  семсер тәрізді өсіндісімен кіндік арасындағы арақашықтықтың 1/3 бөлігінде.

Сол жақ қабырға доғасы бойымен: сол жақ қабырға доғасы бойымен.

Курлов бойынша бауыр шекаралары:

  • оң жақ бұғана орта сызығы бойынша – 9 см
  • алдыңғы ортаңғы сызығы бойынша – 8см.
  • Сол жақ қабырға доғасы бойынша – 7 см.
  • Бауыр өлшемі: 9 х 8 х 7

Пальпация: Бауыр – мөлшері ұлғаймаған, оң жақ қабырға стынан пальпацияланады, шеті – доғаланған, беті-тегіс, консистенциясы – жұмсақ, ауырсыну жоқ. Өт қабы пальпацияланбайды, ауырсынуы жоқ.

  1. Көкбауыр

Қарау: томпаю, деформация – жоқ.

Перкуссия: Сол жақ қолтықтың ортаңғы сызығы бойынша: жоғарғы – XI қабырғаның жоғарғы бөлігі; төменгі – XI қабырғаның төменгі бөлігі; алдыңғы – қолтықтың ортаңғы сызығынан 1,5 см солға қарай X қабырғаралықта. Көкбауырлық тұйықтықтың ені – 6 см.

Пальпация: мөлшері үлкеймеген, консистенциясы – жұмсақ, шеті – доғаланған, беті – тегіс.

  1. Зәр шығару жүйесі

Науқастың несеп шығаруы қалыпты, ауырсынусыз, қан араласулар жоқ, түсі сарғыш. Бүйрек аймағы өзгеріссіз. Бүйректі пальпациялағанда анықталмайды,  ауырсынбайды. Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс.

  1. Эндокринді жүйе

Қалқанша без пальпацияланбайды, ауырсынусыз. Эндокринді жүйе жағынан өзгерістер жоқ.

Жергіліті белгілері (Status localis).

Түскен кезінде. оң жақ сан буынының жоғары 1/3 бөлігінде қанмен былғанған, таңуы бар. Таңуды шешкенде сан буынының сырт бетінде 4,0 х 1,0 см болатын жарасы бар, ал сол жақ шынтақ буынының төменгі 1/3 бөлігінде көлденеңінен 3,5 х 1,0 см болатын жарасы бар. Сан буыны деформацияланған, ісінген, пальпацияда ауырсынады, сол жақ сан буынының жоғары 1/3 бөлігінде сықыры бар, патологиялық қозғалыс.

Курация кезінде көзбен қарағанада оң жақ жамбас сан буынында марля дәкесі жапсырылған. Дәкесі аздап қанмен былғанған. Дәкені алғанда операциялық жара көрінеді. Бағыты жоғарыдан төмен қарай кесілген жара. Жиектері тегіс бір-біріне беттесіп бітескен, ұзындығы 8 см шамасында, 7 жерден тігілген. Жара айналасы аздап қанмен былғанған, тері түсі қалыпты, қабыну белгілері жоқ. Пальпация кезінде жара маңы аздап ауырсынады. Операциялық жара беті, айналасы 96° спиртпен сүртіліп, асептикалық таңғыш салынды.

  1. VI. БОЛЖАМ ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ НЕГІЗДЕУ.

Шағымдары негізінде : Оң жақ жамбас сан буынындағы, кеуде қуысындағы, оң жақ білек буынындағы  ауырсынуға шағымданды.

Аурудың анамнезіне: Науқастың айтуы бойынша 21.11.10. күні Көкжыра ауылынан Семей қаласына келе жатқан жолда көлік апаты болды. ЖМЖА-ға өз еркімен туыстары алып келді.

Жергіліті белгілері: түскен кезінде. оң жақ сан буынының жоғары 1/3 бөлігінде қанмен былғанған, таңуы бар. Таңуды шешкенде сан буынының сырт бетінде 4,0 х 1,0 см болатын жарасы бар, ал сол жақ шынтақ буынының төменгі 1/3 бөлігінде көлденеңінен 3,5 х 1,0 см болатын жарасы бар. Сан буыны деформацияланған, ісінген, пальпацияда ауырсынады, сол жақ сан буынының жоғары 1/3 бөлігінде сықыры бар, патологиялық қозғалыс.

Курация кезінде көзбен қарағанада оң жақ жамбас сан буынында марля дәкесі жапсырылған. Дәкесі аздап қанмен былғанған. Дәкені алғанда операциялық жара көрінеді. Бағыты жоғарыдан төмен қарай кесілген жара. Жиектері тегіс бір-біріне беттесіп бітескен, ұзындығы 8 см шамасында, 7 жерден тігілген. Жара айналасы аздап қанмен былғанған, тері түсі қалыпты, қабыну белгілері жоқ. Пальпация кезінде жара маңы аздап ауырсынады. Операциялық жара беті, айналасы 96° спиртпен сүртіліп, асептикалық таңғыш салынды.

Обьективті тексерулер нәтижесі: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Төсектегі жағдайы мәжбүрлі. Бет әлпетінде ауырсыну сезімі білінеді

Қарау: Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінде жарықшақты орнынан тайған сынығы бар, сан буыны деформацияланған, ісінген, пальпацияда ауырсынады, сол жақ сан буынының жоғары 1/3 бөлігінде сықыры бар, патологиялық қозғалыс соған сәйкес  болжам диагноз қойылды:

Болжам диагноз: Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің ашық II Б дәрежедегі жарықшақты орнынан тайған сынығы. Оң жақ білегінің төменгі бөлігінің жаншылған жарасы. Іштің алдыңғы бетінің соғылуы

VII. ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ НЕГІЗДЕУ

  1. Жалпы қан анализі.
  2. Қанның биохимиялық анализі.
  3. Жалпы зәр анализі.
  4. Жамбас сан буынының рентгенологиялық зерттеуі.
  5. Қан тобын анықтау.
  6. Қанды RW – ға тексеру..
  7. Нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру.

Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелері

 

 

Зерттеу аты

 

нормада

Науқасты зерттеудегі нәтиже 

Интерпре-тация

 

1.

 

Жалпы қан анализі

22.11.10 жыл

Гемоглобин

Эритроциттер

Лейкоциттер

Түсті көрсеткіштер

ЭТЖ

 

 

 

120 – 140 г/л

3,9 – 4,7 х 1012

4 – 9 х 109

0,8 – 1,1

2 –15 мм/сағ

 

 

 

126 г/л

3,9*1012

19,6*109

0,9

38  мм/сағ

 

 

 

 

N

N

N

 

2.

 

Шилинг бойынша гемограмма:

Миелоциттер

Жас клеткалар

Таяқша ядролы

Сегмент ядролы

Эозинофильдер

Базофилдер

Моноциттер

лимфоциттер

 

 

 

0

0 – 1

1 – 6

49 – 72

1 – 5

0 – 1

4 – 11

19 – 37

 

 

 

 

0

1

3%

65%

1%

1%

4%

27%

 

 

 

N

N

N

N

N

N

N

N

 

 

3.

 

Қанның биохимиялық анализі

22.11.10 жыл

Жалпы белок

Жалпы билирубин

 

Холестерин

 

Креатинин

 

 

 

 

 

 

60 – 90 г/л

1,71-21,34 мкм/л

 

3,64-5,2мкм/л

 

0,04-0, Змкм/л

 

 

 

 

 

 

71,5 г/л

11,28мкм/л

 

7,1 мкм/л

 

0,10мкм/л

 

 

 

 

 

 

 

N

N

N

N

 

 

4.

 

Жалпы зәр анализі

22.11.10 жыл

Физикалық қасиеті

–         Түсі

–         салыстырмалы тығыздығы

–         белок

 

–         РН

 

 

 

 

 

Ақшыл сары

1010-1020

 

жоқ немесе іздері ғана

қышқыл

 

 

 

 

 

Сары

1012

 

0,099

 

қышқыл

 

 

 

 

 

N

N

 

 

N

 

Қорытынды; ЖҚА – Лейкоциттер 19,6 *109;  ЭТЖ 38  мм/сағ

ЖЗА – белок 0,099

  1. Қан тобын анықтау. 22.11.10.

Қорытынды; А (II) 

  1. Қанды RW – ға тексеру: 22.11.10.

   Қорытынды;  RW +     

  1. Жамбас сан буынының рентгенологиялық зерттеуі. 22.11.10.

Қорытынды; Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің жарықшақты       орнынан тайған сынығы.

  1. I КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ НЕГІЗДЕУ

Болжам диагноз негізінде; Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің    ашық II Б дәрежедегі жарықшақты орнынан тайған сынығы. Оң жақ білегінің төменгі бөлігінің жаншылған жарасы. Іштің алдыңғы бетінің соғылуы.

Лабораторлық және инструменталды тексеру нәтижелері:

ЖҚА – Лейкоциттер 19,6 *109;  ЭТЖ 38  мм/сағ

ЖЗА – белок 0,099

Жамбас сан буынының рентгенологиялық зерттеуі  оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің жарықшақты орнынан тайған сынығы. Осы жоғарыда келтірілген тексеру нәтижелеріне сүйене отырып мынадай клиникалық диагноз қойылды:

Клиникалық диагноз:

Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің    ашық II Б дәрежедегі жарықшақты орнынан тайған сынығы. Оң жақ білегінің төменгі бөлігінің жаншылған жарасы. Іштің алдыңғы бетінің соғылуы.

XІ. ЕМДЕУ

  1. Алғашқы медициналық көмек.
  2. Дәрігерге дейінгі көмек.
  3. Алғашқы дәрігерлік көмек.
  4. Мамандырылған көмек.
  5. Арнайы көмек.

 

  1. Алғашқы медициналық көмек және дәрігерге дейінгі көмек.

Жараға асептикалық таңғыш салынып, 0,25%-тік новакайн жансыздандыру мақсатында енгізілді.

  1. Алғашқы дәрігерлік көмек.

Қан ағу тоқтатылып, шоктың алдын алу шаралары жүргізілді. Қан тоқтату асептикалық таңғышпен және қан тоқтату қысқышпен жасалды. Шокқа қарсы , 0,25%-тік новакайн ерітіндісі енгізілді.

  1. Мамандырылған көмек.

Режим – төсектік.

Диета 15

Қаңқадан тарту емі жасалынды.

Rp. Sol. Promedoli 2%-1.0

Sol. Dimedroli 1%-1.0

D.S. бұлшық етке енгізу

  1. Арнайы көмек.

Операциялық ем жасалынды. Оң жақ ортан жіліктің комбинирленген экстра және интрамедулярлы остеосинтезі.

Rp. Sol. Promedoli 2%-1.0

Sol. Dimedroli 1%-1.0

D.S. бұлшық етке енгізу

Операция хаттамасы:

Операцияның аты: Оң жақ ортан жіліктің комбинирленген экстра және интрамедулярлы остеосинтезі.

Күні: 01.12.10.

Басталды: сағат 9:45

Аяқталды: сағат 12:12

Науқастың аты-жөні: Жакилина Г.Қ.ф

Карта: 6263

Операцияға дейінгі диагноз: Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің    ашық II Б дәрежедегі жарықшақты орнынан тайған сынығы. Оң жақ білегінің төменгі бөлігінің жаншылған жарасы. Іштің алдыңғы бетінің соғылуы.

Операциядан кейінгі диагноз: Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің    ашық II Б дәрежедегі жарықшақты орнынан тайған сынығы. Оң жақ білегінің төменгі бөлігінің жаншылған жарасы. Іштің алдыңғы бетінің соғылуы.

Ауырсынуды басу: Перидуральді анестезия.

Операцияны жасагандар:  

  • хир. Дюсупов А.А.
  • асс.Тоқтаров Е.Н.
  • Серикбаев А.С.
  • опер.медбике: Рахимбаева Г.
  • анестезиолог: Бокаева Р.

XI. КҮНДЕЛІК

30.11.10.

Оң жақ жамбас сан буынындағы, оң жақ білек буынындағы  ауырсынуға шағымданды.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, ұйқысы тыныш, тәбеті жақсы. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Тері асты май қабатының даму дәрежесі – жақсы, көзге көрінетін шырышты қабықтары қалыпты түсте, таза, ылғалды. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырсынусыз. Араны қалыпты, жабылулар байқалмайды. Тыныс алу еркін мұрын арқылы, өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. Іші қалыпты формада, жүмсақ, ауырсынусыз. Бауыр көкбауыр үлғаймаган, ауырсынусыз. Бүйрегі пальпацияланбайды. Нәжісі қалыпты.Зәр шығару еркін, ауырсынусыз.

Артериялық қан қысымы – 110/80 мм. сынап бағанасында. Пульсі -78 соққы/мин. Тыныс алу жиілігі – 19 рет/мин. Температурасы- 36,5 °С.

Қаңқадан тарту қызметі дұрыс,біздер маңайы қабынусыз. Жарасы таза,бөлініс жоқ, тігісі тыныш. 96° спиртпен өңделіп асептикалық таңғыш салынды

01.12.10.

Оң жақ жамбас сан буынындағы   операциялық жара маңындағы ауырсынуға шағымданды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, ұйқысы тыныш, тәбеті жақсы. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Тері асты май қабатының даму дәрежесі – жақсы, көзге көрінетін шырышты қабықтары қалыпты түсте, таза, ылғалды. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырсынусыз. Араны қалыпты, жабылулар байқалмайды. Тыныс алу еркін мұрын арқылы, өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. Іші қалыпты формада, жүмсақ, ауырсынусыз. Бауыр көкбауыр үлғаймаган, ауырсынусыз. Бүйрегі пальпацияланбайды. Нәжісі қалыпты.Зәр шығару еркін, ауырсынусыз.

Артериялық қан қысымы – 110/80 мм. сынап бағанасында. Пульсі -78 соққы/мин. Тыныс алу жиілігі – 19 рет/мин. Температурасы- 36,7 °С.

Таңуда: жарасы аздап қанмен былғанған, дренажды түтікше қызметі дұрыс. 30 мл қанды бөлініс, тігістері тыныш. 96° спиртпен өңделіп асептикалық таңғыш салынды.

02.12.10.

Оң жақ жамбас сан буынындағы   операциялық жара маңындағыауырсынуға шағымданды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, ұйқысы тыныш, тәбеті жақсы. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Тері асты май қабатының даму дәрежесі – жақсы, көзге көрінетін шырышты қабықтары қалыпты түсте, таза, ылғалды. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырсынусыз. Араны қалыпты, жабылулар байқалмайды. Тыныс алу еркін мұрын арқылы, өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. Іші қалыпты формада, жүмсақ, ауырсынусыз. Бауыр көкбауыр үлғаймаган, ауырсынусыз. Бүйрегі пальпацияланбайды. Нәжісі қалыпты.Зәр шығару еркін, ауырсынусыз.

Артериялық қан қысымы – 110/80 мм. сынап бағанасында. Пульсі -78 соққы/мин. Тыныс алу жиілігі – 21  рет/мин. Температурасы- 36,6 °С.

Таңуда: жарасы аздап қанмен былғанған, дренажды түтікше қызметі дұрыс. 50 мл қанды бөлініс, тігістері тыныш. 96° спиртпен өңделіп асептикалық таңғыш салынды.

XII. ЭПИКРИЗ

Науқас  Жакилина Гүлнар Қайнарқызы  03.01.63 жылы дүниеге келген. Уақытында жетіліп туған, туғандағы салмағы есінде жоқ. Бала кезіндегі дамуы қалыпты өткен. Мектепке 7 жасынан бастап барған, мектептегі үлгерімі жақсы.

Түскен кезде негізгі шағымдары: Оң жақ жамбас сан буынындағы, кеуде қуысындағы, оң жақ білек буынындағы  ауырсынуға шағымданды

Анамнезінен: Науқастың айтуы бойынша 21.11.10. күні Көкжыра ауылынан Семей қаласына келе жатқан жолда көлік апаты болды. ЖМЖА-ға өз еркімен туыстары алып келді.

Түскен кездегі обьективті белгілері: оң жақ сан буынының жоғары 1/3 бөлігінде қанмен былғанған, таңуы бар. Таңуды шешкенде сан буынының сырт бетінде 4,0 х 1,0 см болатын жарасы бар, ал сол жақ шынтақ буынының төменгі 1/3 бөлігінде көлденеңінен 3,5 х 1,0 см болатын жарасы бар. Сан буыны деформацияланған, ісінген, пальпацияда ауырсынады, сол жақ сан буынының жоғары 1/3 бөлігінде сықыры бар, патологиялық қозғалыс.

Курация кезіндегі обьективті белгілер: көзбен қарағанада оң жақ жамбас сан буынында марля дәкесі жапсырылған. Дәкесі аздап қанмен былғанған. Дәкені алғанда операциялық жара көрінеді. Бағыты жоғарыдан төмен қарай кесілген жара. Жиектері тегіс бір-біріне беттесіп бітескен, ұзындығы 8 см шамасында, 7 жерден тігілген. Жара айналасы аздап қанмен былғанған, тері түсі қалыпты, қабыну белгілері жоқ. Пальпация кезінде жара маңы аздап ауырсынады. Операциялық жара беті, айналасы 96° спиртпен сүртіліп, асептикалық таңғыш салынды.

Лабораторлы және инсрументальды тексеріс нәтижелері

ЖҚА – Лейкоциттер 19,6 *109;  ЭТЖ 38  мм/сағ

ЖЗА – белок 0,099

    Қан тобын анықтау. 

Қорытынды; А (II) 

    Қанды RW – ға тексеру: 22.11.10.

    Қорытынды;  RW +     

Жамбас сан буынының рентгенологиялық зерттеуі. 22.11.10.

Қорытынды; Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің жарықшақты          орнынан тайған сынығы.

Жүргізілген ем:

  1. Алғашқы медициналық көмек.
  2. Дәрігерге дейінгі көмек.
  3. Алғашқы дәрігерлік көмек.
  4. Мамандырылған көмек.
  5. Арнайы көмек.

 

  1. Алғашқы медициналық көмек және дәрігерге дейінгі көмек.

Жараға асептикалық таңғыш салынып, 0,25%-тік новакайн жансыздандыру мақсатында енгізілді.

  1. Алғашқы дәрігерлік көмек.

Қан ағу тоқтатылып, шоктың алдын алу шаралары жүргізілді. Қан тоқтату асептикалық таңғышпен және қан тоқтату қысқышпен жасалды. Шокқа қарсы , 0,25%-тік новакайн ерітіндісі енгізілді.

  1. Мамандырылған көмек.

Режим – төсектік.

Диета 15

Қаңқадан тарту емі жасалынды.

Rp. Sol. Promedoli 2%-1.0

Sol. Dimedroli 1%-1.0

D.S. бұлшық етке енгізу

  1. Арнайы көмек.

Операциялық ем жасалынды. Оң жақ ортан жіліктің комбинирленген экстра және интрамедулярлы остеосинтезі.

Rp. Sol. Promedoli 2%-1.0

Sol. Dimedroli 1%-1.0

D.S. бұлшық етке енгізу

Жүргізілген ем нәтижесі: Арнайы емес комплексті емнің нәтижесінде барлық субьективті, обьективті, инструментальды белгілер қалпына келуі, мазалаған шағымдардың жоғалуы нәтижесінде науқас жағдайы жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды.

Қорытынды диагноз: Оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің    ашық II Б дәрежедегі жарықшақты орнынан тайған сынығы. Оң жақ білегінің төменгі бөлігінің жаншылған жарасы. Іштің алдыңғы бетінің соғылуы.

Сырқатнамада қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. В.И. Маколкин, С.И. Овчаренко: Внутренние болезни: Медицина, 1999г
  2. С. Крыжановский, М. Вититнова: Современные лекарственные средства: Новейший справочник, 2005 г.
  3. Интернет материалдары.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!