Ішек дисбактериозы

  «Дисбактериоз» термині 1916 жылы ішек микрофлорасының антогонистті функциясының төмендеуін белгілеу үшін енгізілді. Ішек дисбактериозы – көптеген ауруларда және клиникалық жағдайларда пайда болатын, қалыпты микрофлораның құрамының сандық және сапалы бұзылуларымен, сонымен қатар оның әртүрлі өкілдерінің өзіне тән емес биотоптарға транслокациясымен және олардың шектен тыс өсуімен, метаболикалық және иммунологиялық бұзылыстарымен сипатталатын және науқастардың кейбір бөлігінде ішектің зақымдалуының клиникалық белгілерімен байқалатын клиникалықлабораториялық синдром.

   Этиологиясы. Балалар ішек дисбактериозының негізгі себептері болып есептеледі:

– Баланың тиімсіз тамақтануы, соның ішінде жасанды тамақтану – ішек- қарын жолдарының фатикалық аурулардан кеін функциялық және органикалық аурулары;

– ұзақ уақыт антибактериальды ем;

– жедел инфекциялық аурулардан кейін және созылмалы соматикалық аурулардың фонында жалпы және жергілікті иммунитеттің әлсіреуі.

     Патогенезі.

  1. асқорыту мүшелерінің аурулары (созылмалы панкреатит, өттас ауруы, созылмалы гепатит, бауыр циррозы, ойық жара ауруы, созылмалы гастрит, тітіркенген ішек синдромы, ішек созылмалы қабынуылы аурулары);
  2. жүрек-тамыр аурулары (гипертониялық аурулар, миокардиодистрофия);
  3. заттек алмасу аурулары (семіру, қант диабеті, зәр тас ауруы);
  4. аллергиялық және аутоиммундық аурулар (бронхиальды астма, ревмотоидты артрит);
  5. гинекологиялық аурулар (дисменорея);
  6. онкопатологиялық процесстер. Дисбактериоздың микробиологиялық және клиникалық тұрғыдан жасалған бірнеше жіктелістері бар. И.Б. Куваева мен К.С. Ладодо (1991 жылы) дисбактериоздың жұмыстық жіктелісін жасаған.

Дисбактериоздың жіктеклісі :

  • І дәрежесі бифидо- және лактобакетриялардың санының 1-2 деңгей төмендеуімен сипатталады.
  • ІІ дәрежесі Бифидо- және лактобактериялардың санының 3-4 деңгей төмендеуі фонында шартты патогенді стафилококктар мен протейлердің көбейгені анықталады. Шартты патогенді флораның шамалы білінетін гемолитикалық қасиеті байқалады, яғни жаугершілік қабылет пайда болады.
  • ІІІ дәрежесі Анаэробтардың (бифидо- және лактобактериялардың 105 -106 дейін) төмендеуімен және аэробтардың біртіндеп көбеюімен сипатталады. Шартты патогенді флораларда айқын жаугершілік қасиет пайда болады Бұл сатыда көп мөлшерде саңырауқұлақтардың Candida ұрпағы, протей, клебсиеллдер, энтеробактериялар, стафилоккокктар көп мөлшерде анықталады.
  • IV дәрежесі Бифидобактериялардың жойылуымен, лактобактериялар мен іш таяқшасының айтарлықтай азаюуымен сипатталады. Облигаттық және факультативтік микроорганизмдердің сандық қатынасының, олардың биологиялық қасиетінің, энтеро- және цитотоксиндерінің айтарлықтай өзгеруі байқалады.

Ішек микрофлорасының және ең бірінші антогонистикалық, фукнциясы күрт төмендейді. Осының салдарынан асқорытудың ауыр бұзылыстары, асқорыту жолының клегей қабатының деструкциялық өзгерістері, бейспецификалық резистенттілігінің төмендеуі пайда болады. Дисбиоздың бұл сатысы цитостатиктер немесе гормондармен емделу фонында антибиотиктерді көп қабылдағанда, онкологиялық аурулары бар науқастарыдың іш, кіші жамбас қуыстарын рентгенмен сәулелендіргенде немесе химиотерапияда байқалады. ЖАҚ «Қазақ тамақтану академиясы» мен ҚР ДМ педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы эубиоздың микробиологиялық жіктелісінің өзіндік варианты дисбактериоздың төрт дәрежесін жасаған

     Клиникасы. Ішек дисбактериозының клиникалық көрінісі (синонимы: ішекте бактерияның ішектен тыс өсуі, ішек дисбиозы) жергілікті (ішекте) белгілерді және синдромдарды, сонымен қатар ішек микрофлорасының және оның токсиндерінің миткроорганизмнің ішкі ортасына танслокациясының, тағамдық заттардың сорылуының бұзылуының, иммунологиялық бұзылыстарның және басқалардың әсерінен пайда болған жүйелік бұзылыстар. Диагностика. Қазіргі кезде ішек дисбактериозын анықтау келесі әдістер қолданылады:

– ішектің шеткі бөліктерінің микробтық пейзаждық құрамын анықтауға мүмкіндік беретін бактериялық зерттеулер;

– биохимиялық: фекалдың супернатанттарының протеолитикалық активтілігін анықтайтын экспресс-әдіс;

ß-аспртилглицин, ß-аспртиллизин, ß-аланин, 5-аминовалериан және γ-аминомай қышқылдарын анықтайтын қағаздағы жоғарывольтті электрофорез;

– фекалда өттің биогенді аминдерін және карбондық қышлдарды, ароматтық қосындыларды анықтау үшін ионды хроматография;

– сірке, валериан, капрон, изомайлы және басқа ұшып кететін майлы қышқылдарды анықтау үшін газды сұйықты хроматография; – кілегей қабатының биоптатын зертеп, ащы ішек қабырғасындағы микрофлора құрамын анықтау (ең дәл әдіс).

   Бұзылған ішек микробиоценозын қалыптастыру бірнеше тәсілдермен жүргізіледі:

– қажет емес микроорганизмдерді селективті жоятын эубиотиктермен (интетрикс, энтероседив), антибиотиктермен, бактериофагтармен;

– ішекті жеткіліксіз микрофлора өкілдерімен толықтыру; бифидобактериялар негізіндегі пробиотикалық препараттар (бифидумбактерин, бифидумбактерин- форте, пробифор, биформ, бифилиз, лактобактариялар негізінде (лактобактерин, ацилат, аципол, линекс, ви тафлор, билбакктон), колибактриялар негізінде;

– Bacillus ұрпағының апатогенді өкілдерінің препараттарын (бактисубтил, споробактерин, биоспорин) және Saccharomyces boulfrdii (энтерол) пайдаланумен;

– эндогенді облигатты ішек микроорганизмдерінің өсу мен метаболикалық активтілігін стимульдейтін пребиотикалық препараттар көмегімен пайдалы микрофлораның дамуына жағымды жағдай жасаумен (эубикор, хилак – форте, лактулоза). Соңғы кезде фрукто- және галактоолигосахаридтер, моносахаридтер (ксилит, раффиназа), полисахаридтер (пектиндер, дестриндер, инулин), тағамдық талшықтар, өсімдіктік және микробтық сығындылар, микробтар ферменттері, (сахаромицееттер протеазасы, ß-галактозидазалар), амин қышқылдары (валин, аргинин, глутамин қышқылы), антиокисданттар (А, С, Е дәрумендері, каротиноидтар, селен тұзы), қанықпаған майлы қышқылдар (эйкозопентайлы және басқа балдырлар сығындысы.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!