Туа біткен жүрек ақаулары

Қарыншаралық перденің мүкістігі төстің сол жақ қырынның бойында дөрекі систолалық шудың естілуімен сипатталады. Шу 4 қабырғаралықта жақсы естіледі, жүрек тұсының барлық нүктелеріне тарайды. Әдетте сол қолтық астына тарамайды. Жүректің перкуссиялық шекаралары оңға да, солға да ұлғаяды. Рентгенограммада жүректің оң және сол қарыншаның мөлшерінің ұлғайғаны, кіші қан шеңберінің қанмен толысуына байланысты өкпе көрінісінің (суретінің) күшейгені анықталады. ЭКГ-де жүректің екі қарыншасында гипотрофиясы байқалады.

Ашық артериялық өзек төстің сол жақ қырында 2-3 қабырғааралық деңгейінде тұрақты систодиастолалық шумен білінеді. Жаңа туылған балаларда тек қана систолалық шу және өкпе артериясында II-ші тонның күшейгені анықталады. Рентгенограммада жүрек мөлшерінің сол бөлік есебінен арытқаны, өкпе артериясының доғасының шығыңқыланғаны және кіші қан айналым шеңберінің тамырларының қанмен шектен тыс толысқаны байқалады.

     Жүрекшеаралық перденің мүкістігінде төстің сол жақ қырының екінші қабырғааралық деңгейінде орташа білінетін систолалық шу, өкпе артериясы деңгейінде IIші тонның акценті естіледі. Перкуссиялағанда оң жүрекше мен қарыншаның шекараларының кеңейгені анықталады. ЭКГ-де электрлік өстің оңға ығысқаны, оң қарыншаның гипертрофиясы анықталады.

    Фалло тетрадасы цианозбен, ентігу-цианоздық ұстамамен, төстің сол жақ қырының бойындағы систолалық шумен білінеді. Шудың қарқындылыгы ақаудың ауырлық дәрежесіне қарама-қарсы болады. Өкпе артериясын тыңдайтын жерде II тон әлсіреп естіледі. Рентгенограммада өкпе көрінісінің азайған, жүрек мөлшері кішірейіп, «етік» тәрізденеді, өкпе артериясының доғасы семеді. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы анықталады. Магистральды тамырлардың транспозициясы туылғаннан кейін байқалатын жалпы цианозбен білінеді. Шу болмауы мүмкін немесе қосарланатын перде мүкістіктерінің, ия өкпе артериясының тарылуының шуы анықталады. Рентгенограммада көбіне сол қырында жатқан жұмыртқа тәрізденіп, оң жақ бөліктерінің үлкейгені, тамырлар будасының тарылғаны байқалады. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы анықталады.

      Аорта коарктациясына айқын байқалатын ентігу және өкпеде көп мөлшерде естілетін ылғалды сырылдар тән болып келеді. Жүректе шу болмауы, болмаса төстің сол және оң қырында екінші қабырғааралықта естілуі мүмкін. Кейде бұл шу арқада ғана естіледі. Бұл ақаудың негізгі белгісі болып аяқ тамырларының соғуының әлсіреуі және аяқта қан қысымының төмендеуі есептелінеді. Қолда пульс толық және жоғары (биік), қан қысымы қалыпты немесе жоғары болады. Рентгенограммада жүректің оңға немесе солға ұлғайғаны, ЭКГ-да сол немесе екі қарыншаның да гипертрофиясы байқалады.

     Қан айналымының шамасыздығы. Барлық немесе жекеленген мүшелердің және тканьдердің қанмен қамтамасыз етілуін бұзуға, қан мөлшерінің қан арнасының әртүрлі аймағында патологиялық қайта бөліп таратуға соқтыратын гемодинамикалық өзгерістердің қосындысы. Қан айналымының шамасыздығы жедел (бірнеше сағат мерзімінде) және созылмалы (бірнеше күн және одан да ұзақ мерзімде) болып екі түрге бөлінеді.

Сол қарынша түрлі жүректің жедел жарамсыздығы кенеттен пайда болатын тұншығу түрлес ентігумен, акроцианозбен, кілегей қабықтардың көгеруімен, тахикардиямен сипатталады. Ерте жастағы балалар мазасызданып, ыңғайын таба алмай қара терге түседі. Жүрек тұйықтығы сол жаққа қарай ұлғаяды, пульстың толықтығы азайып, жиіленеді. Жүрек дыбыстары тұншығып естіледі, кейде қатты тұншығады. «Шоқырақ» ырғақты болуы мүмкін. Өкпелердің төменгі бөлігінде сырыл көбейеді де, олар өте үнді болып келеді. Баланың тынысы шулы, гүрілді болады, көбікті қан аралас қақырық бөлінеді, баланың ақыл-есі бұзылады. Оң қарынша түрлі жүрек жарамсыздығына ерте жастағы балаларда бауыр мен бірге талақ та өседі, жергілікті көк тамырлар ісінеді (бұл белгі ерте жастағы балаларда болмауы мүмкін), ісіктер сирек кездеседі.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!