Галеация зақымдануы

Жіктелуі: Басқа сынықтарға қарағанда сирек  кездеседі. Онда бүккіш және  жазғыш болады. Бүккіште – шыбық сүйегі сынғанда бұрыш алақан жаққа  ашылады,ал шынтақ сүйегі  сырт жаққа ығысқан. Жазғышта- шыбық сүйегі сынғанда бұрыш сырт жаққа  ашылған ,ал шынтақ сүйегінің басы  алақанға ығысқан.  Көп жағдайда жазғыш сүйекті сыну жиі байқалады.

Галеация сынығындағы

сынықшалардың ығысуы

 

Жарақат   механизмі: ол көбінесе иықтан қатты соққы алғанда, сирек қолды тіреп құлағанда болады. Шыбық сүйегі негізінен  кривизна аймағында сынады. Бұл кезде дистальды сынықша  ені, ұзындығы  бойынша ғана емес, ротатор әсерінен пронацияланып та кетеді.

Диагностикасы:  білек буынында ауырсыну және ауырсыну иық сүйегіне дейін беріледі. Ось бойынша және сүйекті жақындататын қозғалыстар жасаса ауырсын күшейеді.

Жалпы қарағанда, пронациялық қозғалыста иықтың жоғарғы 1/3 бөлігі мен білезік буынында деформация анықталады. Шынтақ сүйегінің басы буыннан тыс пальпацияланады,басса  жеңіл ығысады,бірақ қысымды болдырмаса қалпына қайта келеді.

Жазғыш сынықтарда иықтың сырт жағында шыбық жағында ішіне кіру анықталады,ал алақан жағында – шығыңқы байқалады,ол сынықшалардың ығысқанын  көрсетеді. Ал шынтақ бетінде  ісіңкі,сырт жағында  ішке кірген,ол шынтақ сүйегі басының алақанда ығысқанын көрсетеді. Бүккіш сынықтарда керісінше ісіңкі –иықтың сырт жағында және білезік  буынында ,ал ішке кіру  алақан жағында байқалады.

Радиологиялық зерттеу: білезік буынын қамтыт  2 проекцияда рентгендік  түсірім жасағанда диагнозды қорытындылауға болады. Ол тек сынықты ғана анықтап қоймай,шынтақ сүйегі басының ығысқанын да анықтайды.

Госпитализацияға дейінгі көмек:  Саусақтан иықтың жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін транспортты иммобилизация және қосымша косынкалы таңу салып стационарға жолдайды.

Емі: шынтақ сүйегін түзеу және  сынықша репозициясы өте қиын,себебі басының қайталанып тайқуы мүмкін. Қолға репозиция жасаған соң  саусақ негізінен  иықтың жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін гипсті таңу салады. Ол 6-8 апта, содан кейін ауыстырып 10-12 аптадан соң жалпыға ауыстырып жалғастырады. Егер түзету және шынтақ сүйегінің басын ұстай алмаған жағдай болса, оперативті ем қолданады. Ең қолайлы  жол ол шыбық сүйегінің ашық репозициясы. Сүйек үстінен пластикалы  остеосинтез бен  шынтақ сүйегінің  басын спицамен бекіту операциясы болып табылады. Егер ашық түзету жасалмаса оған резекция жасалады. Компрессионды –дистракциялық аппарат көмегімен  репозиция  және иммобилизация жасалады.,ол ішкі бекіту қажет етпеуі мүмкін.

Иық сүйегінің сыну- шығуында қолданатын диагностика.

БелгілеріМонтеджГалеация
Жарақат механизміБілектен  соққыНемесе қолмен, құлау
Сүйек сынуыЖоғарғы шынтақ немесе ортаңғы 1/3 бөлігіТөменнен шыбық немесе ортаңғы 1/3бөлігі
Сүйек басының  тайқуыШыбық (алдынан не артынан )Шынтақ (алдынан не артынан )
Максимальды ауырсынуСынық орнында  және шынтақ буынындаСынық орнында  және білезік буынында
ДеформацияБілектің жоғарғы жартысында және шынтақ буынындаБілектің төменгі бөлігінде және білезік буынында
Сүйек  сынықшаларының ығысуыШыбықтың жоғарғы бөлігіндеШықықтың төменгі бөлігінде
Шынтақ сүйегінің  басы сынықшасы анықталады.Орнында

 

Алдынан не артынан шыққан  және шынтақ жаққа қарай
Шыбық сүйегінің басы анықталады.Алдынан не артынан шыққанОрнында

 

Пальпацияда, ось бойынша және  жақындататын қозғалшыста ауырсынуСынық орнында және шынтақ буынындаСынық орнында және білезік буынында
Білек қозғалысы шектелген,ауырсынуменШынтақ буыныда және білектің жоғарғы 1/3 бөлігіндеБілезік буыныда және білектің төменгі 1/3 бөлігінде
2проекциядағы стандартты проекцияда  мына буынмен қосаШынтақ буынындаБілезік буынында

 

Ладья тәрізді сүйектің денесінің және төменгі 1\3 бөлігінің сынықшаларының ығысуымен сынуының жансыздандырудан кейінгі репозициясы білезіктен  тарту қарсылық күшпен иыққа жасалады және кейін « анатомиялық табакерка» аймағында ладья тәрізді сүйекті басу керек. Репозициядан кейін сынықшаларды сыртқы гипстік лангеталық- циркулярлы «пистолетті» таңумен жеңіл сыртқы жазу (150-160градуста) және аздаған білезіктің шыбықтық әкетулі  қалпында  саусақтардың негізінен білектің жоғарғы 1\3 бөлігіне дейін бекітеді. Ладья тәрізді сүйектің қанмен қамтамасыз етілу ерекшелігі жазылу жағдайын қолайлы етпейді, сондықтан ұзақ уақыт иммобилизация  (10-12 апта) жасау керек. Бұл сүйектің жалған буыны кезінде сүйектік пластикаға, компрессирлеуші винтпен туннелизациялы остеосинтезге жүгінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ладья тәрізді сүйектің жалған буынында сүйекті пластика операциясы.

а- теріні тілу, б- каналдарды бұрғылау, в- трансплантатты енгізу.

Асептикалық некроздың кей жағдайларында ладья тәрізді сүйек эндопротезін жасайды.

Жарты ай тәрізді сүйек сынықтары. Жарақат механизмі – шынтақ жағына әкетілген жағдайда білезік буынына құлау. Көптеген жағдайда сынық шығумен бірге жүреді. Жарты ай тәрізді сүйек сынығы ладья тәрізді сүйек сынығынан сирек кездеседі.

Диагностикасы: білезік буынының ортасында сыртқы бетінде шектелген томпаюды анықтайды. Алақанды жұдырыққа түйгенде алақан бетінде ІІІ алақан сүйегі деңгейінде шыбық сүйегі үстінде түсіп қалу анықталады. Буынның қозғалысы, әсіресе жазу ауырсынулы. Жарты ай тәрізді сүйекке басқанда ауырсыну анықталады, ІІІ және ІV саусақтар осі бойынша салмақ түсіргенде осы сүйек аймағында ауырсынулы.

Радиологиялық зерттеу. Екі проэкцияда жасалған рентгенограммалар жарты ай тәрізді сүйектің сыну ерекшелігін көрсетеді.

Емі. Шеткі және сынықшалардың ығысуынсыз болған сынықтарды консервативті емдейді, ол үшін лангетті- циркулярлы гипстік таңуды саусақ – фалангалық буыннан білектің   жоғарғы 1\3 бөлігіне дейін 6-10 аптаға салады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!