Қалқанша без бір-бірімен мойыншық арқылы байланысқан екі бөліктен тұрады, кеңірдектің алдында көмейдің сақина тәрізді және қалқанша шеміршектерінің деңгейінде орналасады, ал төменгі полюсі 5-6 кеңірдек шеміршегіне дейін жетеді. Эндокринды жүйенің ең үлкен безі болып табылады. Оның салмағы 15-35 г.
Ересек адамдарда қалқанша безінің бүйір бөліктерінің ұзындығы 5-8см, ені 2–-4см, ал қалыңдығы – 1,2-2,5. Қалқанша безін қөректендіретін қантамырлары: екі жоғарғы және екі төменгі қалқанша артериялары. Екі жоғарғы артериялар салыстырмалы түрде ұзын және препаровкаға, кесуге және лигатура салуға жақсы. Жоғарғы қалқанша артериялары (a. thyreoideae sup.) ұйқы артерияларынан басталады (а. carotes ext.).
Қалқанша мойын бағанасынан алатын қалқаншабездің төменгі артериясы (а. thyreoideae inf.) безге шашыранды типпен оның капсуласына енеді.Осы жерде артерия тармақтарымен төменгі көмейлік нерв өтеді, ол без капсуласынан тыс манипуляциялар кезінде зақымдануы мүмкін. Нервтің, әсіресе, артқы көмейлік нервтің зақымдануы дауыс байламдарының салдануын туғызады. Егер зақымдалу екі жақты болса, онда тек дауыс жоғалмайды, сонымен қатар, сілекей және тамақ тыныс жолдарына түсуі мүмкін. Төменгі қалқанша артериялары, төменгі көмей нерві және қалқанша бездің төменгі полюсінің артқы-сыртқы шеті арасындағы мойын тіндерінің бөлігі «қауіпті үшбұрыш» деп аталады. Аорта доғасынан шығатын а. thyreoideae ima10-15%жағдайда қалқанша безді қанмен қоректендіреді.А.Я.Чуевский (1903)-1мин ішінде 10г қалқанша безіне 56мл., ал бүйрек тінінің осынша мөлшері – 15мл., ал тыныштықта бұлшықеттер-1,2мл қан келетінін есептеген. Қанмен қамтамасыз етілуіне қарай қалқанша без ағзада бірінші орын алады.
Қалқанша бездің жұқа капсуласы бар және ол мойын фасцияларының (шандырларының) ортаңғы және терең жапы-рақшаларының арасында орналасады. Без дәнекер тінді сыртқы және ішкі жапырақшалардан тұратын қапшықта орналасады. Қалқанша бездің капсуласының ішкі жапырақшасынан безге қарай бездікбөлікшелерге бөлетіндәнекер тін бар. Микроскопиялық әр бөлікше 20-40фолликулдан тұрады, олар бір-бірімен борпылдақ дәнекертінмен бөлінген кубты эпителийден тұрады. Фолликулдар эпителийлік жасушалар бөлетін коллоидпен толтырылған және сыртынан капиллярлар торымен қапталған. Коллоид тирео-глобулиннен-йоды бар гликопротеидтен тұрады. Коллоидтың құрамында РНҚ, ДНҚ, цитохромоксидаза және басқа ферменттер бар. Меншікті фасцияда жоғарғы және төменгі полюстерде 2-46қалқанша маңы безі орналасқан, олардың мөлшері 3-15мм және қалқанша безіне жасалған операцияларда егер оны капсуласымен бірге алса, онда қалқанша маңы безі де алынып кетуі мүмкін. Егер қалқанша безі капсула ішінде алынса, онда эпителийлік денешіктер орнында қалады.
Қалқанша без ағзаның қалыпты қызметі үшін қажетті гормондар бөледі. Без қызметінің жоғарылауы немесе төмендеуі өлімге дейін әкелетін аурулар шақыруы мүмкін. Қалқанша бездің гормондары – тироксин (тетрайодтиронин – Т4), трийодтирониннің (Т3) құрамында 3 және 4 атом йод бар. Осыған байланысты қалқанша без ең негізгі йод тұтынушы болып табылады және ағзада йодтың алмасуында негізгі рөлді атқарады. Оның құрамындағы йодтың мөлшері қаннан 1000 есе жоғары. Тәулігіне адам организмі 120-140мкг йодты тұтынады және дәл осынша мөлшерде йод бөлінеді, ал йодтың бездегі қоры әр 30-50тәулік сайын жаңарып отырады. Қанда йодтың мөлшері тұрақты және 12,5мг%-ға тең. Ағзада йодтың мөлшерін ұстап тұратын мүше – қалқанша без.
Қалқанша без қызметінің реттелуі аденогипофиз-гипоталамус жүйесімен жүзеге асырылады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде тиреобелсендіруші немесе тиреотропты (ТТГ) гормон бөлінеді, ол қалқанша без қызметін жоғарылатады. Гипоталамус тиреотропты гормонның өндірілуін белсендіретін нейросекрет бөледі. Антитиреоидты заттардың йод жетіспеушілігімен үйлесуі ағзаның йодқа қажеттілігі жоғарылағанда, әсіресе, жыныстық жетілу кезінде, ал әйелдерде лактация және жүктілік кезінде, айқын көрініс береді. Осы кезде тиреоидты гормондардың жеткіліксіз мөлшеріне жауап ретінде тиреотропты гормонның өндірілуі жоғарылайды, соңғысы қалқанша бездің үлкеюіне әсер етеді. Қалқанша бездің қызметіне бүйрекүсті бездің және басқа эндокринді ағзалардың гормондары әсер етеді.
1962жылы қалқанша безден йоды жоқ гормоналды белсенді зат бөлініп алынды. Ол зат – тиреокальцитонин, қанда кальций мөлшерін төмендетеді, яғни, паратиреоидты гормонның антагонисі болып табылады. Тиреокальцитонин парафоликулярлы жасушаларда (С-жасушаларда) синтезделеді.
Зерттеу әдістері. Қалқанша без ауруымен ауыратын науқастарда жақсылап анамнез жинау маңызды. Науқаспен сөйлескенде, өмір бойы тұрған жерін анықтау керек. Науқастың сыртқы түрі, бетінің, әсіресе, көздерінің жағдайы, қол треморы қалқанша без ауруларын диагностикалауға мүмкіндік береді. Тері жамылғыларының жағдайы, оның құрғақтығы және ылғалдылығы, түсі, теріасты талшығының ісінуі, науқастың толықтығы немесе арықтығы да маңызды, мойын аймағында – зобтың үлкеюі, оның асимметриялылығы, жеке бұлтиюлар мен түйіндерінің болуы байқалады. Сонымен қатар, мойын және кеуденің жоғарғы аймағында веналардың суретінің күшеюіне, айқын пульсацияға және басқа белгілерге назар аударуға болады. Қарап тексергенде, басты орынды пальпация алады. Безді сипап көру оның көлемі, консистенциясы, ауру сезімділігі, қозғалғыштығы және қоршаған тіндермен байланысы туралы мәліметтер береді.
Пальпация кезінде, ең алдымен, мойынға дұрыс қалып беру керек. Кейде науқастар дәрігерге «көмектесейін» деген ниетпен басын шалқайтып, мойын бұлшықеттерін қатайтады, бұл сипап тексеруді қиындатады. Науқас еркін отыруы және иегін төмен түсіруі керек: бұл кезде басты иетін және претрахеалды бұлшықеттер босаңсиды және қалқанша без сипап сезуге ыңғайлы болады. Содан кейін мойыншық аймағын ортаңғы сызықпен қалқанша шеміршектен төс ойығына дейін пальпациялайды. Науқасты кей жағдайда жатқан қалпында, басын шалқайтып тексереді. Бұл жағдайда жұтынған кезде бұғана астынан науқастың басқа қалпында пальпацияланбайтын төменгі полюстерінпальпациялауға болады. Пальпация кезінде бездің мөлшеріне, консистенциясына, оның қозғалғыштығына және пульсациясына назар аудару қажет. Аускультация арқылы без үстіндегі тамыр шуларын естуге болады.
Диагноз қоюы қиындағанда қалқанша бездің қатерлі және қатерсіз ауруларын диагностикалау үшін пункционды биопсияны қолданады. Сонымен қатар, ақуызбен байланысқан йодты (АБЙ) және бутанолмен экстракцияланған йодты (БЭЙ) анықтайтын биохимиялық әдістер де маңызды. Ересек адамда АБЙ 35-85мкг/л көлемінде болады. Осы деңгейінен төмендеуі – гипотиреоз, ал жоғарылауы – гипертиреоз туралы мәлімет береді. Қалқанша бездің функциясын радиобелсенді йод арқылы анықтаудың бірнеше әдістері бар. Қалыпты жағдайда йод сіңуі 6,24 және 48 сағат көлемінде болады. Медициналық тәжірибеде йод-131 кең қолданады, оның жартылай ыдырау уақыты – 8,05күн. Ғалымдардыңмәліметтері бойынша, сау адам үшін йодтың ұсталу максимумы 20-40%,тиреотоксикозда – 50%, ал гипотиреозда – 15–-10% болып табылады.
Белгіленген тиреоидты гормондар (Т3-Т4). Қалқанша безгормондарының деңгейін анықтау оның функционалды жағдайын сипаттайтын ең шынайы әдіс болып табылады. Радио-иммунологиялық әдістер арқылы қан сарысуында жалпы Т3 (қалыпты жағдайда 1,2-2,8 нмоль/л), еркін Т3 (қалыпты жағдайда 3,4-8,0 нмоль/л), жалпы Т4 (қалыпты жағдайда 64-150 нмоль/л), еркін Т4 деңгейін (қалыпты жағдайда 10-26 нмоль/л) анықтауға болады. Тиреоглобулиннің деңгейінің жоғарылауын қалқанша бездің қабыну ауруларының, зақымдануларының, тиреотоксикоздың және қалқанша безі обырының диагностикасында қолданады.
Тиреолиберинмен функционалды сынама гипоталамус, гипофиз және қалқанша без деңгейіндегі бұзылыстар туралы нақты мәлімет береді. Гипотиреоз кезінде тиреолиберинмен тесттің маңызы зор. Біріншілік гипотиреозда сынама жүргізгенде ТТГ-ның шұғырлануы 20есе жоғарылайды. Екіншілік гипотиреозда ТТГ деңгейі төмен немесе қалыпты. Аталған жағдайдатиреотропин-рилизинг (ТТРГ) гормонмен ынталандырғаннан кейінТТГ-ды анықтау: гипотиреозда көрсеткіштердің жоғарылауы, эутиреозда қалыпты болуы, гипертиреозда жоғарылаудың болмауы; сынама гипотиреоз кезінде маңызды. Тиреоидитке күмән болғанда- МАт (микросомалды антидене) және ТГАт (тиреоглобулин антиденелері) анықталуы тиіс.
Ультрадыбысты зерттеу (УДЗ). Әдіс қалқанша бездің мөлшерін, түйіндерді және кисталарды анықтауда, эхопозитивті (қатерсіз үрдіс) және эхонегативті (қатерлі үрдіс) арасында дифференциалды диагностика жүргізуде маңызды.
Аспирационды биопсия – УДЗ көмегімен күмәнді түйіндердің пунктатының цитологиясы.
Сцинтиграфия түйінді зобқанемесе шектелген аденомаға күмән болғанда «суық» және «ыстық» аймақтарды анықтау үшін қолданады.
Мойынның және кеуде торының жоғарғы бөліктерінің КТ қалқанша без обырын және төсартылық зобтың ірі түрлерінде маңызды.
Басқа зерттеу әдістерінензобтың мойын тамырларымен байланысуын анықтайтын артериография қолданылады, бұл әдіс қатерсіз және қатерлі түйіндерді ажыратуға мүмкіндік береді, обыр үшін патологиялық васкуляризацияға тән.
ЛОР-дәрігердің операция алдындағы және операциядан кейінгі қарауы: ларингоскопия арқылы дауыс байламдарының жағдайын және қозғалғыштығын бағалауға болады.