Эндемиялық зобтан ерекшелігі спорадикалық зоб эндемиялық аймақтардан тыс тұратын халық арасында ғана кездеседі. Спорадикалық зоб, көпшілік жағдайда, зобтың төменгі дәрежесі ретінде дамиды.
Этиопатогенезі әлі толық зерттелмеген. Ғалымдардың айтуы бойынша, оның дамуында тиреоидты ынталандыруға қатысатын орталық жүйке жүйесініңжәне мидың қыртысасты негізі маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, спорадикалық зоб ТТГ-ның эксцессивті гипофизарлыгиперсекрециясынан дамиды, ол гипофиз-тиреоидты тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Зобгормон синтезі бұзылуынан және йод жетіспеушілігінен дамитын қалқанша без гормондарының салыстырмалы жетіспеушілігінен дамуы да мүмкін. Ауру дамуында генетикалық фактордың да рөлі бар. Психикалық жүктемелердіңзоб дамуындағы рөлібұрыннан белгілі.
Қалқанша бездің зақымдалу сипатына байланысты диффузды, түйінді және көп түйінді зобтарды ажыратады.Морфологиялық коллоидты, паренхиматозды және аралас зобты айырады.
Симптомы. Спорадикалық зобтың клиникалық көрінісі зобтың патоморфологиялық сипатына, көлеміне, орналасуына және функционалды жағдайына байланысты. Зоб консистенциясы әдетте жұмсақ-иілгіш. Спорадикалық зобтың клиникалық тұрғыда эндемиялық зобтан еш айырмашылығы жоқ, бірақ эндемиялық аймақтардан тысдамиды.
Эволюциясы. Зоб прогрессивті өседі, кейін кері фиброзды даму басталады. Бұрынғы зоб қатты, және рентгенологиялық зерттеуде онда кальцификаттар анықталады. Эндемиялық зобтағыдай асқынулар дамуы мүмкін: струмиттер, некроздар, геморрагиялар және ісіктік дегенерация.
Диагностикасы. Спорадикалық зоб диагнозы эндемиялық аймақтан тыс болуымен және орта дәрежелі зоб дамуына байланысты қойылады. Тиреоидты қызметті функционалды және клиникалық зерттеу маңызды. Сонымен қатар, жіңішке инелі аспирационды биопсиямен УДЗ қолданылады.
Емі. Бір ғана зоб (3см-ге дейін диаметрдегі) немесе коллоидты зобты тиреоидты гормон препараттарымен –-L-тироксинмен консервативті емдеу тиімді.
Хирургиялық емі. Оперативті емге көрсеткіш көршілес ағзалардың басылуы, түйіннің малигнизациясына күдіктің болуы, консервативті ем тиімсіздігіболып табылады. Оперативті емнің көлемі түйіннің көлеміне және олардың орналасуына байланысты болады. Түйінді зобта зақымдалған аймақ резекциясы жасалады. Ал көп түйінді зобта бөліктің субтоталды резекциясы жасалады, егер екі бөлікте де орналасса, онда шұғыл түрде гистологиялық зерттеумен субтоталды тиреоидэктомия жасалады.