Эссенциалды артериялық гипертензия синдромы

Артериялық қан қысымының көтерілуінде прессорлы әсері бар гуморальдық заттардың (ренин, ангиотензин—II, альдостерон, вазопрессин) маңызы басым болды. Симпато-адренал жүйесінің үстемелі әсері бүйрек артерияларының түйілуін (спазмын) және осыған байланысты бүйрек тка-нінің ишемиясын тудырады. Бүйрек тканінің ишемиясы ренин—ангиотензин—альдостерон механизмін іске қосады. Ол артерия қысымының тұрақты түрде көтерілуін қамтамасыз етеді. Аурудың бұл сатысында артериялық гипертензияның тууына депрессорлық факторлар әсерінің теже-луінің де ролі зор. Ол механизмдерге жататындар:

1) простагландиндер (Е2, Д, А т. б.) бөлінуінің азаюы;

2) кинин жүйесінің тежелуі;

3) ангиотензиназа (ангиотензинді азайтатын фермент) белсеңділігінің азаюы;

4) синокаротид және қолқа доғасы зонасындағы рецепторлар сезімталдығының азаюы.

Аурудың бұл кезеңінде қан қысымы көтерілуінің гемодинамикалық механизмі —шеткі тамырлар кедергісінің күшеюі. Артериялық гипертензия үш негізгі «нысана органдар» (жүрек, бас миы, бүйрек) тамырларының арте-риосклерозын тудырады.  Эссенциялық артериялық гипертензия   ауруының барысы, клиникалық сипаттамасы осы үш органның функциональды күйіне байланысты болады. Эссенциялық артериялық гипертензия   ауруында ұсақ артериялар кабырғасының өткізгіштігі бұзылып, оған белок шөге бастайды. Кейін белок шөккен артерияларда склероз немесе некроз дамып, гипертония ауруында жиі зақымданатын органдарда әр түрлі өзгерістер пайда болады. Органдардағы әзгерістер әр түрлі болатындықтан, гипертония ауруының клиникалы-анатомиялық варианттары да әр түрлі болады. Эссенциялық артериялық гипертензия   ауруында жиі зақымданатын органдар—жүрек, бас миы және бүйректер «нысана-органдар» деп аталады.

Клиникасы. Эссенциялық артериялық гипертензия  ауруына тән шағымдар: бас ауыруы, бас айналуы, көз қарауытып, көз алдында дақ тұру, жүрек тұсының ауыруы, жүректің қатты соғуы. Бас ауыруы, бас айналуы, көздің алды қарауытуы, көз алдында дақ тұруы қан қысымы көтерілгенде ми тамырларының түйіліп, мидың қан айналысын азайтатындықтан болады. Жүрек тұсының ауыруы да жүрек бұлшық еті ишемиясына байланысты туады. Жүректің қатты соғуы симпато—адренал жүйесі белсенділігі күшейгеннен болады. Кейін бұл шағымдарға гипертония ауруында болатын асқынуларға   (жүрек шамасыздығы, ми қан айналысының      бұзылуы,  миокард инфарктісі, гипертониялық ретинопатия) тән  шағымдар  қосылады.

Қарау: Эссенциялық артериялық гипертензия  ауруы дене конституциясы гиперстениялык типті адамдарда жиі кездеседі. Эссенциялық артериялық гипертензия   ауруымен ауыратын кейбір адамдардын беті қызыл шырайлы болып келеді. Ол айналымдағы қан көлемінің көбейгенінен болады. Жүрек ұшы соққысы жайылма, биік және солға қарай ығысқан (сол жак жүрек қарыншасының    гипертрофиясы мен дилатациясы).

Аускультация: Қолқа үстіндегі II тонның акценті артериялык  гипертензияға байланысты.  I тонның екіге бөлінуі жоғарғы қан қысымына қарсы қолқа кақпақтарының кеш ашылуынан туады. Сол жақ қарыншаның дилатациясының нәтижесінде пайда болатын, қос жармалы кақпактың функционалды шамасыздығы бірінші тыңдау нүктесінде естілетін систолалық шудың себебі болады. Эссенциялық артериялық гипертензия  ауруынын басты белгісі артериялык гипертензия деп жоғарыда көрсеттік. Артериялық кан қысымы жоғарылауы дәрежесіне қарай артериялық гипертензия  үш дәрежеге бөлінеді: Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы эксперттер комитетінің ұсынысы бойынша гипертония аурының барысында үш сатыны ажыратады. Аурудың I сатысында негізгі ауру белгісі —артериялық гипертензия ғана болады. Гипертонияда зақымданатын органдар жағынан көзге түсерліктей өзгерістер байқалмайды. Аурудың II сатысында артериялық гипертензиядан баска жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы және көз түбі артериялары кабырғасының гипертрофиясы болады. Аурудың III сатысында бұл белгілермен катар жүрек, бас миы, бүйрек тамырларының артериосклероз белгілері (стенокардия, миокард инфарктісі, ми кан айналысынын бұзылуы, миға қан құйылу, нефроангиосклероз)   болады. Бүйрек жағынан болатын өзгерістер: Аурудың бастапқы сатысында ешқандай өзгерістер болмайды. Ауру үдей келе нефросклероз (бүйректің бірінші ретте бүрісуі) дамып, бүйрек шамасыздығының белгілері пайда болады. Орталык нерв жүйесі жағынан бастапқы кезде бас ауырады  және ұйқы қашады.  Кейін  ми қан    айналысының бұзылған белгілері (спазм, тромбоз, миға қан құйылу) пайда болады. Көз жағынан гипертониялық ретинопатияға тән өзгерістер (көз тубі артерияларының спазмы, көз торының ісінуі және  оған  қан құйылуы)   көздің көруін    нашарлатады. Косымша тәсілдер. Рентгенологиялық тексеру: Сол жак қарынша гипертрофиясының рентгенологиялык белгілерін көруге болады. ЭКГ: Электрокардиограммада сол жак қарыншаның гипертрофиясының және миокард ишемиясының белгілері пайда болады. Емдеу принциптері: Қазіргі кезде эссенциялық артериялық гипертензия синдромында көптеген гипотензивті пррепараттар қолданылуда. Бұлар өздері бір неше  топқа бөлінеді: бета-блокаторлар, диуретиктер, кальций антагонистері, ангиотензин белсеңдіруші фермент тежеушілері ж.т.б. Жеке бөлек науқасқа келгенде ең алдымен оған медикаментозды емес рекомендациялар беріледі: режимі жайлы, тамақтану тәртібі тұралы, артық салмақты төмендету, физикалық жаттығулар жасау, шылым шекпеу, ішімдіктерді ішпеу сияқты. Сонымен қоса АГ деңгейіне қарай дәрі-дәрмектер де тағайындалады.

 

Бұлар немесе жалғыз бір препарат (монотерапия), бұған болмаса, 2 немесе 3 то препараттарын қосып береді (комбинациялық терапия). Және де әр түрлі жағдайларды ескере келе (науқастың жасын, жынысын, салмағын, әлеуметтік жағдайын, ілеспелі ауруларын, артериялық гипертензия дәрежесін тағы да сол сияқты) әр бір науқасқа ең тиімді, ең қолайлы, жақсы нәтиже беретіндей емдік препараттарды тағайындауға тырысады.Тағайындалған емді науқас ұзақ уақыт бойы үзбей, тоқтатпай қабылдау керек. Дәлелденген медицина принциптеріне сәйкес деректер бойынша солай болғанда ғана науқас ұзақ өмір сүріп, артериялық гипертензия синдромының ауыр асқынуларынан аман қалады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!