Қолқа саңылауының тарылуы-сол жақ қарынша жиырылғанда қан қолқаға кедергіге тап бола отырып өтеді. Қолқа сағасы тарылу себептері: ревматикалық, бактериялдық, эндокардит және атеросклероз. Қолқа жармаларының бірімен бірі қабысқанынан және тыртықтың әсерінен тесіктің тарылуы пайда болады.
Гемодинамикасы: қолқа сағасының аз ғана тарылуы қан айналымын айтарлықтай бұзбайды. Тесіктің тарылуы қылыпты жағдайда 3см-ден 1,0-0,5 см-ге дейін болса, сол жақ қарынша қаннан түгел босай алмайды,қан түгел тар тесіктен қолқаға өтіп үлгермейді. Дисатола кезінде қалған қанның үстіне сол жүрекшеден қалыптағыдай қанның мөлшері келеді,осының әсерінен сол қарыншадағы қысым көтеріледі. Осындай өзгеріс жүрек ішіндегі қан айналымын өзгертіп, сол жақ қарыншаның теңелту қасиеті жоғарылап, сол жақ қарыншаның бұлшықеті қалыңдайды.
Симптомдары:қолқаның тарылуы көп жылдай клиникалық жағынан белгісіз жүреді. Қолқаның тесігінің тарылғанынан артерия саласына қан аз мөлшерде түседі, сондықтан миокардтың қоректенуі бұзылады. Осының әсерінен науқастардың жүрек аймағындағы ауыру сезімі жүрек ұстама ауруына (стенокардия) асқынады. Мидың қанмен қоректенуінің бұзылуы салдарынан бастың айналуы,ауыруы, есінен тануы кездеседі, бұл физикалық дене жұмысында эмоциялық тежелу ретінде байқалады. Пальпация жасағанда жүрек аймағында, қолқаның үстінде систолалық діріл-«мысық пырылы» естіледі .
Диагностикасы: рентгенде сол қарыншаның, соңынан сол жүрекшенің, ең соңында оң қарыншаның гипертрофиялық өзгерістері анықталады. Жүрек қолқалық пішімді, мықыны айқындалған. ЭКГ-да сол қарыншалық гипертрофиялық белгілері бар: Т тісшесінің аласаруы не қос фазалылығы анықталады. Тәж қан айналымы бұзылуы белгілері болуы мүмкін. ФКГ-да: 1-ші тон әлсіреуі, ромб тәрізді систола шуының екінші тыңдау нүктесінде және ұйқы артериясында жазылуы тән.