Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігі.сол жақ қарыншаның жиырылған (систола)кезінде сол жақтағы атриовентрикулярлық тесік екі жармалы қақпақшамен толық жабылмайды,сол кезде қарыншадан жүрекшеге қан кері (регургитация) қайтады. Екі жармалы жетіспеушілік органикалық,функционалдық, салыстырмалы болып бөлінеді.органикалық жетіспеушілігі көбінесе ревматикалық эндокардит ауруында пайда болады. Бұның әсерінен екі жармалы қақапақшада дәнекер тіннің жетілуі болады,кейіннен солып,жиырылып, қақпақшаның және оған бағытталған сіңірлік жіпшелердің қысқаруына әкеліп соғады. Осының нәтижесінде ,қарыншаның жиырылу кезінде қақпақшаның жиектері толық түйіспейді,саңылау пайда болады,ал бұдан қарынша жиырылған кезде қанның біраз мөлшері қайта кері сол жақ жүрекшеге қарай ағады. Салыстырмалы жетіспеушілігі кезінде екі жармалы қақпақша өзгермеген,бірақ сол жақтағы атриовентрикулярлық тесік кеңейгеннің әсерінен қақпақша оны тығыз толық жаба алмайды. Функционалдық жетіспеушілігі қақпақшаның жабылуын қамтамасыз ететін бұлшық ет аппаратының қызметі бұзылғанда пайда болады.
Гемодинамикасы: екі жармалы қақпақшаның дұрыс қабыспауынан қарыншаның систоласы кезінде,біраз мөлшерде қан қайта жүрекшеге қарай кері ағады. Жүрекшенің қанға толуы, қанның көбейгенінен жоғарылайды, себебі өкпелік көктамырдан келетін қалыпты қанмен қатар, сол жақ қарыншадан да қан келеді,сол жүрекшеде қысым артып, ол ең алдымен үлкейеді, содан кейін созылады сөйтіп сол жақ жүрекшенің іші кеңейеді.
Симптомдары: көптеген науқастар белгісіз немесе екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде көптеген уақыт бойы ештенеге шағымданбайды және сыртқы бет-әлпетін сау адамдардан ажыратуға болмайды. Тек қана кіші қан айналымында іркілу пайда болғанда оларда мынадай белгілер: ентігу,жүрек қағысы,көгеру және т.б пайда болады.
Диагностикасы: рентгенде сол жүрекше гипертрофиясы, өкпе артериясының конусы кеңуі анықталады және осы өзгерістер салдарынан «жүрек мықыны» жазыңқылау, «жүректің митральды пішімі» қалыптасады. айтылғаннан басқа сол қарыншалық гипертрофия белгілері, декомпинсация кезінде өкпеде тоқырамалы өзгерістер бар. Қосымша тексерулердің ең бастысы ЭхоКГ және допплер ЭхоКГ. Бұл тексерулерде жүрек бөліктерінің қалыңдығы,өлшемдері,систола,диастоладағы олардың көлемдері,қанның жүрек ішіндегі кері ағымдары толық анықталады. Жалпы жүректің митральды жетіспеушілік ақауы сол қарынша мүмкіндігіне сай ұзақ уақыт компенсация жағдайында бола алады.
Балалардағы ерекшелігі: Жүрек клапандарының морфологиялық құрылымы бұзылып, бұлар өз қызметтерін толық дұрыс атқара алмауы жүрек клапандары ақаулары деп аталады. Жүрек ақаулары тумыстан пайда болатып және жүре пайда болатын болып екі топқа бөлінеді. Тумыстан немесе іштен туа болатын жүрек ақаулары жүрек дамуының эмбрионды даму кезіндегі бұзылуынан болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауларының себептері: ревматизмдік эндокардит (70—80% жағдайда), бактериялы эндокардит, атеросклероз, мерез, кеуденің жарақаттануы және т. б.