Статистика – қоғамдық ғылым ретінде. Медециалық статистика

Қоғамдық дербес ғылым, ол қоғамдық құбылыстардың санын, сапасымен салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар белгілі бір уақытта және кеңістікте болған қоғамның даму заңдарына сандық мән береді. Статистиканың негізгі принциптері:

Жалпы халық және көпшілік жағдайын зерделеу. Тек зерттеуге қажетті көлемдегі топтарды бақылай отырып, қоғам дамуын сипаттай алатын және құбылыстарды шығарып тастау арқылы қоғам дамуының заңды мәселелерін алуға, анықтауға мүмкіншілік туады.

Медициналық статистиканың екі түрі бар:
1.Халық  денсаулығының  статистикасы;
2.Денсаулық сақтау ісінің статистикасы;

Халық денсаулығы статистикасының көрсеткішткрі:
а) демографиялық статистика;
б) Сырқаттану статистикасы;
в) Дене білімінің көрсеткіштері статистикасы;
г) Мүгедектік саласы;

Денсаулық сақтау саласы статистикасының зерделейтін негізгі мәселелері:
1. денсаулық сақтау материалдық негіздері;
2. Ресурстарды қолдану;
3. Кейбір арнайы халық топтарына медициналық көмек сыртқы ортаны денсаулыққа және денсаулық сақтауға әсер ететін факторларды тексеру.

Медициналық статистиканың негізгі мақсаттары:

  • Халық денсаулығының өзгерушілігінің ерекшеліктерін  анықтау және оған әсер ететін факторларды табу.
  • Емдеу- сауықтыру  мекемелерінің санын, жұмысының нәтижелерін, емдеу-сауықтыру қызметтердің тиімділігін, дәрігерлердің және басқа да медицина қызметкерлерінің жұмысын зерттеу.
  • Тәжірибелік, клиникалық, гигиеналық және лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін зерттеу.

Статистикалық зерттеулердің негізгі кезеңдері мынадай:

  • Зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау;
  • Мәліметтер жинау;
  • Мәліметтерді өңдеу және топтастыру;
  • Мәліметтерді талдау және қорытынды жасау;
  • Зерттеудің нәтижелерін іс жүзінде енгізу.

 

Статистикалық жиынтықтың нышандары:
Таралуы;
Орта деңгейі;
Айырмашылығы (өзгерушілігі);
Репрезентативтілігі (тұлғалық маңызы);
Өзара байланысы;

Статистикалық жиынтық бақылау бірліктерінен тұрады, оларды арнайы әдіспен қалыптастырады. Әрбір бақылау бірлігінің бірнеше сипаттамасы болады, алайда тіркеуге тек қана зерттеудің мақсатына жетуге қажетті белгілері ғана алынады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!