Рейно ауруы ұсақ артерия мен артериолалар зақымдалуымен жүретін ангиотрофоневроз негізінде жүретін дерт. Көп жағдайда жас әйелдерде кездесіп, айқын микроциркуляторлы бұзылыстармен көрінеді. Аяқтың бақай, табан, қолдың саусақ артериоллалары зақымдалады. Аурудың негізгі көрінісі болып соңғы бөлімдегі артериялардың генерализденген спазмы, олардың дистрофиялық өзгерістері, тромбозбен көрінеді. Ауру саусақ және аяқ тамырларының спазм тудырып, сирек жағдайда құлақ пен мұрын тамырларында байқалады. Процесс басым көп жағдайда қолда кезесіп, екіжақты, симметриялы түрде көрінеді.
рейно ауруы кезіндегі саусақ ұштарындағы тері түсінің өзгеруі
Рейно ауруының негізгі себебі болып: ұзақ уақыттық тоңазыту (ознобления), саусақтардың созылмалы түрдегі травматизациясы, кейбір эндокринді бездердің функциясының бұзылуы (қалқанша без, жыныс бездері), ауыр психикалық ауру. Аурудың бастаушы факторы болып тамырлық иннервацияның бұзылуы жатады.
Рейно ауруының үш сатысын ажыратады:
1 саты –ангиоспастикалық. Тамырлық тонустың айқын түрде жоғарылауымен көрінеді. Соңғы фалангалардың қысқа уақыттық спазмы пайда болады. Саусақтар (жиі 2- 3) өлі тәрізді суық, сезімталдығы бұзылған болып тұрады. Бірнеше минуттан кейін қантамырлар кеңеюімен спазм ауысады. Белсенді түрде гиперемия арқасында саусақтар қызарады, температура жоғарылайды. Науқастар осы кезде саусақта қатты ашу және ауырсынуды сезеді. Фаланга аралық буындардың ісінуі байқалады.Тамырлық тонус қалыпқа келгенде саусақ түсі орнына келіп, ауырсыну симптомдары кетеді.
2 саты –ангиопаралитикалық. Боз түске ауысқан саусақ (өлі саусақ) симптомы бұл сатыда сирек кездеседі. Білек, саусақтар көкші түске енеді, әсіресе қолды төмен түсіріп жүргенде көкшіл түс күшейе түседі. Саусақтардың ісінуі әрдайым болады. Рейно ауруының 1 және 2 сатысы ұзақтығы шамамен 3-5 жылға созылады.
3 саты –трофопаралитикалық. Саусақтарда панариций және жаралар пайда болады. Некроз ошағы пайда болып, бірнеше саусақтардың жұмсақ тіндеріне таралады. Демаркация басталады.
Рейно ауруы емі:
Ангиотроптық препараттармен және спазмолитиктер қолдану, физиотерапия, гипербариялық оксигенация қолданып емдеу қажет. Егер мұндай ем нәтижесіз болса, хирургиялық ем қолданылады. Хирургиялық ем мақсаты: кеуделік және белдік симпатэктомия немесе стеллэктомия (зақымдалу орнына байланысты) жасайды.