Қабылдау бөлімшесіндегі сырқатты санитарлық-гигиеналық жуып-шаю оның күйінің ауырлығын ескере отырып бір немесе екі тасқынды жүйемен жасалады. Кереует саны шағын ауруханаларды бір тасқынды жуып шаю жүйесі, онда кезекпен әйелдерді, ал содан кейін ер адамдарды жуу қоса жүріп жатады да. Ауруңлардың сырқаттар қабылдауң бөлімшесіне тез өтуіне мүмкіндік туады.
Қабылдау бөлімшесінің санитарлық өткізгішінде дәрігерліе тексеру бөлмесі бар, онда сырқатты шешіндіріп гигиеналық ванна алуға даярлайды. Бөлмеде көшетке таза киімге арналған шағын шкафтар мен кір киімге арналған шағын бактар, үстел, оның үстінде қырынуға, шашын қиюға арналған қажетті заттар, сабындар, жөкелер бар. Үстел үстінде «таза жөкелер» және «лас жөкелер» деген жазулары бар екі кастрюль тұр. Әрбір сырқат жуынып шайынған соң жөкелер кастрюльге салып қайнатылады. Ванналарды санитарлық тазартуға арналған арнайы жөкелер мен шөткелер бар, олармен әрбір сырқаттаң соң, ванна тазартылып жуылады. Қазіргі кезде ванна бөлмелеріне заласызданған таза киім мен жеке салынған пакеттер қойылады. Қабырға ауа температурасын көрсетіп термометр ілінеді.
Дәрігерлік тексеру бөлмесінде сырқатты шешіндіріп заттарының екі дана тізімін жасайды, оның біреуін ауру тарихына қатыстырады, ал екіншісін сырқат ауңруханадан шыққанға дейін жататын заттарға салады да оларды сақтау камерасына тапсырады.
Мейіркеш сырқат шашын тексереді. Егер бит немесе сірке табылса , ауруды шешіндірместен көшеткаға отырғызып, қолда бар ерітінділер дің бірімен тазалайды, олар:
1.карбофостың 0,15% сулы эмульсиялы ерітідісі;
2.метилацетофостың 5 % майлы;
- 0,5 % метилацетофос ерітіндісі осыншалық мөлшерде сірке су қышқылы; 4. 5 метилацетофос шампуны;
- дикилдің 0,25 % сулы-эмульсиялы еріткіші;
- 10 % сулы-сабынды-керосинді эмульсиясы (40 бөлігі керосин, 35 бөлігі К немесе шаруашылық сабыны, 25 бөлігі ыстық су.)
Шашты осы ерітіндінің бірімен жуып 15-20 минуттай үшкіл байлап жүреді. Содан кейін қайта-қайта жуып, 6%асханалық сірке суымен шаяды. Шашты алғанда клеенкаға немесе қағазға түсіріп, кейін отқа жағып жібереді. Егер шашты қалдыратын болса , оны жиі тарақпен тарайды. Сіркені кетіру үшінм шашты 27-300С дейәін қыздырылған асханалық сірке суын мақта тампонымен шылайды да 15-20 минуттай үшкіл тартып, содан соң жиі тарақпен тарап, қайтадан шаяды. Киімнен бит шықса, оны дезинфекциялайтын ерітіндіге малынған (4% ДДТ эмульциясы6 гексахлоран 005% карбофос ерітіндісі, ацетофостың немесе метафостың 1% сулы ертіндісі ) клеенкадан жасалған қапқа салады да аурухана тұрған жердегі территориялық дезинфекциялайтын камерасына жібереді. Биті бар сырқат ауру тарихының титуңл бетіне «Р» әріпін жазады. Мұндай сырқат ерекше қадағалауда болады, себебі битті (педикулезді) толық жойғанша жуып-шаю қайталана береді. Әрбір осындай сырқат жайлы мәлімет тұрған жердің СЭС-іне қабарланады.
Дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмесінен сырқатты мейіркеш ванна бөліміне апарады. Ол бөлме кең және жарық, таза және жылы (250) болуы тиіс.Ванна бөлмесінде арнайы желдеткіш болуы қажет. Гигиеналық ванна алу кезінде форточканы ашып желорай жасауға болмайды. Еден су өтпейтін, кафельдермен төселген болуы қажет. Әр ваннада ағаш төсеме жатуы, оның үстіне салфетка жабылуы тиіс. Салфетка әр сырқаттан соң ауыстырылып отыруы керек. Ванна бөлмесіндегі сүртінуге арналған сүлгілерді немесе ақ жаймаларды кептіру үшін электр құрылғылары болғаны жөн. Сырқатты жуып-шаятын ваннаны сабынға немесе қандайда бір дезинфекциялайтын ертіндіге малынған жөкемен немесе шөткемен мұқият жуады. Шүмектің түбінде қошқыл дақ болса 3% хлорлы сутек қышқылымен сүрту қажет. Содан соң ваннаны ыстық сумен шайып , тесігін тығынмен жабады. Суып кетпеуі үшін ваннаны жуындыру алдында ғана толтырады. Су буы болмауы үшін алдымен суық су. Содан кейін ыстық су құяды. Судың температурасын ағаш сапты арнайы термометрмен, оны судан шығармай тұрып, өлшейді. Сырқат арқасы мен желкесі ваннаның жиегіне тіреліп тұруы қажет, сонда судың мөлшері адамның дененсне дейәін көтеріледі.
Сырқат ванна ішінде тайып құламауы үшін аяқ жағына ағаш отырғыш немесе тіреуіш қойылады да науқас оған аяғын тірейді. Сырқатты жөкемен жуу керек: алдымен басын, содан соң денесі мен төменгі жағын, әсіресе жиналып, бозданатын жерлерін (шаштың, шаптың тұстарын, әйелдерде емшек безі мен қолтық асты) жуады.Ваннада болу ұзақтығын судың температурасы мен сырқаттың жалпы күйіне байланысты. Су температурасы 350360 болғанда гигиеналық ванна алудың орташа ұзақтығы 20-30 миут. Ваннангы дайындап, оны таза ұстауға жауапты кіші мейіркеш.Мейіркеш сырқатты жуындыру кезінде жанында болып, оның теғрісі мен тамырының соғуын байқап егер науқас өңі бозарып, басының айналатының, күйінің нашарлағанын айтса, мейіркеш дереу дәрігерді шақыруы тиіс. Сырқатты ваннадан шығарып, денесін сүртіп, көшеткеге жатқызады да, мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскетеді. Немесе басын суық су мен дымқылданған сүлгімен орйды. Егер сырқаттың күйіне қарай гигиеналық ванна жарамаса, душ беріледі. Ол үшін ваннаға орындық қойылып, оған сырқатты отырғызады. Онда да ваннадағы сияқты тәртіппен жуады. Әрбір сырқаттан соң ваннаны сабынды жөкемен жуып, дезинфекциялайтын ерітінділердің бірімен (0,5 % суық хлорлы әкпен немесе 2% хлорамин ерітіндісімен) шаю қажет.
Егер сырқат жай –күйі орташа дәрежеде болса, мейіркеш оның денсін, әсіресе шап тері қыртыстарын, қолтық асты мен әйелдердің емшек бездері астын дезинфекциялайтын ерітінділердің (камфора спирті, иіс су, арақ) бірімен дымқылданған сүлгімен сүртеді. Ванна және дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмелерін өте таза ұстау керек. Көшеткеге клеенка мен жастықты әрбір сырқаттан кейін 2%хлорамин ерітіндісіне немесе 0,5% хлорлы әк ерітіндісімен дымқылданған шүберекпен сүртіп, ал ауысым біткен соң сабынды ыстық сумен жуу қажет. Көшеткедегі ақ жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстырып отыру қажет.
Ванна бөлмесін күніне бірнеше рет жуу керек. Бөлмелелерді жинауға қоланатын құрал-жабдықтар ( шелектер, легендер, ескіберектер т.б.) таңбалануы қажет. Оларды арнайы бөлмеде сақтау керек. Жинауда қолданылған құрал-жабдықтар мұқият жуылып, кептіріледі. Унитаздарды жууға 0,5% хлорлы әктің сұйық ерітіндісі қолданылады. Ауруханалардың бөлімшелерінде олардың профиліне қарамастан сырқатты жуып-шаюдан өткізу үшін төмендегідей құрал жабдықтар мен дезинфекциялайтын құралдары болуы тиіс, олар осы мақсатқа арнайы бөлінген шкафтарда немесе жәшіктерде сақталуы керек.
1.Дезинфекциялайтын құралдар: лизол, сабын, асханалық сірке су, сабынды-керосинді эмульсия, 0,5% гексахлоран ерітіндісі, карбофос, хлорамин.
- Шаш алатын машинка, шаш тастайтын, қақпғы жабылатын шелектер, таза және лас жөкелер салатын қаптар, шаш алғанда сырқат жамылатын жеңіл-клеенка пелерина, мензурка, спирт шамы, мақта үшкілдер, тарақтар, жөкелер.
Сырқат қабылдау бөлімшесінде барынша өте аз уақыт болуы тиіс. Жұқпалы ауруы бар деп сезіктенген сырқаттардың диагнозын тездетіп қойып, эпидемияға қарсы емдеу шараларын қабылдау үшін бактериологиялық сынақ алу қажет.
Сырқатты санитарлық жуып-шаюдан кейін оның ауңруына сәйкес аурухананың арнайы бөлімшесіне палатаға дейінгі жолы тіке де қысқа болуы тиіс. Мұның үстіне сырқат басқа бөлімшелердің сырқаттарымен қатынаспауы, сөйлеспеуі қажет.Жағдайы тым нашар жағдайда сырқат санитарлық жуып-шаймай-ақ қарқынды бақылау бөлімшесіне дәріг.ерлік жедел жәрдем көрсету үшін жіберіледі. Жұқпалы аурулар бөлімшесінде сырқатты оқшаулауға арналған мельцер боксі және жартылай бокс бөлмесі бар, онда халат дезинфекциалайтын ерітіндіні, жуынатын жер, сабын, сүлгі трады. Бокс алдындағы бөлмеде екі есік бар: біріне коридордан кіреді, екіншісі (ішкі) палатаға кіреді, онда сырқаттың ауруханадағы күні оқшаулау кезеңінен тұрады.
Палатада керуеттен, төсек орыннан, тумбочка мен орындықтан басқа санитарлық торап болады. Әрбір бокстың өзінің жақсы таңбаланған жинастыру құрал-жабдығы және 0,5 % хлорлы әк ерітінджісі болуы тиіс. Есіктер саңылаусыз жабылуы қажет. Қызыметкерлер бокс алды бөлмеге есікті мұқият жауып кіреді, қолдарын жуады, екінші халат, қалпақ немесе үшкіл тартады, қажет болған жағдайда дәкеден маска байлайды, тек осылардан кейін ғана ішкі есіктіә қаттырақ жауып бокске кіреді. Сырқатты көріп, қажетті процедураларды орындаған соң мейіркеш бокс алдындағы бөлмеге шығып, аққан судың астына қолын сабындап жуады, 0,5%хлорамин ерітіндісімен дезинфекциялайды, халаты мен қалпағы шешеді де, сыртқы есікті мықтап жауып, коридорға шығады.Бокста істейтін мейіркеш бокста пайдаланылған заттардың міндетті түрде дезинфекциялануын бөлменің үш рет жуылуын және ауруханада жұқпалы ауруды болдырмау үшін сырқаттардың дұрыс оқшалануын қатаң қадағалау тиіс. Сырқат жазылып шыққан соң бокс бөлмесін, заттарды, киім-кешекті мұқият дезинфекциялап жуып, ал медициналық қызыметкерлер халатын ауыстыру қажет.