Мойындық қабырға синдромы

Эмбриогенез кезінде кері даму жетіспеушілігі нәтижесінде сатылы бұлшықет және мойындық қабырға немесе оның қалдығы арасында жүйке-қантамырлық компрессия әсерінен қалыптасады. Мойындық қабырға дамуының төрт түрін ажыратады:

1)мойындық қабырға 7 мойын қабырғасының көлденең өсіндісі аймағынан шықпайды;

2) қабырға осы шекарадан шыққанымен, шеті бос, бірақ 1 қабырға деңгейіне жетпейді;

3) мойындық қабырға 1 қабырғаға дейін жетеді,онымен байлам көмегімен қосылады;

4) мойындық қабырға толық қалыптасқан. Мойындық қабырғаның 3 – 4 орналасу вариант-тарында нұсқаларында жүйке-қантамырлық шоғыр қабырғаға жанасады, қысқа мойындық қабырғада шоғыр осы қабырғаның алдынан немесе олардың арасы және 1 қабырға арасында орналасады.

Клиникалық көріністері. Қосымша мойындық қабырға үшін кейбір конституциялық ерекшеліктер тән: конус тәрізді мойын, алдыңғы, артқы диаметрде қалыңдауы,төмен орналасқан иық мойынның жалғасы ретінде көрінеді. Кейде бұғана үсті аймағын пальпациялағанда, мойындық қабырғаның өзін сезуге болады, мойындық қабырғаны басқанда ауру сезімі мен қолда парестезия болады. Кейде осы жерден систолалық шу естіледі. Неврологиялық симптоматика сезімтал, қозғалтқыш және вегетотрофикалық бұзылыстарға байланысты пайда болады. Ауыр бұзылыстар саусақ ісінуі, саусақ терісінің ылғалдануы мен көгеруі, трофикалық бұзылыстар түрінде білінеді.

 

Синдромның диагнозы осы көрсетілген симптомдарға, қолды әкету сынамасына, сонымен қатар, рентгенографиялық мәліметтерге (7 мойын омыртқасының көлденең өсіндісінің ұзаруы немесе мойындық қабырға) сүйене отырып қойылады.

 

Емі. Консервативті ем нәтижесіз болған жағдайда хирургиялық ем жүргізіледі. Хирургиялық ем алдыңғы сатылы бұлшықетке резекция жасалады, сонан соң қабырғаның 1 мен 2 нұсқаларында вариантында және 3 мен 4 тәсілінде мойындық қабырғаға қосымша резекция жасалады. Бұғана үстілік тәсіл қолданылады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!