Обтурациялық ішек өткізгіштігінің бұзылысы

Ішек саңылауының тарылуы немесе толығымен бітелуі салдарынан ішек құрамындағы заттардың пассажыныңбұзылысын обтурациялық ішек өткізбеушілігі деп атайды. Обтурация ісікпен, қабынулық инфильтратпен, тыртықтық тарылумен, ішектің бұралуымен, копростазбен, бөгде затпен, ішекпаразиттерімен, өт тастарымен, жабысқақпен және құрсақ қуысы ағзаларының ісіктерімен шақырылуы мүмкін.

Симптомы. Обтурациялық өткізбеушілікте симптомдар баяу көрініс береді. Клиникалық белгілері қатерлі ісіктің симптомдарымен қоса дамиды. Ең алдымен арықтау, интоксикация, қаназдық пайда болады. Көбіне жиектоқ ішектің ректосигмоидты бөлігінің ісіктерінде ішектің ісікпен обтурациясы байқалады.Науқастарда іш қату,лента тәрізді нәжіс немесе майда кесек пішінді болады. Нәжісі қан және шырыш аралас сипатта болады. Обтурациялық өткізбеушілік жоғарғы және төменгі өткізгіштік тип бойынша өтуі мүмкін. Мұндай науқастардың анамнезінде өткізбеушілік ұстамасы нәжісі мен газдардың жүрмей қалуынан болады. Аш ішектің ісікпен бітелуі кезінде ішектің толық өтімсіздігі симптомы жедел, жиі және ерте көрініс береді.

Емі. Негізгі емі хирургиялық әдіс болып табылады. Аш ішектің ісігі кезінде ішекрезекциясыжасалады. Соқыр ішектіңнемесе жиектоқ ішектің өрлемелі бөлігінің ісікпен обтурациясы кезінде гемиколэктомия жасайды. Операбелды емес ісік болған жағдайда айналма илеотранзверзоанастомоз немесе табиғи емес артқы өтіс жасалады.

    Ішектің бөгде затпен бітелуі. Сирек кездеседі. Өт тас ауруы кезінде, тас, тесілген саңылау арқылы ішекке түсеіді. Жиі өт қуығы он екі елі ішекпен немесе жіңішке ішекпен жабысқақ құрған жағдайда ішекті бітейді. Ішектің таспен бітелуі көбінесе ішектің бұлшықет аппаратының спазмы нәти-жесінде болады. Тас-жіңішке ішектің Трейц байламынан 70–-150см қашықтықта және мықын ішектің терминалды бөлігінде жиі кездеседі. Сирек пилородуоденалды билиарлы илеус (гастродуоденалды стеноз – Бувер синдромы),сондай-ақ, жуан ішекті түрі кездеседі.

Симптомдары. Бұл ауру ағымы жедел басталып, ұстама тәрізді ауыру сезімі, көп ретті құсу, іштің жүрмеуі байқалады. Көптеген науқастарда емдәм бұзу нәтижесінде пайда болады. Бұл ауру циклды (оралымды) түрде жүреді. Жедел сатылы және 1–-2 күндік ремиссиямен (Каревский симптомы) болады.

Диагностика. Жалпы шолу рентгенограммасында жіңішке ішектің газбен керілгені және Клойбер табақшалары көрінеді. 15-–30% науқастарда өт қуығы проекциясынан алыс тас көлеңкесі және жіңішке ішектен өт жоллына кірген газ байқалады. Жуан ішектің жедел өт тасымен бітелуі деген диагнозды ирригоскопия, колоноскопия арқылы қойылады.

Емі. Тасты оперативті жолмен алып тастайды. Ішекті кесіп, қиғаш бағытта тігеді. Көптеген жағдайда тасты энтеротомия арқылы алады да, оны обтурация болған жерден төмен кескін жасайды, былайша айтқанда, сау тін аймағынан алшақ алады. Тас ішекке тығыз жабысқан болса, резекция жасайды.

    Ішектің нәжіс тастарымен бітелуі. Іш қатумен зардап шегетін, егде жүдеу науқастарда байқалады. Ішек өтімсіздігі симптомдары баяу, біртіндеп басталады.

Симптомдары. Нәжіс тастары өздігінен нәжіспен түсуі мүмкін, бірақ көп жағдайда ішек ойық жарасына және перитонитке алып келеді. Клиникалық көрінісі төменгі ішек өтімсіздігіне тән: нәжіс және газ жүрмеуі,толғақ тәрізді ауру сезімі, жиектоқ ішектің үрленуі,тік ішектегі баллон тәрізді кеңейген бос ампула.

Емі. Жеңіл түрінде консервативті ем жасалады. Егер консервативті ем көмек бермесе (майлы, глицеринді клизмамен шаю, тік ішек арқылы саусақпен тасты майдалау), көмектеспеген жағдайда хирургиялық ем – –колотомия жасау керек. Колотомия арқылы конкрементті алып, табиғи емес жасанды тік ішек қойылады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!