Семіздікті емдеу

Семіздікті емдеуді 2 негізгі сатыға бөлуге болады: дене массасын азайтуды қамтамасыз ету және қол жеткізілген тиімді нәтижені ұстап тұру қажет. Семіздіктің емі кешенді түрде жүргізілуі керек. Емдеудің толық бағдарламасына, калоражды шектеу, тамақтану мәдиниетіне тәрбиелеу (жеке және өтбасы), мінез-құлықты, физикалық жаттығулар, дәрәлермен емдеу (көрсетілім бойынша) кіреді.

Семіздіктің негізгі емі емдәм тәртібі. Тағамдық емді ұйымдастырғанда көптеген жалпы ұстанымдарды сақтау керек. Көлемі бірдей тағамды екі-үш рет қабылдау, көлемін азайтып 5-6 рет қабылдағанмен салыстырғанда майдың қор болып жиналуына себепкер болатындығы анықталған. Сондықтан семіз адамдардың тамақтануы 5-6 рет аз порциядан болу керек. 1800 ден кейін қабылданған тамақ май түрінде қорға жиналады, яғни тәуліктің бұл кезеңінде липосинтез липолизден басым болады. Семіз балаларды тәбеті жоғары болғанда, тамақты қабылдау жылдамдығы баяу болу керек, сол кезде тою сезімі аз тамақ қабылдағаннан кейінде дамиды. Емнің негізігі ұстанымы – тағамдық мәзірдің тәуліктік  энергетикалық құндылығын төмендету болып саналады. Ересек балаларды бөтен, кішкентай балаларға да аз және жоғары калориялы тағамдарды ажыратуды үйрету керек. Осындай науқас балаларға қабылдауға тиым салынбайтын тағамдар, тою сезімін қамтамасыз етуі керек (майлы емес ет, балықтарды пайдалану), тәттілерге қажеттілікті қанағаттандыруы (жеміс-жидектермен, қант алмастыр-ғыштармен шай ішу), асқазанда тойғандық сезімін сезіндіруі (көк өністер арқылы) қажет.

Тамақтану мәзірі термогенезді күшейтуші (көк шәй, кофе, газдалмаған минералды су, теңіз өнімдері) липолитикалық қассиетті (қияр, ананас, лимондарға) тағамдарға бай болу керек. Диетада ақуыз мөлшері жасына сәйкес болу керек, тәуліктік мөлшерде ақуыздың 60-70% жануар текті болу керек. Баланың тәуліктік рационында көмірсуларының жалпы мөлшері жас нормасынан (семіздіктің дәрежесіне байланысты) 25-50% азайтылады. Құрамында жеңіл сіңірілетін көмірсулары, яғни қант, варенье, джемдерді, кондитер және макарон өнімдерін, ұнтақ жарманы, тәтті қосылған сусындарды, қоюланған шырындарды шектейді. Семіздіктің ауыр дәрежелерінде барлық жармалар, нан тағамдары, картоп емдәмнен алынып тасталады.

Балалардың емдәміне көкөністер және жеміс-жидектер кіргізіледі. Майлар бала рационы калориясының тек 30-35% қамтамасыз етуі керек. Мүлдем малдың майын және гидрогенизацияланған майларды (сиыр, шошқа, қойдың майларын, маргаринды) алып тастау керек. Күн сайын балалардың ас мәзіріне өсімдік (жүгері, күнбағыс) майларын қосқан жөн. Емнің маңыздысы болып, баланың қозғалыс тәртібін ұйымдастыру саналады. Бұлшықетті шынықтыру оның атрофиясын азайтады, май қорларындағы майдың тарап кетуіне және дене салмағының төмендеуіне себепкер болады. Суда жүзу және велоспортпен әдетте науқас балалар жақсы қиындықсыз шұғылданады және бұл жаттығулар организмнің қызып кетуіне жол бермейді. Семіздіктің ауыр түрлерінде алғашқысында емдәм, ал кейін дене массасы азайып, тұрақтанғанда физикалық жаттығулар тағайындалады. Толық балаларға спорттық жарыстарға қатынасуға болмайды, олардың жұмыс жасау қабілетінің төмендігін, жүрек-қантамыры жүйесінің шектеулі мүмкіншіліктерін ескеру қажет.

Мектепте олар дене шынықтырумен арнайы бағдарлама бойынша шұғылдануы керек. Дәрімен емдеу тек семіздіктің ауыр түрінде қолданылады. Аноретиктерді қолдану, олар-дың жағымсыз әсерлерінің айқындығына байланысты талас тудыруда. Оларды өте сақтықпен, егер баланың ашқарақтық сезімін тежей алмаған жағдайда, сондай-ақ диета емнен және емдік денешынықтырудан нәтиже болмағанда қолдануға болады. Анорексигендік әсері бар дәрілер-дің ішінде, тою орталығына әсер ететін және тағамға деген қажеттілікті азайтушы дәрілер (си-буграмин, теронак, фепранон және басқа.) ұсынылады. Болашақта қолдануға тиімді болып, ішекте липидтардың ыдырауын және сіңірілуін тежейтін дәрілер саналады. Осы дәрілердің өкілі ксеникал (орлистат), липазаны тежеуші, ол майлардың сіңірілуін 30% тежейді.

Ересек адамдар үшін, құрамында ферменттер (трипсин, липаза) бар «майды жағушы» дәрілер жасалып шығарылуда. Олардың «жағушы» әсері тағам ингридиенттерінің ішекте сіңірілу жылдамдығынан, олардың ферменттік ыдырау жылдамдығы жоғары болуына байланысты организмнен шығарылады. Балаларға оларды қолдануға болмайды, өйткені қадағалаушы зерттеулер әлі жүргізілген жоқ.

Майды пайдалану шектелген субкалориялық диетадағы балаларға А, Е, Д витаминдерін тағайындаған жөн. Дислипидемияда және бауырдың липодистрофиясында липотропты дәрілер тағайындалады: 20% холин хлорид ертіндісі 1 ш.қ. күніне 3 рет, липамид 0,025г күніне 3 рет 3-4 апта бойы, эссенциале 1 капсуладан күніне 3 рет 20-30 күн бойы. Семіздік кезінде жылдың салқындау мезгілінде шипажайлық ем жақсы нәтиже береді, өйткені жоғарғы күн инсоляциясы семіздіктің өршуіне және күшейуіне ықпалын тигізеді. Семіздігі бар балаларды емдеуде психотерапия маңызды болып саналады. Ең бастысы баланың дене салмағын азайтуды, қоректенуді шектеудің, дұрыс тәртіпті қатаң орындаудың, дене шынықтырумен шұғылданудың қажетілігіне сендіру.

Балалардағы семіздікті зерттеуші американдық ассоцияциясы семіздікпен ауыратын балаларда дене массасын 5-10% төмендету шынайы және дұрыс деп санайды. Семіздіктің осындай деңгейде төмендеуі липидтердің көрсеткішінің айқын жақсаруына, қандағы глюкоза және АҚҚ деңгейінің жақсаруына әкеледі. Кейбір сарапшылар емнің бірінші жылында балалардың дене салмағын 20% шамасында төмендету тиімді деп есептейді. Емнің соңғы мақсаты дене салмағының қалыптадан 10% артық салмаққа жету, бірақ 19%- дан жоғары болмауы керек.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!