Жүктілік кезіндегі бүйректің және зәр шығару жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері

Қалыпты өтіп жатқан жүктілік кезінде бүйректер ұлғаяды: олардың ұзындығы 1–1,5 см-ге өседі, гормоналдық өзгерістер нәтижесінде (гиперпрогестеронемия), сонымен қатар жатыр ұлғаюынан тостағаншалар мен астаушалардың, несепағардың кеңеюі байқалады. Осы өзгерістер зәр шығару жүйесі инфекциясының дамуына ықпал етеді. Жүктілік кезінде бүйректің барлық қызметтерінің біршама өзгерістері жүреді.

Жүктілерде айқын жүйелі вазодилятация дамиды, бұл бүйрек қан айналымының және ШСЖ-ң жоғарылауына әкеледі. Осы көрсеткіштер жүктіліктің 1-ші триместрінде-ақ жүктілікке дейінгі деңгейіне қарағанда 35–50%-ға жоғарылайды. Жүрек соғу жиілігі мен жүрек лақтырылысы жоғарылайды, ал АҚҚ төмендейді. ШСЖ жоғары болуына байланысты, әдетте қандағы креатинин деңгейі төмендейді. Дені сау жүкті әйелдерде су-тұз балансының өзгеруі нәтижесінде жүктіліктің әр түрлі мерзімінде ісінулер пайда болады, ал зәрде протеинурия (150–300 мг/тәул), глюкозурия анықталуы мүмкін. Ісінуге қарсы диуретиктер (шөптерді де) қолдануға мүлдем болмайды. Бұндай жағдайлар артериялық гипертензиямен қосарласпайды және емді қажет етпейді. Айналымдағы қан көлемінің (АҚК) жоғарылауына қарамастан, АҚҚ төмендеп, Ι триместрдің соңында ең төменгі деңгейге жетеді. Вазодилятация плацента гормондарының қан тамыр эндотелийіне әсерінен болады. ΙΙ триместр басталғаннан бастап АҚҚ баяу жоғарылайды және жүктілік соңына қарай алғашқы деңгейіне жетеді.

Жүктіліктің асқынулары:

  1. Несеп шығару жүйесінің инфекциясы

Жүктілерде несеп жүйесінің инфекциясы мына түрлерде дамуы мүмкін:

  • асимптомдық бактериурия;
  • цистит;
  • жедел пиелонефрит;
  • паранефрит;
  • бүйрек абсцесі;
  • бүйрек карбункулы.

 

Жүктілерде инфекцияның дамуына физиологиялық өзгерістер — глюкозурия, несептің сілтілі реакциясы, несеп жолдарының дилятациясы ықпал етеді. Несеп жүйесінің инфекциясы, асимптоматикалық бактериуриямен қоса, мерзімінен бұрын босану, ұрық даму кідірісі және перинаталды өлімге қауіп болып есептеледі. Сондықтан жүктіліктің ерте мерзімінен бастап, үнемі несепті бактериологиялық себу арқылы тексеру қажет және қажетінше антибактериалды терапия жүргізу қажет. Ең кеңінен қолданылатын антибиотиктер — амоксициллин, ампициллин, цефалексин, нитрофурандар, налидиксий қышқылы. Ұрыққа қаупі дәлелденбесе де, цефтазидим, цефотаксим, цефаклор, амоксиклав қолданылуы шектелген. Фторхинолон, имипенем, триметопримді қабылдауға болмайды, сонымен қатар, ұрықтың зақымдалуын туғызуы мүмкін препараттар — сульфаниламидтер, котримаксазол. Тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицетинді қолданғанда ұрықтың зақымдалуы дәлелденген.

  1. Жүктілердегі артериялық гипертензия. Жүктілерде артериялық гипертензиямен жүретін асқынуларға келесі жағдайлар жатады.
  2. Созылмалы гипертензия — бұл термин жүктілерде артериялық гипертензия жүктіліктің 20 аптасына дейін немесе жүктілікке дейін анықталған жағдайда қолданылады.
  3. Гестациялық гипертензия — жүктіліктің 20 аптасынан кейін дамитын протеинуриясыз АГ.
  4. Преэклампсия — диагноз мына 2 белгінің бірі болғанда қойылады:
  • жүктілікке дейін АҚҚ қалыпты болып, жүктіліктің 20 аптасынан кейін дамыған АГ (САД 140 мм с.б.-нан немесе ДАД 90 мм с.б.-нан жоғары);
  • 0,3 г/тәул жоғары протеинурия. Мұнымен қатар, қанда зәр қышқылының жоғарылауымен қосарласады. Кейде ауыр преэклампсияны бөліп қарастырады, ол алдындағы аталған белгілерге қоса, келесі симптомдардың біреуі немесе одан көбі байқалса:

Клиникасы — бас ауруы, көру бұзылыстары, естің бұзылысы, өкпе ісінуі, цианоз, эпигастрийдегі ауру-сезімі, бауыр жасушаларының зақымдалу белгілері, тромбоцитопения 100 мың/мкл, ұрық дамуының кідірісі, ми-қан тамырлық бұзылыстар.

  1. Эклампсия — преэклампсия үдеуі нәтижесінде дамитын тонико-клоникалық тырысулардың жүктілік уақытында немесе босанғаннан кейін 4 апта ішінде байқалуы.
  2. Созылмалы гипертензияға қабаттасқан преэклампсия:
  • созылмалы гипертензия + жүктіліктің 20 аптасынан кейін алғаш рет пайда болған протеинурия;
  • созылмалы АГ + жүктіліктің 20 аптасына дейінгі байқалған протеинурия + жүктіліктің 20 аптасынан кейін келесі симптомдардың бірінің пайда болуы:

– АГ кенеттен жоғарылауы;

– тромбоцитопения;

– бауыр ферменттерінің жоғарылауы.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!