Несеп шығару жолдары инфекциясы балалардағы асқынған және асқынбаған түрлері

Балаларда да НШЖИ-ы жоғарғы және төменгі несеп шығару жолдарының инфекциясы деп бөлінеді. Асқынған түрінде әр түрлі туа біткен несеп жүйесінің ақаулары табылады. Олардың кейбіреуі балалар үшін өте маңызды (ҚНР, қуық дисфункциясы), төменде арнайы қарастырылған . Жоғары дене қызуы және улану белгілері (анорексия, лоқсу, құсу) жедел пиелонефритке күдік туғызуға тиіс. Ең басты тексерулерді қайталанған жалпы несеп талдауын, қанды талдауды және УДЗ-н керек етеді. Цистография, егер ҚНР-не күдік болса, тек НШЖИ-ның ремиссиясына жеткенде жасалады. Кез келген симптоматикалық (фебрилды) НШЖИ микроорганизмдерді эрадикациялау және асқынуларды болдырмас үшін дереу антибактериалды емді қажет етеді.

Емді таңдау НШЖИ түріне, науқастың жасына, клиникалық симптомдарына, микрофлораның сипатына және басқа факторларға байланысты. Уросепсис және жедел ПН. Балалар ауруханаға жатқызылуы керек. Емді бастамас бұрын қан мен несепті бактериологиялық зерттеуге жинау керек. Ауыр инфекциялы балаларды бастапқы екі күнде антибактериалды препараттарды тамырішілік енгізу нәтижелі. Антибиотик басында тәжірибеге сүйене отырып, одан әрі қарайғы ем науқастың жағдайына (қызбаның жоғалуы) қарай несептің бактериологиялық себіндісіне байланысты таңдалады. Таңдау препаратына цефалоспориндердің III қатары жатады. Емдеу ұзақтығы 10 күннен кем емес, 1 жасқа дейінгі балалардағы жедел ПН, әдетте 14 күн. 7 күн парентралды, 7 күн пероралды баспалдақты ем тағайындалады. Егер науқас өздігінен пероралды дәрілерді қабылдай алса, заманауи препараттар да (цефиксим, цефуроксим) тамырішілік дәріден кем әсер етпейді. Ауыр емес инфекцияда цефалоспориндердің II қатары қолданылғаны жөн. Егер қоздырғышы грам-оң кокктар болса, амоксициллин-клавуланат қолданылады. Бактериалды цистит 5–7 күн емделеді. Жартылай синтетикалық пенициллиндер, цефалоспориндердің I–III қатары, нитрофурандар, бисептол тағайындалады. Балаларда фторхинолондар қолданылмайды. ҚНР мен қайталанатын (жылына 2–3 рецидив) НШЖИ нақтыланса, ұзақ уақыт (айлар мен кейде жылдар) бойы нитрофуран немесе триметопримнің (сульфо-метаксазол) 1/3–1/4 мөлшері алдын алу емі ретінде қолданылады.

Зерттеулердің бәрі бірдей бұның тиімділігін растамаса да, ғалымдардың көбі НШЖИ рецидивін болдырмас үшін және алыс болжамын жақсарту үшін қолданған жөн дейді. Алдын алу әдетте препараттардың аз мөлшерін түнге қарай 3 ай аралығында қабылдау арқылы беріледі, қалған уақытта ем баланың жағдайына және тексеру нәтижесіне қарай жүргізіледі. Балаларға цистография жасағанда, міндетті түрде рецидив болмас үшін антибактериялық препараттар қысқа уақыт тағайындалады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!