Несеп шығару жолдары инфекциясы түрлерінің әйелдердегі рецидивті

НШЖИ 6 ай ішінде НШЖИ-ның 2-ден көп көрінісі анықталса немесе 1 жыл ішінде 3 тен көп көрініс анықталса рецидив деп есептеледі. НШЖИ рецидивінің екі қауіп тобы бар: генетикалық және мінездік. Зерттеулер нәтижесі бойынша НШЖИ-мен ауырған әйелдердің 20–30% кейін рецидив анықталады. НШЖИ рецидиві қан тобымен анықталатын сөл бөлмейтін әйелдерде жиі кездеседі, оларда ағза сұйығына қан тобымен анықталатын сілекей және т.б. сияқты арнайы сөл бөлінбейді. АҚШ 20% халқы өз қан тобына антиген бөлмеушілерге жатады. E. coli ең кең тараған қоздырғыштың бірі, сонымен қоса НШЖИ рецидиві бар әйелдердің эпителийлік жасушаларына оңай бекиді. Бұл жағдайда уропатогенді флора қуықтың кілегей қабатына терең транслокацияланып жасушаішілік пленка түзеді және НШЖИ қайталануына алып келеді. Қуық ішкі бетінің ауыспалы эпителиі липидті қабатпен қапталған, оларда арнайы гликопротеиндер бар (уроплакин). Микция мен қуықтың ішкі бетінің жирылуы кезінде бұл липидті қабат беткей эпителий жасушасының ішіне енеді және жасуша ішінде ұршық тәрізді везикул ретінде сақталады.

Уропатогенді флора (E. coli) 1-типті фимбриялары арқылы уроплакиндерге бекиді және жасуша ішіне ене алады, ол жерде олар несептегі антибиотиктерден қорғалған. Қоздырғыштар эпителиалды жасушаның терең қабатына енген жағдайда ұзақ уақытқа дейін сақталып, пленка түзеді, сондықтан персистенция және цистит рецидиві дамиды. Мінез-құлыққа байланысты факторларға жыныстық белсенділік жатады, контрацепция ретінде спермицидттерді пайдаланатын әйелдерде НШЖИ-ның қайталану қаупі жоғарылай түседі. Менопаузадан кейін НШЖИ рецидиві даму қаупі қуық пролапсына, несепті ұстай алмауға және қалдық несептің болуына байланысты. Сонымен қатар, менопаузадан кейін НШЖИ рецидиві дамуының патогенезінде эстерогендер жеткіліксіздігінің маңызы зор, олар қынап ішілік микрофлораны өзгертеді, лактобацилл колониясы азайып, ішек таяқшаларының өсуіне қолайлы орта туғызады. НШЖИ рецидиві ағымы айқын ынғайсыздық шақырады. НШЖИ рецидиві кезінде қайткен күнде несепке микробиологиялық зерттеу жасалуы керек.

 

НШЖИ рецидивін емдеу бағдарламасы):

  • ұзақ уақыт алдын алу;
  • жыныстық қатынастан кейін алдын алу;
  • науқастың өз қалауымен ем тағайындалуы.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!