Артериялық гипертензия

Артериялық гипертензия (АГ) адамдағы ең көп таралған созылмалы инфекциялық емес аурулардың бірі. Оның жиілігінің жүрек-қан тамыр ауруларымен тіке байланысты екені дәлелденген. АГ терминалды БСА-ның ең жиі себептерінің бірі. Белгілі неміс ғалымы E. Ritz айтуы бойынша бүйрек бүрісу нәтижесінде өзі АГ-ға әкеледі («зұлым»), не АГ, керісінше, бүйрек зақымдануын, яғни БСА-ны туғызады (бүйрек — «құрбан»). Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) артериялық гипертензияны жер бетіндегі ең басты алдын алуға болатын өлім себебі деп санайды. АҚШ-тағы ересек халықтың амбулаторияға келуінің ең жиі себебі — АГ. АҚШ-тағы Ұлттық Денсаулық сақтау және Тамақтану Институтының (NHANES) мәліметі бойынша АГ-ның таралуы 29-дан 31-ге дейінгі пайызды құрайды. Ал

Қазақстанда әр түрлі деректер бойынша АГ-ның ересек халық арасында таралуы: 15,2–27%. АГ-ның жиілеуі қарт адамдардың саны көбеюіне де байланысты, жасы 65-тен асқан адамдарда АГ жиілігі өте жоғарылайды. Ол жеке систолалық АГ болуы мүмкін немесе систолалық және диастолалық АГ бірге кездесуі мүмкін. Сондай-ақ, семіздіктің көбеюі артериялық гипертензия таралуын жоғарылатады. Бірақ гипертонияның жоғарылауына және оның асқынуларына қарамастан, осы аурумен күрес жеткілікті жүргізіліп жатқан жоқ. 2005– 2008 жылдары NHANES сұрауы бойынша алынған мәліметте гипертензиясы бар науқастардың тек 46%-да ғана қан қысымы ойдағыдай, яғни 140/90 мм с.б.-нан төмен деңгейде бақыланады Артериялық гипертензия деп АҚ деңгейі 140/90 мм с.б. немесе одан жоғары болса айтамыз. Бұл диагноз екі ай бойы АҚ-ды тексергенде, үш реттен кем емес қан қысымы жоғары болса, қойылады. АГ-ның басқа анықтамасын 2003 жылы JNC-7 («Аурулар профилактикасы бойынша Біріккен Ұлттық Комитеті») ұсынған. Ол 2013 жылы JNC-8 бойынша расталды. Бұл АҚ мөлшерін анықтау үшін ауру алғаш рет дәрігерге көрінгеннен кейін тағы да 2-ден кем емес қаралуы тиіс. АҚ деңгейі — екі және одан артық дұрыс өлшенген ҚҚ-ның орташа көрсеткіші. САҚ ≥140 мм с.б., ал ДАҚ Бұл анықтамалар антигипертензивті препараттар қабылдамайтын және сол уақытта жедел ауруы жоқ ересек науқастарға қатысты. Балаларда жынысы мен жасына байланысты АҚ деңгейінің 95 перцентильден жоғары болуы АГ деп саналады. АҚ балаларда арнайы кестелер немесе номограммалар бойынша бағаланады. Негізінен Second Task Force in Blood Control in Children (1987) ұсынған мәліметтер қолданылады.

 

АГ диагнозы амбулаторлық жағдайда АҚ-ын өлшеу арқылы қойылады, бұл кезде оның интерпретациясы тәуліктің мезгіліне байланысты. АГ мына жағдайда бар деп саналады:

  • Орташа АҚ 24 сағат мониторинг ішінде >135/85 мм с.б.
  • АҚ күндізгі уақытта > 140/90 мм с.б.
  • Орташа АҚ түнгі уақытта > 125/75 мм с.б.

Қатерлі артериялық гипертензияға көздің торлы қабығына қан құйылу, көру жүйкесінің дискісінің экссудатымен немесе ісінуімен жүретін жағдайларды жатқызады. Бұл мәліметтер гипертониялық энцефалопатиямен байланысты болуы мүмкін. Қатерлі АГ әдетте ДАҚ 120 мм с.б. жоғары болуымен бірлеседі. Дегенмен, бұл жағдай ДАҚ 100 мм с.б.-нан төмен жағдайда да преэклампсия немесе жедел гломерулонефрит салдарынан болған жедел гипертонияны бастарынан өткерген нормотензивті науқастарда да пайда болуы мүмкін.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!