Ақпараттық коммуникациялық технология

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

МЕСТ 6709-72 Дистильденген су

МЕСТ 202002-74Е Белгіленген пипеткалар

МЕСТ 25336-82Е Химиялық пробиркалар

МЕСТ 23932-79Е Колба, сиымдылығы 0,5-1,0 л

ТШ 38,006108-90 Резиналық тығын

ТШ 46-22-606-79 Лабораториялық центрифуга

ТШ 25-//-834-73 Магнитті шайқағыш

МЕСТ 12026-66 Сүзгіш қағаз

МЕСТ 7328-83 Торзионды таразы

ТШ 480-11-10-73 Шыныға жазатын қарындаш

МЕСТ 25336 Конус колбалар Кн-2-100 ТХС

ОСТ 25336 Шыны стакандар, көлемі 40 х 20 х 85мм,

сиымдылығы 36 см3 немесе өлшем стакандары СВ 34/12 типті

МЕСТ 25336 Стакандар В-1-250 ТС

МЕСТ 25336 Воронкалар В-56 (75)-80ХС

МЕСТ 6824 Глицерин

МЕСТ 20292-74 Сиымдылығы 100,200 және 1000 мл өлшем колбалары

МЕСТ 5962-67 Этил спирті 96%-ті ректификат

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР- Қазақстан Республикасы

АК – қазақтың архармеринос қойы

кг – килограмм

см – сантиметр

% – пайыз

мкм – микрометр

мг%- милиграмм -пайыз

гр – грамм

мл – милилитр

n – мал басы

X±m – варияцияның орташа көрсеткіші және қатесі

Cv,%  –  вариация коэффициенті

АЛТ – аланинаминотрансфераза ферменті

АСТ – аспартатаминотрансфераза ферменті

Мкмоль/с – микромоль/сағат

Мкмоль/мл – микромоль/миллилитр

±σ, мкм – орташа квадраттық ауытқу, микронмен

АНЫҚТАМАЛАР

Диссертацияда төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды;

Тұқым шығу тегі мен жалпы даму тарихы бар, белгілі бір социальды-экономикалық жағдайда адам еңбегімен құрылған, біртұтас, бір түрдегі мал тобы.

Аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі- қанның аминотарнсфераза ферменттерінің белсенділік қасиеті: белгілі бір уақыт аралығында (бір сағат) мысалы: аланин амин қышқылдарынан микромоль көлемінде пирожүзім қышқылының бөлінуі.

Аланинаминотрансфераза – фермент, пируват пен α – амин қышқылы әрекеттескенде аланин түзілуін катализдейді.

Аланин – амин қышқылы, бір амин тобы бар монокарбон қышқылы,  барлық белоктардың құрамына кіреді.

Аспартат – аспарагин қышқылының анионы. Организмде рН 7 мөлшерде аспаргинқышқылы аспартат ион түрінде болады.

Аспартатаминотрансфераза – фермент, амин тобы глутаматтан оксалоацетатқа тасымалдап аспартат (аспарагин қышқылын) түзілу реакциясын катализдейді.

Иммуноглобулиндер – жануар организміндегі қорғаныс белоктары.

Қан сарысуы – фибриногенсіз қан плазмасы.

Ферменттер – тірі организмде зат алмасу реакцияларын катализдейтін биологиялық катализаторлар.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Республикамызда ет және сүт өнімдерін молайту үшін еліміздегі мал өнімділігін жоғарлатуда селекцияға көп көңіл бөлінуі қажет. Жоғары өнімді, асыл тұқымды мал алу үшін бұрынғы селекцияда қолданып келген зоотехникалық әдістер қазіргі заманғы талаптар қанағаттандырмайды. Сондықтан тиімді әдістер қолдану керек, әсіресе қазіргі заманғы биохимиялық әдістерге сүйенген абзал. Себебі олар мал келешек өнімділігін жас кезінде-ақ болжауға мүмкіндік береді.

Үй жануарларының өнімділігін, басқалай қажетті қасиеттерін жоғары деңгейде ұстауда қанның атқаратын қызметі өте зор. Қан – организмнің ішкі ортасы, сондықтан ол организмде зат алмасу процесінің қарқынды жүруін қамтамасыз етеді, көптеген қызметтерді атқарады. Ал зат алмасу процесінің қарқынды жүруі мал өнімділігімен (ет, сүт, жүн) тығыз байланысты.

Мал шаруашылығындағы іргелі зерттеулердің негізгі мақсаттарының бірі – биохимиялық көрсеткіштерінің малдың өнімділігіне, өсіп-өнуіне тигізетін әсерін анықтау. Сол биохимиялық көрсеткіштердің ішіндегі ең маңыздылары қан сарысуының жалпы белогі, иммуноглобулиндері және аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі.

Алайда, Қазақстанда өсірілетін қойлардың, оның ішінде қазақтың арқармериносы тұқымының қан сарысуының жалпы белогі, иммуноглобулиндері, аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі және олардың жүн өнімділігіне байланыстылығы арнайы зерттелмеген.

Осыған орай, қазақтың арқармериносы тұқымының қан сарысуының жалпы белогін, иммуноглобулиндерін, АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін зерттеу,  олардың жүн өнімділігімен байланысын анықтау қазіргі кезде ғылыми-өндірістік маңызы бар өзекті мәселе екені сөзсіз.

Қазіргі таңда мал шаруашылығы интенсивтендіру және оның өнімін жоғарлату үшін сұрыптаудың тек зоотехникалық әдістерін пайдалану жеткіліксіз, сұрыптау биохимия және генетика ғылымдарының еңбектеріне сүйене отырып жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты қан сарусының биохимиялық көрсеткіштері өнімділікке тікелей байланысты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің  тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізілді. 03.02.01.11.Н 11 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 0101РК00248) «Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы жеке меншіктің әр түрлі нысандарындағы шаруашылықтарына және табиғи климаттық жағдайларға қатысты биязы жүнді қой шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндірудің жаңа ресурстарды сақтаушы технологиясын дайындау мен енгізу» тақырыбы бойынша.

Зертеулердің мақсаты. Қазақтың арқармериносы қой тұқымының қан құрамының көрсеткіштерін және оның өнімділікпен байланысын, алынған ғылыми деректер арқылы өнімділіктерін болжау мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.

Зертеу жұмысының міндеттері:

–  әр айдағы қозылардың қан сарысуының жалпы белоктары мен

иммуноглобулиндерінің көрсеткіштерін анықтау;

–   әр айдағы қозыларының қан сарысуындағы аминотрансфераза АЛТ

және АСТ ферменттерінің белсенділігін зерттеу;

–   қойлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің

өнімділігімен байланысын анықтау;

  • шаруашылықта өндірілген жүндердің сапасы, ұзындығы, тығыздығы, беріктігі, жіңішкелігі, ыластығы туралы мәліметтер беру;
  • әртүрлі конституциялы-өнімділік түрлердегі қошқар мен саулықтардан алынған төлдердің сипаттамасын көрсеу;
  • зерттеудің экономикалық тиімділігі.

Ғылыми жаңалығы. Алғаш рет биохимиялық әдістерді қолданып қазақтың арқармеринос қой тұқымының қан сарысуының жалпы белок, иммуноглобулиндері және аминотрансфераза АСТ, АЛТ ферменттерінің белсенділігі және оның өнімділігімен байланысы зерттелді, бұл жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайды.

Зерттеу жұмысының өндірістік маңыздылығы.

Зертеу нәтижесінде қазақтың арқармериносы қойы қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері олардың өнімділігімен тығыз байланысты екені дәлелденді. Қозылардың туғаннан 1, 4, 7, 8, 12 айлық кездеріндегі қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері сақа қойлармен теңеседі. Бұл құбылыс, қозылардың ерте жасында-ақ келешек өнімділігін болжауға мүмкіндік береді. Демек, олардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерін туғаннан 1, 4, 7, 8, 12 айлығында анықтап, сұрыптау жұмыстарына пайдалануға болады. Осы нәтижелерді жоғары өнімді асыл тұқымдық мал шығару жұмыстарында және бар малды әрі қарай жетілдіру ісінде қолдануға болады, сонымен қатар экономикалық тиімділігін анықтау мүмкін болып отыр.

Қорғауға шығарылған негізгі қағидалары.

– қазақтың арқармериносы қойы тұқымының қан сарысуының жалпы белогы және иммуноглобулиндерінің мөлшерін және өзгергіштігін зерттеу нәтижелері;

– қойдың қан сарысуының АСТ, АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін анықтау нәтижелері;

– әр жастағы қозыларының қан сарысуының жалпы белогын, иммуноглобулиндерін және олардың өзгергіштігін зерттеу нәтижелері;

– қозылардың қан құрамының (эритроцит, лейкоцит, гемоглобин, жалпы белок) өзгергіштігі;

– қойлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің өнімділігімен байланыстарын анықтау нәтижелері.

Жұмыстың сынақтан өтуі мен жарық көруі.

Диссертациядағы жұмыстың нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда: «Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 75-жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция» (Алматы, 2005);   «Профессор М.Ә. Ермековтың 100 жылдығына арналған ветеринария және мал шаруашылығы мәселелері» (Алматы, 2006); «Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру проблемалары және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Алматы, 2007); «Қазақтың архармеринос қой тұқымы жүн өнімділігін арттыруда қанның биохимиялық көрсеткіштерін пайдалану» ұсыныстар. (Алматы, 2007); «Профессор Ә.Б.Байжұмановтың 70 жыл толуына арналған халықаралық хылыми-тәжірибелік конференциясы» (Алматы, 2008); Академик Қ.С. Сабденовтың 75 жылдығына арналған «Қазақстанның аграрлық секторындағы инновация» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция (Алматы, 2008).

Диссертация мәліметтері бойынша барлығы 9 ғылыми мақала жарық көрген, оның ішінде 6 мақала халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдарында жарияланған.

Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс 110 бетке компьютермен терілген, 22 кесте мен 17 суреттен тұрады.

Диссертация кіріспе, әдебиеттік шолу, жұмыстың материалы, жүргізілген жері мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері, тұжырым мен өндіріске ұсыныстар және пайдаланылған әдебиеттер тізбесінен (164 әдебиеттің 18-і алыс шетел тілдерінде) тұрады.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Тіршілікте  ғылымның басты міндеті белок алмасуының негізгі жаңалықтарын ашу болып табылады. Себебі, белоктардың алмасуы тіршіліктің негізі.

Мал организміндегі белоктардың ішінде қан белоктары ерекше орын алады. Қан белоктары маңызды қызмет атқаруымен қатар, құрылымды, пластикалық материал, буферлік жүйе, осмотикалық қысымның қалпына келуі, иммундық денелердің қалыптасуы, зат алмасу кезінде әр түрлі биохимиялық кешенді жүйенің түзілуі құбылыстарына үлкен әсер етеді.

Қан сарысуының белоктары жақсы зерттеген заттар қатарына жатады. Соңғы жылдары ғылымда қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып (изотоптық техника, ультрацентрифугирлеу, агардағы, полиакриламидтегі және крахмалдағы гельдерде жүргізілген электрофорез, адсорбциялық хроматогрофия), мал және адам қан сарысуындағы белоктарды зерттеуде көптеген жеткістіктерге қол жеткізілген.

Қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу: Қан сарысуындағы белоктардың негізгі массасы суда еритін коллоидты ерітінділерді беретін альбуминдер және глобулиндерден тұрады. Белоктардың коллоидты бөлігі электрлік зарядқа ие, ол өзінің карбоксил тобы – СООН және NH3OH топтарының диссоциациясы кезінде байқалады. Карбоксил топтары Н+ белокқа теріс заряд береді. Амин тобының суды қосып алып, диссоциацияланып, оң ионын беріп оң зарядталады. Белок молекула белгісіне және оның шамасына рН ортасы күшті әсер етеді. Қышқыл өнімділерде белок оң зарядтайды, сонымен қатар, артық бос ионы теріс  СОО-тобына өтіп СООН-бейтараптанады.

Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша, мал қанының биохимиялық көрсеткіштері, олардың өнімділігімен тығыз байланысты. Қан сарысуының жалпы белогін, белок фракцияларын және олардың өнімділікпен байланысын зерттегендер: К.Қожабеков., Рахимжанов Б [1],  Ж.Ж.Жұмашев [2], К.С.Сейтқалиев [3].

Ж.Ж.Жұмашев  [4] деректері бойынша қозылардың уыз қабылдамай тұрған кезіндегі қан сарысуының құрамындағы иммуноглобулиндер уыз қабылдағаннан кейін 12 сағаттан соң иммуноглобулиндердің мөлшері мг/мл, ал бір айлығында болған. Қозылардың қан сарысуында екі айлығында Ig иммуноглобулині кездеспеге бірақ бұл фракция үш айлығында ғана көріне бастайды да, одан соң ересек қойлардың деңгейіне жетеді. Демек, иммуноглобулиндердің  тірі организм үшін маңызы өте үлкен.

          Аминотрансфераза ферментерінің – тірі организм үшін маңызы зор. Себебі, әр клеткада тынымсыз жүріп жатқан сан алуан биохимиялық реакциялар тек қана каталитикалық жолмен жүреді. Тірі клетканың катализаторына айырықша белок фракциялары жатады. Қоректік заттардың сіңуі, организмде пайдаланылуы және жоғары молекулалы қосылыстардың биологиялық тотығуы кезінде химиялық энергияның бөлінуі, тек қана ферменттердің қатысуымен жүреді. Ферменттердің ішінде тірі организм үшін өте маңызды роль атқаратындары аминотрансфераза немесе пиридоксальді ферменттер.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылық жануарларының ферменттерінің белсенділігі қарқынды түрде зерттелуде, себебі мал өнімдері ферменттердің  белсенділік деңгейімен тығыз байланысты. Қан сарысуының аминотрансфераза ферменттері адамдада жан-жақты зерттелген. Негізінде, аминотрансферазалар организмдегі амин қышқылдарының алмасу күйін көрсетеді. АСТ-АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін зерттеу арқылы организмде жүріп жатқан биохимиялық реакциялардың заңдылықтарын анықтаймыз, ал ол мал өнімдерінің негізі болып табылады.

Аса маңызды трансминазаларға аспартат (АСТ) және аланин аминотрансераза (АЛТ) ферменттері жатады. Әр түрлі малдардың қан сарысуындағы аминотрансфераза АСТ және АЛТ-ға зерттеу жүргізгендер: Смирнов О.К., Будникова А.В., Арипов У., Алиев Л [18] Медеубеков К.У., Ракишев Н.Р. және т.б. Казановский С.А., Анфиногенова Т.А., Уваров П.А., Коваленко В.П., Лесной В.А. және басқалар, Арипов У.Р., Галатов А.Н., Сейтқалиев К.С. т.б.

Танысқан әдебиеттердің мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылық жануарларының қан сарысуындағы ферменттерінің белсенділігі олардың өнімділігімен тығыз байланысты екені дәлелденген: О.К.Смирнов, А.Н.Будников [5], К.У.Медеубеков, Н.Р.Ракишев [6], К.С.Сейтқалиев [7].

Сілтілік ерітінділерде кері әсер байқалады. Белок бөлшектері теріс, сонымен қатар ОН- бос ионы – NH3 + тобының белоктік бөлшектерімен қосылады, оның оң зарядтарын жояды.

Малдың қан сарысуындағы белоктар, ондағы жеке белок күрделі болып табылады, олар заряд мөлшері бойынша бір-бірінен электр өрісінде әр түрлі жылдамдықпен қозғалады. В.М. Красов [8] мәліметтері бойынша, қан сарысуының белоктарын төрт негізгі электрофоретикалық фракцияларға бөлуге болады деген: иммуноглобулиндер, α-, β-, γ – глобулиндер.

Белоктарда төменгі температурада этанолды алу арқылы α-глобулиннің 3 түрін, β-глобулиннің 4 түрін бөлген (β123 β4), онда қан сарысуының күрделі белоктар жүйесі жеке белок фракциясына бөліне алады және қолданған әдісіне байланысты болады. Зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану арқасында қан сарысуының белоктары өте күрделі жүйе екені дәлелденді.

Kekwick [9] альбуминдердің  гомогендігін жоққа шығарып, фракциялардың әртүрлі ерігіштігі арқылы альбуминнің кешенін түзу мүмкіндігін көрсеткен. Осыны дәлелдеу үшін, полиакриламидтегі және агардағы гельдерде флектрофорез әдісімен жұмыс істеген альбуминдер 3 бөлікке бөлінген:  преальбумин, альбумин және постальбумин. Электрофорез арқылы глобулин фракцияларын 3 негізгі топқа бөлуге болады: α-, β-, γ – глобулиндер. α – гликопротеид, β – липопротеид кешені. Осы кешендер қан сарысуындағы суда ерімейтін әр түрлі қоректік заттарды тасымалдайды.

Қан сарысуының белок құрамы көптеген компоненттерден тұрады. Олар физикалық, химиялық және биохмиялық көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде жаңа биохимиялық әдістерді пайдалана отырып, белоктарды бірнеше фракцияларға бөліп, күрделі белок құрамын зерттеуге мүмкіндік туды. Белок фракцияларын бөлу үшін крахмал мен поликариламид гелінде электрофорез, электрофокустеу және хроматография әдістерін пайдалануға болады. Бұндай жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік туды. В.М. Красов [10].

Қан сарысуының транспорттық функциясы: қан құрамындағы белоктар, металдар, майлар, көмірсулар, гормондар, витаминдермен және басқа заттармен қосылып кешенді қосылыстар түзіп, әр түрлі анорганикалық иондарды, 46 нормальді метаболиттік және 146 экзогенді компоненттерді тасымалдауды іске асырады.

Қан сарысуында  Fe, Mg, Cu, P және Ca, т.б. элементтер кездеседі. Белоктардың буферлік қасиеттерінің арқасында қандағы рН 7,36. Преальбумин мен постальбуминдер гликопротеидтер болып табылады, өйткені электрофорез кезінде алдыға жылжиды. Г.В.Троицкий және т.б. қан сарысуындағы альбуминнің  α – және β – глобулинге айналу мүмкіндігін дәлелдеген.

Соңғы жылдары әр түрлі жануарлардың қан сарысуындағы жалпы белок, белок фракцияларын зерттеуде электрофорездің агарда, қағазда, крахмал геліндегі зерттеу әдістемелерімен белгілі бір деңгейге жетті. Сондықтан, белок фракцияларын бөлу үшін крахмал мен полиакриламид геліндегі электрофорез әдістерін пайдалануға болады. Бұндай жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік туды. Әр түрлі жануарлардың қан сарысуының жалпы белогы мен белок фракцияларының құрамын қағаздағы электрофорездің көмегі арқылы зерттелінеді. А.В.Эйдригевич., В.В.Раевская, А.Л. Падучаева, А.А. Гурвич [13], З.П.Величкина, А.Г. Малахов, А.А. Гурвич, В.М. Красов, Кацова Л.Б., М.К. Кройтер, М.Т. Катков, З.К.Кожабеков және т.б.[20]. Ал агар гелінде Ж.Ж. Жұмашев, Г.В.Горохова, С.В. Стояновский, С.В. Терен, крахмал гелінде Л.Б.Кацова, В.М. Красов, Г.В. Лаханова, В.А.Радионов, Сейтқалиев  К.С.[22], Медеуова Г.,[11] Серикбаева А.Д. Ал гелінде Ж.Ж. Жұмашев [14,15,16,17], Г.В. Горохова., крахмал гелінде Л.Б.Кацова [19] В.А.Радионова., Сейтқалиев Қ.С.[21], Медеуова Г.,[12] Серикбаева А.Д.

Голотов А.Н. [23] және т.б. [24,25,26] көрсетілген ғалымдардың қорытындысынан қан сарысуындағы жалпы белок, белок фракциялары жануарлардың жасына, жынысына, тұқымына және жыл мезгіліне қарай өзгеріп отыратындығы анықталды.

Ауыл шаруашылығы ғалымдары мен мал мамандарының негізгі міндеті- мал басын сақтап қалу және оның өнімділігін көтеру. Мұндай мақсатқа жету үшін инвазиялық аурудан алдын ала сақтану және жұқпалы аурудан малдарды аман сақтап қалу қажет.

Федоров Ю.Н. [26] Иммуноглобулиндер – адам мен жануарлар организмін әр түрлі аурудан қорғайтын белсенді антиденелер. Химиялық табиғаты  бойынша иммуноглобулиндер күрделі белок-гликопротеидтер, құрамында галактоза қалдығы, манноза, фруктоза, ацетилглюкозаамин, сиал қышқылы бар. Иммуноглобулиндер қан сарысуындағы белоктар мен ферменттермен ерекшеленеді.

Адам мен жануарлар иммуноглобулиндері молекулалық массасының мөлшеріне, физико-химиялық қасетіне, биологиялық белсенділігіне және көмірсулардың болуына байланысты бес класқа бөлінеді: J, A, M, D, E.

J-иммуноглобулин, символы – Ig J. Бұл қан сарысуындағы иммуноглобулиндердің негізгі салмағын құрайды. Көп малдарда иммуноглобулиндердің молекулалық массасы 140-160 мг/мл.

M–иммуноглобулин, символы Ig М.  Бұл жоғары молекулалы массамен ерекшеленеді, оның массасы 1 миллиондай, құрамында көмірсулар көп. Иммуноглобулин Ig М – ревматоидтық фактор, стрептококқа және вирус пен бактерияға қарсы антиденелер құрайды.

А-иммуноглобулин, символы – Ig А. Молекулалық массасы- 160 мг/мл.

Бұл иммуноглобулин әр түрлі секреттерде, сөлде, өтте, уызда, ішек сөлінде, бронхларда кездеседі. Олардың жоғарғы концентрациясы лимфада болады. Көптеген авторлар (Г.Портер және Дж.Эдельман) А – иммуноглобулиндері дене мүшелерін және асқазан, ішек жолдарын инфекциядан сақтайды деп есептейді. Мұндай көзқарасқа басқалар да қосылуда. Жапы иммуноглобулин А организмнің инфекция қабылдауынан сақтайды.

E- иммуноглобулин молекулалық массасы -190 мг/мл. Бұл топқа реакциядағы гиперсезімталдық реагин антиденелері жатады. Бұл реагин антиденесі адамнан, маймылдан, иттен, қояннан және тышқаннан табылған.

Д- иммуноглобулин молекулық массасы – 160 мг/мл. Бұл иммуноглобулин негізінен қанда болады. Қан сарысуының -0,2%-ын құрайды. Д- иммуноглобулиніне кейбір аутоантиденелер және дәрі-дәрмекке қарсы антиденелер жатады деген деректер бар. Д-иммуноглобулині бета-лимфоцит дифференциясын анықтауда басты орын алады.

Қазіргі уақытта адам иммуноглобулиндері толық зерттелген, ал ауыл шаруашылық жануарларында зерттелуі өте төменгі деңгейде. Мал қаны сарысуындағы иммуноглобулиндерді  көптеген ғалымдар анықтаған В.М. Холод, Ю.Н.Федоров, Ж.Ж.Жұмашев, Қ.С.Сейтқалиев және тағы басқалар.

Бұл ғалымдардың еңбектері бойынша иммуноглобулиндер малдардың тек өміршеңдігімен ғана емес, сонымен қатар олардың жоғарғы өнімділігімен де тығыз байланысты. Жануарлардың иммундық жүйесінің мүмкіншілігі олардың қан сарысуындағы концентрациясына  байланысты.

Ю.Н.Федоровтың [27] айтуы бойынша, қанындағы иммуноглобулиндердің мөлшері қозылардың 30-40 күндігінен бастап жоғарылай бастайды, ал 4-6 айлығында ересек қойлар көрсеткіштері деңгейіне жетеді. Қозылардың қан сарысуындағы иммуноглобулиндер инфекцияға қарсы тұра алады.

Қойлардың қан сарысуныдағы иммуноглобулиндерді терең зерттеу жүргізген Ж.Ж.Жұмашев. Ол қозылардың қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді  олардың туғаннан бастап бір жасқа дейін зерттеген. Авторлардың  айтуы бойынша, қан сарысуындағы аминотрансфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігі түр аралық өзгеру, жануарлардың шаруашылыққа пайдалы белгілері мен тұқым қуалаушылық коэффициенттері өте жоғары.

О.К.Смирновтің., А.П. Пасечниктің қан сарысуының аминотрансфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігінің жасына қарай қояндарда, шошқаларда, қойда өзгеруін зерттеу нәтижелері 1 – кестеде көрсетілген.

1- кестеде көрсетілгендей, қойдың қан сарысуының АСТ және АЛТ ферменттерінің ең жоғарғы белсенділігі 2 айлығында, содан кейін біртіндеп төмендейді.

Лазовский А.А [28] қойлардың бұлшық еттерінің ең қарқынды өсуі 2-3 айлығында, дәл осы уақытта амин қышқылдарының алмасуының қарқынды жүруі белоктардың синтезімен байланысты болған.

Укбаев Х.И., Лаханова Г.И. [29] қозылардың қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің  белсенділігінің негізі олардың жеті айлығында айқындалған.

1-кесте Қой қан сарысуының трансаминаза ферменттерінің  белсенділігінің өзгеруі (Смирнов О.К., Пасечник А.П.)

ЖасыкүндерБелсенділік, бірлік/ мл
АСТАЛТ
607028,40 ± 0,6112,90 ± 0,34
1205738,86 ± 1,4715,11 ± 0,41
1803230,18 ± 1,1015,13 ± 0,46
2102228,03 ± 0,8512,56 ± 0,44

Қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі малдың жасына қарай, АСТ және АЛТ белсенділігінің  жоғарғы көрсеткіші 6 айлығында байқалады.

Сонымен қатар, аминотрансфераза ферменттерінің бесленділігінің  жоғарғы көрсеткіші, етті-жүнді бағыттағы қойларда ерте байқалады. Демек, етті малдың ең жоғарғы белсенділігі, жүнді бағыттағы малға қарағанда жастау кезінде байқалады.

Барлық зерттеген малдың қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің өнімділікпен корреляциялық коэфициенттері өте жоғары: мысалы; Смирнов О.К., Пасечник А.П. бойынша қойда -0,916. Сондықтан, АСТ және АЛТ ферменттерінің  белсенділігін селекцияда малды ертерек сұрыптау үшін пайдалану қажет. Осыған орай, селекциялық мақсатта аминотрансфераза ферменті бойынша қойды 2 айлық кезінде ұсынылады.

Жүн өнімділігін зерттеу

Б. Якуценяның  [30] айтуы бойынша, Ақмола облысы жағдайында саулықтарды фин ландрасы қошқарларымен шағылыстырғаннан алынған жартылай қанды будандарда жүн өнімі жуылған талшығы бойынша қазақтың қисары құйрықты қойларынан 17,2%, ал жүнінің сапасы анағұрлым жоғары болған.

А.Я. Добкиннің [31], А.В.Заморышевтің [32], В.М. Родионовтың  [33] еңбектерінде дәлелденгендей, жүн жамылғысының жетілуі бұзылғанда алғашында жіңішке талшықтар ғана өзгеріп қоймайды, жуан талшықтар да жіңішкереді, олар іріленеді, сол себепті мұндай жүннің жіңішкелігі біріңғай болмайды. М.А. Васильеваның [34] мәліметінде, қойлар буаз кезінде қыратты жерлерде жайылымда бағылғанымен, олардың қоңдылығы орташа болса да, олардың жүн талшықтарының диаметрі 15% төмендегені айтылады. А.И. Судакова [35] ставрополь тұқымды саулықтардың буаз және қысыр кезіндегі тері құрылысын зерттеу барысында 1 наурызда буаз саулықтардың терісі 18,4%, ал қысыр саулықтарда 16,5% жұқарған, жүннің ұзындығы-34,9 және 8,9%-ға сәйкес қысқарған, ал оның жуандығы 13,3 және 7,6%-ға азайғанын анықтаған. V. Rutenbeck [36]  зерттеуі бойынша, саулықтардың буаз кезінде және қозыларды емізу кезінде, олардың жүні қысыр саулықтармен салыстырғанда 12% азайғанын дәлелденген. М.М. Мутаевтің [37] Ресейдің қара топырақты аймағының орталық аудандары жағдайларындағы жартылай биязы будан қойларға жүргізген тексерулерге қарағанда қозыларды енелерінен 2 айлығында ерте айырғаннан, сүт беретін саулықтардың жүн талшығының көлденең мөлшері қозыларын 4 айлық жасында айырған саулықтармен салыстырғанда 13% жоғары болғанын көреміз. Осындай қорытындыға С.И. Семеновтың [38] келген, оның айтуы бойынша солтүстік-кавказ етті-жүнді қой тұқымдары жүнінің ұзындығы олардың ата-енелерінің жүнінің ұзындығының өсуіне байланысты өсіп отырған. Мысалы, жүнінің ұзындығы 12,2-12,3 см саулықтарды ұзын жүнді (16-17 см) қошқарлармен шағылыстырғаннан туылған ұрғашы қозылардың жүнінің ұзындығы жүні, қысқа қошқарлардан туған төлдерге қарағанда (15 см) 4% жоғары келеді. Финнің ландрасы тұқымды қошқарлармен биязы жүнді «прекос» саулықтарын (А.И.Гольцблат және А.Д. Щацкий [39]), советтік меринос тұқымды саулықтарын I.C.Greef., I.H. Hofmeyr [40],  M.N.Fahmy [41]. әртүрлі биязы жүнді қошқарлармен тұқым аралық шағылыстырғаннан олардың будандарында жүннің  табиғи ұзындығы өсетіні анықталған.

Harris H.  және  F.L. Warren [42] алғашқы рет қойларда әртүрлі формалы (пішінді) гемоглобин болатынын хабарлаған. Электр өрісінде, рН-8,6 ортада (анодқа бағытталған) өте жоғары қимылға ие гемоглобин, сақа қойларда А-Нв деген атқа ие болған, ал қимылы төмен гемоглобин- В-Нв деп аталған.  1965 жылы М. Braend және басқалар, ал 1966 жылы G. Efremov және басқалар В-гемоглобиннен бөлек қимылы өте баяу жаңа N-гемоглобин табылғаны жөнінде хабарлаған. Қойларда гемоглобин түрлерінің полиморфизмі ашылғаннан кейін I.V.Evans және басқалар [43] ағылшын қойларын зерттеу барысында далалар мен қырат аймақтарда өсетін  қойларда В-гемоглобині басым келсе, ал таудағы қойларда А-гемоглобині басымдығын сипаттаған. Көптеген зерттеушілер глютатион деңгейі мен генотип, гемоглобин және сүттілік, жүннің өсуі, дене массасы араларында өзара байланыс барын анықтаған  F.Afroshi et al [44], G.Lubas [45].

I.V.Evans және басқалар [43] қырқылған жүні бойынша сұрыптауға генінің жиілігінің және эритроциттердегі калийдің концентрациясының айтарлықтай әсері бар екендігін көрсетеді. Таза жүн бойынша селекция жүргізгенде, қанда калий көбейіп, жүннің бұйралығының азаюы байқалса, ал жүннің бұйралығымен селекция жүргізгенде қырқылған жүн азайып, қанда калий құрамы төмендейтіні анықталған. В.Gahne., Э.Микле хабарлаулары бойынша, полиморфты жүйенің көп санын қолданғаннан тұқым тұрақтануының сенімділігі артады.

Қазақтың арқармериносы қойларының күрделі аталықты жоққа шығаруы үш генетикалық жүйе негізінде жиынтық сенімділігі 59,3%, ол генетикалық ұқсастық-98,1% құрайды. Мұны біздер қошқар полиморфты жүйесін және қанның ферменттері бойынша сұрыптау-асылдандыру жұмыстарында тәжірибеде қолдануға толық негіз бар.

С.Н. Доллинг [46] белгілердің қайталануын іріктелген  малдың тіршілігіндегі сұрыптау басымдылығымен байланыстырған. Белгілердің қайталануы- бұл фенотиптік алуан түрлі белгілердің  белгілейтін генотиптік көрсеткіштерінің онтогенездегі жалпы өзгергіштіктігін немесе паратиптік факторлар әсерінен тұрақтылығын салыстырмалы сипаттайды.

Буаз саулықтарды азықтандыру қаңқа сүйектерінің, ұлпалардың,  ағзалардың даму деңгейіне үлкен әсер етеді. А.Н. Северцев атындағы КССРО Ғылым академиясының морфологиялық институтында меринос қойлары сүйегінің, ет ұлпасының және эмбриондарының қанын зерттеген. Тәжірибе тобындағы саулықтар қанында гемоглобин мөлшері 20% көбейген.

Қырқылып алынған таза жүнді әрбір бес қойдан шыққан таза талшық пайызын зерттеп анықтаған, ал бірақ көктемгі қырқым кезінде бір жыныстан, жұптастыру варианты 25 ұрпақтан көп болмауы керек.

Жүнге төмендегідей көрсеткіштер бойынша лабораториялық зерттеу жүргізілді: белгілі әдістемелерін қолданып табиғи нақты ұзындығын, жіңішкелігін, үзгенде беріктігін, жүннің толық созылуын және жүннің майының мөлшерін анықтады.

Тері жан-жақты қызмет атқарады, ол ішкі ұлпалар мен ағзаларды (мүшелерді) механикалық зақымданудан қорғайды, организмде (ағзада) жылу реттеуші роль атқарады. Қой терісінде  тері жабындысының жылу реттеуші қасиетіне ие компоненттердің біріне жататын, физиологиялық роль атқаратын жүн бар.

Литовченко Г.Р., Вениаминов А.А. [47] қырқылып алынған жүнге байланысты сұрыптап алу.  Жүнді қой шаруашылығында жылына бір қойдан қырқылып алынған жүн малдың құндылығын анықтайтын ең негізгі белгілерге жатады.

Әртүрлі биязы жүнді  қой тұқымдары қошқарларының ұрпағынан қырқылып алынатын жүн біркелкі емес екендігі талдау барысында анықталған. Қырқылып алынған жүнді сұрыптау тиімділігінің сұрыптау қарқыныңы жоғарылығына байланысты болады

А.И. Исенжулов., К.Б.Букенов., О.А. Проказин. [48]. Биязы жүнді қазақтың архармеринос  тұқымды қойы етті-жүнді бағыттағы тұқым – бұл жер шарындағы қой шаруашылығы тәжірибесінде өте айтарлықтай құбылыс болды. Бұл жұмыс – КазССР ғылыми академиясы биология институтының малдың түраралық гибридизация зертханасында зерттелген.

А.Н. Галатов, В.В.Голев [49] совет мериносы және олардың будандары, кавказ, алтай, оңтүстік орал тұқымдары, линкольн және австралиялық меринос тұқымдарының қан сарысуындағы АСТ және АЛТ  аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін туғаннан кейін 12 айлығына дейін зерттеген.

Авторлардың айтуы бойынша АСТ ферменттерінің белсенділігі туғаннан соң совет мериносы қозыларында -1,23 мкмоль/с, ал олардың буданында СМхЛ-1,05 мкмоль/с, АЛТ -1,87 және 2,04 мкмоль/с, ал 8 айлығында АСТ белсенділігі осы қозыларда 2,32 және 2,41 мкмоль/с жоғарлаған, АЛТ -1,25 және 1,95. Авторлардың ұсынысы бойынша қосымша тест ретінде қой селекциясында АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігін алуға болады.

В.А. Родионова., Г.Б.Родионова солтүстік орал тұқымды қозыларын 3 айлығынан бастап 12 айлығына дейінгі өзгерісті зерттеген. Зерттеу кезінде 3 айлық қозылардың қан сарысуында АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігінің доғарғы көрсеткіші: АСТ-2,60 мкмоль/с, ал АЛТ-1,32 мкмоль/с болған. Авторлардың қорытындысында  АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігі 3 айлық кезінде ең жоғары болады. Қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі әуліктік және маусымдық ауытқуы да мүмкін, бірақ күн сәулесінің  әсерінен ферменттердің белсенділігі жоғарлайды.

Әр түлік малдың буаздығына байланысты аминотрансфераза  ферменттерінің белсенділігі аса өзгеріске ұшырамайды. Бірақ бұл айырмашылықтар статистикалық сенімді емес.

В.П. Коваленко., В.А.Леснойдың айтуынша қозылардың АСТ және АЛТ ферменттердің белсенділігі емізетін кезінде жоғарылайды.

Қан сарысуындағы аминотрансферазалардың генетикалық негізінің өзгерісі жынысының әсер етуімен әр түрлі жануарларда айқындалмаған.

Сондықтан ферменттердің белсенділігін пайдалануда, жануарларды таңдау кезінде олардың өсуін, азықтандыруын болжау үшін жынысын еске алмауға болады.

Әдебиеттегі мағлұматтар бойынша  трансаминаза ферменттерінің  белсенділігіне азықтандыру әсері қарама-қайшы. Қозыларға тәжірибе жүргізу  кезінде протеиннің құрамы және кейбір амин қышқылдарының аминотрансфераза белсенділігіне айтарлықтай әсері жоқ.

Саулықтарға тәжірибе жүргізуде азық рационындағы протеин мен амин қышқылдары тепе-теңдігі қан сарысуындағы аминотрансфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігіне әсер етпейді. Смирнов О.К., Пасечник А.П., Смирнов О.К., Будникова А.В., Арипов У., Валиев Л. Рационда немесе майдың жоғарлауы қайта аминдеу процесінің төмендеуі байқалады. Осыған орай селекция мақсатында ферменттік тестерін пайдалану үшін малдарды толық құнды азықтандыру ең қолайлы.

Түлік және асыл тұқымдық әр түрлі малдардың қан сарысуындағы АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін зерттеген.

Авторлардың ойынша мына төменде көрсетілген малдар қатарынада АСТ ферменттерінің белсенділігі төмендей бастайды:  жылқылар, тауық, ірі қара мал, шошқа, тышқан, қой, қоян, ал АЛТ керісінше: қоян, шошқа, тауық, ірі қара мал, тышқан, жылқы. АСТ белсенділігі түрлік  айырмашылықтары ірі қара малда, шошқада, қойда, қоянда және тышқанда, ал АЛТ бойынша ірі қара малда, қойда айырмашылығы үлкен емес. АЛТ белсенділігінің ылқыда ең төмен екенін ұмытпау керек.

Қан сарысуындағы АСТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі мына малдарда жоғары: ірі қара малда, шошқада, қойда, тауықта, жылқыда және тышқанда, ал қоян мен шошқада аланиноаминотрансфераза белсенділігі жоғары. Осы ферменттердің белсенділігінің өзгеруі жоғарысы шошқада, ал ең төменгісі қой мен тауықта.

Әр түрлі тұқымды шошқаларды зерттеу кезінде, қан сарысуындағы АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің ең жоғарғы белсенділігі ландрас және беркшир тұқымларында анықтаған.

Түлік және тұқымдық өзгерулер әр трлі малдардың қан сарысуындағы АСТ және АЛТ трансаминаза ферменттерінің белсенділігі 6-кестеде көрсетілген.

2-кесте  Трансаминаза ферменттерінің белсенділігі

ЖануарларnАСТ ед/млАЛТ ед/мл
1. ірі қара малда12359,54 ± 1,2916,38 ± 0,44
2. шошқа19758,63 ± 4,4068,24 ± 2,29
3. қой14754,19 ± 1,3222,51 ± 0,46
4. тауық4792,18 ± 1,7341,50 ± 1,64
5. қоян10850,71 ± 1,7974,49 ± 1,89
6. жылқы20251,11 ± 9,434,85 ± 0,32
7. тышқан75057,67 ± 2,3413,89 ± 0,77

А.В. Эйдргевичтің сілтемесі бойынша ірі қара малдардың будандарында таза тұқымды жануарлармен салыстырғанда, аминотрансеразалардың белсенділігінің  деңгейі жоғары.

Бір тұқымдағы сүтті және етті бағыттағы жануарлардың қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігінің айырмашылығын таба алмаған. Бірақта соған қарамастан сүтті және етті бағыттағы жануарлар арасындағы бірқатар айырмашылықтар табылды. Мысалы: АСТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі етті жануарларда орташа есеппен 92,46±0,264 ед/мл (Умбрайт-Пасхина бірлігімен), ал сүтті бағыттағы тұқымды 62,40±0,22.

О.К. Смирновтың мәліметі бойынша етті тұқымды жануарлардың фермент белсенділігінің жоғары болуы жалпы биологиялық көрініс деп қарауға болады.

Кестеде берілген мәліметтер бойынша асыл тұқымды қазақтың архармеринос қой тұқымының АСТ ферменттерінің белсенділігі әр түрлі өзгереді.  Ең жоғарғы белсенділік 2-3 айлық кезінде байқалған, ақырына дейін сол деңгейде қалған Дәл осындай өзгерістер АЛТ ферменттерінің белсенділігіне де табылған. Авторлардың алған мәліметтері 7-кестеде көрсетілген.

3- кесте Қойлардың қан сарысуыныңы АСТ және АЛТ белсенділігінің өзгергіштігі

ГенотипАСТ мкмоль / (мл с)АЛТ мкмоль/ (мл с)
2-3 ай

5-6 ай

8-9 ай

2-3 ай

5-6 ай

8-9 ай

5/8 қанды0,34±0,050,28±0,010,28±0,010,24±0,020,24±0,020,24±0,02
3/4 қанды0,42±0,050,26±0,020,32±0,020,24±0,030,24±0,020,25±0,02
3/4 қанды0,57±0,050,24±0,010,29±0,010,29±0,030,21±0,010,29±0,01

Бұл кестеде қой қан сарысуының АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігінің өзгергіштігі бірдей болған. Демек мәліметтері бойынша, қойлардың жүн өнімділігі жоғары болған сайын, қан сарысуының аминотрансфераза  ферменттерінің белсенділігі де жоғары болады.

Сонымен жоғарыда айтылған зерттеулерде аталып өткендей, жануарлардың қан сарысуындағы аминотранфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігі өнімділікпен тығыз байланысты.

Әдебиеттергі нәтижелерді талдау кезінде мынадай қорытындылар жасауға болады: жануарлардың қан сарысуындағы  аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігінің түрлік айырмашылықтары болады. Ферменттердің белсендігініне жануарлардың жынысы, жыл мезгілі, азықтануы және күтімі аз  әсер етеді. Жануарлардың қан сарысуындағы ферменттердің белсенділігіне құндылығымен өнімділік бағыты қатты әсер етеді. Мысалы, етті бағыттағы қойлардың қанында аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі, жүнді бағыттағы қойларға қарағанда өте жоғары.

Соңғы бес жылды  республикада  бір қойдан қырқылған жүннің  физикалық массасы 3,0 кг құрады.  Жүн өнімі республиканың бір жанына шаққанда  небәрі физикалық массасы 1,8 кг немесе 0,94 кг, яғни қажеттіліктен 2 есе аз.

Литовченко. Г.Р, Есаулов П.А. [50] Қазақстанда бүгінде 70% биязы жүнді қойлар (асылтұқымды және қоспалар) жүнді- етті тұқымға, ал 30 % етті-жүнді бағыттағы тұқымдарға жатады.

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарына арналған қазақтың архармеринос тұқымды қойлары шығарылды.

Бұл биязы жүнді қойларды жабайы архар қошқарларымен шағылыстырғаннан алынған қой шаруашылығындағы тарихында алғашқы тұқымға жатады.

Николаев   А.И. [51] Жүннің түрлері және оның қасиеті жүнді өңдеу өндірісінде шикізатқа қойылатын талаптарға сай топқа, класқа, сортқа бөлу үлгісі.

Панин А.И. [52] Қойдың ішегі дененің ұзындығынан 30 есе, ал ірі қара малда 20-22 есе ұзын.  Қойдың барлық тұқымдарының азықтық қоректік заттардың 75% (ал арнайы ет және етті-майлы тұқымдарының 75% жоғары) ет сүйек, май түзуге түседі. Жас кезінде олар сапасы жоғары ет береді.

Қойдың өсіп-өнуінің негізгі заңдылықтары. Қойдың эмбриональді өсіп-өнуі негізінен зерттелген. Қойдың көптеген тұқымдары 100 бас сауылққа 100 ден 150 дейін төл береді.  Н.П. Чирвинский қойға тәжірибе жүргізіп, зоотехния практикасындағы (азық тапшы кезде организмнің қалыпты жағдайда өте жоғары өсетін бөліктерінің өсу деңгейі төмен болатындығы) заңдылықтарды ашқан.

Литовченко Г.Р., Вениаминов А.А. [53] Қырқылып алынған жүнге байланысты сұрыптап алу.  Жүнді қой шаруашылығында жылына бір қойдан қырқылып алынған жүн малдың құндылығын анықтайтын ең негізгі белгілерге жатады.

Әртүрлі биязы жүнді  қой тұқымдары қошқарларының ұрпағынан қырқылып алынатын жүн біркелкі емес екендігі талдау барысында анықталған. Қырқылып алынған жүнді сұрыптау тиімділігінің сұрыптау қарқыныңы жоғарылығына байланысты болады.

Литовченко  Г.Р. [54]  Биязы жүнді қойлардың етті-жүнді бағыттағы тұқымдары. Қазақтың архармеринос тұқымы – гибридизация әдісімен қойларды жабайы архар мен шағылыстыру арқылы дүние жүзінде табиғи алынған тұқым.

1934 жылы Қырғызстанда Я.Я. Яусаның пікірі бойында басталған жұмыс Архармериностар бірнеше құнды сапалықтарға бай. Олардың бойы биік және конституциясы берік. Күзде саулықтарының тірідей салмағы 55-56 кг. 100 аналыққа қоздаған саулықтар 130-140 қозы береді. Көбінесе жүннің ұзындығы 7,5 см. 1 класс саулықтардан 3,2-3,6 кг жүн қырқылып алынады, ал таза талшық шығымы 50-53%.

Қазақстанда  өсірілетін биязы жүнді қойлар (қазақтың биязы жүнді тұқымы, солтүстіккавказ, оңтүстік мериносы, қазақтың архармериносы) австралия мериносынан  төмендегідей сапалы көрсеткішінен  төмен: қырқылып алынған жүн  салыстырмалы биік емес жуылған жүн талшығының шығымы аз, жүннің технологиялық сапасы жоғары емес, жүн талшығы ұзындығы және жіңішкелігі жөнінен біркелкіемес, шайырдың сапасы қанағаттандырарлық емес, штапельде ыластанған және жуылған дана үлкен, талшықтың бұйралылығы, біркелкілігі айқын байқалмайды.

Қазақстанда қой өсірудің  негізгі мақсаты қойдың өнімділігін арттыру соның ішінде жүн сапасын жақсарту. Жүн шикізатының сапасы төмен болғандықтан тоқыма өнеркәсібі дүниежүзілік стандартқа сай келетін тоқыма дайындай алмай отыр. Австралия мериносының жүні халықаралық стандарттар талабына сай келгендіктен сол себепті бұл тұқым жүннің техникалық сапасын жақсарту үшін. Биязы жүнді саулықтарға шағылыстыру әдісі арқылы жүзеге асырады.

Қазақстаннның қойларының жүнін зерттеу арқылы өзінің негізгі массасына қарсы оның физикалық-механикалық кәсіптері қанағаттандырарлық көп белгілері біріңғайлығына куәгер боламыз

(К.У. Медеубеков). Сонымен қатар жүн талшығының жіңішкелігі (56 сапалы), жүні қысқа, беріктігі төмен, штапельде және жабағыда біріңғайлылығы қанағаттандырғысыз және де  шуашы жетімсіздері де кездеседі.

Дүние жүзілік стандарттар талабына сай  біріңғай типті жүн алу үшін республикада биязы жүнді қойлармен селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы жүннің   бүгінгі күні  кемшіліктерін жою үшін меринос сипатын алатын бағдар кіргізу қажет. Бұл мақсатты шешу үшін аталған жоғары өнімді қошқарларды барынша саулықтарға және де австрия тұқымды меринос  меринос қойды қошқарларған пайдаланған жөн.

Биязы жүнді тұқымдар шығарарда олардың гормониялық дене бітіміне, терісі жақсы дамып мойнында жетерлік қыртысы болуы қажет. Мұндай қойлар жақсы бейімделген, конституциясы  берік, ауыр жабағы береді.

Белгілі ғалымдардың М.Ф. Иванов [55], П.Н. Кулешов [56], А.И.Николаев [57], В.А. Бальманттар [58] пікірі бойынша жүннің жіңішкелігінің сапасын жақсартудың негізгі жолы – бұл  қой шаруашылығында селекциялық асылдандыру жұмыстарын жетілдіру және жоғары деңгейге көтеру болып табылады. Меринос өндірісін көбейтуде кешенді шаралардың ішінен республикаға әкелінетін биязы жүнді австариялық тұқымды қошқарларды пйдалану жатады. Көп жылдар бойы австариялық мериносымен жүргізілген жұмыстардың арқасында қан құйып шағылыстыру  арқасында  оңтүстік қазақстан мериностарының жүн өнімділігі біршама артты. Жүн біріңғайланды, бұйралылығы оның минеральді заттармен аз былғанатын және жақсы жуылатын ақ түсті.

Соның арқасында таза жүн шығымы артты, оның техникалық сапалы, тауарлық құндылығы ақсарады.

Қазақтың биязы жүнді қойларын жетілдіру қырқылып алынған жүннің көбейту, тұқымының биологиялық ерекшелітерінің құндылығын сақтап конституцияның беріктігін жақсы еттік қасиетін жыл бойы жайылым жағдайында ерте жетілуі, оның сапасын жақсарту бағытында  жұмыс жүргізілді.

М.В. Тереньтев және басқалар [59] «Кастек» асыл тұқымды зауытының қазақтың биязы жүнді тұқымды қошқарлары жүннің сапасын лабораториялық зерттеу қорытындыларын  келтірген. Жүннің негізгі жіңішкелігі 60-58 сапалы (89,0%). Жүн жіңішкелігі жағынан  біркелкі  штапельді және жабағыда беріп, және басқада  бағалық сапасы айтылған. Мысалы, белгілі қой шаруашылығының селекционері қырқылған жүнді  көбейту сапасын жақсарту үшін қазақтың биязы жүнді қойларын кавказ, ставрополь және грозненді тұқымды қошқарлармен шағылыстырған. Алынған мәліметтерге қарағанда стоврополь тұқымынан алынған будандардың өнімділігі жоғары болды. Кавказ және грозниді тұқымдардан алынған буданға қарағанда тірідей салмағы мен қырқып алып жүні артық болды.

Н.А. Новиков., К.П. Зорина [60] біздің елде жабағы жүн жоғары сапалы негізгі мақсаты отандық тұқымды қойлардың биязы жүнінің тауарлы және технологиялық құндылығын жақсарту. Жергілікті биязы жүнді тұқымға негізгі қасиеттерін (жақсы жабағы жүн, шайыры жоғары сапалы) енгізу.

И.М. Ботпаев [61] айтуынша австрия мериносымен шағылыстырғаннан қырғыздың биязы жүнді қойларының жүнінің технологиялық сапасы жақсарды, өнімділігі артып, асыл тұқымдық сапасы күшейді.

Отардан қырқылған жүн 0,1-0,15 кг артты, штапель ұзындығы 0,5-1,0 см ұзарды, жуылған жүн шығымы 2-3% көбейген. Қырғыздың биязы жүнді қойын ары қарай селекция жүргізгенде, маңызды белгілер кешеніне: қырқылып алынған меринос жүніне дене массасының жоғарлығына таулы жайылым жағдайына бейімделуіне аса мән беріп, соларға қарап іріктеген. Практика көрсеткендей біржақты жүні көбейген сайын, оның тірідей массасы азаяды, қойлар ұсақталады және оның конституциясы  әлсірейді, ал ең негізгісі, еттің  деңгейі төмендейді.

Республика шаруашылықтарында соңғы жылдары 1 класты биязы жүн шығымы 24,8 % жетті, ал бірақ іріктелген жүн  класы (ұзындығы 7 см ұзын) мүлдем  шықпайды , бұл биязы жүнді қой шаруашылығындағы жетілдірудегі селекционерлердің негізгі кемістігі.

И.Г. Котляров [62] пікірінше австрия мериносын биязы жүн қой шаруашылығында қолданудың өте қысқа мерзімде малдың өнімділігін көтеруге болады. Ең бірінші 1971 ж автриялық қошқарларын әкелген, ол 1981 және 1985 жылдары тағы әкелінген. Олардан алынған будандардан Жамбыл облысы «Мерке» асыл тұқымды зауытында  жүннің шығымы жоғары, сапалы жақсарған үш генеалогиялық линия алынған.

Австриялық қошқарларды грознен тұқымды саулықтармен шағылыстырғаннан соң Е.П.Воронковтың байқағаны, ұғашы тоқтылар буданының жүні қалың  таза тұқымды құрдастарымен салыстырғанда. Онда асыл тұқымдылармен салыстырып жүні майы 1% аз, ал ол будандарда жүні майының сапасы жақсы

К.У. Медеуеков және т.б. [63]  айтуынша австриялық қошқарларды солтүстік  қазақстандық тұқымды саулықтармен шағылыстырғаннан  туылған будандарда  жуылмаған  жүн шығымы 16,9-19,2 %-ға, ұзындығы 7,5-8,1 %-ға, жуылған жүн шығымы 6,2-8,2%-ға артқан.

К.М. Сейтпановтың  [64] алған мәліметі бойынша қазақтың биязы жүнді қойлар тұқымының өнімділігін жетілдіргендіктен Алматы облысы, Панфилов ауданы, «Көкөтал» шаруашылығының қойларын  Алматы облысы «Мынбаев» атындағы тәжірибе шаруашылығының австриялық мериносымен шағылыстырғаннан  алынған будандарда, қырқылып алынған жуылмаған жүн 17 %- ға көбейген.

А.Н. Нартбаевтің., Б.Т. Токпаев [65] мәліметі бойынша қазақтың биязы жүнді қойларын австралиязациялаудан қошқарларының жүнінің шығымы 3,9 %-ға, ұзындығы 1,1  см, беріктігі артқан, шайыры жақсарған, жүннің технологиялық сапасы жақсарған.

В.Н. Волосиков және басқалар [66] австрия қошқарларын Оңтүстік Қазақстан облысы «Күйік» асылтұқымды зауытының оңтүстік қазақстандық меринос тұқымды саулықтарға пайдаланғанннан бұл  қошқарлар жүннің ұзындығын жақсарта алады деген қорытындыға келген.

Aлынған мәлімет бойынша австриялық будандар асылтұқымды  кроснояр қойларына қарағанда  жүн талшығының ұзындығынан басым түседі. (3,4%-5%-ға) және жабағының біркелкілігімен өзгешеленетінін айтқан.

К.У. Медеубеков, Н.Р. Ракишев, А.А. Есенбаев [67] австриялық қойлардың климатқа бейімделу ерекшеліктерін анықтап, Қазақстанның оңтүстік батыс аймағының табиғи-климаттық факторлардың әсерінен олаорда функциональді өзгерістердің пайда болғанын ашқан, себебі австриялық мериностар жоғары  таулы аймаққа және ыстыққа жақсы бейімделгіш келеді.

Климатқа бейімделгіштігі олардың өнімділігімен дәлеленген қырқылып алынған жүн сапасы және тірідей массасы жоғары. Жүннің ұзындығы оның өнімділігімен қырқылып алынған жүнмен тікелей байланысты.

У.К. Рыспаев, Е.К.Сапанов, В.Г.Аносовтар [68] сулукөл типті солтүстік қазақстан мериностарын жетілдіргенде тұқым ішінде селекция жұмыстарын жүргізгенде және австриялық мериностарды пайдаланғанда олардың ет өнімдерін жақсарту үшін саулықтарға советтік етті-жүнді сібір тұқымды қошқарлар пайдаланған. Тәжірибедегі қойларды бонитировка жасағанда будандардың жүн талшығының қалыңдығына қарап шамамен сапасы 64,60 және 58 сапалы 56 4,2% ұрғашы тоқтылар және 5% еркек тоқтылар, ал сапасы 50- 2,32% еркек тоқтылар алынған. Жүннің жіңішкелігінің лабораториялық көрсеткіштері орта аймақта жүн талышғының қалыңдығы өзінің құрдастарымен салыстырғанда ұрғашы тоқтыларда 15 %-ға ал, еркек тоқтыларды 8,5 –дан жоғары. Және ол 22,90 мен 23,68 мкм болған. Етті-жүнді қошқарлар дегенмен жүннің жіңішкелігіне  штапель ұзындығы мен жабағы жүннің  бүтіндігімен алғанда әсерін тигізген.

К.Д. Аубакирова, Ж.К.Урбисинов [69] шуаш пен оның жуылған жүнге әсерін зерттеу үшін жүннің физикалық-химиялық қасиетін Қазақстанның оңтүстігіндегі меринос және меринос емес жүн балауызын зерттеген. Зерттеу барсында жүннің ең жақсы сақталу деңгейі сыртқы орта әсерінен жоғары еру температурасында бөлінген иодты санға және өте көк қышқыл мен эфир санына байланыстылығын анықтаған.

Австралиярацияланған оңтүстік мериностардың жүнінде жүн майы құрамында қанықпаған қышқылдар көп, ол бұл  оның химиялық ауытқулығын көрсетеді.

Оңтүстікқазақстан меринос қойлары жүнінде қанықпаған май қышқылдар құрамында жоғары молекулярлы қышқылдармен салыстырғанда (7,27 %) орташа молекулярлы майлар үлесі жоғары (38,6%).

Бұл жүнді жуғанда жұмсақ режимді пайдалануға мүмкіндік туғызады.

М.И. Нетяганың  [70] хабарлауынша асыл тұқымды ұрғашы тоқтылардың 100г. жүнінде күкірттің концентрациясы -3,32г, ал жартылай қандыларда – ( АВ бойынша «В» өзіне) 3,23 және ? -қандыларда- 3,10 г.

Қан құйып шағылыстырудың мақсаты қазақтың архармеринос қойларын типітің ішінде жүнділік белгілерін жақсарған тұқымын шығару болып табылады. Б.Ә. Әбішевтің [71] хабарлауынша бір рет қан құйғаннан жақсартатын тұқымның (австралиялық мериностардың) жақсарғанын айтады. Шешуші кезеңде жартылай қанды екінші ұрпақты будандар алып, кейін өзінде өсіруге, өндіруге, қошқарларды пайдалану қаралған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кейбір селекция жасалынған белгілер деңгейі австралия архармеринос жартылай қанды қошқарлардың уыздарында қазақтың архармеринос таза тұқымды сыбайластары кең жоғары болғанын көрсетеді.

Сол себепті, олар шаруашылық жағымды белгілер жағынан генетикалық жақсартушыларға жатады.

Бірінші ұрпақтағы будан қошқарларда мынадай жақсартушылық қасиеттерге ие болды; типтілік (түрлілік), қырқылып алынған жүн және оның ұзындығы, ал қойлардың тірідей массасы айтарлықтай өзгермейді.

Б.А. Абишев, Т.Е. Кенжебаевтар [72] жартылай қанды қошқарлармен саулықтарды, жасына қарай шағылыстырғаннан тәжірибе қорытындысы бойынша қазақтың арқармеринос тұқымын генетикалық жақсартушыға австралиялық қошқарлар мен олардың буданын пайдаланғаннан селекцияның бұл кезеңінде өте бағалы малдарға жақсартушы тұқымының 25% қаны болуы керек.

Жоғарылау өнімділік тура жұптастырудан алынады, рециопроетіге қарағанда әкелері жақсартушы тұқымының жартылайқандылары да, ал енелері жартылайқандылар.

Шағылыстырудың әртүрлі вариантында тірідей масса жақсы айқын құралады .

М.Д. Дугаров [73] атап айтады, Забайкал биязы тұқымды отармен  асылдандыру жұмысының маңызды мақсаттары бүгінгі кезде-жуылған жүннің шығымын 52-53%-ға жеткізу, (шуаштың) шайырдың сапасын, тығыздығын және жүннің өсімін жақсарту. Сол мақсатт үшін асылтұқымды заудта австриялық меринос және олардың тұқымдарын пайдаланады. Бұл қанды тұқымды Забайкал тазатұқымды қойлармен салыстырғанда олардың өнімі жоғары (жуылған талшықта 17,5 – 28,5%-ға) жүннің ұзындығы  12,5-25,6%-ға ұзындау, жуандығы мен ұзындығы біркелкі штапельдің ұзына бойына бұйралығы жақсы айқын білінеді. Әсіресе бағалысы шайыры ашық түстілігі, оның сапасы артып, қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі. Сол себепті жабағысы жабық келеді және аз ыластанады.

Көптеген қой шаруашылығы мамандарының зерттеушілер А.H.Николаева., Х.Б Картер [74] пікірінше сақа қойда жаңа жүн талшықтары төлдің іште жатқан кезінен берілетін фолликульдерден пайда болады дейді. Басқалардың (О.Д. Приселкова  [75]; И.А.Троицкий [76] санауынша жаңа фолликулдер жас туғаннан кейін пайда болады дейді.

Б.М.Махатов., В.В. Терентьев [77] және басқалардың алынған мәліметтері бойынша қазақтың арқармеринос тұқымды отарлардың австралиязациялауынан оң айтарлықтай өзгерістер болған дейді. ҚазҒЗТИ-ның лабораториялық зерттеулер бойынша қырқылып алынған жүн 4,66 кг, шығымы 57,3% және жуылған қырқылып алынған жүн 2,56 кг, ұрғашы тоқтыларда  4,05 кг, 59,2% және  2,4 кг сәйкес. Солтүстік Қазақстандың  австрализацияланған будандарда  қырқылып  алынған жүн отар бойынша орта есептен 3,2-3,6 кг, жуылып алынған, ол кейбір қошқарларда 14-15кг.

К.У.  Медеубеков [78], Г.С. Авсаджанов [79] жүн майының мөлшері жөнінен айырмашылықты бездердің  әртүрлі қарқынды қызметінен және сыртқы ортаның әсерінен деп байланыстырады.

Г.Л. Игнатова [80], В.К. Кятов [81] бездердің көлемі мен белсенділігін шайырдың әрүтрлі теңбілімен байланыстырады. Май бездерінің көлемінің өте үлкен болуы және оның сөл бөлгіш беткейінің көлемді болуы ақ шайыры бар қойларға сипатты.

А.К.Chisel [82] жуылған  қырқылып алынған жүнді селекциялауды жуылмаған қырқылып алынған жүнді іріктеу арқылыда жүргізуде болатынын анықтаған.

М.Ф. Иванов [83] және басқалар жуылмаған жүн өнімінің  көлемі өндірілген жүннің мөлшерін толық  көрсете алмайды деп санайды. Тек жуылған жүн шығымығана алынған өнімнің нақты және дұрыстығын анықтай алды.

  1. Smith, R. Austwick [84] (Англия) 1963-1972 жылдар аралығында қой шаруашылық  формаларындағы жартылай қанды қойлардың және биязы жүнді жүннің кластық құрамына талдау жүргізген. Англияда, Шотландияда және Уэльсе жартылай қанды малдардың стандартты емес жүні 1963 жылы -27%, 1964 жылы-27,1%; 1965-31,4%; 1966-30,3%; 1968-33,9%; 1969-42,7%; 1973-44,09%; 1971-32,0 және 1972 -32% болған, жиязы жүн – 30,0; 33,7; 33,9; 34,6; 52,7; 52,2; 45,9; 31,6 және 32,5% –ға сәйкес.

Англияның оңтүстік – батыс аймағында орта есеппен 8 жылда стандартты емес жүн-57% орталығында, оңтүстігінде – 39; Уэльсте -34;  Шотландияда -30%.

  1. Kruger [85] жүн талшығының бұйралығына малдың жасы, азықтандыруы жынысы және селекция әсер етеді деп тұжырымдайды. Жасы өскен сайын әсіресе 2-4 жаста жүн талшықтары жуандайды. 18 айлығына дейін жүн талшығының көлденең көлемі тез өседі. Жасы өскен сайын жүн талшығының бұйралығы айтарлықтай өзгермейді. Жасы 10 айлық еркек тоқтылардың жүні «стронг» түріне (типке) жатады, ол микроскопиялық жолмен жүн талшығының жуандығын анйқтайды. «файн» түріне (типке) жатады. Ал 18 айлығында бұл айырмашылықтар азаяды. Соған қарағанда әртүрлі жаста жүннің бұйралығы оның жіңішкелігін көрсете алмайды. «Стронг» жүнді қойларды дұрыс азықтандырмасаң онда жүн жіңіркереді, онда оны «файн» түріне (типке) жатқызады, ол бұйралықтың түрін бағалауға  сәйкес «медиумға» жатқызады. Жүннің жіңішкелігіне ауру, буаздық, төлдерді өсіру, қошқарды жиі пайдалану әсер етеді. Бұл факторла жүн талшығының жіңішкелуіне әкеліп соқтырады. Ал бірақ мұнда бұйралық өзгереді.

А. Бевз, К.Ендонова [86] Калмың АССР-нің «Чагорта» колхозына жататын қыртыссыз типті (түрлі) 25 қой мен 25 саулықтардың жүн  үлгілерін зерттеген. Қыртыссыз типті саулықтар көпқыртысты типпен салыстырғанда тірідей массасы жоғары болғанын жүн жабындысында май аз және орта тәуліктік майдың жиналуы, килоколориды жуылмаған қырқылып алынған жүндер селекция күнінде анықтаған. Қырқылып алынған жүн ондағы ортатәуліктік  жиналатын аминқышқылдар құрамы, әрбір килограм жүнді  пайда болдыратын желінген азық мөлшері, жіңішкелігі, беріктігі және бұйрасы жөнінен  бұл көрсеткіштер терінің қыртыстылығымен әлсіз байланысты болғандықтан сенімді өзгешеліктерді байқамаған.

  1. Kalinowska [87] жүн талшығының жіңішкелігіне малдың физиологиялық жағдайы үлкен әсер етеді деп санайды.

Н.Г. Мамедов [88] Азербайжан республикасы Шеки-Закатал аймағы жағдайында жүннің сапасын әртүрлі будандарында шаруашылық және кейбір биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде бұл аймақта экономикалық жағынан 58-50 сапалы жүнді қойлар өсіру пайдалы себебі олардың өнімділігі жоғары бұл қойларды сату бағасы оларда ұстауға кеткен өнімнен төмен деген қорытындыға келген. Әртүрлі тұқымды, типті, линиялы қойлардың селекциялық биологиялық белгілерінің коррелятивті өзгергішітігі кең аумақта зерттеліп Е.М. Лущихиннің [89], Г.А. Стакан [90], А.П.Папина  [91], С.Ш.Мирзабеков, М.М.Бетембаев, Ю.А.Скоробогатов [92], М.К.Кройтер [93], К.К.Канапин, А.Ахатов [94] және басқалар еңбектеріне айтылған.

С.К. Абжанов [95] қазақтың биязы жүнді линия қошқарларының азықтандыруының шаруашылық жағымды белгілерін коррелятивті тәуелділік сипатын зерттеген. Тірідей масса мен қырқылып алынған жүннің жоғары оң корреляциясы байқалған + 0,479 + 0,463 ұзындығы + 0,342 және + 0,340 қырқылып алынған жүн.

Л.П. Казерацкийдің [96] мәліметі бойынша жүннің ұзындығы мен жіңішкелігінің  корреляциясы жоғары деңгейлігі – 0,51-0,59 екенін айтады.

Қ.С. Сәбденов, С. Құрбанов  [97] – табиғи  жайылымдардың азайып  кетуі  және қойшаруашылығын  интенсивтендіру  күрделі  қаржының тез өтелу  жолдарын іздестіруді  талап етуде. Бұл арада  жұмыстың негізгі бағты  жүннің  жалпы  өнідірісін  арттыруда  және оның сапасын  жақсартуда  болса керек.  Сонда жем – шөп  базасын  нығайту, күтіп – бағудың  жайылымдылық – қолда ұстау  әдісін  енгізу және  қосымша  қаржының  қайтарымы  арта түседі. Сондықтан  табиғи және экономикалық  жағдайларға  байланысты жүнді- етті   және етті-  жүнді  бағыттағы  биязы жүнді  қойларды сіңіру мақсатқа  неғұрлым  сай келеді деп танылды.

Жүннің беріктілігі кейбір жағдайда тұқымдық ерекшеліктердің көрсеткіші болып саналғанымен де, айтарлықтай дәрежеде малды азықтандыру мен бағып-күту жағдайларына да байланысты дейді.

С. Әлімқұлов [98]- қой шаруашылығы  өнімін  өндірудің прогрестік технологиясын жасағанда  жұмыс істейтін  нақты қой тұқымы  белгіленеді, оның күйі  жетілдіру  жолдары  мен әдістері   анықталады. Тұқымды мұқият  зоотехникалық   және экономикалық  бағалау жүргізгеннен  кейін  барып таңдап алу  қажет.  Тұқым асылдандыру – малдың сапалық  көрсеткіштерін  жақсарту  және  жоғары  өнімді  отарлар , мал мен құс  шоғырын құру жөніндегі  шаралардың  тұтас кешені . Егер   бұл  жұмыс  шаруашылықта  дұрыс ұйымдастырылған  болса, малдың  өнімділігі  ұдайы артып, саны көбейе түседі,    бір қойға шаққанда товарлы  өнім көп болады.

Байжұманов Ә  [99]- асыл  тұқымды  мал шаруашылығында  және  фермаларындағы   малды  өсірудың  негізгі  әдісі- таза тұқым   өсіру. Бұл әдіс өнімділігі мен түрі  бірдей отар құруға, тұқым қуалау  белгілерінің  тұрақты  болуына қол жеткізуге, сонымен  бірге шаруашылыққа  пайдалы  белгілерін  жетідіре  түсуге  мүмкіндік  береді.  Тұқымды  таза өсіру  малдың тұқымы  ішіндегі  типтерін  ескеріп , оны линиялар  және үйірлер , отарлар бойынша  өсіруді  қажет  етеді.  Тұқымның  жеткілікті  дәрежеде  өзгергіш  болуын сөйтіп  ұдайы  жетіле  түсуін  қамтамасыз  ету  мақсатында  оның ішіндегі       линиялардың   саны қажетті  мөлшерде болуы қажет .

Қошқарлардың тек бір  шаруашылықта  ғана   пайдаланбайды, сондықтан  линиялар бойынша  өсіруде  бір шаруашылық  міндеті шеңберінен ауқымды  болып, тұқыммен  тұтас  жүргізілетін  жұмыстың  мазмұны  болып табылады.

Республиканың ғылыми мекемелері  малды  генетикалық  тұрғыдан  жетілдірудің  тиімді жүйесін  жасаған. Генетика  биология  және малды өз төлінен  өсіру  саласында ғылымның мықтап  дамуы электронды – есептеу  техникасын  кеңінен  қолданудың  нәтижесінде   қой шаруашылығында мүлде жаңа  жүйе   жасалды: тұқымды асылдандырудың сол жүйесінің   негізінде кең көлемді  селекция  жатыр. Тұқымды асылдандырудың бұрынғы  дәстүрлі  әдістерінен  оның айырмашылығы   оның ықпалына  линияның,  отардың жекелеген  қасиеттері  ғана ілікпейді , сонымен  қатар малдың үлкен тобы да, толық  тұқымда  оның  ықпалына ілігіп, сөйтіп оның  әсері ірі  аймаққа , тұтас  шаруашылықтарға жайылады.

Қасымов К [100] – соңғы жылдары жасалған  іштегі  ұрықты алып, көшіріп салу әдісі  өнімділігі  жоғары  мол табындарын  құрып және асыл – тұқымды  мал  санын көбейте  түсуге  үлкен мүмкіндік туғызады.  Бұл әдістің мәнісі  мынада:  ұрықтандырылған  соң  бірнеше  күннен кейін  өнімі жоғары  саулықтан (донордан) ұрықтанып,өсе бастаған  аналық  клеткаларды шайып оларды да  лабораторияда тексеріп, бағаланғаннан  кейін  өніміділігі  төмен саулыққа реципиент  деп  атайды) тұқымдық  тұрғыдан  бағалы  төл алады. Мұның өзінде  бір ұрықтандыру  барысында  жоғары өнімді  бір саулықтан  бір емес, тіршілікке  бейім  бірнеше  ұрық алуға, сөйтіп асыл тұқымды  қой санын   көбейтудің  коэффициентін  мықтап арттыруға  болады.

Сабденов. Қ.С, Шәуенов С.К. [101] – тұқымды  таза өсіргенде  әртүрлі  асыл тұқымды  мал шаруашылықтарындағы  қошқарларды  алмасытырып пайдалану  әдісі тиімді. Ол отарда  бірінші  ұрпақтың  артықшылығын (гетерозисті)  және сонымен  байланысты  қойдың  тіршілікке  бейімділігі  мен өнімділігін  сақтауға  мүмкіндік береді. Пайдаланатын  отарларда туыстарды  будандастыруға  жол бермейді.

Малды будандастыру – пайдаланылатын  отарлардағы  қойлардың өнімділігін  арттырудың ең тиімді  әдісі.  Жай және күрделі  өнеркәсіптік  бдандастыруды  ал биязы  жүнді қой шаруашылығында  оған қоса  кезек будандастыруды  қолданады. Мұндағы бұлжымайтын  шарт  будан малды толыққ ұнды  азықпен  азықтандыру  болып табылады.

Қазіргі таңда   шаруашылықтарға  жыл сайын   өнімі жоғары  мал алу  үшін барлық  ұрғашы  малдарды  жеке дара бонитировкадан өткізіп оларға  ең таңдамалы  негізгі  қошқарларды  тағайындау .

Қазақстанның  қой өсірушілері  мен селекционерлері  отандық және дүниежүзілік генетикалық ресурстарды  кеңінен  пайдалану  селекция  мен биологиялық  технологияға  ғылыми – техникалық  прогресс  жетістіктерін  табыспен  енгізуде. Соның  негізінде  қойдың қазір қолда бар тұқымын  жетілдіру және жаңа  өнімді тұқымдарын  шығару жөнінде  үлкен де жемісті жұмыстар істеуде.

Метлицкий А.В., Берус В.К., Нартбаев А., Тоқаев Б. [102]  жазғандай   жылы Қазақстанға   алғашқы рет «стронг» типі  19 австралия  қошқарлары әкелінді, оның ішінде  9 басы Жамбыл облысына,  8 бас Оңтүстік Қазақстан және 2 –уі  Алматы облысының үлесіне тиді.

Көптеген  ғалымдар мен мамандары  Есаулов П.А., [103,104]  Доллинг С.Х. [105], Венаминов А.А. [106], Черекаев А.В. [107], Семенов С.И., Мороз В.А. [108, 109, 110]  мәліметтеріне  қарағанда   австралия  биязы  қой шаруашылығы  үш тұқым  ішіндегі  типке бөлінеді. Олар бір- бірімен  шығу – тегі, дене  өлшемдері, формасы бойынша, өнімділік  деңгейі, жүн сапасы, белгілі  бір жер климатына  бейімделгендігімен  ажыратылады.

  1. Файн /жіңішке тип/ – ірі емес, жүн өскелеңдігі  жақсы, шығымы 57-68 %   болатын  5,6-6,0  кг, жіңішкелігі  17-20 мкм / 80-70 сапа/  жүн береді, штапель  ұзындығы  8-9 см.
  2. Медиум /орташа тип/ – орташа  келген  қойлар  шығымы 58-71 % 5,6 -6,5  кг жүн  береді. Жүн ұзындығы  8 -10 см,жүн жіңішкелігі  20-23 мкм /65  сапа/.
  3. Стронг /мықты тип/- ірі малдар, 6,0-6,6 кг жүн береді, шығымы 60 – 75 %   Жүні салыстырмалы ірі – жіңішкелігі  23- 25- мкм аралығында  /60 -58  сапа/  штапель  ұзындығы  92-10 см.

Әр  тип ішінде  топталған отарлар белгіленген   аймақ ішінде  бөлек – бөлек өсіріледі.  Асвтралияда  пеппиндер, оңтүстік  австралия және жаңа оңтүстік уэльс мериностары кең тараған

А.Е.  Лущенко, А.Д. Билтуевтің [111] краснояр  тұқымының  қойларына, И.А. Новикова, Е. Воронкова [112] грозный  тұқымына, Қ.У.  Медеубеков және басқалар [113] солтүстік  қазақ  меринос  тұқымдарына, қырғыз  биязы  жүнді қойларына  И.М.  Ботбаев [114], М.Р. қазақтың  биязы жүнді  қойларына  және тағы басқа  тұқымдарға  жүргізілген  зерттеулер  көрсеткендей,  Австралия  қошқарларын  пайдалану аталған  тұқымдарда  жүн өнімділігі, оның сапасын, жүннің технологиялық  қасиеттерін  жоғарылатты.

М.И. Санников [115] жергілікті  қойларға австралия  мериностарын  пайдалану, олардың жүн өнімділігін, сапасын  жақсартады  деп тұжырымдайды. Австралия  мериностарының жүні  үлкен ұзындығымен, мықтылығымен,  майысқақтығымен , жылтырлығымен, біркелкілігімен  сипатталады да,  жүн өңдеу  өнеркәсібі  үшін  таптырмайтын шикізат болып табылады. Көптеген   зерттеулер  деректеріне  қарағанда  австралия мериностарының жүн   жабығы  салмағының  тұқым қуалау   дәрежесі  өте жоғары, жуылған таза жүні  50%- ке және жуылмаған  жүні бойынша 30-47%     аралығында  болады.

F2 будандардың   өнімділік  сапасын  зерттеген  Н.А.  Косова [116]     мәліметтерінде, ?  қанды малдардың   жүн өнімілігі  жоғары    болды. Сонымен қатар  тәжірибелік  топ малдары  жақсы жүн  өскелеңдігімен , иректілігімен  және жоғары  сапалы  шайырмен  сиппаталады. И.Т. Котляров, А.Н. Глаголев [117] пікірінше  будандастыру  үшін австралия  мериностары   пайдаланылатын  биязы  жүн қой  шаруашылығы  аймақтарында, селекционердің басты мақсаты  қазіргі  кезең  талабына келетін  бағытта  тиімді  қой типін   шығару  деп  көрсетеді. А.Е.  Лущенко  мен С. Билтуева   зерттеулерінде   «Учумский»  асыл  тұқымды   зауытында  өсірілетін краснояр  тұқымының  саулықтарына  австралия   қошқарларын  пайдалану нәтижесінде  алынған жартылай  қанды ұрғашы  тоқтылардың  жуылған жүні 2,62 кг немесе  краснояр  тұқымды  құрбыларынан  11,4 % -ке артық болды. ?  қанды тоқтылар  қырқылған жүні  бойынша  краснояр  таза тұқымды және  жартылай  қандылардың 9,5  және  5,7 ?  қанды малдардың  5,7 %  – ке асып түсті.

Берус В.К. [118]  солтүстік  қазақ мериностарына  австралиялық  биязы жүнді қошқарларды  пайдалану  кезінде  олардың   төлдегіштік  қасиеті  жоғары болып алынған  жартылай  қанды  ұрпақтар өміршеңдігі  таза қандылардан кем түспейтіні   байқалды.  Жартылай  қанды ұрғашы  тоқтылар жүніұзын болды.  Қырқылған  жүні бойынша  тоқты қошқарлардың  арасында  айырмашылық  болмады,  ал жуылған жүн шығымынан  жартылай  қанды  қошқарлар  таза қандыларға  қарағанда  400 г немесе 9,1 % – ға артық болып шықты. Өс жылдамдығы  мен тірі салмақ көрсеткіштері  жартылай  қанды будандармен  таза қанды малдарда  бір деңгейде дерлік екені атап көрсетілді.

Сабденов Қ.С. және басқалар [119]   деректерінде  қазақтың биязы жүнді саулықтарын  ұрықтандыру үшін австралиялық  қошқарларды  пайдаланғанда, өз ішінде  өсірілген  І және ІІІ ұрағы  аса тиімді  болып шықты. Австрало х қазақтың биязы жүнді типінің  жақсартатын  тұқым бойынша қаны 37,5 %  болғанда  талапқа  барынша  сай келген . Егер тұқымды таза  өсіргенде  жүн ұзындығы мен жуылған  жүн түсімі  іс жүзінже өзгермеген  болса, ал ұзындығы  тіпті  қықарып кетсе, қан араластыра  будандастырғанда олар өсе түскен . Барлық  жас тобындағы  саулықтардың тірілей салмағы  жақсарт ылып отырған тұқымның бастапқы  көрсеткіші  деңгейінде қалды.

Цырендондоков Н.Д.  және тағы басқалар [120]  «медиум» типті  австралия  қошқарларын  волгоград тұқымымен  шағылыстыру  барысында  алынған  бірінші  ұрпақтың  тірі салмағы  аз ғана   төмендейді..  Ал қырқылған  жүн салмағы  төмендегенімен, оның таза  жүн түсімі  жоғары болды.  Будандардың  белгілі бір бөлігінің  жүн  жабағысы  біркелкі , жүн жібектілігі , штапель  жұмсақтығы  шайыр  сапасы жақсы  болып келгенін анықтаған.

Медеубеков Қ.У, Нартбаев А. және басқа да ғалымдар  [121]  солтүстік  қазақ мериносына  австралия  қошқарларын  пайдалану,  малдардың жуылған  жүнін 16,9 -17,2 %- ке , жүн ұзындығын  7,5- 8,1 %- ке, ал таза  жүн шығымын  6,2 -8,2 % -ке  көбейтуге  мүмкіндік  берді  деп көрсеткен.

Петров А.И. және  т.б.  [122]  қазақтың биязы жүнді қойларын   тәжірибелік  және шаруашылық  жағдайда  жоғары  деңгейде  азықтандыру кезінде қырқылған  жүн бойынша  жұп  таңдау  тиімділігін анықтаған. Сөйтіп қырқылған  жүн өнімділігі  жоғары  қойлар берілген  азықтың қоректі  заттарын  үлкен тиімділікпен  жүн  талшықтарын  өсіруге  пайдаланылады  деген   тұжырымға келген.

Сондықтан да  мал азығын  тиімді  пайдалану  мақсатында керекті  белгі  бойынша  жоғары  көрсеткішті  малдардан  біртекті  жұп  таңдап, өнімділігі  төмен малдарға  жүн шығымы,  қырқылған  жүн  көрсеткіші  жоғары  тұқымдық қошқарларды  пайдалану  керек.

Метлицкий А.В. [123], Нартбаев А. және басқалар қазақтың биязы жүнді қойларын австралия  қошқарларымен жетілдіру  жұмыстарын  зерттеу кезінде саулықтардың  төлдегіштігі ,тұқымдық  қошқарлардың  ұрықтандырғыш   қасиетіне  тікелей   байланысты  екенін   анықтап көрсетіп  берді. H. Turner, S.Young   [124]  меринос    қойларға  жүргізілген  көптеген  зерттеулерді  жалпылай  келіп, ересек  малдардың жүн  тығыздылығының  тұқым қуалау коэффициенті 0,2 -0,6,  ал белгінің  қайталануы  0,3-0,5 аралығында  болады деп тұжырымдады.

Б.Т. Тоқпаев [125] деректерінде  Қастек  тұқымдық  зауытында  қойлардың жүн өнімділігін  және жүн сапасын  арттыру  мақсатында  соңғы  жылдары  жоғары  өнімді  қазақтың биязы  жүнді  саулықтарын  австралия  мериносымен  кіріспе  будандастыру  жүргізіліп келгені  көрсетілген. Алынған 89 бас жартылай қанды және ? қанды  тұқымдық қошқарлардың орташа  тірі салмағы  106,8 кг, жуылған таза жүні  6,98 кг, жүн ұзындығы  10,43 см болды.  Кейбір жартылай  қанды қошқарлардың  жуылған  таза жүні 10,3 кг – ға  дейін жеткен.

Әдебиетке шолуды қорытындылай келе, ұсақ малдардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері жеткілікті зерттелменеген. Бізге жетерлік әдебиеттерге мәліметтердің көбісі 1960-1990 жылдарда зерттелген. Ал жаңа, қазіргі заманғы биохимиялық әдістермен зерттелген мәліметтер жоқтың қасы, әсіресе полиакриламид геліндегі электрофорез, аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі. Осыған орай, біз Қазақстан Республикасында бірінші болып осы жұмысты ұсынып отырмыз.

Қой шаруашылығында өнім өндіруді көбейту, қой өнімділігін арттыруға тікелей байланысты.

Қырқылған жүн көрсеткіші А.И.Папин [126] С.В. Байлов және басқалар А.И. Петров., Г.Ф. Ожерельев [127] деректері бойынша –күрделі белгі. Ол ұзындық, тығыздық, жіңішкелік, шайыр көлемі, тері аумағы сияқты көптеген факторлармен тығыз байланысты.

Жүн ұзындығының өндірістік қажеттілігіне байланысты қой асылдандыруда маңызы өте зор. Ол жүн сапасын ғана көрсетіп қоймай, қырқылған және бірден-бір белгі болып табылады. Г.А.Стакан, А.А. Соскин, [128].

Жүн талшығының жіңішкелігі жүн сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі, себебі оның иіру өндірісі үшін шикізат ретінде технологиялық сапасын жіңішкелігі арқылы анықтайды. С.Х. Долинг [129] деректеріне қарағанда жүн талшықтарының жіңішкелігі меринос жүнінің бағасының 63 %-ын құрайды, соған байланысты жүн шикізатын кластау белгі ретінде –жіңішкелік қабылданған.

А.И. Николаев [130] жүн ұзындығы бойынша диаметрінің  біркелкі болуының себебі, малдың жеке, жыныстық ерекшеліктерімен, қатар азықтандыру және күтіп бағу дұрыс жүргізілуіде көрсетіледі.

Н.П. Червинский [131] жүн жабағысының толық біркелкілігіне жету мүмкін емес, себебі мал денесінде әрқашан ірі жүн орындар болады, бұлай болуы қой табиғатында деп жазады.

Ш.Р.Адылқанова., Т.С.Садықұлов., Г.Л.Ким [132] мәліметтерінде малдардың өсіп-жетілуінің біркелкі болуы биологиялық заңдылықтарға, яғни қазақтың құйрықты қойлары қозыларының өсіп-жетілуін ата-енесі және жүнінің класы бойынша жұптау арқылы анықталған. К.Д.Әбубәкірованың [133] жазуынша жүн қой шаруашылығының негізгі өнімі болып табылады. Демек, жүннің сапасын сақтау үшін оны тапсырар алдында міндетті түрде жабағының ішіне араласқан ластардан тазалап, әзірлік жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен зерттеу арқылы мыналар анықталды: жүнді өндіріп, дайындау барысында зоотехникалық және ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдағы кемшіліктерден шикізаттың сапасына елеулі нұсқан келеді.  У.Н.Вгош және т.б.анықтағаны, меринос қойларының бір бір басқа түскен таза жүн түсімі 15-16 айлық жасында 2,2 кг құрады, ал 2,5 жаста ол 0,15 кг артты, 3,5 жаста 0,27 кг, ал 4,5 жаста -0,44 кг, ал жасы ұлғая түссе жүн түсімі неғұрлым төмендейтінін дәлелдеген.

S.B. Slek және E.C.Banry жүргізілген зерттеулерінде корридель қой тұқымының жүн талшықтарының диаметрі қозылардың 9 айға дейін өсуі (23,1-ден 36,8-ге мкм), ал басқа мерзімде өзгермеуін анықтаған. Кейбір ғалымдардың зерттеулерінде жүннің қоюлығы жасына қарай қоюлануы артады дейді.

Жүн талшығының және технологиялық қасиеттерін сақтауында ең қолайлы атқаратын ролі-шайыр. Шайыр жүн талшықтарын тығыз шүйкелендіріп жабыстырып тұрады, тері мен жүнді сыртқы отраның әсерінен қорғайды. Шайырдың бағалы қасиетін жоғалтпау үшін аса маңызды іс атқаратын жүн майы, ол тұқымына, өзіндің және тағы да басқа өзгешеліктерге байланысты 15,2-ден 52% дейін, биязы жүнде 8,2-ден 22%, биязылау, біртекті және әртекті будандардың жабағысында 4,0-тен 1,8%, ал қылшық жүнді қойларда 2,5-тен 6% дейін болады.

Жүннің ұзындығы оның құндылығын анықтайтын негізгі қасиеттерінің бірі. Жүннің ұзындығының өсуі көптеген себептерге, яғни қой тұқымы, жынысына, жасына, азықтандыру жағдайына, жыл маусымына және өзіндік ерекшеліктеріне  тәуелді болады.

Z.H.Mordey зерттеулері бойынша тірі салмақ пен жүннің жіңішкелігі меринос қойларында теріс корреляция (-0,17) көп байқалған. Бірақ та әлемдегі ғалымдардың пайымдауынша меринос қойларының тірі салмақ пен жүн талшықтарының жіңішкелігінде оң байланыс.

Е.Есентаев деректерінде Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» қой шаруашылығында ғылыми селекциялық жұмыстар ақ жүнді қозы, ақ жүн алу мақсатында жүргізілген.  Ақ жүнді мол мөлшерде өндіру үшін гемогенді қошқарлар линиясын жедел жетілдіру қажет екендігін көрсетті. Сөйтіп, жаңа қой тұқымын зерттеу тәсілдері мен шығару тәжірибесі жалпы биологиялық заңдылықтарды, зат алмасуы, тұқым қуалау сапасының, төлдің өсіп-жетілу өлшемдерін, сыртқы орта жағдайларын есепке алу секілді маңызды мәселелерге негізделген.

2 ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛГЕН ОРНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

2.1 Тәжірибелер жүргізілген уақыты, орны және жағдайы

Қазақтың арқармериносы тұқымы 1934-50 жылдары новокавказ қойын жабайы арқармен шағылыстыру арқылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары И.С.Бутарин., А.Есенжолов., А.Жандеркиндердің басшылығымен шығарылды. Бұл дүние жүзіндегі ең бірінші гибридтеу әдісімен шығарылған тұқым. Кейін бұл жұмыс Күрмектідегі Қазақ ССР-ның Ғылым Академиясының тәжірибелік базасында жүргізіліп 1950 жылы сәтті аяқталды.

Осы диссертациялық жұмысқа арқау болған 2004 жылдың күзінен бастап Алматы облысы Райымбек ауданы Ұзынбұлақ өндірістік кооперативінде қазақтың арқармериносы қой тұқымына ғылыми тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Шаруашылықтың жалпы жер ауданы  4856-га, оның ішінде 60% суармалы жерлер, ал 40% табиғи жайылымдар. Суармалы жерлерге  негізінен арпа, жүгері, жоңышқа және басқа көпжылдық шөптер өседі. Топырағы құнарсыз болғандықтан егін шаруашылығынан мол өнім алу үшін органикалық немесе минералдық тыңайтқыштарды қолданады.

Жазда температура  +35… +370С жетеді, ал қысы суықтау -23.. -280С нөлден төмен.

Қыс мерзімінде қойлар жылы бастырма астында ұсталды. Қошқарлар мен тоқтылардың тәуліктік рационы азықтандыру бөлімінің  мамандары акклимитизация кезеңін есепке алып ұсынған әдіспен анықталды. Атап өту керек, қойлар бізде бірнеше қысты жақсы өткізді. Оларды әкелген кездегі жоғары және орта қоңдылығы сақталды.

Жаз кезінде қойларды  күн сәулесіннен сақтандыру үшін негізінен таңертең және кешкі мезгілдерде жайылымға шығарылады.

Келер жылдары 2005 жылдан бастап, жаздың ыстығында қазақтың арқармериносы қойы отарлары тау бөктеріне жайлауға жайылымға шығарылады. Бұл жерлер жайылымға бай, шырышты көк шөп суық күзге дейін сақталады. Қойларды тау өзендерінен суғарады. Тауда қойлар жақсы семіреді, тау-климаттында жас төлдердің жақсы өсіп жетлуіне жағдай туады, ересек малдардың қоңдылығы көтеріледі.

Шаруашылықтағы қошқарларының салмағы – 110 кг, қырқылған жүн салмағы – 7 кг, жүн ұзындығы -8 см. Саулықтарының тірілей салмағы 52 кг,  қырқылған жүн 4,5 кг, жүн ұзындығы 8,5см.

Бұл шаруашылықта қазақтың арқармериносы қойы өсіріледі. Қазақтың арқармериносы қойы биязы жүнді, етті-жүнді бағыттағы тұқым.

2.2  Биохимиялық зерттеу әдістері

Биохимиялық зерттеу жүргізу үшін Алматы облысы Райымбек ауданы «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативінде  қазақтың арқармериносы қойы тұқымы алынды. Биохимиялық ғылыми зерттеу жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің  биохимия кафедрасының зертханасында жүргізілді. Зерттеу жұмыстарын орындау үшін мынадай биохимиялық әдістер қолданылды:

  1. Жалпы белок – Лоури әдісі бойынша;
  2. Қан сарысуындағы иммуноглобулиндер –Мак –Эванс әдісімен;
  3. АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі- Райтман-Франкель әдісі бойынша;
  4. Қан құрамындағы эритроцит, лейкоцит – Камера Горяев препараты арқылы;
  5. Қанның гемоглобині – Гемометр Сали әдісімен анықталды.

2.2.1 Қан сарысуындағы жалпы белокты Лоури әдісімен анықтау

Жалпы белокты Лоури әдісімен  анықтау белок құрамындағы мыс туындыларының  Фолин реактивін тотықсыздандырып боялуына негізделген. Бояу процесі рН 10-ға тең болғанда ең жоғары болады. Бұл әдіс өте  сезімтал және өте қолайлы, 0,005 мл сарысуындағы 0,2 мкг белокті анықтауға болады.

Жұмыстың орындалу реті. 0,2 мл қан сарысуына, 1 мл мыс сульфатының сілтілік ерітіндісі  құйылады. Қоспаны жақсылап араластырып, 10 минуттан кейін екі еселенген 0,1 мл Фолин реактиві қосылады, ал бақылау пробаға  қан сарысуының орнына физиологиялық ерітінді алынады, 30 минут өткен соң қалыңдығы 3 мм кюветада (750 ммк) дистилденген суға қарсы колориметрленеді (ФЭК).

Есептеу: Сынақ пробаның экстинкциясынан бақылау пробаның көрсеткішін алып, калибрлік сызықтан жалпы белоктың мөлшері болады.

Калибрлеу сызықты құру. Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометрмен анықталады. Алдымен, физиологиялық ерітіндіде қан сарысуынан 1 мл 0,5 мг белогы бар негізгі ерітінді дайындалады. Лоури реакциясын жоғарыда айтылған ретпен жасап, колориметрленеді. Стандарттық ерітінділердің оптикалық тығыздығын алып калибрлеу сызығы құрылады. Ол үшін, абцисса осіне стандарттық үлгілердің оптикалық тығыздығы жазылады (бақылау пробаның оптикалық тығыздығын алып тасталады).

Қан сарысуындағы белоктың мөлшерін г% өлшеп мына теңдеумен  анықталады:

Белок (г%) ═

Мұнда: С – пробадағы белоктың концентарциясы мг 1 мл-де

В – қан сарысуының еселенуі (500)

10- есептеу коэффициенті

Қан сарысуындағы  белокты анықтау және калибрлеу сызығын дайындау, бәрі бір жағдайда өткізілді.

2.2.2 Қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді анықтау

Бұл әдіс Кинкель эффектіне байланысты болды. Мұнда цинк сульфатының қан сарысуының иммуноглобулиндерімен әрекеттескенде  лайланған тұнба түзіледі. Алдымен 10 пробирканы алып оған 0,05 мл қан сарысуы құйылады. Оған 1,95 мл су қосып араластыру қажет. Содан кейін 10 таза пробирка алып, алғашқы 10 пробиркадан 4 мл алып, оның үстіне цинк сульфатының ерітіндісінен 5 мл құйып араластырып 60 минут бөлме температурасында қалдырады. Осы аралықта фотоэлектроколориметр апаратын қосып, 30 минут қыздырады. Бір сағат өткен соң ФЭК –пен сыну коэффициентін анықтаймыз.

ФЭК- тен алынған сыну коэффициенттері арқылы арнайы кестедегі көрсеткіштер бойынша иммуноглобулиндердің мөлшері анықталады.

ФЭК-тің сыну коэффициенті мен иммуноглобулиндердің мөлшері (мг/мл)

ФЭК-тің көрсеткішіИммуногло-булиндерФЭК-тің көрсеткішіИммуногло-булиндерФЭК-тің көрсеткішіИммуногло-булиндер
0,1000,660,2201,200,3501,74
0,1100,680,2301,250,3601,77
0,1150,720,2401,300,3701,80
0,1200,760,2501,350,3801,83
0,1300,800,2601,400,3901,86
0,1400,840,2701,440,4001,89
0,1500,880,2801,480,4101,92
0,1600,920,2901,520,4201,96
0,1700,960,3001,560,4302,00
0,1801,000,3101,600,4402,04
0,1901,040,3201,640,4502,08
0,2001,100,3301,680,4602,12
0,2101,150,3401,710,4702,16

Ескерту:  х = а •40

х – иммуноглобулин мөлшері

а – кестеде тапқан иммуноглобулин мөлшері

40- 1 мл –ге өткізу коэффициенті

2.2.3 Қан сарысуының АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін анықтау

          Бұл әдіс Райтман-Франкель әдісі деп аталатын қазіргі заманғы жаңа әдіс. Әдістің принципі АСТ және АЛТ  ферменттерінің әсерінен қымыздық сірке, пирожүзім қышқылдары түзіледі.

Реакция барысында қымыздық сірке қышқылы пирожүзім қышқылына ауысады. Сілтілік ортада 2,4- динитрофенил-гидрозинді қосқанда, пирожүзім қышқылының боялған гидрозоны түзіледі, ол бояудың интенсивтігін фотоэлектроколориметрмен анықтайды.

АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің  белсенділігін анықтауға арналған раективтердің барлығы Чех Республикасында дайындалған. Райтман-Франкель әдісі келтірілген.

АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін анықтау кестесі

ОЛИМП (мл) 4-5 реактив физиологиялық ерітіндіСЫНАМА (мл) 0,25

БАҚЫЛАУ (мл)

0,25

0,25

3 минут 370 С температурада қыздырамыз
Қан сарысуы0,05
60 минут 370 С температурада қыздырамыз
2 реактив0,250,25
Араластырып 250 бөлме  температурасында 20 минут қалдырамыз
3 реактив NaOH2,502,50
Араластырып 10 минуттан кейін сыну коэффициентін ФЭК-те өлшейміз

2.2.4 Жүн өнімділігін анықтау әдістері

Жүн мен тері үлгілері әртүрлі тәжірибе тобындағы қойлардан көктемгі қырқымда алынды.

Жүннің физикалық-механикалық қасиеттерін қой жүнін зерттеу әдістемелігіне  жұмыс мақсатына кейбір қосымшалар, өзгертулермен сәйкес жүргізілді.

Жүннің ұзындығы мен жіңішкелігі (қабырға, сан, бүйір), жатықтығы, ыластануы, шайырдың жуылуы мен  беріктігі анықталды. Жабағы жүнің кемістіктері мен тұқымнан берілген ақаулары, және тағы басқалары бағаланды.

Жабағы жүнге зоотехникалық сараптау арқылы баға берілді.

Жүннің физикалық-механикалық қасиеттері қажетті саймандар төмендегідей көрсеткіштер алу үшін өлшенді: жуылған жүннің % шығымы, жіңішкелігі, беріктігі, май мен шайырдың мөлшері. Жуылған жүн шығымын анықтау үшін 200 грамм жүн үлгісі сабынды-содалы ерітіндіде жуылып, кондиционер аппаратында 105-1100С температурада кептіріледі, соңынан таза жүн шығымы есептелінді.

Жүннің жіңішкелігі бүйірінен 200 талшығын және санынан 100 талшығын зерттеу нәтижелерімен ланометрде өлшенеді. Жүннің беріктігі бір топ жүн талшықтарын динамометрде (ДШ-3 м 20) үзіп көру арқылы анықталды. 4-5 мг ұзындығы 25 мм жүн таралып алынып жуылды.

Жүндегі майдың мөлшері 10 гр жүн үлгісінен эфирмен Сокслет аппаратында экстрагирлеу арқылы анықталды, соңынан жуылып, кондиционер аппаратында кептірілді. Мұндай процесс жуылмаған және жуылған майсызданған, жүнде май мөлшерін және де механикалық қоспалар барын анықтауға мүмкіндік береді.

Жүннің физикалық-механикалық қасиеттерін анықтаумен қатар, терінің гистологиялық құрылысы анықталды. Ол қойларда түк фолликулаларын зерттеу әдістемесіне Н.А. Диомидова., Е.Б. Панфилова., Е.С.Суслина (1960), және жүн сапасын зерттеуге арналған әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізілді.

Микрокесінділер микро томда дайындалды. Бояу Вейгерт әдісі бойынша темірлі гематотсймен бояп, эозиттің сулы ерітіндісімен бояп жетілдірілді.

МБИ-3 «Биолам» микроскопынан көлденең терінің пиллярлы, торша эпидермис қабаттарының және арқылы түк фолликулдардың тереңге орналасуын анықталды. Бағалы асыл тұқымды малды іріктеп алу үшін жүннің қалыңдығының факторларын алғашқыда органикалық жолмен ол бонитировкада қырқылып алынған жүнді қырқым кезінде және соңында гистологиялық анықтаудың маңызы зор. МБИ-3 микроскобы арқылы  горизонтальді кесіндіде май бездері деңгейіндегі көру алаңында фолликулалар саналды.  Екінші ретті фолликулалардың бірінші фолликулаларға қатынасы анықталды. Проекционды польша аппаратымен май және тері бездерінің көлемі анықталды.

Қазақтың арқармериносы қойының экономикалық тиімділігі жалпы өнімділікті есептеу әдісі арқылы анықталды.

3  ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1 Тәжірибелерде пайдаланылған малдың өнімділігі

Біз 2004-2007 жылдар аралығында қазақтың арқармериносы қойы тұқымының қан құрамының эритроцит, лейкоцит, гемоглобин, қан сарысуының жалпы белогын, иммуноглобулиндерін және аминотрансфераза АСТ, АЛТ ферменттерінің белсенділігін және олардың малдың өнімділігіне әсерін зерттедік. Сол жылдары алынған зерттеулердің нәтижелері төмендегідей.

1 кесте – «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативіндегі қазақтың арқармериносы қойларының соңғы жылдардағы сандық өзгерістері

КөрсеткіштерЖылдар
200420052006

2007
бас%бас%бас%бас%
Мал басы32551003244

1003158

1003527100
Оның ішінде саулықтар саны1550481472

451502

481656

47
Қошқарлар64020550175401762018
Еркек тоқтылар40012430

13426

1347013
Алынған төлдер  саны66520792256902278122

1- кестеден байқағанымыз «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативінде қой басы жылдан жылға кебеюде.  Жүн өнімінен басқа да көрсеткіштер есепке алынады.

Отар құрылымы дегеніміз- шаруашылықтағы немесе фермадағы жас- жынысы бойынша малдардың пайыздық ара қатынасы. Ол төмендегідей  топтарға бөлінеді: қошқарлар, саулықтар, 1 жастан 2 жасқа дейінгі тоқтылар. Одан басқа бордақылауға арнайы мал тобы құрылады. Жасы және жынысы бойынша мал топтары жыл ішінде өзгеруі, соның ішінде төл алу, бір топтан екінші топқа малдардың ауысуы, сонымен қатар табыннан шығару және етке союға жібергендері.

Шаруашылықта  малды әр түрлі және құнарлы азықтармен қамтамасыз ететін тұрақты азықтық база бар.

Мал шаруалышығын интенсивтендіру және олардың өнімін жоғарылату үшін сұрыптау әдістерін қолдану қажет. Сұрыптауды тек қана зоотехникалық әдістерімен жүргізу жеткіліксіз, сондықтан қазіргі заманғы сұрыптау биологиялық, биохимиялық және гинетика ғалымдарының жетістіктеріне сүйене отырып жүргізілуі қажет. Осыған байланысты қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерін зерттеудің маңызы зор деп ойлаймыз.

2- кесте Қазақтың арқармериносы қойы тұқымының саулықтарының және 12  айлық тоқтыларының қан құрамының биохимиялық көрсеткіштері мен өнімділік сапасы

ТоптарТірілей салмағы,

кг

Қырқылған жүн түсімі, кгIg

(мг/мл)

Жалпы белок (г%)АСТ (мкмоль

/с)

АЛТ (мкмоль

/с)

Элита саулықтар58,1±0,284,22±0,1041,7±0,288,10±0,075,06±0,202,65±0,10
тоқтылар

12 айлық  элита

43,4±0,503,81±0,1340,8±0,357,95±0,064,93±0,182,45±0,12
I класс37,4±0,653,20±0,1237,2±0,167,40±0,054,40±0,162,10±0,14
II класс32,30±0,62,70±0,1530,4±0,267,05±0,63,90±0,201,90±0,15

2- кестеде Қазақтың арқармеринос тұқымының элита саулықтары мен 12 айлық қозыларының (элита, I, II класс) тірі салмағы, қырқылған жүні және қан сарысуы көрсеткіштері көрсетілген. Яғни, қойлардың өнімділігі қан құрамына тікелей байланысы бар екендігі анықталды.

3.2 Қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерінің өнімділікпен байланысы

Қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу үшін қазақтың арқармериносы тұқымының әртүрлі топтарынан әр қайсысынан 10 бас алынды. Бұл қозылардың тірі салмағы, жасы және  тұқымы бойынша бір-біріне ұқсас (анологтар), ал аналық саулықтар біркелкі асыл тұқымды қойлар болды. Қозылар мен саулықтар қан құрамының биохимиялық көрсеткіштері 2- кестеде көрсетілген.

3- кестеде көрсетілгендей қозылардың қан құрамы және оның басқа да көрсеткіштері ай сайын өсу және даму кезеңдеріне қарай үлкен өзгерістерге ұшырап отырады.

3- кесте  Әр жастағы қазақтың арқармериносы қойлары қан құрамының биохимиялық көрсеткіштері

Қозы жасыnЭритроцит, млн.Лейкоцит,

мың

Гемоглобин, г%
1 айлық108,84 ± 0,387,29 ± 0,4311,4 ± 0,42
4 айлық109,40 ± 0,417,11 ± 0,3712,05 ± 0,41
7 айлық108,47 ± 0,437,95 ± 0,418,3 ± 0,38
8 айлық108,80 ± 0,418,35 ± 0,419,97 ± 0,40
12 айлық109,55 ±0,447,41 ± 0,4113,05 ± 0,45
Саулықтар109,65 ± 0,687,83 ± 0,7310,0 ± 0,27

Эритроциттер мен гемоглобин мөлшері 1 айлық қозыларда төмен (8,84±0,38 және 11,4±0,42), бірақ 4 айлық қозыларда олардың мөлшері тез көтеріліп 9,40 ± 0,41 млн және 12,05±0,41 г% жетеді. 4 айлық қозылардың бұл көрсеткіштері одан кейінгі 7 және 8 айлық көрсеткіштерінен едәуір жоғары. Қозылардың бұл көрсеткіштері тек қана 12 айында қайтадан өсіп (9,55±0,44 және 13,05±0,45), аналық саулықтардың дәрежесіне (9,65±0,44 және 13,05±0,45) жетеді.

Сонымен, қозылардың өсу динамикасында зат алмасу процесінің екі кезеңін бөліп айтуға болады: 4 және 12 айлық кезеңдерінде олардың өсуі, даму қарқыны едәуір артады.

Қозылардың иммундық статусының негізгілерінің бірі – лейкоциттер мөлшері барлық зерттелген айларда бір келкі деуге болады, оның мөлшері 7-8 мың шамасында. Тек жайлаудан түскен кезде, қозылардың 8 айлығында лейкоциттің мөлшері біршама көтеріліп, 8,35 ± 0,41 мыңға жеткен.

4-кестеде қозылар мен аналық саулықтар қан сарысуындағы жалпы белок, иммуноглобулиндер мөлшері және АЛТ, АСТ ферменттерінің белсенділігі көрсетілген.

Кестеде көрсетілгендей қан сарысуындағы жалпы белок мөлшері, оның динамикасы қозылардың 1 айлығынан бастап 12 айға дейін зерттелген.

Жалпы белоктың ең аз мөлшері 1 айлық қозыларда (6,08 ± 0,41), одан кейін 4 айлық қозыларда (6,2±0,40 г%). 7 айлық қозылар қан сарысуының жалпы белогы бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие (7,62 ± 0,43 г%) болған.

Сонымен, келтірілген нәтижелерге қарағанда қан сарысуының 1 айлық қозылардағы жалпы белок мөлшері 6,08 ± 0,41 г% -дан 7 айлық қозылардағы 7,62 ± 0,43 г%-ға  дейін жоғарылаған, демек жарты жылда жалпы белок 1,54% өскен, бұл қазақтың арқармериносы қозыларының өсу қарқынының жоғары екенін көрсетеді.

4- кесте Әр жастағы қазақтың арқармериносы қойларының қан сарысуындағы жалпы белок, иммуноглобулиндер мөлшері және АЛТ, АСТ ферменттерінің белсенділігі

Қозы жасыnЖалпы белок,

г%

Иммуноло-гбулиндер, мг/млАЛТ, мкмоль/сағ

АСТ,

мкмоль/сағ

1 айлық106,08 ± 0,4122,57 ± 0,411,46 ±  0,023,48 ±  0,52
4 айлық106,2 ± 0,4024,67 ± 0,412,46 ± 0,54,00 ± 0,72
7 айлық107,62 ± 0,4331,25 ± 0,422,29 ± 0,313,80 ± 0,61
8 айлық107,12 ± 0,3932,65 ± 0,412,08 ± 0,344,20 ± 0,09
12 айлық107,25 ± 0,6033,25 ± 0,642,09 ± 0,044,52 ± 0,04
Саулықтар107,40 ± 0,6236,47 ± 0,711,88 ± 0,085,06 ± 0,26

Жалпы белок мөлшері тоқтылардың 8 айында қайтадан төмендеп (7,12±0,39), 12 айына дейін осы шамада (7,25 ± 0,60г%) қалған. Ал аналық саулықтарының қан сарысуындағы жалпы белок мөлшері (7,40 ± 0,62 г%), яғни 7 айлық қозылар көрсеткішінің шамасында болған.

Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде қозылардың жасы өскен сайын қан сарысуының жалпы белогы біркелкі жоғарыламайтыны анықталды. Мысалы, қозылардың 4 және 7 айлық кезінде жалпы белоктың деңгейі көп жоғарылаған (4 айлығында белок мөлшері 6,26±0,40% болса, 7 айлығында 7,62±0,43% дейін көтерілген), болса одан кейінгі кезеңдерде бірден төмендеп (8 айлығында) қайта (12 айлығында) көтеріле бастаған.

Демек, қозылардың қан сарысуының жалпы белогінің мөлшері, олардың тірі массасының өсуіне қарай ырғақты өсіп отырады. Ал одан кейінгі уақытта, қозылардың қан сарысуының жалпы белогы біркелкі жоғарылайды. Қозылардың 12 айлық кезінде, тірі салмағы 45,4±0,60 кг жеткенде қан сарысуының жалпы белогынің деңгейі ересек қойлардың белогы мөлшеріне жақындайды.

Иммуноглобулиндер – қанның негізгі қорғаныс белоктары, қан сарысуында қозылар енесінің уызын қабылдағаннан кейін пайда болады. 1-5 күндік қозыларда иммуноглобулиндерді синтездеу қабілеті болмайды. Сондықтан қозылардың енесінің уызына толық қануы үлкен роль атқарады.

Иммуноглобулиндердің динамикасы қозылар туғаннан кейінгі 1 ай және 4,7,8,12 айлық кезінде қан сарысуында зерттелді.

Ж.Ж.Жұмашев және т.б. [14, 15] мәліметтері бойынша, қозыларының қан сарысуында иммуноглобулиндер уыз ішкеннен кейінгі 24-36 сағатта ең көп мөлшерде -35 мг/мл дейін көрсетіліп, ал 1 айлық қозыларда иммуноглобулиндер мөлшері 21-22 мг/мл дейін төмендеген.

Осындай ерекшеліктер 1 айлық қазақтың арқармериносы қозыларында да байқалады-22,57±0,41 мг/мл. 7-8 айлық қозылар иммуноглобулиндердің мөлшері жағынан (32,65±0,41 мг/мл) 12 айлық қозыларға (33,25 ± 0,064 мг/мл) және аналық саулықтарға жақындайды. Бұл көрсеткіштер қазақтың арқармериносы қозыларының иммундық жүйесі 7-8 айда толық қалыптасып болатынын көрсетеді.

Аминотрансфераза ферменттерінің  динамикасы 1,4,7,8,12 айлық қозыларда  және аналық саулықтарда зерттелді, алынған мәліметтер 4 – кестеде көрсетілген.

АЛТ (аланин аминотрансфераза) және АСТ (аспартат аминотрансфераза) ферменттері ауыстырылатын аминқышқылдарының биосинтезінің негізгі ферменттері болып табылады. Сондықтан, олардың белсенді белок биосинтезімен, атап айтқанда, қозылардың өсіп жетілу қарқынымен және жүн өнімділігімен тікелей байланысты.

1 айлық қозыларда иммуноглобулиндердің көрсеткіштері тәрізді АЛТ және АСТ ферменттерінің белсенділігі төмен (1,46±0,02 мкмоль/сағ және 3,48±0,32 мкмоль/сағ). АЛТ ферментінің  белсендігіні 4-7 айларда біркелкі 2 мкмоль/сағ жоғары, ал 8-12 айларда 2 мкмоль/сағ шамасында, аналық саулықтарда 1,88±0,08 мкмоль/сағ.

Сонымен, қалыпты жағдайдағы қазақтың арқармериносы тұқымы бойынша АЛТ ферментінің белсенділігі 2 мкмоль/сағ құрайды.

АСТ ферментінің белсенділік динамикасын зерттеу 1,4,7,8,12 айлық қозылардың қан сарысуы арқылы жүргізілді.

АСТ ферментінің белсенділігі қозылардың өсу-жетілу кезеңдерінде көп өзгерістерге ұшырамайды. 1-8 айлық қозыларда АСТ активтілігі 3,48 ± 0,52 мкмоль/сағ -4,20 ± 0,09 мкмоль/сағ арасында. Дегенмен, 12 айлық қозыларда АСТ активтілігі жоғары 4,52 ± 0,04 мкмоль/сағ, ал аналық саулықтарда 5,06 ± 0,26 мкмоль/сағ.

Сонымен қалыпты жағдайдағы АСТ ферментінің  белсенділігі қозылардың жасына орай  көп өзгерістерге ұшырамайды, 12 айлық қозылар мен аналық саулықтардың көрсеткіштері бірдей деуге болады – 4,52 – 5,06 мкмоль/сағ.

Осы мақсатта қозылардың 1,4,7,8,12 айлық кезіндегі және саулықтардың тірі массасының өсуі және қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерімен (жалпы белок, иммуноглобулиндер және АСТ, АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің  белсенділігі) байланысы зерттелді. Алынған нәтижелер 6 – 7 кестелерде келтірілген.

Жоғарыдағы кестелердегі келтірілген мәліметтерге қарап, бір айлық қозылардың тірі массасы 9,3±0,20 кг болды, ал жалпы белогы 6,08±0,41г %, иммуноглобулиндер 22,57±0,41мг%, АСТ-ның белсенділігі 3,48±0,52 мкмоль/сағ, ал АЛТ-ныкі 1,46±0,02 мкмоль/сағ. Осы көрсеткіштерді, қозылардың өсуіне қарай салыстыру арқылы белгілі бір байланыстың барын анықтауға болады.

Аминотрансфераза ферменттерінің организмдегі қызметі көмірсулардан және майлардан ауысатын амин қышқылдарын синтездеу екенін еске алсақ, қозылардың тәуліктік салмақ қосуының көбейюін түсіндіруге болады. Организмде амин қышқылдарының қоры неғұрлым жеткілікті болса, соғұрлым белоктардың биосинтезі қарқынды жүреді.

Бірақ, В.М. Красовтың [38] мәліметтерінде, қан сарысуының жалпы белогынің деңгейіне асыл тұқымдылық үлкен әсер еткен. Автордың мәліметтері бойынша, малдың 1 айлық кезінде жалпы белогі 6,98 г% болған, ал 4 айлық кезінде – 6,52 г%. Жалпы белогынің мөлшерінің деңгейі 12 айлық кезіне дейін жоғарлап 7,05 г% жеткен.

Л.С. Жебровский және т.б. қан сарысуының жалпы белогынің  деңгейі малдың асыл тұқымдылығына, тұқым қуалау ерекшеліктеріне өте тығыз байланысты деп көрсеткен. Бір айлық қозылардың  қан сарысуының иммуноглобулинерінің орташа мөлшері 20,73 мг% болды.

Ж.Ж.Жұмашев [14] мәліметі бойынша,  жаңа туған қозылардың қан сарысуында иммуноглобулиндердің іздері ғана болады.

Иммуноглобулиндер қан сарысуында қозылар енесінің уызын қабылдағаннан кейін пайда болады. Демек, қозылардың 1-5 күндік кезінде иммуноглобулиндері өз организмінде синтездеу қабілеті болмайды.

Жануарлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің деңгейі өнімділікпен  динамикалық тепе-теңдікте болатынын Смирнов О.К., [100] Сейтқалиев К.С.[98] Демек, көп жүнді қойлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің айырмашылығы жоғары.

Сонымен, біз қазақтың арқармериносы тұқымы қозыларының тірі салмағының өсуімен қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерінің өзгергіштігінің арасында байланыс барын анықтадық.

Қан құрамының биохимиялық  көрсеткіштерінің жүн өнімділігіне  байланысын зерттеу мақсатында 20 бастан тұратын екі қой тобы құрылды: олардың  10 басы жүнділігі бойынша жоғары класты және 10 басы – төменгі класты.  Ұрғашы тоқтылар тегі, тірі массасы және жасы жағынан біркелкі (аналогтар) болды. Жүргізген зерттеулердің нәтижесі 5 – 6 кестелерде келтірілген.

5- кесте Ұрғашы тоқтылардың жүнділігіне қарай қан сарысуының жалпы белогы мен иммуноглобулиндерінің көрсеткіштері

Мал топтарыnЖалпы белок, г%Иммуноглобулиндер, мг%
Жоғары класты107,40 ± 0,6236,47 ± 0,71
Төменгі класты106,95 ± 0,0326,08 ± 0,08

6– кесте Ұрғашы тоқтылар жүнділігіне қарай қан сарысуының АСТ және АЛТ аминотрансфераз ферменттерінің белсенділігінің көрсеткіштері

Мал топтарыnАЛТ,

мкмоль/сағ

АСТ,

мкмоль/сағ

Жоғары класты101,88 ± 0,085,06 ± 0,26
Төменгі класты101,47±0,304,52 ± 0,04

Кестелердегі келтірілген нәтижелерге қарағанда, жоғары класты ұрғашы тоқтылардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері төмен класты жүнді ұрғашы тоқтылардаға қарағанда анағұрлым жоғары. Мысалы жалпы белок 7,40±0,62 г%, иммуноглобулиндері 36,47±0,71 мг%, АЛТ 1,88±0,08 мкмоль/сағ, АСТ-ның активтілігі 5,06 ±0,26 мкмоль/сағ ал төмен класты тоқтылардың жалпы белогі – 6,95 ± 0,03, иммуноглобулиндер – 26,08±0,08 мг%, АЛТ -1,47 ± 0,30 мкмоль/сағ, АСТ 4,52 ± 0,30 мкмоль/сағ болды.

Малдың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің деңгейі өнімділікпен  динамикалық тепе-теңдікте болады. Демек, жоғары класты жүнді ұрғашы тоқтылардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің айырмашылығы жоғары.

3.3  Жүн өнімділігі

Қазақстан қой шаруашылығы дәстүрлі сала, жергілікті халық тұрмысының ажырамас бір бөлігі болып табылады, 1930 -1940 жылдарға дейін бүкіл елде, негізінен, еті үшін қылшық жүнді құйрықты (етті-майлы) қой ғана өсірілді. Әр текті қылшық жүннің тауарлық мәні болмағандықтан, халық киіз, байпақ басу үшін ғана пайдаланды. Жүн өңдейтін мамандандырылған ірі кәсіпорын болмады.

Қылшық жүнді құйрықты саулықтар 30-40 жылдары әкелінген түрлі биязы жүнді тұқым қошқарлары мен будандастырылғаннан кейін, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-ның Еуропалық бөлігінен биязы және биязылау жүнді қой шаруашылығы қоныс аударған соң Қазақстанда тауарлық мәнге ғана жүн ие болды.

1946 жылы Республиканың Оңтүстік Шығысында бекітілген қазақтың биязы жүнді қой тұқымы, 1950 жылы басқа бір биязы жүнді қой тұқымы –қазақтың арқармериносы шығарылды. Қазақстанда тауарлы жүн өндірісі және жүн өңдеу өнеркәсібінің дамуы осы сәттен басталды. Осы саладағы алғашқы ірі кәсіпорын сол жылдары салынып, іске кіріскен Жамбыл қаласындағы жүнді алғашқы өңдеуден өткізетін фабрика болды. Сол уақыттарда ол жылына 30-40 тоннадай жүн өңдей алатын ең ірі фабриканың бірі еді. Мұнда қазақтың биязы жүнді қой тұқымының, қазақтың арқармериносының, сондай-ақ 1965 жылы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған Оңтүстік қазақ мериносы қойларының биязы жүні тұрақты түрде жеткізіліп отырды. Қазақстанның Солтүстігі мен Солтүстік шығысында биязы жүнді қой шаруашылығы аймағының кеңеюіне және мұнда 4-ші биязы жүнді қой тұқымының шығарылуына (1976 жылы бекітілген) орай, жүнді алғашқы өңдеуден өкізетін Семей фабрикасы салынды. Оның қуаттылығы жылына 20-30 мың тонна жүн өңдеу болатын. Бірнеше жылдан соң Ақтөбеде 3- ші фабрика іске қосылды. Ол жылына 20-30 мың тонна жүнді алғашқы өңдеуден өткізіп отырды. Мұнда негізінен Батыс облыстардан әкелінген қылшық, ұяң және биязылау жүн өңделді. Осылайша, қой шаруашылығы әбден дамыған (34-36 млн қой болған) 1990 жылдардың басына қарай 100-105 мың тонна жүн өндірілді. Оның көбісі әлгі үш фабрикада алғашқы өңдеуден өткізіліп, жуылған күйінде Рессей, Украина, Беларуссия және Балтық жағалауы елдерінің тоқыма кәсіпорындарына жөнелтіліп отырды. Өндіріс көлемі, тауар айналымы, республикадан тыс жерлерге шығару және ақшалай түсім бойынша жүн ол кезде барлық сатылатын ауыл шаруашылығы шикізатының ішінде астықтан кейінгі орынды алатын.  Оның 10-15% ғана республика кәсіпорындарында – Аякөз жүн иіру фабрикасы мен Алматы тоқыма фабрикасында және Алматы кілем комбинатында өңделіп, пайдаланылды.

Қайта құру кезеңіне дейін жүн өндірумен ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – кеңшарлар мен ұжымшарлар айналысты. Олардың әрқайсысында 20 мыңнан 100 мыңға дейін қой болды. Әрбір шаруашылық өнімділігі бір бағыттағы қой немесе бір тұқымның қойын ұстады. Әр түрлі түсті қой өсіруге жол берілмеді. Сонымен қатар шаруашылық отарлары жыныс, жас және тұқымдық құндылығы (бонитировкалау кластары) бойынша құрылды. Бұл одан әрі өнеркәсіптік өңдеу үшін маңызы зор бір типті жүнді мал алуға мүмкіндік берді. Қой арнайы типтік жобадағы пункттерде қырқылды. Ол пункттер ірілендірілген, жабағыны сыпырудан оны буып- түйгенге дейін барынша механикаландырылған еді. Тәжірибелі қырықтықшылар зоотехник-бонитерлардың республикалық жоғары мектебінің жанындағы арнайы курстарда дайындықтан өтетін. Бүкіл қой қырқу процессі қой санына, олардың жағдайына және тұқымына байланысты 20-30 күннен аспайтын. Өз мәні мен дайындық деңгейі бойынша бұл нағыз ірі өндіріс еді. Ірі қой шаруашылықтарындағы қырқым пункттерінде жүзден астам адам, соның ішінде 50-ге дейін қырықтықшы жұмыс істеді. Олар күнніне 2-3 отар қой, ал кейбір тәжірибелі қырықтықшылардың әрқайсысы күніне 100 және одан да көп қой қырықты. Осы пункт басында тәжірибелі мамандар жүнді ұзындығына, жіңішкелігі мен басқа жағдайларына қарай класқа бөлді, нығыздап, теңделді, таңбаланып, алғашқы өңдеу фабрикаларына жөнелтілді. Жүн дайындау жақсы ұйымдастырылып, Қазақстанның тұтынушылар одағы жүйелері арқылы өткізілетін. Шаруашылықтар олармен шартқа отыратын. Дайындау мекемелері шаруашылыққа қаржы төлейтін, ол жүнді алғашқы өңдеуден өткізу фабрикаларына жөнелткен соң бір-жола есеп айырысатын. Мұндай жүйе өте жақсы қалыптасқан және өзін-өзі толық ақтайтын. Жүннің сатылу бағасы түріне, класына, класс тармағына, тазалық жағдайы мен таза талшық шығымы пайызына қарай қолдағы прейскурант бойынша анықталатын. Мәселен, бірінші класты (ұзындығы кемінде 65 мм), бірінші класс тармағына жататын (жіңішкелігі 64 сапа және одан жоғары немесе 20,6-23,0 мкм) тазалық жағдайы қалыпты, жабағының жуылған жүн шығымы 50% жіңішке меринос жүнінің 1 килограмы 7,28 сомға бағаланатын. Ол кездерде 1 сом 1 долларға тең еді. Өндіріс әбден қалыптасқан қой шаруашылықтары 100-200 және одан да артық тонна жүн өндіріп, едәуір табыс табатын және үнемі рентабельді еді.

Соңғы жылдары Қазақстан қой шаруашылығының жағдайы да, жүн өндіру де күрт төмендеді. Қазақстанның статистикалық басқармасының деректері бойынша, республикада 9 млн 599 мың қой мен ешкі болып, 24,3 мың тонна жүн өндірілген. Осы қой мен ешкінің көбісі Алматы облысы (2 млн 188 мың) мен Оңтүстік Қазақстан облысының ( 1 млн 799 мың) үлесіне тиген. Осы екі облыс, тиісінше, 8,3 және 5,6 мың тонна жүн өндірген.

Қой мен ешкінің нақты саны мен жүн өндіру көрсеткіші берілді. Реформалау нәтижесінде қазіргі кезде барлық қой мен ешкі шаруашылықтардың 3 категориясына шоғырландырылған (6 кесте).

7- кесте  2006 жылдың басында Қазақстан қой шаруашылығы мен жүн

өндіру жағдайы

ОблыстарҚой саны, мың басЖүн өндіру, мың тоннаӘр қойдан қырқылған жүн, кг
Ақмола107,90,21,6
Ақтөбе628,81,42,8
Алматы2187,78,33,3
Атырау389,00,82,2
Шығыс Қазақстан924,52,12,5
Жамбыл956,81,92,6
Батыс Қазақстан610,01,73,0
Қарағанды БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР- Қазақстан Республикасы

АК – қазақтың архармеринос қойы

кг – килограмм

см – сантиметр

% – пайыз

мкм – микрометр

мг%- милиграмм -пайыз

гр – грамм

мл – милилитр

n – мал басы

X±m – варияцияның орташа көрсеткіші және қатесі

Cv,%  –  вариация коэффициенті

АЛТ – аланинаминотрансфераза ферменті

АСТ – аспартатаминотрансфераза ферменті

Мкмоль/с – микромоль/сағат

Мкмоль/мл – микромоль/миллилитр

±σ, мкм – орташа квадраттық ауытқу, микронмен

АНЫҚТАМАЛАР

Диссертацияда төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды;

Тұқым шығу тегі мен жалпы даму тарихы бар, белгілі бір социальды-экономикалық жағдайда адам еңбегімен құрылған, біртұтас, бір түрдегі мал тобы.

Аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі- қанның аминотарнсфераза ферменттерінің белсенділік қасиеті: белгілі бір уақыт аралығында (бір сағат) мысалы: аланин амин қышқылдарынан микромоль көлемінде пирожүзім қышқылының бөлінуі.

Аланинаминотрансфераза – фермент, пируват пен α – амин қышқылы әрекеттескенде аланин түзілуін катализдейді.

Аланин – амин қышқылы, бір амин тобы бар монокарбон қышқылы,  барлық белоктардың құрамына кіреді.

Аспартат – аспарагин қышқылының анионы. Организмде рН 7 мөлшерде аспаргинқышқылы аспартат ион түрінде болады.

Аспартатаминотрансфераза – фермент, амин тобы глутаматтан оксалоацетатқа тасымалдап аспартат (аспарагин қышқылын) түзілу реакциясын катализдейді.

Иммуноглобулиндер – жануар организміндегі қорғаныс белоктары.

Қан сарысуы – фибриногенсіз қан плазмасы.

Ферменттер – тірі организмде зат алмасу реакцияларын катализдейтін биологиялық катализаторлар.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Республикамызда ет және сүт өнімдерін молайту үшін еліміздегі мал өнімділігін жоғарлатуда селекцияға көп көңіл бөлінуі қажет. Жоғары өнімді, асыл тұқымды мал алу үшін бұрынғы селекцияда қолданып келген зоотехникалық әдістер қазіргі заманғы талаптар қанағаттандырмайды. Сондықтан тиімді әдістер қолдану керек, әсіресе қазіргі заманғы биохимиялық әдістерге сүйенген абзал. Себебі олар мал келешек өнімділігін жас кезінде-ақ болжауға мүмкіндік береді.

Үй жануарларының өнімділігін, басқалай қажетті қасиеттерін жоғары деңгейде ұстауда қанның атқаратын қызметі өте зор. Қан – организмнің ішкі ортасы, сондықтан ол организмде зат алмасу процесінің қарқынды жүруін қамтамасыз етеді, көптеген қызметтерді атқарады. Ал зат алмасу процесінің қарқынды жүруі мал өнімділігімен (ет, сүт, жүн) тығыз байланысты.

Мал шаруашылығындағы іргелі зерттеулердің негізгі мақсаттарының бірі – биохимиялық көрсеткіштерінің малдың өнімділігіне, өсіп-өнуіне тигізетін әсерін анықтау. Сол биохимиялық көрсеткіштердің ішіндегі ең маңыздылары қан сарысуының жалпы белогі, иммуноглобулиндері және аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі.

Алайда, Қазақстанда өсірілетін қойлардың, оның ішінде қазақтың арқармериносы тұқымының қан сарысуының жалпы белогі, иммуноглобулиндері, аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі және олардың жүн өнімділігіне байланыстылығы арнайы зерттелмеген.

Осыған орай, қазақтың арқармериносы тұқымының қан сарысуының жалпы белогін, иммуноглобулиндерін, АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін зерттеу,  олардың жүн өнімділігімен байланысын анықтау қазіргі кезде ғылыми-өндірістік маңызы бар өзекті мәселе екені сөзсіз.

Қазіргі таңда мал шаруашылығы интенсивтендіру және оның өнімін жоғарлату үшін сұрыптаудың тек зоотехникалық әдістерін пайдалану жеткіліксіз, сұрыптау биохимия және генетика ғылымдарының еңбектеріне сүйене отырып жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты қан сарусының биохимиялық көрсеткіштері өнімділікке тікелей байланысты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің  тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізілді. 03.02.01.11.Н 11 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 0101РК00248) «Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы жеке меншіктің әр түрлі нысандарындағы шаруашылықтарына және табиғи климаттық жағдайларға қатысты биязы жүнді қой шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндірудің жаңа ресурстарды сақтаушы технологиясын дайындау мен енгізу» тақырыбы бойынша.

Зертеулердің мақсаты. Қазақтың арқармериносы қой тұқымының қан құрамының көрсеткіштерін және оның өнімділікпен байланысын, алынған ғылыми деректер арқылы өнімділіктерін болжау мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.

Зертеу жұмысының міндеттері:

–  әр айдағы қозылардың қан сарысуының жалпы белоктары мен

иммуноглобулиндерінің көрсеткіштерін анықтау;

–   әр айдағы қозыларының қан сарысуындағы аминотрансфераза АЛТ

және АСТ ферменттерінің белсенділігін зерттеу;

–   қойлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің

өнімділігімен байланысын анықтау;

4      шаруашылықта өндірілген жүндердің сапасы, ұзындығы, тығыздығы, беріктігі, жіңішкелігі, ыластығы туралы мәліметтер беру;

5      әртүрлі конституциялы-өнімділік түрлердегі қошқар мен саулықтардан алынған төлдердің сипаттамасын көрсеу;

6      зерттеудің экономикалық тиімділігі.

Ғылыми жаңалығы. Алғаш рет биохимиялық әдістерді қолданып қазақтың арқармеринос қой тұқымының қан сарысуының жалпы белок, иммуноглобулиндері және аминотрансфераза АСТ, АЛТ ферменттерінің белсенділігі және оның өнімділігімен байланысы зерттелді, бұл жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайды.

Зерттеу жұмысының өндірістік маңыздылығы.

Зертеу нәтижесінде қазақтың арқармериносы қойы қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері олардың өнімділігімен тығыз байланысты екені дәлелденді. Қозылардың туғаннан 1, 4, 7, 8, 12 айлық кездеріндегі қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері сақа қойлармен теңеседі. Бұл құбылыс, қозылардың ерте жасында-ақ келешек өнімділігін болжауға мүмкіндік береді. Демек, олардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерін туғаннан 1, 4, 7, 8, 12 айлығында анықтап, сұрыптау жұмыстарына пайдалануға болады. Осы нәтижелерді жоғары өнімді асыл тұқымдық мал шығару жұмыстарында және бар малды әрі қарай жетілдіру ісінде қолдануға болады, сонымен қатар экономикалық тиімділігін анықтау мүмкін болып отыр.

Қорғауға шығарылған негізгі қағидалары.

– қазақтың арқармериносы қойы тұқымының қан сарысуының жалпы белогы және иммуноглобулиндерінің мөлшерін және өзгергіштігін зерттеу нәтижелері;

– қойдың қан сарысуының АСТ, АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін анықтау нәтижелері;

– әр жастағы қозыларының қан сарысуының жалпы белогын, иммуноглобулиндерін және олардың өзгергіштігін зерттеу нәтижелері;

– қозылардың қан құрамының (эритроцит, лейкоцит, гемоглобин, жалпы белок) өзгергіштігі;

– қойлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің өнімділігімен байланыстарын анықтау нәтижелері.

Жұмыстың сынақтан өтуі мен жарық көруі.

Диссертациядағы жұмыстың нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда: «Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 75-жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция» (Алматы, 2005);   «Профессор М.Ә. Ермековтың 100 жылдығына арналған ветеринария және мал шаруашылығы мәселелері» (Алматы, 2006); «Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру проблемалары және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Алматы, 2007); «Қазақтың архармеринос қой тұқымы жүн өнімділігін арттыруда қанның биохимиялық көрсеткіштерін пайдалану» ұсыныстар. (Алматы, 2007); «Профессор Ә.Б.Байжұмановтың 70 жыл толуына арналған халықаралық хылыми-тәжірибелік конференциясы» (Алматы, 2008); Академик Қ.С. Сабденовтың 75 жылдығына арналған «Қазақстанның аграрлық секторындағы инновация» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция (Алматы, 2008).

Диссертация мәліметтері бойынша барлығы 9 ғылыми мақала жарық көрген, оның ішінде 6 мақала халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдарында жарияланған.

Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс 110 бетке компьютермен терілген, 22 кесте мен 17 суреттен тұрады.

Диссертация кіріспе, әдебиеттік шолу, жұмыстың материалы, жүргізілген жері мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері, тұжырым мен өндіріске ұсыныстар және пайдаланылған әдебиеттер тізбесінен (164 әдебиеттің 18-і алыс шетел тілдерінде) тұрады.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Тіршілікте  ғылымның басты міндеті белок алмасуының негізгі жаңалықтарын ашу болып табылады. Себебі, белоктардың алмасуы тіршіліктің негізі.

Мал организміндегі белоктардың ішінде қан белоктары ерекше орын алады. Қан белоктары маңызды қызмет атқаруымен қатар, құрылымды, пластикалық материал, буферлік жүйе, осмотикалық қысымның қалпына келуі, иммундық денелердің қалыптасуы, зат алмасу кезінде әр түрлі биохимиялық кешенді жүйенің түзілуі құбылыстарына үлкен әсер етеді.

Қан сарысуының белоктары жақсы зерттеген заттар қатарына жатады. Соңғы жылдары ғылымда қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып (изотоптық техника, ультрацентрифугирлеу, агардағы, полиакриламидтегі және крахмалдағы гельдерде жүргізілген электрофорез, адсорбциялық хроматогрофия), мал және адам қан сарысуындағы белоктарды зерттеуде көптеген жеткістіктерге қол жеткізілген.

Қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу: Қан сарысуындағы белоктардың негізгі массасы суда еритін коллоидты ерітінділерді беретін альбуминдер және глобулиндерден тұрады. Белоктардың коллоидты бөлігі электрлік зарядқа ие, ол өзінің карбоксил тобы – СООН және NH3OH топтарының диссоциациясы кезінде байқалады. Карбоксил топтары Н+ белокқа теріс заряд береді. Амин тобының суды қосып алып, диссоциацияланып, оң ионын беріп оң зарядталады. Белок молекула белгісіне және оның шамасына рН ортасы күшті әсер етеді. Қышқыл өнімділерде белок оң зарядтайды, сонымен қатар, артық бос ионы теріс  СОО-тобына өтіп СООН-бейтараптанады.

Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша, мал қанының биохимиялық көрсеткіштері, олардың өнімділігімен тығыз байланысты. Қан сарысуының жалпы белогін, белок фракцияларын және олардың өнімділікпен байланысын зерттегендер: К.Қожабеков., Рахимжанов Б [1],  Ж.Ж.Жұмашев [2], К.С.Сейтқалиев [3].

Ж.Ж.Жұмашев  [4] деректері бойынша қозылардың уыз қабылдамай тұрған кезіндегі қан сарысуының құрамындағы иммуноглобулиндер уыз қабылдағаннан кейін 12 сағаттан соң иммуноглобулиндердің мөлшері мг/мл, ал бір айлығында болған. Қозылардың қан сарысуында екі айлығында Ig иммуноглобулині кездеспеге бірақ бұл фракция үш айлығында ғана көріне бастайды да, одан соң ересек қойлардың деңгейіне жетеді. Демек, иммуноглобулиндердің  тірі организм үшін маңызы өте үлкен.

          Аминотрансфераза ферментерінің – тірі организм үшін маңызы зор. Себебі, әр клеткада тынымсыз жүріп жатқан сан алуан биохимиялық реакциялар тек қана каталитикалық жолмен жүреді. Тірі клетканың катализаторына айырықша белок фракциялары жатады. Қоректік заттардың сіңуі, организмде пайдаланылуы және жоғары молекулалы қосылыстардың биологиялық тотығуы кезінде химиялық энергияның бөлінуі, тек қана ферменттердің қатысуымен жүреді. Ферменттердің ішінде тірі организм үшін өте маңызды роль атқаратындары аминотрансфераза немесе пиридоксальді ферменттер.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылық жануарларының ферменттерінің белсенділігі қарқынды түрде зерттелуде, себебі мал өнімдері ферменттердің  белсенділік деңгейімен тығыз байланысты. Қан сарысуының аминотрансфераза ферменттері адамдада жан-жақты зерттелген. Негізінде, аминотрансферазалар организмдегі амин қышқылдарының алмасу күйін көрсетеді. АСТ-АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін зерттеу арқылы организмде жүріп жатқан биохимиялық реакциялардың заңдылықтарын анықтаймыз, ал ол мал өнімдерінің негізі болып табылады.

Аса маңызды трансминазаларға аспартат (АСТ) және аланин аминотрансераза (АЛТ) ферменттері жатады. Әр түрлі малдардың қан сарысуындағы аминотрансфераза АСТ және АЛТ-ға зерттеу жүргізгендер: Смирнов О.К., Будникова А.В., Арипов У., Алиев Л [18] Медеубеков К.У., Ракишев Н.Р. және т.б. Казановский С.А., Анфиногенова Т.А., Уваров П.А., Коваленко В.П., Лесной В.А. және басқалар, Арипов У.Р., Галатов А.Н., Сейтқалиев К.С. т.б.

Танысқан әдебиеттердің мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылық жануарларының қан сарысуындағы ферменттерінің белсенділігі олардың өнімділігімен тығыз байланысты екені дәлелденген: О.К.Смирнов, А.Н.Будников [5], К.У.Медеубеков, Н.Р.Ракишев [6], К.С.Сейтқалиев [7].

Сілтілік ерітінділерде кері әсер байқалады. Белок бөлшектері теріс, сонымен қатар ОН- бос ионы – NH3 + тобының белоктік бөлшектерімен қосылады, оның оң зарядтарын жояды.

Малдың қан сарысуындағы белоктар, ондағы жеке белок күрделі болып табылады, олар заряд мөлшері бойынша бір-бірінен электр өрісінде әр түрлі жылдамдықпен қозғалады. В.М. Красов [8] мәліметтері бойынша, қан сарысуының белоктарын төрт негізгі электрофоретикалық фракцияларға бөлуге болады деген: иммуноглобулиндер, α-, β-, γ – глобулиндер.

Белоктарда төменгі температурада этанолды алу арқылы α-глобулиннің 3 түрін, β-глобулиннің 4 түрін бөлген (β123 β4), онда қан сарысуының күрделі белоктар жүйесі жеке белок фракциясына бөліне алады және қолданған әдісіне байланысты болады. Зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану арқасында қан сарысуының белоктары өте күрделі жүйе екені дәлелденді.

Kekwick [9] альбуминдердің  гомогендігін жоққа шығарып, фракциялардың әртүрлі ерігіштігі арқылы альбуминнің кешенін түзу мүмкіндігін көрсеткен. Осыны дәлелдеу үшін, полиакриламидтегі және агардағы гельдерде флектрофорез әдісімен жұмыс істеген альбуминдер 3 бөлікке бөлінген:  преальбумин, альбумин және постальбумин. Электрофорез арқылы глобулин фракцияларын 3 негізгі топқа бөлуге болады: α-, β-, γ – глобулиндер. α – гликопротеид, β – липопротеид кешені. Осы кешендер қан сарысуындағы суда ерімейтін әр түрлі қоректік заттарды тасымалдайды.

Қан сарысуының белок құрамы көптеген компоненттерден тұрады. Олар физикалық, химиялық және биохмиялық көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде жаңа биохимиялық әдістерді пайдалана отырып, белоктарды бірнеше фракцияларға бөліп, күрделі белок құрамын зерттеуге мүмкіндік туды. Белок фракцияларын бөлу үшін крахмал мен поликариламид гелінде электрофорез, электрофокустеу және хроматография әдістерін пайдалануға болады. Бұндай жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік туды. В.М. Красов [10].

Қан сарысуының транспорттық функциясы: қан құрамындағы белоктар, металдар, майлар, көмірсулар, гормондар, витаминдермен және басқа заттармен қосылып кешенді қосылыстар түзіп, әр түрлі анорганикалық иондарды, 46 нормальді метаболиттік және 146 экзогенді компоненттерді тасымалдауды іске асырады.

Қан сарысуында  Fe, Mg, Cu, P және Ca, т.б. элементтер кездеседі. Белоктардың буферлік қасиеттерінің арқасында қандағы рН 7,36. Преальбумин мен постальбуминдер гликопротеидтер болып табылады, өйткені электрофорез кезінде алдыға жылжиды. Г.В.Троицкий және т.б. қан сарысуындағы альбуминнің  α – және β – глобулинге айналу мүмкіндігін дәлелдеген.

Соңғы жылдары әр түрлі жануарлардың қан сарысуындағы жалпы белок, белок фракцияларын зерттеуде электрофорездің агарда, қағазда, крахмал геліндегі зерттеу әдістемелерімен белгілі бір деңгейге жетті. Сондықтан, белок фракцияларын бөлу үшін крахмал мен полиакриламид геліндегі электрофорез әдістерін пайдалануға болады. Бұндай жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік туды. Әр түрлі жануарлардың қан сарысуының жалпы белогы мен белок фракцияларының құрамын қағаздағы электрофорездің көмегі арқылы зерттелінеді. А.В.Эйдригевич., В.В.Раевская, А.Л. Падучаева, А.А. Гурвич [13], З.П.Величкина, А.Г. Малахов, А.А. Гурвич, В.М. Красов, Кацова Л.Б., М.К. Кройтер, М.Т. Катков, З.К.Кожабеков және т.б.[20]. Ал агар гелінде Ж.Ж. Жұмашев, Г.В.Горохова, С.В. Стояновский, С.В. Терен, крахмал гелінде Л.Б.Кацова, В.М. Красов, Г.В. Лаханова, В.А.Радионов, Сейтқалиев  К.С.[22], Медеуова Г.,[11] Серикбаева А.Д. Ал гелінде Ж.Ж. Жұмашев [14,15,16,17], Г.В. Горохова., крахмал гелінде Л.Б.Кацова [19] В.А.Радионова., Сейтқалиев Қ.С.[21], Медеуова Г.,[12] Серикбаева А.Д.

Голотов А.Н. [23] және т.б. [24,25,26] көрсетілген ғалымдардың қорытындысынан қан сарысуындағы жалпы белок, белок фракциялары жануарлардың жасына, жынысына, тұқымына және жыл мезгіліне қарай өзгеріп отыратындығы анықталды.

Ауыл шаруашылығы ғалымдары мен мал мамандарының негізгі міндеті- мал басын сақтап қалу және оның өнімділігін көтеру. Мұндай мақсатқа жету үшін инвазиялық аурудан алдын ала сақтану және жұқпалы аурудан малдарды аман сақтап қалу қажет.

Федоров Ю.Н. [26] Иммуноглобулиндер – адам мен жануарлар организмін әр түрлі аурудан қорғайтын белсенді антиденелер. Химиялық табиғаты  бойынша иммуноглобулиндер күрделі белок-гликопротеидтер, құрамында галактоза қалдығы, манноза, фруктоза, ацетилглюкозаамин, сиал қышқылы бар. Иммуноглобулиндер қан сарысуындағы белоктар мен ферменттермен ерекшеленеді.

Адам мен жануарлар иммуноглобулиндері молекулалық массасының мөлшеріне, физико-химиялық қасетіне, биологиялық белсенділігіне және көмірсулардың болуына байланысты бес класқа бөлінеді: J, A, M, D, E.

J-иммуноглобулин, символы – Ig J. Бұл қан сарысуындағы иммуноглобулиндердің негізгі салмағын құрайды. Көп малдарда иммуноглобулиндердің молекулалық массасы 140-160 мг/мл.

M–иммуноглобулин, символы Ig М.  Бұл жоғары молекулалы массамен ерекшеленеді, оның массасы 1 миллиондай, құрамында көмірсулар көп. Иммуноглобулин Ig М – ревматоидтық фактор, стрептококқа және вирус пен бактерияға қарсы антиденелер құрайды.

А-иммуноглобулин, символы – Ig А. Молекулалық массасы- 160 мг/мл.

Бұл иммуноглобулин әр түрлі секреттерде, сөлде, өтте, уызда, ішек сөлінде, бронхларда кездеседі. Олардың жоғарғы концентрациясы лимфада болады. Көптеген авторлар (Г.Портер және Дж.Эдельман) А – иммуноглобулиндері дене мүшелерін және асқазан, ішек жолдарын инфекциядан сақтайды деп есептейді. Мұндай көзқарасқа басқалар да қосылуда. Жапы иммуноглобулин А организмнің инфекция қабылдауынан сақтайды.

E- иммуноглобулин молекулалық массасы -190 мг/мл. Бұл топқа реакциядағы гиперсезімталдық реагин антиденелері жатады. Бұл реагин антиденесі адамнан, маймылдан, иттен, қояннан және тышқаннан табылған.

Д- иммуноглобулин молекулық массасы – 160 мг/мл. Бұл иммуноглобулин негізінен қанда болады. Қан сарысуының -0,2%-ын құрайды. Д- иммуноглобулиніне кейбір аутоантиденелер және дәрі-дәрмекке қарсы антиденелер жатады деген деректер бар. Д-иммуноглобулині бета-лимфоцит дифференциясын анықтауда басты орын алады.

Қазіргі уақытта адам иммуноглобулиндері толық зерттелген, ал ауыл шаруашылық жануарларында зерттелуі өте төменгі деңгейде. Мал қаны сарысуындағы иммуноглобулиндерді  көптеген ғалымдар анықтаған В.М. Холод, Ю.Н.Федоров, Ж.Ж.Жұмашев, Қ.С.Сейтқалиев және тағы басқалар.

Бұл ғалымдардың еңбектері бойынша иммуноглобулиндер малдардың тек өміршеңдігімен ғана емес, сонымен қатар олардың жоғарғы өнімділігімен де тығыз байланысты. Жануарлардың иммундық жүйесінің мүмкіншілігі олардың қан сарысуындағы концентрациясына  байланысты.

Ю.Н.Федоровтың [27] айтуы бойынша, қанындағы иммуноглобулиндердің мөлшері қозылардың 30-40 күндігінен бастап жоғарылай бастайды, ал 4-6 айлығында ересек қойлар көрсеткіштері деңгейіне жетеді. Қозылардың қан сарысуындағы иммуноглобулиндер инфекцияға қарсы тұра алады.

Қойлардың қан сарысуныдағы иммуноглобулиндерді терең зерттеу жүргізген Ж.Ж.Жұмашев. Ол қозылардың қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді  олардың туғаннан бастап бір жасқа дейін зерттеген. Авторлардың  айтуы бойынша, қан сарысуындағы аминотрансфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігі түр аралық өзгеру, жануарлардың шаруашылыққа пайдалы белгілері мен тұқым қуалаушылық коэффициенттері өте жоғары.

О.К.Смирновтің., А.П. Пасечниктің қан сарысуының аминотрансфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігінің жасына қарай қояндарда, шошқаларда, қойда өзгеруін зерттеу нәтижелері 1 – кестеде көрсетілген.

1- кестеде көрсетілгендей, қойдың қан сарысуының АСТ және АЛТ ферменттерінің ең жоғарғы белсенділігі 2 айлығында, содан кейін біртіндеп төмендейді.

Лазовский А.А [28] қойлардың бұлшық еттерінің ең қарқынды өсуі 2-3 айлығында, дәл осы уақытта амин қышқылдарының алмасуының қарқынды жүруі белоктардың синтезімен байланысты болған.

Укбаев Х.И., Лаханова Г.И. [29] қозылардың қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің  белсенділігінің негізі олардың жеті айлығында айқындалған.

1-кесте Қой қан сарысуының трансаминаза ферменттерінің  белсенділігінің өзгеруі (Смирнов О.К., Пасечник А.П.)

ЖасыкүндерБелсенділік, бірлік/ мл
АСТАЛТ
607028,40 ± 0,6112,90 ± 0,34
1205738,86 ± 1,4715,11 ± 0,41
1803230,18 ± 1,1015,13 ± 0,46
2102228,03 ± 0,8512,56 ± 0,44

Қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі малдың жасына қарай, АСТ және АЛТ белсенділігінің  жоғарғы көрсеткіші 6 айлығында байқалады.

Сонымен қатар, аминотрансфераза ферменттерінің бесленділігінің  жоғарғы көрсеткіші, етті-жүнді бағыттағы қойларда ерте байқалады. Демек, етті малдың ең жоғарғы белсенділігі, жүнді бағыттағы малға қарағанда жастау кезінде байқалады.

Барлық зерттеген малдың қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің өнімділікпен корреляциялық коэфициенттері өте жоғары: мысалы; Смирнов О.К., Пасечник А.П. бойынша қойда -0,916. Сондықтан, АСТ және АЛТ ферменттерінің  белсенділігін селекцияда малды ертерек сұрыптау үшін пайдалану қажет. Осыған орай, селекциялық мақсатта аминотрансфераза ферменті бойынша қойды 2 айлық кезінде ұсынылады.

Жүн өнімділігін зерттеу

Б. Якуценяның  [30] айтуы бойынша, Ақмола облысы жағдайында саулықтарды фин ландрасы қошқарларымен шағылыстырғаннан алынған жартылай қанды будандарда жүн өнімі жуылған талшығы бойынша қазақтың қисары құйрықты қойларынан 17,2%, ал жүнінің сапасы анағұрлым жоғары болған.

А.Я. Добкиннің [31], А.В.Заморышевтің [32], В.М. Родионовтың  [33] еңбектерінде дәлелденгендей, жүн жамылғысының жетілуі бұзылғанда алғашында жіңішке талшықтар ғана өзгеріп қоймайды, жуан талшықтар да жіңішкереді, олар іріленеді, сол себепті мұндай жүннің жіңішкелігі біріңғай болмайды. М.А. Васильеваның [34] мәліметінде, қойлар буаз кезінде қыратты жерлерде жайылымда бағылғанымен, олардың қоңдылығы орташа болса да, олардың жүн талшықтарының диаметрі 15% төмендегені айтылады. А.И. Судакова [35] ставрополь тұқымды саулықтардың буаз және қысыр кезіндегі тері құрылысын зерттеу барысында 1 наурызда буаз саулықтардың терісі 18,4%, ал қысыр саулықтарда 16,5% жұқарған, жүннің ұзындығы-34,9 және 8,9%-ға сәйкес қысқарған, ал оның жуандығы 13,3 және 7,6%-ға азайғанын анықтаған. V. Rutenbeck [36]  зерттеуі бойынша, саулықтардың буаз кезінде және қозыларды емізу кезінде, олардың жүні қысыр саулықтармен салыстырғанда 12% азайғанын дәлелденген. М.М. Мутаевтің [37] Ресейдің қара топырақты аймағының орталық аудандары жағдайларындағы жартылай биязы будан қойларға жүргізген тексерулерге қарағанда қозыларды енелерінен 2 айлығында ерте айырғаннан, сүт беретін саулықтардың жүн талшығының көлденең мөлшері қозыларын 4 айлық жасында айырған саулықтармен салыстырғанда 13% жоғары болғанын көреміз. Осындай қорытындыға С.И. Семеновтың [38] келген, оның айтуы бойынша солтүстік-кавказ етті-жүнді қой тұқымдары жүнінің ұзындығы олардың ата-енелерінің жүнінің ұзындығының өсуіне байланысты өсіп отырған. Мысалы, жүнінің ұзындығы 12,2-12,3 см саулықтарды ұзын жүнді (16-17 см) қошқарлармен шағылыстырғаннан туылған ұрғашы қозылардың жүнінің ұзындығы жүні, қысқа қошқарлардан туған төлдерге қарағанда (15 см) 4% жоғары келеді. Финнің ландрасы тұқымды қошқарлармен биязы жүнді «прекос» саулықтарын (А.И.Гольцблат және А.Д. Щацкий [39]), советтік меринос тұқымды саулықтарын I.C.Greef., I.H. Hofmeyr [40],  M.N.Fahmy [41]. әртүрлі биязы жүнді қошқарлармен тұқым аралық шағылыстырғаннан олардың будандарында жүннің  табиғи ұзындығы өсетіні анықталған.

Harris H.  және  F.L. Warren [42] алғашқы рет қойларда әртүрлі формалы (пішінді) гемоглобин болатынын хабарлаған. Электр өрісінде, рН-8,6 ортада (анодқа бағытталған) өте жоғары қимылға ие гемоглобин, сақа қойларда А-Нв деген атқа ие болған, ал қимылы төмен гемоглобин- В-Нв деп аталған.  1965 жылы М. Braend және басқалар, ал 1966 жылы G. Efremov және басқалар В-гемоглобиннен бөлек қимылы өте баяу жаңа N-гемоглобин табылғаны жөнінде хабарлаған. Қойларда гемоглобин түрлерінің полиморфизмі ашылғаннан кейін I.V.Evans және басқалар [43] ағылшын қойларын зерттеу барысында далалар мен қырат аймақтарда өсетін  қойларда В-гемоглобині басым келсе, ал таудағы қойларда А-гемоглобині басымдығын сипаттаған. Көптеген зерттеушілер глютатион деңгейі мен генотип, гемоглобин және сүттілік, жүннің өсуі, дене массасы араларында өзара байланыс барын анықтаған  F.Afroshi et al [44], G.Lubas [45].

I.V.Evans және басқалар [43] қырқылған жүні бойынша сұрыптауға генінің жиілігінің және эритроциттердегі калийдің концентрациясының айтарлықтай әсері бар екендігін көрсетеді. Таза жүн бойынша селекция жүргізгенде, қанда калий көбейіп, жүннің бұйралығының азаюы байқалса, ал жүннің бұйралығымен селекция жүргізгенде қырқылған жүн азайып, қанда калий құрамы төмендейтіні анықталған. В.Gahne., Э.Микле хабарлаулары бойынша, полиморфты жүйенің көп санын қолданғаннан тұқым тұрақтануының сенімділігі артады.

Қазақтың арқармериносы қойларының күрделі аталықты жоққа шығаруы үш генетикалық жүйе негізінде жиынтық сенімділігі 59,3%, ол генетикалық ұқсастық-98,1% құрайды. Мұны біздер қошқар полиморфты жүйесін және қанның ферменттері бойынша сұрыптау-асылдандыру жұмыстарында тәжірибеде қолдануға толық негіз бар.

С.Н. Доллинг [46] белгілердің қайталануын іріктелген  малдың тіршілігіндегі сұрыптау басымдылығымен байланыстырған. Белгілердің қайталануы- бұл фенотиптік алуан түрлі белгілердің  белгілейтін генотиптік көрсеткіштерінің онтогенездегі жалпы өзгергіштіктігін немесе паратиптік факторлар әсерінен тұрақтылығын салыстырмалы сипаттайды.

Буаз саулықтарды азықтандыру қаңқа сүйектерінің, ұлпалардың,  ағзалардың даму деңгейіне үлкен әсер етеді. А.Н. Северцев атындағы КССРО Ғылым академиясының морфологиялық институтында меринос қойлары сүйегінің, ет ұлпасының және эмбриондарының қанын зерттеген. Тәжірибе тобындағы саулықтар қанында гемоглобин мөлшері 20% көбейген.

Қырқылып алынған таза жүнді әрбір бес қойдан шыққан таза талшық пайызын зерттеп анықтаған, ал бірақ көктемгі қырқым кезінде бір жыныстан, жұптастыру варианты 25 ұрпақтан көп болмауы керек.

Жүнге төмендегідей көрсеткіштер бойынша лабораториялық зерттеу жүргізілді: белгілі әдістемелерін қолданып табиғи нақты ұзындығын, жіңішкелігін, үзгенде беріктігін, жүннің толық созылуын және жүннің майының мөлшерін анықтады.

Тері жан-жақты қызмет атқарады, ол ішкі ұлпалар мен ағзаларды (мүшелерді) механикалық зақымданудан қорғайды, организмде (ағзада) жылу реттеуші роль атқарады. Қой терісінде  тері жабындысының жылу реттеуші қасиетіне ие компоненттердің біріне жататын, физиологиялық роль атқаратын жүн бар.

Литовченко Г.Р., Вениаминов А.А. [47] қырқылып алынған жүнге байланысты сұрыптап алу.  Жүнді қой шаруашылығында жылына бір қойдан қырқылып алынған жүн малдың құндылығын анықтайтын ең негізгі белгілерге жатады.

Әртүрлі биязы жүнді  қой тұқымдары қошқарларының ұрпағынан қырқылып алынатын жүн біркелкі емес екендігі талдау барысында анықталған. Қырқылып алынған жүнді сұрыптау тиімділігінің сұрыптау қарқыныңы жоғарылығына байланысты болады

А.И. Исенжулов., К.Б.Букенов., О.А. Проказин. [48]. Биязы жүнді қазақтың архармеринос  тұқымды қойы етті-жүнді бағыттағы тұқым – бұл жер шарындағы қой шаруашылығы тәжірибесінде өте айтарлықтай құбылыс болды. Бұл жұмыс – КазССР ғылыми академиясы биология институтының малдың түраралық гибридизация зертханасында зерттелген.

А.Н. Галатов, В.В.Голев [49] совет мериносы және олардың будандары, кавказ, алтай, оңтүстік орал тұқымдары, линкольн және австралиялық меринос тұқымдарының қан сарысуындағы АСТ және АЛТ  аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін туғаннан кейін 12 айлығына дейін зерттеген.

Авторлардың айтуы бойынша АСТ ферменттерінің белсенділігі туғаннан соң совет мериносы қозыларында -1,23 мкмоль/с, ал олардың буданында СМхЛ-1,05 мкмоль/с, АЛТ -1,87 және 2,04 мкмоль/с, ал 8 айлығында АСТ белсенділігі осы қозыларда 2,32 және 2,41 мкмоль/с жоғарлаған, АЛТ -1,25 және 1,95. Авторлардың ұсынысы бойынша қосымша тест ретінде қой селекциясында АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігін алуға болады.

В.А. Родионова., Г.Б.Родионова солтүстік орал тұқымды қозыларын 3 айлығынан бастап 12 айлығына дейінгі өзгерісті зерттеген. Зерттеу кезінде 3 айлық қозылардың қан сарысуында АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігінің доғарғы көрсеткіші: АСТ-2,60 мкмоль/с, ал АЛТ-1,32 мкмоль/с болған. Авторлардың қорытындысында  АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігі 3 айлық кезінде ең жоғары болады. Қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі әуліктік және маусымдық ауытқуы да мүмкін, бірақ күн сәулесінің  әсерінен ферменттердің белсенділігі жоғарлайды.

Әр түлік малдың буаздығына байланысты аминотрансфераза  ферменттерінің белсенділігі аса өзгеріске ұшырамайды. Бірақ бұл айырмашылықтар статистикалық сенімді емес.

В.П. Коваленко., В.А.Леснойдың айтуынша қозылардың АСТ және АЛТ ферменттердің белсенділігі емізетін кезінде жоғарылайды.

Қан сарысуындағы аминотрансферазалардың генетикалық негізінің өзгерісі жынысының әсер етуімен әр түрлі жануарларда айқындалмаған.

Сондықтан ферменттердің белсенділігін пайдалануда, жануарларды таңдау кезінде олардың өсуін, азықтандыруын болжау үшін жынысын еске алмауға болады.

Әдебиеттегі мағлұматтар бойынша  трансаминаза ферменттерінің  белсенділігіне азықтандыру әсері қарама-қайшы. Қозыларға тәжірибе жүргізу  кезінде протеиннің құрамы және кейбір амин қышқылдарының аминотрансфераза белсенділігіне айтарлықтай әсері жоқ.

Саулықтарға тәжірибе жүргізуде азық рационындағы протеин мен амин қышқылдары тепе-теңдігі қан сарысуындағы аминотрансфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігіне әсер етпейді. Смирнов О.К., Пасечник А.П., Смирнов О.К., Будникова А.В., Арипов У., Валиев Л. Рационда немесе майдың жоғарлауы қайта аминдеу процесінің төмендеуі байқалады. Осыған орай селекция мақсатында ферменттік тестерін пайдалану үшін малдарды толық құнды азықтандыру ең қолайлы.

Түлік және асыл тұқымдық әр түрлі малдардың қан сарысуындағы АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін зерттеген.

Авторлардың ойынша мына төменде көрсетілген малдар қатарынада АСТ ферменттерінің белсенділігі төмендей бастайды:  жылқылар, тауық, ірі қара мал, шошқа, тышқан, қой, қоян, ал АЛТ керісінше: қоян, шошқа, тауық, ірі қара мал, тышқан, жылқы. АСТ белсенділігі түрлік  айырмашылықтары ірі қара малда, шошқада, қойда, қоянда және тышқанда, ал АЛТ бойынша ірі қара малда, қойда айырмашылығы үлкен емес. АЛТ белсенділігінің ылқыда ең төмен екенін ұмытпау керек.

Қан сарысуындағы АСТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі мына малдарда жоғары: ірі қара малда, шошқада, қойда, тауықта, жылқыда және тышқанда, ал қоян мен шошқада аланиноаминотрансфераза белсенділігі жоғары. Осы ферменттердің белсенділігінің өзгеруі жоғарысы шошқада, ал ең төменгісі қой мен тауықта.

Әр түрлі тұқымды шошқаларды зерттеу кезінде, қан сарысуындағы АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің ең жоғарғы белсенділігі ландрас және беркшир тұқымларында анықтаған.

Түлік және тұқымдық өзгерулер әр трлі малдардың қан сарысуындағы АСТ және АЛТ трансаминаза ферменттерінің белсенділігі 6-кестеде көрсетілген.

2-кесте  Трансаминаза ферменттерінің белсенділігі

ЖануарларnАСТ ед/млАЛТ ед/мл
1. ірі қара малда12359,54 ± 1,2916,38 ± 0,44
2. шошқа19758,63 ± 4,4068,24 ± 2,29
3. қой14754,19 ± 1,3222,51 ± 0,46
4. тауық4792,18 ± 1,7341,50 ± 1,64
5. қоян10850,71 ± 1,7974,49 ± 1,89
6. жылқы20251,11 ± 9,434,85 ± 0,32
7. тышқан75057,67 ± 2,3413,89 ± 0,77

А.В. Эйдргевичтің сілтемесі бойынша ірі қара малдардың будандарында таза тұқымды жануарлармен салыстырғанда, аминотрансеразалардың белсенділігінің  деңгейі жоғары.

Бір тұқымдағы сүтті және етті бағыттағы жануарлардың қан сарысуындағы аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігінің айырмашылығын таба алмаған. Бірақта соған қарамастан сүтті және етті бағыттағы жануарлар арасындағы бірқатар айырмашылықтар табылды. Мысалы: АСТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі етті жануарларда орташа есеппен 92,46±0,264 ед/мл (Умбрайт-Пасхина бірлігімен), ал сүтті бағыттағы тұқымды 62,40±0,22.

О.К. Смирновтың мәліметі бойынша етті тұқымды жануарлардың фермент белсенділігінің жоғары болуы жалпы биологиялық көрініс деп қарауға болады.

Кестеде берілген мәліметтер бойынша асыл тұқымды қазақтың архармеринос қой тұқымының АСТ ферменттерінің белсенділігі әр түрлі өзгереді.  Ең жоғарғы белсенділік 2-3 айлық кезінде байқалған, ақырына дейін сол деңгейде қалған Дәл осындай өзгерістер АЛТ ферменттерінің белсенділігіне де табылған. Авторлардың алған мәліметтері 7-кестеде көрсетілген.

3- кесте Қойлардың қан сарысуыныңы АСТ және АЛТ белсенділігінің өзгергіштігі

ГенотипАСТ мкмоль / (мл с)АЛТ мкмоль/ (мл с)
2-3 ай

5-6 ай

8-9 ай

2-3 ай

5-6 ай

8-9 ай

5/8 қанды0,34±0,050,28±0,010,28±0,010,24±0,020,24±0,020,24±0,02
3/4 қанды0,42±0,050,26±0,020,32±0,020,24±0,030,24±0,020,25±0,02
3/4 қанды0,57±0,050,24±0,010,29±0,010,29±0,030,21±0,010,29±0,01

Бұл кестеде қой қан сарысуының АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігінің өзгергіштігі бірдей болған. Демек мәліметтері бойынша, қойлардың жүн өнімділігі жоғары болған сайын, қан сарысуының аминотрансфераза  ферменттерінің белсенділігі де жоғары болады.

Сонымен жоғарыда айтылған зерттеулерде аталып өткендей, жануарлардың қан сарысуындағы аминотранфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігі өнімділікпен тығыз байланысты.

Әдебиеттергі нәтижелерді талдау кезінде мынадай қорытындылар жасауға болады: жануарлардың қан сарысуындағы  аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігінің түрлік айырмашылықтары болады. Ферменттердің белсендігініне жануарлардың жынысы, жыл мезгілі, азықтануы және күтімі аз  әсер етеді. Жануарлардың қан сарысуындағы ферменттердің белсенділігіне құндылығымен өнімділік бағыты қатты әсер етеді. Мысалы, етті бағыттағы қойлардың қанында аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі, жүнді бағыттағы қойларға қарағанда өте жоғары.

Соңғы бес жылды  республикада  бір қойдан қырқылған жүннің  физикалық массасы 3,0 кг құрады.  Жүн өнімі республиканың бір жанына шаққанда  небәрі физикалық массасы 1,8 кг немесе 0,94 кг, яғни қажеттіліктен 2 есе аз.

Литовченко. Г.Р, Есаулов П.А. [50] Қазақстанда бүгінде 70% биязы жүнді қойлар (асылтұқымды және қоспалар) жүнді- етті тұқымға, ал 30 % етті-жүнді бағыттағы тұқымдарға жатады.

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарына арналған қазақтың архармеринос тұқымды қойлары шығарылды.

Бұл биязы жүнді қойларды жабайы архар қошқарларымен шағылыстырғаннан алынған қой шаруашылығындағы тарихында алғашқы тұқымға жатады.

Николаев   А.И. [51] Жүннің түрлері және оның қасиеті жүнді өңдеу өндірісінде шикізатқа қойылатын талаптарға сай топқа, класқа, сортқа бөлу үлгісі.

Тері жан-жақты қызмет атқарады, ол ішкі ұлпалар мен ағзаларды (мүшелерді) механикалық зақымданудан қорғайды, организмде (ағзада) жылу реттеуші роль атқарады. Қой терісінде  тері жабындысының жылу реттеуші қасиетіне ие компоненттердің біріне жататын, физиологиялық роль атқаратын жүн бар.

Панин А.И. [52] Қойдың ішегі дененің ұзындығынан 30 есе, ал ірі қара малда 20-22 есе ұзын.  Қойдың барлық тұқымдарының азықтық қоректік заттардың 75% (ал арнайы ет және етті-майлы тұқымдарының 75% жоғары) ет сүйек, май түзуге түседі. Жас кезінде олар сапасы жоғары ет береді.

Қойдың өсіп-өнуінің негізгі заңдылықтары. Қойдың эмбриональді өсіп-өнуі негізінен зерттелген. Қойдың көптеген тұқымдары 100 бас сауылққа 100 ден 150 дейін төл береді.  Н.П. Чирвинский қойға тәжірибе жүргізіп, зоотехния практикасындағы (азық тапшы кезде организмнің қалыпты жағдайда өте жоғары өсетін бөліктерінің өсу деңгейі төмен болатындығы) заңдылықтарды ашқан.

Литовченко Г.Р., Вениаминов А.А. [53] Қырқылып алынған жүнге байланысты сұрыптап алу.  Жүнді қой шаруашылығында жылына бір қойдан қырқылып алынған жүн малдың құндылығын анықтайтын ең негізгі белгілерге жатады.

Әртүрлі биязы жүнді  қой тұқымдары қошқарларының ұрпағынан қырқылып алынатын жүн біркелкі емес екендігі талдау барысында анықталған. Қырқылып алынған жүнді сұрыптау тиімділігінің сұрыптау қарқыныңы жоғарылығына байланысты болады.

Литовченко  Г.Р. [54]  Биязы жүнді қойлардың етті-жүнді бағыттағы тұқымдары. Қазақтың архармеринос тұқымы – гибридизация әдісімен қойларды жабайы архар мен шағылыстыру арқылы дүние жүзінде табиғи алынған тұқым.

1934 жылы Қырғызстанда Я.Я. Яусаның пікірі бойында басталған жұмыс Архармериностар бірнеше құнды сапалықтарға бай. Олардың бойы биік және конституциясы берік. Күзде саулықтарының тірідей салмағы 55-56 кг. 100 аналыққа қоздаған саулықтар 130-140 қозы береді. Көбінесе жүннің ұзындығы 7,5 см. 1 класс саулықтардан 3,2-3,6 кг жүн қырқылып алынады, ал таза талшық шығымы 50-53%.

Қазақстанда  өсірілетін биязы жүнді қойлар (қазақтың биязы жүнді тұқымы, солтүстіккавказ, оңтүстік мериносы, қазақтың архармериносы) австралия мериносынан  төмендегідей сапалы көрсеткішінен  төмен: қырқылып алынған жүн  салыстырмалы биік емес жуылған жүн талшығының шығымы аз, жүннің технологиялық сапасы жоғары емес, жүн талшығы ұзындығы және жіңішкелігі жөнінен біркелкіемес, шайырдың сапасы қанағаттандырарлық емес, штапельде ыластанған және жуылған дана үлкен, талшықтың бұйралылығы, біркелкілігі айқын байқалмайды.

Қазақстанда қой өсірудің  негізгі мақсаты қойдың өнімділігін арттыру соның ішінде жүн сапасын жақсарту. Жүн шикізатының сапасы төмен болғандықтан тоқыма өнеркәсібі дүниежүзілік стандартқа сай келетін тоқыма дайындай алмай отыр. Австралия мериносының жүні халықаралық стандарттар талабына сай келгендіктен сол себепті бұл тұқым жүннің техникалық сапасын жақсарту үшін. Биязы жүнді саулықтарға шағылыстыру әдісі арқылы жүзеге асырады.

Қазақстаннның қойларының жүнін зерттеу арқылы өзінің негізгі массасына қарсы оның физикалық-механикалық кәсіптері қанағаттандырарлық көп белгілері біріңғайлығына куәгер боламыз

(К.У. Медеубеков). Сонымен қатар жүн талшығының жіңішкелігі (56 сапалы), жүні қысқа, беріктігі төмен, штапельде және жабағыда біріңғайлылығы қанағаттандырғысыз және де  шуашы жетімсіздері де кездеседі.

Дүние жүзілік стандарттар талабына сай  біріңғай типті жүн алу үшін республикада биязы жүнді қойлармен селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы жүннің   бүгінгі күні  кемшіліктерін жою үшін меринос сипатын алатын бағдар кіргізу қажет. Бұл мақсатты шешу үшін аталған жоғары өнімді қошқарларды барынша саулықтарға және де австрия тұқымды меринос  меринос қойды қошқарларған пайдаланған жөн.

Биязы жүнді тұқымдар шығарарда олардың гормониялық дене бітіміне, терісі жақсы дамып мойнында жетерлік қыртысы болуы қажет. Мұндай қойлар жақсы бейімделген, конституциясы  берік, ауыр жабағы береді.

Белгілі ғалымдардың М.Ф. Иванов [55], П.Н. Кулешов [56], А.И.Николаев [57], В.А. Бальманттар [58] пікірі бойынша жүннің жіңішкелігінің сапасын жақсартудың негізгі жолы – бұл  қой шаруашылығында селекциялық асылдандыру жұмыстарын жетілдіру және жоғары деңгейге көтеру болып табылады. Меринос өндірісін көбейтуде кешенді шаралардың ішінен республикаға әкелінетін биязы жүнді австариялық тұқымды қошқарларды пйдалану жатады. Көп жылдар бойы австариялық мериносымен жүргізілген жұмыстардың арқасында қан құйып шағылыстыру  арқасында  оңтүстік қазақстан мериностарының жүн өнімділігі біршама артты. Жүн біріңғайланды, бұйралылығы оның минеральді заттармен аз былғанатын және жақсы жуылатын ақ түсті.

Соның арқасында таза жүн шығымы артты, оның техникалық сапалы, тауарлық құндылығы ақсарады.

Қазақтың биязы жүнді қойларын жетілдіру қырқылып алынған жүннің көбейту, тұқымының биологиялық ерекшелітерінің құндылығын сақтап конституцияның беріктігін жақсы еттік қасиетін жыл бойы жайылым жағдайында ерте жетілуі, оның сапасын жақсарту бағытында  жұмыс жүргізілді.

М.В. Тереньтев және басқалар [59] «Кастек» асыл тұқымды зауытының қазақтың биязы жүнді тұқымды қошқарлары жүннің сапасын лабораториялық зерттеу қорытындыларын  келтірген. Жүннің негізгі жіңішкелігі 60-58 сапалы (89,0%). Жүн жіңішкелігі жағынан  біркелкі  штапельді және жабағыда беріп, және басқада  бағалық сапасы айтылған. Мысалы, белгілі қой шаруашылығының селекционері қырқылған жүнді  көбейту сапасын жақсарту үшін қазақтың биязы жүнді қойларын кавказ, ставрополь және грозненді тұқымды қошқарлармен шағылыстырған. Алынған мәліметтерге қарағанда стоврополь тұқымынан алынған будандардың өнімділігі жоғары болды. Кавказ және грозниді тұқымдардан алынған буданға қарағанда тірідей салмағы мен қырқып алып жүні артық болды.

Н.А. Новиков., К.П. Зорина [60] біздің елде жабағы жүн жоғары сапалы негізгі мақсаты отандық тұқымды қойлардың биязы жүнінің тауарлы және технологиялық құндылығын жақсарту. Жергілікті биязы жүнді тұқымға негізгі қасиеттерін (жақсы жабағы жүн, шайыры жоғары сапалы) енгізу.

И.М. Ботпаев [61] айтуынша австрия мериносымен шағылыстырғаннан қырғыздың биязы жүнді қойларының жүнінің технологиялық сапасы жақсарды, өнімділігі артып, асыл тұқымдық сапасы күшейді.

Отардан қырқылған жүн 0,1-0,15 кг артты, штапель ұзындығы 0,5-1,0 см ұзарды, жуылған жүн шығымы 2-3% көбейген. Қырғыздың биязы жүнді қойын ары қарай селекция жүргізгенде, маңызды белгілер кешеніне: қырқылып алынған меринос жүніне дене массасының жоғарлығына таулы жайылым жағдайына бейімделуіне аса мән беріп, соларға қарап іріктеген. Практика көрсеткендей біржақты жүні көбейген сайын, оның тірідей массасы азаяды, қойлар ұсақталады және оның конституциясы  әлсірейді, ал ең негізгісі, еттің  деңгейі төмендейді.

Республика шаруашылықтарында соңғы жылдары 1 класты биязы жүн шығымы 24,8 % жетті, ал бірақ іріктелген жүн  класы (ұзындығы 7 см ұзын) мүлдем  шықпайды , бұл биязы жүнді қой шаруашылығындағы жетілдірудегі селекционерлердің негізгі кемістігі.

И.Г. Котляров [62] пікірінше австрия мериносын биязы жүн қой шаруашылығында қолданудың өте қысқа мерзімде малдың өнімділігін көтеруге болады. Ең бірінші 1971 ж автриялық қошқарларын әкелген, ол 1981 және 1985 жылдары тағы әкелінген. Олардан алынған будандардан Жамбыл облысы «Мерке» асыл тұқымды зауытында  жүннің шығымы жоғары, сапалы жақсарған үш генеалогиялық линия алынған.

Австриялық қошқарларды грознен тұқымды саулықтармен шағылыстырғаннан соң Е.П.Воронковтың байқағаны, ұғашы тоқтылар буданының жүні қалың  таза тұқымды құрдастарымен салыстырғанда. Онда асыл тұқымдылармен салыстырып жүні майы 1% аз, ал ол будандарда жүні майының сапасы жақсы

К.У. Медеуеков және т.б. [63]  айтуынша австриялық қошқарларды солтүстік  қазақстандық тұқымды саулықтармен шағылыстырғаннан  туылған будандарда  жуылмаған  жүн шығымы 16,9-19,2 %-ға, ұзындығы 7,5-8,1 %-ға, жуылған жүн шығымы 6,2-8,2%-ға артқан.

К.М. Сейтпановтың  [64] алған мәліметі бойынша қазақтың биязы жүнді қойлар тұқымының өнімділігін жетілдіргендіктен Алматы облысы, Панфилов ауданы, «Көкөтал» шаруашылығының қойларын  Алматы облысы «Мынбаев» атындағы тәжірибе шаруашылығының австриялық мериносымен шағылыстырғаннан  алынған будандарда, қырқылып алынған жуылмаған жүн 17 %- ға көбейген.

А.Н. Нартбаевтің., Б.Т. Токпаев [65] мәліметі бойынша қазақтың биязы жүнді қойларын австралиязациялаудан қошқарларының жүнінің шығымы 3,9 %-ға, ұзындығы 1,1  см, беріктігі артқан, шайыры жақсарған, жүннің технологиялық сапасы жақсарған.

В.Н. Волосиков және басқалар [66] австрия қошқарларын Оңтүстік Қазақстан облысы «Күйік» асылтұқымды зауытының оңтүстік қазақстандық меринос тұқымды саулықтарға пайдаланғанннан бұл  қошқарлар жүннің ұзындығын жақсарта алады деген қорытындыға келген.

Aлынған мәлімет бойынша австриялық будандар асылтұқымды  кроснояр қойларына қарағанда  жүн талшығының ұзындығынан басым түседі. (3,4%-5%-ға) және жабағының біркелкілігімен өзгешеленетінін айтқан.

К.У. Медеубеков, Н.Р. Ракишев, А.А. Есенбаев [67] австриялық қойлардың климатқа бейімделу ерекшеліктерін анықтап, Қазақстанның оңтүстік батыс аймағының табиғи-климаттық факторлардың әсерінен олаорда функциональді өзгерістердің пайда болғанын ашқан, себебі австриялық мериностар жоғары  таулы аймаққа және ыстыққа жақсы бейімделгіш келеді.

Климатқа бейімделгіштігі олардың өнімділігімен дәлеленген қырқылып алынған жүн сапасы және тірідей массасы жоғары. Жүннің ұзындығы оның өнімділігімен қырқылып алынған жүнмен тікелей байланысты.

У.К. Рыспаев, Е.К.Сапанов, В.Г.Аносовтар [68] сулукөл типті солтүстік қазақстан мериностарын жетілдіргенде тұқым ішінде селекция жұмыстарын жүргізгенде және австриялық мериностарды пайдаланғанда олардың ет өнімдерін жақсарту үшін саулықтарға советтік етті-жүнді сібір тұқымды қошқарлар пайдаланған. Тәжірибедегі қойларды бонитировка жасағанда будандардың жүн талшығының қалыңдығына қарап шамамен сапасы 64,60 және 58 сапалы 56 4,2% ұрғашы тоқтылар және 5% еркек тоқтылар, ал сапасы 50- 2,32% еркек тоқтылар алынған. Жүннің жіңішкелігінің лабораториялық көрсеткіштері орта аймақта жүн талышғының қалыңдығы өзінің құрдастарымен салыстырғанда ұрғашы тоқтыларда 15 %-ға ал, еркек тоқтыларды 8,5 –дан жоғары. Және ол 22,90 мен 23,68 мкм болған. Етті-жүнді қошқарлар дегенмен жүннің жіңішкелігіне  штапель ұзындығы мен жабағы жүннің  бүтіндігімен алғанда әсерін тигізген.

К.Д. Аубакирова, Ж.К.Урбисинов [69] шуаш пен оның жуылған жүнге әсерін зерттеу үшін жүннің физикалық-химиялық қасиетін Қазақстанның оңтүстігіндегі меринос және меринос емес жүн балауызын зерттеген. Зерттеу барсында жүннің ең жақсы сақталу деңгейі сыртқы орта әсерінен жоғары еру температурасында бөлінген иодты санға және өте көк қышқыл мен эфир санына байланыстылығын анықтаған.

Австралиярацияланған оңтүстік мериностардың жүнінде жүн майы құрамында қанықпаған қышқылдар көп, ол бұл  оның химиялық ауытқулығын көрсетеді.

Оңтүстікқазақстан меринос қойлары жүнінде қанықпаған май қышқылдар құрамында жоғары молекулярлы қышқылдармен салыстырғанда (7,27 %) орташа молекулярлы майлар үлесі жоғары (38,6%).

Бұл жүнді жуғанда жұмсақ режимді пайдалануға мүмкіндік туғызады.

М.И. Нетяганың  [70] хабарлауынша асыл тұқымды ұрғашы тоқтылардың 100г. жүнінде күкірттің концентрациясы -3,32г, ал жартылай қандыларда – ( АВ бойынша «В» өзіне) 3,23 және ? -қандыларда- 3,10 г.

Қан құйып шағылыстырудың мақсаты қазақтың архармеринос қойларын типітің ішінде жүнділік белгілерін жақсарған тұқымын шығару болып табылады. Б.Ә. Әбішевтің [71] хабарлауынша бір рет қан құйғаннан жақсартатын тұқымның (австралиялық мериностардың) жақсарғанын айтады. Шешуші кезеңде жартылай қанды екінші ұрпақты будандар алып, кейін өзінде өсіруге, өндіруге, қошқарларды пайдалану қаралған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кейбір селекция жасалынған белгілер деңгейі австралия архармеринос жартылай қанды қошқарлардың уыздарында қазақтың архармеринос таза тұқымды сыбайластары кең жоғары болғанын көрсетеді.

Сол себепті, олар шаруашылық жағымды белгілер жағынан генетикалық жақсартушыларға жатады.

Бірінші ұрпақтағы будан қошқарларда мынадай жақсартушылық қасиеттерге ие болды; типтілік (түрлілік), қырқылып алынған жүн және оның ұзындығы, ал қойлардың тірідей массасы айтарлықтай өзгермейді.

Б.А. Абишев, Т.Е. Кенжебаевтар [72] жартылай қанды қошқарлармен саулықтарды, жасына қарай шағылыстырғаннан тәжірибе қорытындысы бойынша қазақтың арқармеринос тұқымын генетикалық жақсартушыға австралиялық қошқарлар мен олардың буданын пайдаланғаннан селекцияның бұл кезеңінде өте бағалы малдарға жақсартушы тұқымының 25% қаны болуы керек.

Жоғарылау өнімділік тура жұптастырудан алынады, рециопроетіге қарағанда әкелері жақсартушы тұқымының жартылайқандылары да, ал енелері жартылайқандылар.

Шағылыстырудың әртүрлі вариантында тірідей масса жақсы айқын құралады .

М.Д. Дугаров [73] атап айтады, Забайкал биязы тұқымды отармен  асылдандыру жұмысының маңызды мақсаттары бүгінгі кезде-жуылған жүннің шығымын 52-53%-ға жеткізу, (шуаштың) шайырдың сапасын, тығыздығын және жүннің өсімін жақсарту. Сол мақсатт үшін асылтұқымды заудта австриялық меринос және олардың тұқымдарын пайдаланады. Бұл қанды тұқымды Забайкал тазатұқымды қойлармен салыстырғанда олардың өнімі жоғары (жуылған талшықта 17,5 – 28,5%-ға) жүннің ұзындығы  12,5-25,6%-ға ұзындау, жуандығы мен ұзындығы біркелкі штапельдің ұзына бойына бұйралығы жақсы айқын білінеді. Әсіресе бағалысы шайыры ашық түстілігі, оның сапасы артып, қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі. Сол себепті жабағысы жабық келеді және аз ыластанады.

Көптеген қой шаруашылығы мамандарының зерттеушілер А.H.Николаева., Х.Б Картер [74] пікірінше сақа қойда жаңа жүн талшықтары төлдің іште жатқан кезінен берілетін фолликульдерден пайда болады дейді. Басқалардың (О.Д. Приселкова  [75]; И.А.Троицкий [76] санауынша жаңа фолликулдер жас туғаннан кейін пайда болады дейді.

Б.М.Махатов., В.В. Терентьев [77] және басқалардың алынған мәліметтері бойынша қазақтың арқармеринос тұқымды отарлардың австралиязациялауынан оң айтарлықтай өзгерістер болған дейді. ҚазҒЗТИ-ның лабораториялық зерттеулер бойынша қырқылып алынған жүн 4,66 кг, шығымы 57,3% және жуылған қырқылып алынған жүн 2,56 кг, ұрғашы тоқтыларда  4,05 кг, 59,2% және  2,4 кг сәйкес. Солтүстік Қазақстандың  австрализацияланған будандарда  қырқылып  алынған жүн отар бойынша орта есептен 3,2-3,6 кг, жуылып алынған, ол кейбір қошқарларда 14-15кг.

К.У.  Медеубеков [78], Г.С. Авсаджанов [79] жүн майының мөлшері жөнінен айырмашылықты бездердің  әртүрлі қарқынды қызметінен және сыртқы ортаның әсерінен деп байланыстырады.

Г.Л. Игнатова [80], В.К. Кятов [81] бездердің көлемі мен белсенділігін шайырдың әрүтрлі теңбілімен байланыстырады. Май бездерінің көлемінің өте үлкен болуы және оның сөл бөлгіш беткейінің көлемді болуы ақ шайыры бар қойларға сипатты.

А.К.Chisel [82] жуылған  қырқылып алынған жүнді селекциялауды жуылмаған қырқылып алынған жүнді іріктеу арқылыда жүргізуде болатынын анықтаған.

М.Ф. Иванов [83] және басқалар жуылмаған жүн өнімінің  көлемі өндірілген жүннің мөлшерін толық  көрсете алмайды деп санайды. Тек жуылған жүн шығымығана алынған өнімнің нақты және дұрыстығын анықтай алды.

Z. Smith, R. Austwick  [84] (Англия) 1963-1972 жылдар аралығында қой шаруашылық  формаларындағы жартылай қанды қойлардың және биязы жүнді жүннің кластық құрамына талдау жүргізген. Англияда, Шотландияда және Уэльсе жартылай қанды малдардың стандартты емес жүні 1963 жылы -27%, 1964 жылы-27,1%; 1965-31,4%; 1966-30,3%; 1968-33,9%; 1969-42,7%; 1973-44,09%; 1971-32,0 және 1972 -32% болған, жиязы жүн – 30,0; 33,7; 33,9; 34,6; 52,7; 52,2; 45,9; 31,6 және 32,5% –ға сәйкес.

Англияның оңтүстік – батыс аймағында орта есеппен 8 жылда стандартты емес жүн-57% орталығында, оңтүстігінде – 39; Уэльсте -34;  Шотландияда -30%.

G. Kruger [85] жүн талшығының бұйралығына малдың жасы, азықтандыруы жынысы және селекция әсер етеді деп тұжырымдайды. Жасы өскен сайын әсіресе 2-4 жаста жүн талшықтары жуандайды. 18 айлығына дейін жүн талшығының көлденең көлемі тез өседі. Жасы өскен сайын жүн талшығының бұйралығы айтарлықтай өзгермейді. Жасы 10 айлық еркек тоқтылардың жүні «стронг» түріне (типке) жатады, ол микроскопиялық жолмен жүн талшығының жуандығын анйқтайды. «файн» түріне (типке) жатады. Ал 18 айлығында бұл айырмашылықтар азаяды. Соған қарағанда әртүрлі жаста жүннің бұйралығы оның жіңішкелігін көрсете алмайды.  «Стронг» жүнді қойларды дұрыс азықтандырмасаң онда жүн жіңіркереді, онда оны «файн» түріне (типке) жатқызады, ол бұйралықтың түрін бағалауға  сәйкес «медиумға» жатқызады. Жүннің жіңішкелігіне ауру, буаздық, төлдерді өсіру, қошқарды жиі пайдалану әсер етеді. Бұл факторла жүн талшығының жіңішкелуіне әкеліп соқтырады. Ал бірақ мұнда бұйралық өзгереді.

А. Бевз, К.Ендонова [86] Калмың АССР-нің «Чагорта» колхозына жататын қыртыссыз типті (түрлі) 25 қой мен 25 саулықтардың жүн  үлгілерін зерттеген. Қыртыссыз типті саулықтар көпқыртысты типпен салыстырғанда тірідей массасы жоғары болғанын жүн жабындысында май аз және орта тәуліктік майдың жиналуы, килоколориды жуылмаған қырқылып алынған жүндер селекция күнінде анықтаған. Қырқылып алынған жүн ондағы ортатәуліктік  жиналатын аминқышқылдар құрамы, әрбір килограм жүнді  пайда болдыратын желінген азық мөлшері, жіңішкелігі, беріктігі және бұйрасы жөнінен  бұл көрсеткіштер терінің қыртыстылығымен әлсіз байланысты болғандықтан сенімді өзгешеліктерді байқамаған.

S. Kalinowska [87] жүн талшығының  жіңішкелігіне малдың физиологиялық жағдайы үлкен әсер етеді деп санайды.

Н.Г. Мамедов [88] Азербайжан республикасы Шеки-Закатал аймағы жағдайында жүннің сапасын әртүрлі будандарында шаруашылық және кейбір биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде бұл аймақта экономикалық жағынан 58-50 сапалы жүнді қойлар өсіру пайдалы себебі олардың өнімділігі жоғары бұл қойларды сату бағасы оларда ұстауға кеткен өнімнен төмен деген қорытындыға келген. Әртүрлі тұқымды, типті, линиялы қойлардың селекциялық биологиялық белгілерінің коррелятивті өзгергішітігі кең аумақта зерттеліп Е.М. Лущихиннің [89], Г.А. Стакан [90], А.П.Папина  [91], С.Ш.Мирзабеков, М.М.Бетембаев, Ю.А.Скоробогатов [92], М.К.Кройтер [93], К.К.Канапин, А.Ахатов [94] және басқалар еңбектеріне айтылған.

С.К. Абжанов [95] қазақтың биязы жүнді линия қошқарларының азықтандыруының шаруашылық жағымды белгілерін коррелятивті тәуелділік сипатын зерттеген. Тірідей масса мен қырқылып алынған жүннің жоғары оң корреляциясы байқалған + 0,479 + 0,463 ұзындығы + 0,342 және + 0,340 қырқылып алынған жүн.

Л.П. Казерацкийдің [96] мәліметі бойынша жүннің ұзындығы мен жіңішкелігінің  корреляциясы жоғары деңгейлігі – 0,51-0,59 екенін айтады.

Қ.С. Сәбденов, С. Құрбанов  [97] – табиғи  жайылымдардың азайып  кетуі  және қойшаруашылығын  интенсивтендіру  күрделі  қаржының тез өтелу  жолдарын іздестіруді  талап етуде. Бұл арада  жұмыстың негізгі бағты  жүннің  жалпы  өнідірісін  арттыруда  және оның сапасын  жақсартуда  болса керек.  Сонда жем – шөп  базасын  нығайту, күтіп – бағудың  жайылымдылық – қолда ұстау  әдісін  енгізу және  қосымша  қаржының  қайтарымы  арта түседі. Сондықтан  табиғи және экономикалық  жағдайларға  байланысты жүнді- етті   және етті-  жүнді  бағыттағы  биязы жүнді  қойларды сіңіру мақсатқа  неғұрлым  сай келеді деп танылды.

Жүннің беріктілігі кейбір жағдайда тұқымдық ерекшеліктердің көрсеткіші болып саналғанымен де, айтарлықтай дәрежеде малды азықтандыру мен бағып-күту жағдайларына да байланысты дейді.

С. Әлімқұлов [98]- қой шаруашылығы  өнімін  өндірудің прогрестік технологиясын жасағанда  жұмыс істейтін  нақты қой тұқымы  белгіленеді, оның күйі  жетілдіру  жолдары  мен әдістері   анықталады. Тұқымды мұқият  зоотехникалық   және экономикалық  бағалау жүргізгеннен  кейін  барып таңдап алу  қажет.  Тұқым асылдандыру – малдың сапалық  көрсеткіштерін  жақсарту  және  жоғары  өнімді  отарлар , мал мен құс  шоғырын құру жөніндегі  шаралардың  тұтас кешені . Егер   бұл  жұмыс  шаруашылықта  дұрыс ұйымдастырылған  болса, малдың  өнімділігі  ұдайы артып, саны көбейе түседі,    бір қойға шаққанда товарлы  өнім көп болады.

Байжұманов Ә  [99]- асыл  тұқымды  мал шаруашылығында  және  фермаларындағы   малды  өсірудың  негізгі  әдісі- таза тұқым   өсіру. Бұл әдіс өнімділігі мен түрі  бірдей отар құруға, тұқым қуалау  белгілерінің  тұрақты  болуына қол жеткізуге, сонымен  бірге шаруашылыққа  пайдалы  белгілерін  жетідіре  түсуге  мүмкіндік  береді.  Тұқымды  таза өсіру  малдың тұқымы  ішіндегі  типтерін  ескеріп , оны линиялар  және үйірлер , отарлар бойынша  өсіруді  қажет  етеді.  Тұқымның  жеткілікті  дәрежеде  өзгергіш  болуын сөйтіп  ұдайы  жетіле  түсуін  қамтамасыз  ету  мақсатында  оның ішіндегі       линиялардың   саны қажетті  мөлшерде болуы қажет .

Қошқарлардың тек бір  шаруашылықта  ғана   пайдаланбайды, сондықтан  линиялар бойынша  өсіруде  бір шаруашылық  міндеті шеңберінен ауқымды  болып, тұқыммен  тұтас  жүргізілетін  жұмыстың  мазмұны  болып табылады.

Республиканың ғылыми мекемелері  малды  генетикалық  тұрғыдан  жетілдірудің  тиімді жүйесін  жасаған. Генетика  биология  және малды өз төлінен  өсіру  саласында ғылымның мықтап  дамуы электронды – есептеу  техникасын  кеңінен  қолданудың  нәтижесінде   қой шаруашылығында мүлде жаңа  жүйе   жасалды: тұқымды асылдандырудың сол жүйесінің   негізінде кең көлемді  селекция  жатыр. Тұқымды асылдандырудың бұрынғы  дәстүрлі  әдістерінен  оның айырмашылығы   оның ықпалына  линияның,  отардың жекелеген  қасиеттері  ғана ілікпейді , сонымен  қатар малдың үлкен тобы да, толық  тұқымда  оның  ықпалына ілігіп, сөйтіп оның  әсері ірі  аймаққа , тұтас  шаруашылықтарға жайылады.

Қасымов К [100] – соңғы жылдары жасалған  іштегі  ұрықты алып, көшіріп салу әдісі  өнімділігі  жоғары  мол табындарын  құрып және асыл – тұқымды  мал  санын көбейте  түсуге  үлкен мүмкіндік туғызады.  Бұл әдістің мәнісі  мынада:  ұрықтандырылған  соң  бірнеше  күннен кейін  өнімі жоғары  саулықтан (донордан) ұрықтанып,өсе бастаған  аналық  клеткаларды шайып оларды да  лабораторияда тексеріп, бағаланғаннан  кейін  өніміділігі  төмен саулыққа реципиент  деп  атайды) тұқымдық  тұрғыдан  бағалы  төл алады. Мұның өзінде  бір ұрықтандыру  барысында  жоғары өнімді  бір саулықтан  бір емес, тіршілікке  бейім  бірнеше  ұрық алуға, сөйтіп асыл тұқымды  қой санын   көбейтудің  коэффициентін  мықтап арттыруға  болады.

Сабденов. Қ.С, Шәуенов С.К. [101] – тұқымды  таза өсіргенде  әртүрлі  асыл тұқымды  мал шаруашылықтарындағы  қошқарларды  алмасытырып пайдалану  әдісі тиімді. Ол отарда  бірінші  ұрпақтың  артықшылығын (гетерозисті)  және сонымен  байланысты  қойдың  тіршілікке  бейімділігі  мен өнімділігін  сақтауға  мүмкіндік береді. Пайдаланатын  отарларда туыстарды  будандастыруға  жол бермейді.

Малды будандастыру – пайдаланылатын  отарлардағы  қойлардың өнімділігін  арттырудың ең тиімді  әдісі.  Жай және күрделі  өнеркәсіптік  бдандастыруды  ал биязы  жүнді қой шаруашылығында  оған қоса  кезек будандастыруды  қолданады. Мұндағы бұлжымайтын  шарт  будан малды толыққ ұнды  азықпен  азықтандыру  болып табылады.

Қазіргі таңда   шаруашылықтарға  жыл сайын   өнімі жоғары  мал алу  үшін барлық  ұрғашы  малдарды  жеке дара бонитировкадан өткізіп оларға  ең таңдамалы  негізгі  қошқарларды  тағайындау .

Қазақстанның  қой өсірушілері  мен селекционерлері  отандық және дүниежүзілік генетикалық ресурстарды  кеңінен  пайдалану  селекция  мен биологиялық  технологияға  ғылыми – техникалық  прогресс  жетістіктерін  табыспен  енгізуде. Соның  негізінде  қойдың қазір қолда бар тұқымын  жетілдіру және жаңа  өнімді тұқымдарын  шығару жөнінде  үлкен де жемісті жұмыстар істеуде.

Метлицкий А.В., Берус В.К., Нартбаев А., Тоқаев Б. [102]  жазғандай   жылы Қазақстанға   алғашқы рет «стронг» типі  19 австралия  қошқарлары әкелінді, оның ішінде  9 басы Жамбыл облысына,  8 бас Оңтүстік Қазақстан және 2 –уі  Алматы облысының үлесіне тиді.

Көптеген  ғалымдар мен мамандары  Есаулов П.А., [103,104]  Доллинг С.Х. [105], Венаминов А.А. [106], Черекаев А.В. [107], Семенов С.И., Мороз В.А. [108, 109, 110]  мәліметтеріне  қарағанда   австралия  биязы  қой шаруашылығы  үш тұқым  ішіндегі  типке бөлінеді. Олар бір- бірімен  шығу – тегі, дене  өлшемдері, формасы бойынша, өнімділік  деңгейі, жүн сапасы, белгілі  бір жер климатына  бейімделгендігімен  ажыратылады.

1.  Файн  /жіңішке тип/ – ірі емес, жүн өскелеңдігі  жақсы, шығымы 57-68 %   болатын  5,6-6,0  кг, жіңішкелігі  17-20 мкм / 80-70 сапа/  жүн береді, штапель  ұзындығы  8-9 см.

2. Медиум  /орташа  тип/ – орташа  келген  қойлар  шығымы 58-71 % 5,6 -6,5  кг жүн  береді. Жүн ұзындығы  8 -10 см,жүн жіңішкелігі  20-23 мкм /65  сапа/.

3. Стронг /мықты тип/- ірі малдар,  6,0-6,6 кг жүн береді,  шығымы 60 – 75 %   Жүні салыстырмалы ірі – жіңішкелігі  23- 25- мкм аралығында  /60 -58  сапа/  штапель  ұзындығы  92-10 см.

Әр  тип ішінде  топталған отарлар белгіленген   аймақ ішінде  бөлек – бөлек өсіріледі.  Асвтралияда  пеппиндер, оңтүстік  австралия және жаңа оңтүстік уэльс мериностары кең тараған

А.Е.  Лущенко, А.Д. Билтуевтің [111] краснояр  тұқымының  қойларына, И.А. Новикова, Е. Воронкова [112] грозный  тұқымына, Қ.У.  Медеубеков және басқалар [113] солтүстік  қазақ  меринос  тұқымдарына, қырғыз  биязы  жүнді қойларына  И.М.  Ботбаев [114], М.Р. қазақтың  биязы жүнді  қойларына  және тағы басқа  тұқымдарға  жүргізілген  зерттеулер  көрсеткендей,  Австралия  қошқарларын  пайдалану аталған  тұқымдарда  жүн өнімділігі, оның сапасын, жүннің технологиялық  қасиеттерін  жоғарылатты.

М.И. Санников [115] жергілікті  қойларға австралия  мериностарын  пайдалану, олардың жүн өнімділігін, сапасын  жақсартады  деп тұжырымдайды. Австралия  мериностарының жүні  үлкен ұзындығымен, мықтылығымен,  майысқақтығымен , жылтырлығымен, біркелкілігімен  сипатталады да,  жүн өңдеу  өнеркәсібі  үшін  таптырмайтын шикізат болып табылады. Көптеген   зерттеулер  деректеріне  қарағанда  австралия мериностарының жүн   жабығы  салмағының  тұқым қуалау   дәрежесі  өте жоғары, жуылған таза жүні  50%- ке және жуылмаған  жүні бойынша 30-47%     аралығында  болады.

F2 будандардың   өнімділік  сапасын  зерттеген  Н.А.  Косова [116]     мәліметтерінде, ?  қанды малдардың   жүн өнімілігі  жоғары    болды. Сонымен қатар  тәжірибелік  топ малдары  жақсы жүн  өскелеңдігімен , иректілігімен  және жоғары  сапалы  шайырмен  сиппаталады. И.Т. Котляров, А.Н. Глаголев [117] пікірінше  будандастыру  үшін австралия  мериностары   пайдаланылатын  биязы  жүн қой  шаруашылығы  аймақтарында, селекционердің басты мақсаты  қазіргі  кезең  талабына келетін  бағытта  тиімді  қой типін   шығару  деп  көрсетеді. А.Е.  Лущенко  мен С. Билтуева   зерттеулерінде   «Учумский»  асыл  тұқымды   зауытында  өсірілетін краснояр  тұқымының  саулықтарына  австралия   қошқарларын  пайдалану нәтижесінде  алынған жартылай  қанды ұрғашы  тоқтылардың  жуылған жүні 2,62 кг немесе  краснояр  тұқымды  құрбыларынан  11,4 % -ке артық болды. ?  қанды тоқтылар  қырқылған жүні  бойынша  краснояр  таза тұқымды және  жартылай  қандылардың 9,5  және  5,7 ?  қанды малдардың  5,7 %  – ке асып түсті.

Берус В.К. [118]  солтүстік  қазақ мериностарына  австралиялық  биязы жүнді қошқарларды  пайдалану  кезінде  олардың   төлдегіштік  қасиеті  жоғары болып алынған  жартылай  қанды  ұрпақтар өміршеңдігі  таза қандылардан кем түспейтіні   байқалды.  Жартылай  қанды ұрғашы  тоқтылар жүніұзын болды.  Қырқылған  жүні бойынша  тоқты қошқарлардың  арасында  айырмашылық  болмады,  ал жуылған жүн шығымынан  жартылай  қанды  қошқарлар  таза қандыларға  қарағанда  400 г немесе 9,1 % – ға артық болып шықты. Өс жылдамдығы  мен тірі салмақ көрсеткіштері  жартылай  қанды будандармен  таза қанды малдарда  бір деңгейде дерлік екені атап көрсетілді.

Сабденов Қ.С. және басқалар [119]   деректерінде  қазақтың биязы жүнді саулықтарын  ұрықтандыру үшін австралиялық  қошқарларды  пайдаланғанда, өз ішінде  өсірілген  І және ІІІ ұрағы  аса тиімді  болып шықты. Австрало х қазақтың биязы жүнді типінің  жақсартатын  тұқым бойынша қаны 37,5 %  болғанда  талапқа  барынша  сай келген . Егер тұқымды таза  өсіргенде  жүн ұзындығы мен жуылған  жүн түсімі  іс жүзінже өзгермеген  болса, ал ұзындығы  тіпті  қықарып кетсе, қан араластыра  будандастырғанда олар өсе түскен . Барлық  жас тобындағы  саулықтардың тірілей салмағы  жақсарт ылып отырған тұқымның бастапқы  көрсеткіші  деңгейінде қалды.

Цырендондоков Н.Д.  және тағы басқалар [120]  «медиум» типті  австралия  қошқарларын  волгоград тұқымымен  шағылыстыру  барысында  алынған  бірінші  ұрпақтың  тірі салмағы  аз ғана   төмендейді..  Ал қырқылған  жүн салмағы  төмендегенімен, оның таза  жүн түсімі  жоғары болды.  Будандардың  белгілі бір бөлігінің  жүн  жабағысы  біркелкі , жүн жібектілігі , штапель  жұмсақтығы  шайыр  сапасы жақсы  болып келгенін анықтаған.

Медеубеков Қ.У, Нартбаев А. және басқа да ғалымдар  [121]  солтүстік  қазақ мериносына  австралия  қошқарларын  пайдалану,  малдардың жуылған  жүнін 16,9 -17,2 %- ке , жүн ұзындығын  7,5- 8,1 %- ке, ал таза  жүн шығымын  6,2 -8,2 % -ке  көбейтуге  мүмкіндік  берді  деп көрсеткен.

Петров А.И. және  т.б.  [122]  қазақтың биязы жүнді қойларын   тәжірибелік  және шаруашылық  жағдайда  жоғары  деңгейде  азықтандыру кезінде қырқылған  жүн бойынша  жұп  таңдау  тиімділігін анықтаған. Сөйтіп қырқылған  жүн өнімділігі  жоғары  қойлар берілген  азықтың қоректі  заттарын  үлкен тиімділікпен  жүн  талшықтарын  өсіруге  пайдаланылады  деген   тұжырымға келген.

Сондықтан да  мал азығын  тиімді  пайдалану  мақсатында керекті  белгі  бойынша  жоғары  көрсеткішті  малдардан  біртекті  жұп  таңдап, өнімділігі  төмен малдарға  жүн шығымы,  қырқылған  жүн  көрсеткіші  жоғары  тұқымдық қошқарларды  пайдалану  керек.

Метлицкий А.В. [123], Нартбаев А. және басқалар қазақтың биязы жүнді қойларын австралия  қошқарларымен жетілдіру  жұмыстарын  зерттеу кезінде саулықтардың  төлдегіштігі ,тұқымдық  қошқарлардың  ұрықтандырғыш   қасиетіне  тікелей   байланысты  екенін   анықтап көрсетіп  берді. H. Turner, S.Young   [124]  меринос    қойларға  жүргізілген  көптеген  зерттеулерді  жалпылай  келіп, ересек  малдардың жүн  тығыздылығының  тұқым қуалау коэффициенті 0,2 -0,6,  ал белгінің  қайталануы  0,3-0,5 аралығында  болады деп тұжырымдады.

Б.Т. Тоқпаев [125] деректерінде  Қастек  тұқымдық  зауытында  қойлардың жүн өнімділігін  және жүн сапасын  арттыру  мақсатында  соңғы  жылдары  жоғары  өнімді  қазақтың биязы  жүнді  саулықтарын  австралия  мериносымен  кіріспе  будандастыру  жүргізіліп келгені  көрсетілген. Алынған 89 бас жартылай қанды және ? қанды  тұқымдық қошқарлардың орташа  тірі салмағы  106,8 кг, жуылған таза жүні  6,98 кг, жүн ұзындығы  10,43 см болды.  Кейбір жартылай  қанды қошқарлардың  жуылған  таза жүні 10,3 кг – ға  дейін жеткен.

Әдебиетке шолуды қорытындылай келе, ұсақ малдардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері жеткілікті зерттелменеген. Бізге жетерлік әдебиеттерге мәліметтердің көбісі 1960-1990 жылдарда зерттелген. Ал жаңа, қазіргі заманғы биохимиялық әдістермен зерттелген мәліметтер жоқтың қасы, әсіресе полиакриламид геліндегі электрофорез, аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі. Осыған орай, біз Қазақстан Республикасында бірінші болып осы жұмысты ұсынып отырмыз.

Қой шаруашылығында өнім өндіруді көбейту, қой өнімділігін арттыруға тікелей байланысты.

Қырқылған жүн көрсеткіші А.И.Папин [126] С.В. Байлов және басқалар А.И. Петров., Г.Ф. Ожерельев [127] деректері бойынша –күрделі белгі. Ол ұзындық, тығыздық, жіңішкелік, шайыр көлемі, тері аумағы сияқты көптеген факторлармен тығыз байланысты.

Жүн ұзындығының өндірістік қажеттілігіне байланысты қой асылдандыруда маңызы өте зор. Ол жүн сапасын ғана көрсетіп қоймай, қырқылған және бірден-бір белгі болып табылады. Г.А.Стакан, А.А. Соскин, [128].

Жүн талшығының жіңішкелігі жүн сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі, себебі оның иіру өндірісі үшін шикізат ретінде технологиялық сапасын жіңішкелігі арқылы анықтайды. С.Х. Долинг [129] деректеріне қарағанда жүн талшықтарының жіңішкелігі меринос жүнінің бағасының 63 %-ын құрайды, соған байланысты жүн шикізатын кластау белгі ретінде –жіңішкелік қабылданған.

А.И. Николаев [130] жүн ұзындығы бойынша диаметрінің  біркелкі болуының себебі, малдың жеке, жыныстық ерекшеліктерімен, қатар азықтандыру және күтіп бағу дұрыс жүргізілуіде көрсетіледі.

Н.П. Червинский [131] жүн жабағысының толық біркелкілігіне жету мүмкін емес, себебі мал денесінде әрқашан ірі жүн орындар болады, бұлай болуы қой табиғатында деп жазады.

Ш.Р.Адылқанова., Т.С.Садықұлов., Г.Л.Ким [132] мәліметтерінде малдардың өсіп-жетілуінің біркелкі болуы биологиялық заңдылықтарға, яғни қазақтың құйрықты қойлары қозыларының өсіп-жетілуін ата-енесі және жүнінің класы бойынша жұптау арқылы анықталған. К.Д.Әбубәкірованың [133] жазуынша жүн қой шаруашылығының негізгі өнімі болып табылады. Демек, жүннің сапасын сақтау үшін оны тапсырар алдында міндетті түрде жабағының ішіне араласқан ластардан тазалап, әзірлік жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен зерттеу арқылы мыналар анықталды: жүнді өндіріп, дайындау барысында зоотехникалық және ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдағы кемшіліктерден шикізаттың сапасына елеулі нұсқан келеді.  У.Н.Вгош және т.б.анықтағаны, меринос қойларының бір бір басқа түскен таза жүн түсімі 15-16 айлық жасында 2,2 кг құрады, ал 2,5 жаста ол 0,15 кг артты, 3,5 жаста 0,27 кг, ал 4,5 жаста -0,44 кг, ал жасы ұлғая түссе жүн түсімі неғұрлым төмендейтінін дәлелдеген.

S.B. Slek және E.C.Banry жүргізілген зерттеулерінде корридель қой тұқымының жүн талшықтарының диаметрі қозылардың 9 айға дейін өсуі (23,1-ден 36,8-ге мкм), ал басқа мерзімде өзгермеуін анықтаған. Кейбір ғалымдардың зерттеулерінде жүннің қоюлығы жасына қарай қоюлануы артады дейді.

Жүн талшығының және технологиялық қасиеттерін сақтауында ең қолайлы атқаратын ролі-шайыр. Шайыр жүн талшықтарын тығыз шүйкелендіріп жабыстырып тұрады, тері мен жүнді сыртқы отраның әсерінен қорғайды. Шайырдың бағалы қасиетін жоғалтпау үшін аса маңызды іс атқаратын жүн майы, ол тұқымына, өзіндің және тағы да басқа өзгешеліктерге байланысты 15,2-ден 52% дейін, биязы жүнде 8,2-ден 22%, биязылау, біртекті және әртекті будандардың жабағысында 4,0-тен 1,8%, ал қылшық жүнді қойларда 2,5-тен 6% дейін болады.

Жүннің ұзындығы оның құндылығын анықтайтын негізгі қасиеттерінің бірі. Жүннің ұзындығының өсуі көптеген себептерге, яғни қой тұқымы, жынысына, жасына, азықтандыру жағдайына, жыл маусымына және өзіндік ерекшеліктеріне  тәуелді болады.

Z.H.Mordey зерттеулері бойынша тірі салмақ пен жүннің жіңішкелігі меринос қойларында теріс корреляция (-0,17) көп байқалған. Бірақ та әлемдегі ғалымдардың пайымдауынша меринос қойларының тірі салмақ пен жүн талшықтарының жіңішкелігінде оң байланыс.

Е.Есентаев деректерінде Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» қой шаруашылығында ғылыми селекциялық жұмыстар ақ жүнді қозы, ақ жүн алу мақсатында жүргізілген.  Ақ жүнді мол мөлшерде өндіру үшін гемогенді қошқарлар линиясын жедел жетілдіру қажет екендігін көрсетті. Сөйтіп, жаңа қой тұқымын зерттеу тәсілдері мен шығару тәжірибесі жалпы биологиялық заңдылықтарды, зат алмасуы, тұқым қуалау сапасының, төлдің өсіп-жетілу өлшемдерін, сыртқы орта жағдайларын есепке алу секілді маңызды мәселелерге негізделген.

2 ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛГЕН ОРНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

2.1 Тәжірибелер жүргізілген уақыты, орны және жағдайы

Қазақтың арқармериносы тұқымы 1934-50 жылдары новокавказ қойын жабайы арқармен шағылыстыру арқылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары И.С.Бутарин., А.Есенжолов., А.Жандеркиндердің басшылығымен шығарылды. Бұл дүние жүзіндегі ең бірінші гибридтеу әдісімен шығарылған тұқым. Кейін бұл жұмыс Күрмектідегі Қазақ ССР-ның Ғылым Академиясының тәжірибелік базасында жүргізіліп 1950 жылы сәтті аяқталды.

Осы диссертациялық жұмысқа арқау болған 2004 жылдың күзінен бастап Алматы облысы Райымбек ауданы Ұзынбұлақ өндірістік кооперативінде қазақтың арқармериносы қой тұқымына ғылыми тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Шаруашылықтың жалпы жер ауданы  4856-га, оның ішінде 60% суармалы жерлер, ал 40% табиғи жайылымдар. Суармалы жерлерге  негізінен арпа, жүгері, жоңышқа және басқа көпжылдық шөптер өседі. Топырағы құнарсыз болғандықтан егін шаруашылығынан мол өнім алу үшін органикалық немесе минералдық тыңайтқыштарды қолданады.

Жазда температура  +35… +370С жетеді, ал қысы суықтау -23.. -280С нөлден төмен.

Қыс мерзімінде қойлар жылы бастырма астында ұсталды. Қошқарлар мен тоқтылардың тәуліктік рационы азықтандыру бөлімінің  мамандары акклимитизация кезеңін есепке алып ұсынған әдіспен анықталды. Атап өту керек, қойлар бізде бірнеше қысты жақсы өткізді. Оларды әкелген кездегі жоғары және орта қоңдылығы сақталды.

Жаз кезінде қойларды  күн сәулесіннен сақтандыру үшін негізінен таңертең және кешкі мезгілдерде жайылымға шығарылады.

Келер жылдары 2005 жылдан бастап, жаздың ыстығында қазақтың арқармериносы қойы отарлары тау бөктеріне жайлауға жайылымға шығарылады. Бұл жерлер жайылымға бай, шырышты көк шөп суық күзге дейін сақталады. Қойларды тау өзендерінен суғарады. Тауда қойлар жақсы семіреді, тау-климаттында жас төлдердің жақсы өсіп жетлуіне жағдай туады, ересек малдардың қоңдылығы көтеріледі.

Шаруашылықтағы қошқарларының салмағы – 110 кг, қырқылған жүн салмағы – 7 кг, жүн ұзындығы -8 см. Саулықтарының тірілей салмағы 52 кг,  қырқылған жүн 4,5 кг, жүн ұзындығы 8,5см.

Бұл шаруашылықта қазақтың арқармериносы қойы өсіріледі. Қазақтың арқармериносы қойы биязы жүнді, етті-жүнді бағыттағы тұқым.

2.2  Биохимиялық зерттеу әдістері

Биохимиялық зерттеу жүргізу үшін Алматы облысы Райымбек ауданы «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативінде  қазақтың арқармериносы қойы тұқымы алынды. Биохимиялық ғылыми зерттеу жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің  биохимия кафедрасының зертханасында жүргізілді. Зерттеу жұмыстарын орындау үшін мынадай биохимиялық әдістер қолданылды:

6.    Жалпы белок – Лоури әдісі бойынша;

7.    Қан сарысуындағы  иммуноглобулиндер –Мак –Эванс әдісімен;

8.    АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі- Райтман-Франкель әдісі бойынша;

9.    Қан құрамындағы эритроцит, лейкоцит – Камера Горяев препараты арқылы;

10. Қанның гемоглобині – Гемометр Сали әдісімен анықталды.

2.2.1 Қан сарысуындағы жалпы белокты Лоури әдісімен анықтау

Жалпы белокты Лоури әдісімен  анықтау белок құрамындағы мыс туындыларының  Фолин реактивін тотықсыздандырып боялуына негізделген. Бояу процесі рН 10-ға тең болғанда ең жоғары болады. Бұл әдіс өте  сезімтал және өте қолайлы, 0,005 мл сарысуындағы 0,2 мкг белокті анықтауға болады.

Жұмыстың орындалу реті. 0,2 мл қан сарысуына, 1 мл мыс сульфатының сілтілік ерітіндісі  құйылады. Қоспаны жақсылап араластырып, 10 минуттан кейін екі еселенген 0,1 мл Фолин реактиві қосылады, ал бақылау пробаға  қан сарысуының орнына физиологиялық ерітінді алынады, 30 минут өткен соң қалыңдығы 3 мм кюветада (750 ммк) дистилденген суға қарсы колориметрленеді (ФЭК).

Есептеу: Сынақ пробаның экстинкциясынан бақылау пробаның көрсеткішін алып, калибрлік сызықтан жалпы белоктың мөлшері болады.

Калибрлеу сызықты құру. Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометрмен анықталады. Алдымен, физиологиялық ерітіндіде қан сарысуынан 1 мл 0,5 мг белогы бар негізгі ерітінді дайындалады. Лоури реакциясын жоғарыда айтылған ретпен жасап, колориметрленеді. Стандарттық ерітінділердің оптикалық тығыздығын алып калибрлеу сызығы құрылады. Ол үшін, абцисса осіне стандарттық үлгілердің оптикалық тығыздығы жазылады (бақылау пробаның оптикалық тығыздығын алып тасталады).

Қан сарысуындағы белоктың мөлшерін г% өлшеп мына теңдеумен  анықталады:

Белок (г%) ═

Мұнда: С – пробадағы белоктың концентарциясы мг 1 мл-де

В – қан сарысуының еселенуі (500)

10- есептеу коэффициенті

Қан сарысуындағы  белокты анықтау және калибрлеу сызығын дайындау, бәрі бір жағдайда өткізілді.

2.2.2 Қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді анықтау

Бұл әдіс Кинкель эффектіне байланысты болды. Мұнда цинк сульфатының қан сарысуының иммуноглобулиндерімен әрекеттескенде  лайланған тұнба түзіледі. Алдымен 10 пробирканы алып оған 0,05 мл қан сарысуы құйылады. Оған 1,95 мл су қосып араластыру қажет. Содан кейін 10 таза пробирка алып, алғашқы 10 пробиркадан 4 мл алып, оның үстіне цинк сульфатының ерітіндісінен 5 мл құйып араластырып 60 минут бөлме температурасында қалдырады. Осы аралықта фотоэлектроколориметр апаратын қосып, 30 минут қыздырады. Бір сағат өткен соң ФЭК –пен сыну коэффициентін анықтаймыз.

ФЭК- тен алынған сыну коэффициенттері арқылы арнайы кестедегі көрсеткіштер бойынша иммуноглобулиндердің мөлшері анықталады.

ФЭК-тің сыну коэффициенті мен иммуноглобулиндердің мөлшері (мг/мл)

ФЭК-тің көрсеткішіИммуногло-булиндерФЭК-тің көрсеткішіИммуногло-булиндерФЭК-тің көрсеткішіИммуногло-булиндер
0,1000,660,2201,200,3501,74
0,1100,680,2301,250,3601,77
0,1150,720,2401,300,3701,80
0,1200,760,2501,350,3801,83
0,1300,800,2601,400,3901,86
0,1400,840,2701,440,4001,89
0,1500,880,2801,480,4101,92
0,1600,920,2901,520,4201,96
0,1700,960,3001,560,4302,00
0,1801,000,3101,600,4402,04
0,1901,040,3201,640,4502,08
0,2001,100,3301,680,4602,12
0,2101,150,3401,710,4702,16

Ескерту:  х = а •40

х – иммуноглобулин мөлшері

а – кестеде тапқан иммуноглобулин мөлшері

40- 1 мл –ге өткізу коэффициенті

2.2.3 Қан сарысуының АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін анықтау

          Бұл әдіс Райтман-Франкель әдісі деп аталатын қазіргі заманғы жаңа әдіс. Әдістің принципі АСТ және АЛТ  ферменттерінің әсерінен қымыздық сірке, пирожүзім қышқылдары түзіледі.

Реакция барысында қымыздық сірке қышқылы пирожүзім қышқылына ауысады. Сілтілік ортада 2,4- динитрофенил-гидрозинді қосқанда, пирожүзім қышқылының боялған гидрозоны түзіледі, ол бояудың интенсивтігін фотоэлектроколориметрмен анықтайды.

АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің  белсенділігін анықтауға арналған раективтердің барлығы Чех Республикасында дайындалған. Райтман-Франкель әдісі келтірілген.

АСТ және АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігін анықтау кестесі

ОЛИМП (мл) 4-5 реактив физиологиялық ерітіндіСЫНАМА (мл) 0,25

БАҚЫЛАУ (мл)

0,25

0,25

3 минут 370 С температурада қыздырамыз
Қан сарысуы0,05
60 минут 370 С температурада қыздырамыз
2 реактив0,250,25
Араластырып 250 бөлме  температурасында 20 минут қалдырамыз
3 реактив NaOH2,502,50
Араластырып 10 минуттан кейін сыну коэффициентін ФЭК-те өлшейміз

2.2.4 Жүн өнімділігін анықтау әдістері

Жүн мен тері үлгілері әртүрлі тәжірибе тобындағы қойлардан көктемгі қырқымда алынды.

Жүннің физикалық-механикалық қасиеттерін қой жүнін зерттеу әдістемелігіне  жұмыс мақсатына кейбір қосымшалар, өзгертулермен сәйкес жүргізілді.

Жүннің ұзындығы мен жіңішкелігі (қабырға, сан, бүйір), жатықтығы, ыластануы, шайырдың жуылуы мен  беріктігі анықталды. Жабағы жүнің кемістіктері мен тұқымнан берілген ақаулары, және тағы басқалары бағаланды.

Жабағы жүнге зоотехникалық сараптау арқылы баға берілді.

Жүннің физикалық-механикалық қасиеттері қажетті саймандар төмендегідей көрсеткіштер алу үшін өлшенді: жуылған жүннің % шығымы, жіңішкелігі, беріктігі, май мен шайырдың мөлшері. Жуылған жүн шығымын анықтау үшін 200 грамм жүн үлгісі сабынды-содалы ерітіндіде жуылып, кондиционер аппаратында 105-1100С температурада кептіріледі, соңынан таза жүн шығымы есептелінді.

Жүннің жіңішкелігі бүйірінен 200 талшығын және санынан 100 талшығын зерттеу нәтижелерімен ланометрде өлшенеді. Жүннің беріктігі бір топ жүн талшықтарын динамометрде (ДШ-3 м 20) үзіп көру арқылы анықталды. 4-5 мг ұзындығы 25 мм жүн таралып алынып жуылды.

Жүндегі майдың мөлшері 10 гр жүн үлгісінен эфирмен Сокслет аппаратында экстрагирлеу арқылы анықталды, соңынан жуылып, кондиционер аппаратында кептірілді. Мұндай процесс жуылмаған және жуылған майсызданған, жүнде май мөлшерін және де механикалық қоспалар барын анықтауға мүмкіндік береді.

Жүннің физикалық-механикалық қасиеттерін анықтаумен қатар, терінің гистологиялық құрылысы анықталды. Ол қойларда түк фолликулаларын зерттеу әдістемесіне Н.А. Диомидова., Е.Б. Панфилова., Е.С.Суслина (1960), және жүн сапасын зерттеуге арналған әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізілді.

Микрокесінділер микро томда дайындалды. Бояу Вейгерт әдісі бойынша темірлі гематотсймен бояп, эозиттің сулы ерітіндісімен бояп жетілдірілді.

МБИ-3 «Биолам» микроскопынан көлденең терінің пиллярлы, торша эпидермис қабаттарының және арқылы түк фолликулдардың тереңге орналасуын анықталды. Бағалы асыл тұқымды малды іріктеп алу үшін жүннің қалыңдығының факторларын алғашқыда органикалық жолмен ол бонитировкада қырқылып алынған жүнді қырқым кезінде және соңында гистологиялық анықтаудың маңызы зор. МБИ-3 микроскобы арқылы  горизонтальді кесіндіде май бездері деңгейіндегі көру алаңында фолликулалар саналды.  Екінші ретті фолликулалардың бірінші фолликулаларға қатынасы анықталды. Проекционды польша аппаратымен май және тері бездерінің көлемі анықталды.

Қазақтың арқармериносы қойының экономикалық тиімділігі жалпы өнімділікті есептеу әдісі арқылы анықталды.

3  ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1 Тәжірибелерде пайдаланылған малдың өнімділігі

Біз 2004-2007 жылдар аралығында қазақтың арқармериносы қойы тұқымының қан құрамының эритроцит, лейкоцит, гемоглобин, қан сарысуының жалпы белогын, иммуноглобулиндерін және аминотрансфераза АСТ, АЛТ ферменттерінің белсенділігін және олардың малдың өнімділігіне әсерін зерттедік. Сол жылдары алынған зерттеулердің нәтижелері төмендегідей.

1 кесте – «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативіндегі қазақтың арқармериносы қойларының соңғы жылдардағы сандық өзгерістері

КөрсеткіштерЖылдар
200420052006

2007
бас%бас%бас%бас%
Мал басы32551003244

1003158

1003527100
Оның ішінде саулықтар саны1550481472

451502

481656

47
Қошқарлар64020550175401762018
Еркек тоқтылар40012430

13426

1347013
Алынған төлдер  саны66520792256902278122

1- кестеден байқағанымыз «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативінде қой басы жылдан жылға кебеюде.  Жүн өнімінен басқа да көрсеткіштер есепке алынады.

Отар құрылымы дегеніміз- шаруашылықтағы немесе фермадағы жас- жынысы бойынша малдардың пайыздық ара қатынасы. Ол төмендегідей  топтарға бөлінеді: қошқарлар, саулықтар, 1 жастан 2 жасқа дейінгі тоқтылар. Одан басқа бордақылауға арнайы мал тобы құрылады. Жасы және жынысы бойынша мал топтары жыл ішінде өзгеруі, соның ішінде төл алу, бір топтан екінші топқа малдардың ауысуы, сонымен қатар табыннан шығару және етке союға жібергендері.

Шаруашылықта  малды әр түрлі және құнарлы азықтармен қамтамасыз ететін тұрақты азықтық база бар.

Мал шаруалышығын интенсивтендіру және олардың өнімін жоғарылату үшін сұрыптау әдістерін қолдану қажет. Сұрыптауды тек қана зоотехникалық әдістерімен жүргізу жеткіліксіз, сондықтан қазіргі заманғы сұрыптау биологиялық, биохимиялық және гинетика ғалымдарының жетістіктеріне сүйене отырып жүргізілуі қажет. Осыған байланысты қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерін зерттеудің маңызы зор деп ойлаймыз.

2- кесте Қазақтың арқармериносы қойы тұқымының саулықтарының және 12  айлық тоқтыларының қан құрамының биохимиялық көрсеткіштері мен өнімділік сапасы

ТоптарТірілей салмағы,

кг

Қырқылған жүн түсімі, кгIg

(мг/мл)

Жалпы белок (г%)АСТ (мкмоль

/с)

АЛТ (мкмоль

/с)

Элита саулықтар58,1±0,284,22±0,1041,7±0,288,10±0,075,06±0,202,65±0,10
тоқтылар

12 айлық  элита

43,4±0,503,81±0,1340,8±0,357,95±0,064,93±0,182,45±0,12
I класс37,4±0,653,20±0,1237,2±0,167,40±0,054,40±0,162,10±0,14
II класс32,30±0,62,70±0,1530,4±0,267,05±0,63,90±0,201,90±0,15

2- кестеде Қазақтың арқармеринос тұқымының элита саулықтары мен 12 айлық қозыларының (элита, I, II класс) тірі салмағы, қырқылған жүні және қан сарысуы көрсеткіштері көрсетілген. Яғни, қойлардың өнімділігі қан құрамына тікелей байланысы бар екендігі анықталды.

3.2 Қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерінің өнімділікпен байланысы

Қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу үшін қазақтың арқармериносы тұқымының әртүрлі топтарынан әр қайсысынан 10 бас алынды. Бұл қозылардың тірі салмағы, жасы және  тұқымы бойынша бір-біріне ұқсас (анологтар), ал аналық саулықтар біркелкі асыл тұқымды қойлар болды. Қозылар мен саулықтар қан құрамының биохимиялық көрсеткіштері 2- кестеде көрсетілген.

3- кестеде көрсетілгендей қозылардың қан құрамы және оның басқа да көрсеткіштері ай сайын өсу және даму кезеңдеріне қарай үлкен өзгерістерге ұшырап отырады.

3- кесте  Әр жастағы қазақтың арқармериносы қойлары қан құрамының биохимиялық көрсеткіштері

Қозы жасыnЭритроцит, млн.Лейкоцит,

мың

Гемоглобин, г%
1 айлық108,84 ± 0,387,29 ± 0,4311,4 ± 0,42
4 айлық109,40 ± 0,417,11 ± 0,3712,05 ± 0,41
7 айлық108,47 ± 0,437,95 ± 0,418,3 ± 0,38
8 айлық108,80 ± 0,418,35 ± 0,419,97 ± 0,40
12 айлық109,55 ±0,447,41 ± 0,4113,05 ± 0,45
Саулықтар109,65 ± 0,687,83 ± 0,7310,0 ± 0,27

Эритроциттер мен гемоглобин мөлшері 1 айлық қозыларда төмен (8,84±0,38 және 11,4±0,42), бірақ 4 айлық қозыларда олардың мөлшері тез көтеріліп 9,40 ± 0,41 млн және 12,05±0,41 г% жетеді. 4 айлық қозылардың бұл көрсеткіштері одан кейінгі 7 және 8 айлық көрсеткіштерінен едәуір жоғары. Қозылардың бұл көрсеткіштері тек қана 12 айында қайтадан өсіп (9,55±0,44 және 13,05±0,45), аналық саулықтардың дәрежесіне (9,65±0,44 және 13,05±0,45) жетеді.

Сонымен, қозылардың өсу динамикасында зат алмасу процесінің екі кезеңін бөліп айтуға болады: 4 және 12 айлық кезеңдерінде олардың өсуі, даму қарқыны едәуір артады.

Қозылардың иммундық статусының негізгілерінің бірі – лейкоциттер мөлшері барлық зерттелген айларда бір келкі деуге болады, оның мөлшері 7-8 мың шамасында. Тек жайлаудан түскен кезде, қозылардың 8 айлығында лейкоциттің мөлшері біршама көтеріліп, 8,35 ± 0,41 мыңға жеткен.

4-кестеде қозылар мен аналық саулықтар қан сарысуындағы жалпы белок, иммуноглобулиндер мөлшері және АЛТ, АСТ ферменттерінің белсенділігі көрсетілген.

Кестеде көрсетілгендей қан сарысуындағы жалпы белок мөлшері, оның динамикасы қозылардың 1 айлығынан бастап 12 айға дейін зерттелген.

Жалпы белоктың ең аз мөлшері 1 айлық қозыларда (6,08 ± 0,41), одан кейін 4 айлық қозыларда (6,2±0,40 г%). 7 айлық қозылар қан сарысуының жалпы белогы бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие (7,62 ± 0,43 г%) болған.

Сонымен, келтірілген нәтижелерге қарағанда қан сарысуының 1 айлық қозылардағы жалпы белок мөлшері 6,08 ± 0,41 г% -дан 7 айлық қозылардағы 7,62 ± 0,43 г%-ға  дейін жоғарылаған, демек жарты жылда жалпы белок 1,54% өскен, бұл қазақтың арқармериносы қозыларының өсу қарқынының жоғары екенін көрсетеді.

4- кесте Әр жастағы қазақтың арқармериносы қойларының қан сарысуындағы жалпы белок, иммуноглобулиндер мөлшері және АЛТ, АСТ ферменттерінің белсенділігі

Қозы жасыnЖалпы белок,

г%

Иммуноло-гбулиндер, мг/млАЛТ, мкмоль/сағ

АСТ,

мкмоль/сағ

1 айлық106,08 ± 0,4122,57 ± 0,411,46 ±  0,023,48 ±  0,52
4 айлық106,2 ± 0,4024,67 ± 0,412,46 ± 0,54,00 ± 0,72
7 айлық107,62 ± 0,4331,25 ± 0,422,29 ± 0,313,80 ± 0,61
8 айлық107,12 ± 0,3932,65 ± 0,412,08 ± 0,344,20 ± 0,09
12 айлық107,25 ± 0,6033,25 ± 0,642,09 ± 0,044,52 ± 0,04
Саулықтар107,40 ± 0,6236,47 ± 0,711,88 ± 0,085,06 ± 0,26

Жалпы белок мөлшері тоқтылардың 8 айында қайтадан төмендеп (7,12±0,39), 12 айына дейін осы шамада (7,25 ± 0,60г%) қалған. Ал аналық саулықтарының қан сарысуындағы жалпы белок мөлшері (7,40 ± 0,62 г%), яғни 7 айлық қозылар көрсеткішінің шамасында болған.

Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде қозылардың жасы өскен сайын қан сарысуының жалпы белогы біркелкі жоғарыламайтыны анықталды. Мысалы, қозылардың 4 және 7 айлық кезінде жалпы белоктың деңгейі көп жоғарылаған (4 айлығында белок мөлшері 6,26±0,40% болса, 7 айлығында 7,62±0,43% дейін көтерілген), болса одан кейінгі кезеңдерде бірден төмендеп (8 айлығында) қайта (12 айлығында) көтеріле бастаған.

Демек, қозылардың қан сарысуының жалпы белогінің мөлшері, олардың тірі массасының өсуіне қарай ырғақты өсіп отырады. Ал одан кейінгі уақытта, қозылардың қан сарысуының жалпы белогы біркелкі жоғарылайды. Қозылардың 12 айлық кезінде, тірі салмағы 45,4±0,60 кг жеткенде қан сарысуының жалпы белогынің деңгейі ересек қойлардың белогы мөлшеріне жақындайды.

Иммуноглобулиндер – қанның негізгі қорғаныс белоктары, қан сарысуында қозылар енесінің уызын қабылдағаннан кейін пайда болады. 1-5 күндік қозыларда иммуноглобулиндерді синтездеу қабілеті болмайды. Сондықтан қозылардың енесінің уызына толық қануы үлкен роль атқарады.

Иммуноглобулиндердің динамикасы қозылар туғаннан кейінгі 1 ай және 4,7,8,12 айлық кезінде қан сарысуында зерттелді.

Ж.Ж.Жұмашев және т.б. [14, 15] мәліметтері бойынша, қозыларының қан сарысуында иммуноглобулиндер уыз ішкеннен кейінгі 24-36 сағатта ең көп мөлшерде -35 мг/мл дейін көрсетіліп, ал 1 айлық қозыларда иммуноглобулиндер мөлшері 21-22 мг/мл дейін төмендеген.

Осындай ерекшеліктер 1 айлық қазақтың арқармериносы қозыларында да байқалады-22,57±0,41 мг/мл. 7-8 айлық қозылар иммуноглобулиндердің мөлшері жағынан (32,65±0,41 мг/мл) 12 айлық қозыларға (33,25 ± 0,064 мг/мл) және аналық саулықтарға жақындайды. Бұл көрсеткіштер қазақтың арқармериносы қозыларының иммундық жүйесі 7-8 айда толық қалыптасып болатынын көрсетеді.

Аминотрансфераза ферменттерінің  динамикасы 1,4,7,8,12 айлық қозыларда  және аналық саулықтарда зерттелді, алынған мәліметтер 4 – кестеде көрсетілген.

АЛТ (аланин аминотрансфераза) және АСТ (аспартат аминотрансфераза) ферменттері ауыстырылатын аминқышқылдарының биосинтезінің негізгі ферменттері болып табылады. Сондықтан, олардың белсенді белок биосинтезімен, атап айтқанда, қозылардың өсіп жетілу қарқынымен және жүн өнімділігімен тікелей байланысты.

1 айлық қозыларда иммуноглобулиндердің көрсеткіштері тәрізді АЛТ және АСТ ферменттерінің белсенділігі төмен (1,46±0,02 мкмоль/сағ және 3,48±0,32 мкмоль/сағ). АЛТ ферментінің  белсендігіні 4-7 айларда біркелкі 2 мкмоль/сағ жоғары, ал 8-12 айларда 2 мкмоль/сағ шамасында, аналық саулықтарда 1,88±0,08 мкмоль/сағ.

Сонымен, қалыпты жағдайдағы қазақтың арқармериносы тұқымы бойынша АЛТ ферментінің белсенділігі 2 мкмоль/сағ құрайды.

АСТ ферментінің белсенділік динамикасын зерттеу 1,4,7,8,12 айлық қозылардың қан сарысуы арқылы жүргізілді.

АСТ ферментінің белсенділігі қозылардың өсу-жетілу кезеңдерінде көп өзгерістерге ұшырамайды. 1-8 айлық қозыларда АСТ активтілігі 3,48 ± 0,52 мкмоль/сағ -4,20 ± 0,09 мкмоль/сағ арасында. Дегенмен, 12 айлық қозыларда АСТ активтілігі жоғары 4,52 ± 0,04 мкмоль/сағ, ал аналық саулықтарда 5,06 ± 0,26 мкмоль/сағ.

Сонымен қалыпты жағдайдағы АСТ ферментінің  белсенділігі қозылардың жасына орай  көп өзгерістерге ұшырамайды, 12 айлық қозылар мен аналық саулықтардың көрсеткіштері бірдей деуге болады – 4,52 – 5,06 мкмоль/сағ.

Осы мақсатта қозылардың 1,4,7,8,12 айлық кезіндегі және саулықтардың тірі массасының өсуі және қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерімен (жалпы белок, иммуноглобулиндер және АСТ, АЛТ аминотрансфераза ферменттерінің  белсенділігі) байланысы зерттелді. Алынған нәтижелер 6 – 7 кестелерде келтірілген.

Жоғарыдағы кестелердегі келтірілген мәліметтерге қарап, бір айлық қозылардың тірі массасы 9,3±0,20 кг болды, ал жалпы белогы 6,08±0,41г %, иммуноглобулиндер 22,57±0,41мг%, АСТ-ның белсенділігі 3,48±0,52 мкмоль/сағ, ал АЛТ-ныкі 1,46±0,02 мкмоль/сағ. Осы көрсеткіштерді, қозылардың өсуіне қарай салыстыру арқылы белгілі бір байланыстың барын анықтауға болады.

Аминотрансфераза ферменттерінің организмдегі қызметі көмірсулардан және майлардан ауысатын амин қышқылдарын синтездеу екенін еске алсақ, қозылардың тәуліктік салмақ қосуының көбейюін түсіндіруге болады. Организмде амин қышқылдарының қоры неғұрлым жеткілікті болса, соғұрлым белоктардың биосинтезі қарқынды жүреді.

Бірақ, В.М. Красовтың [38] мәліметтерінде, қан сарысуының жалпы белогынің деңгейіне асыл тұқымдылық үлкен әсер еткен. Автордың мәліметтері бойынша, малдың 1 айлық кезінде жалпы белогі 6,98 г% болған, ал 4 айлық кезінде – 6,52 г%. Жалпы белогынің мөлшерінің деңгейі 12 айлық кезіне дейін жоғарлап 7,05 г% жеткен.

Л.С. Жебровский және т.б. қан сарысуының жалпы белогынің  деңгейі малдың асыл тұқымдылығына, тұқым қуалау ерекшеліктеріне өте тығыз байланысты деп көрсеткен. Бір айлық қозылардың  қан сарысуының иммуноглобулинерінің орташа мөлшері 20,73 мг% болды.

Ж.Ж.Жұмашев [14] мәліметі бойынша,  жаңа туған қозылардың қан сарысуында иммуноглобулиндердің іздері ғана болады.

Иммуноглобулиндер қан сарысуында қозылар енесінің уызын қабылдағаннан кейін пайда болады. Демек, қозылардың 1-5 күндік кезінде иммуноглобулиндері өз организмінде синтездеу қабілеті болмайды.

Жануарлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің деңгейі өнімділікпен  динамикалық тепе-теңдікте болатынын Смирнов О.К., [100] Сейтқалиев К.С.[98] Демек, көп жүнді қойлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің айырмашылығы жоғары.

Сонымен, біз қазақтың арқармериносы тұқымы қозыларының тірі салмағының өсуімен қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерінің өзгергіштігінің арасында байланыс барын анықтадық.

Қан құрамының биохимиялық  көрсеткіштерінің жүн өнімділігіне  байланысын зерттеу мақсатында 20 бастан тұратын екі қой тобы құрылды: олардың  10 басы жүнділігі бойынша жоғары класты және 10 басы – төменгі класты.  Ұрғашы тоқтылар тегі, тірі массасы және жасы жағынан біркелкі (аналогтар) болды. Жүргізген зерттеулердің нәтижесі 5 – 6 кестелерде келтірілген.

5- кесте Ұрғашы тоқтылардың жүнділігіне қарай қан сарысуының жалпы белогы мен иммуноглобулиндерінің көрсеткіштері

Мал топтарыnЖалпы белок, г%Иммуноглобулиндер, мг%
Жоғары класты107,40 ± 0,6236,47 ± 0,71
Төменгі класты106,95 ± 0,0326,08 ± 0,08

6– кесте Ұрғашы тоқтылар жүнділігіне қарай қан сарысуының АСТ және АЛТ аминотрансфераз ферменттерінің белсенділігінің көрсеткіштері

Мал топтарыnАЛТ,

мкмоль/сағ

АСТ,

мкмоль/сағ

Жоғары класты101,88 ± 0,085,06 ± 0,26
Төменгі класты101,47±0,304,52 ± 0,04

Кестелердегі келтірілген нәтижелерге қарағанда, жоғары класты ұрғашы тоқтылардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері төмен класты жүнді ұрғашы тоқтылардаға қарағанда анағұрлым жоғары. Мысалы жалпы белок 7,40±0,62 г%, иммуноглобулиндері 36,47±0,71 мг%, АЛТ 1,88±0,08 мкмоль/сағ, АСТ-ның активтілігі 5,06 ±0,26 мкмоль/сағ ал төмен класты тоқтылардың жалпы белогі – 6,95 ± 0,03, иммуноглобулиндер – 26,08±0,08 мг%, АЛТ -1,47 ± 0,30 мкмоль/сағ, АСТ 4,52 ± 0,30 мкмоль/сағ болды.

Малдың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің деңгейі өнімділікпен  динамикалық тепе-теңдікте болады. Демек, жоғары класты жүнді ұрғашы тоқтылардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің айырмашылығы жоғары.

3.3  Жүн өнімділігі

Қазақстан қой шаруашылығы дәстүрлі сала, жергілікті халық тұрмысының ажырамас бір бөлігі болып табылады, 1930 -1940 жылдарға дейін бүкіл елде, негізінен, еті үшін қылшық жүнді құйрықты (етті-майлы) қой ғана өсірілді. Әр текті қылшық жүннің тауарлық мәні болмағандықтан, халық киіз, байпақ басу үшін ғана пайдаланды. Жүн өңдейтін мамандандырылған ірі кәсіпорын болмады.

Қылшық жүнді құйрықты саулықтар 30-40 жылдары әкелінген түрлі биязы жүнді тұқым қошқарлары мен будандастырылғаннан кейін, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-ның Еуропалық бөлігінен биязы және биязылау жүнді қой шаруашылығы қоныс аударған соң Қазақстанда тауарлық мәнге ғана жүн ие болды.

1946 жылы Республиканың Оңтүстік Шығысында бекітілген қазақтың биязы жүнді қой тұқымы, 1950 жылы басқа бір биязы жүнді қой тұқымы –қазақтың арқармериносы шығарылды. Қазақстанда тауарлы жүн өндірісі және жүн өңдеу өнеркәсібінің дамуы осы сәттен басталды. Осы саладағы алғашқы ірі кәсіпорын сол жылдары салынып, іске кіріскен Жамбыл қаласындағы жүнді алғашқы өңдеуден өткізетін фабрика болды. Сол уақыттарда ол жылына 30-40 тоннадай жүн өңдей алатын ең ірі фабриканың бірі еді. Мұнда қазақтың биязы жүнді қой тұқымының, қазақтың арқармериносының, сондай-ақ 1965 жылы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған Оңтүстік қазақ мериносы қойларының биязы жүні тұрақты түрде жеткізіліп отырды. Қазақстанның Солтүстігі мен Солтүстік шығысында биязы жүнді қой шаруашылығы аймағының кеңеюіне және мұнда 4-ші биязы жүнді қой тұқымының шығарылуына (1976 жылы бекітілген) орай, жүнді алғашқы өңдеуден өкізетін Семей фабрикасы салынды. Оның қуаттылығы жылына 20-30 мың тонна жүн өңдеу болатын. Бірнеше жылдан соң Ақтөбеде 3- ші фабрика іске қосылды. Ол жылына 20-30 мың тонна жүнді алғашқы өңдеуден өткізіп отырды. Мұнда негізінен Батыс облыстардан әкелінген қылшық, ұяң және биязылау жүн өңделді. Осылайша, қой шаруашылығы әбден дамыған (34-36 млн қой болған) 1990 жылдардың басына қарай 100-105 мың тонна жүн өндірілді. Оның көбісі әлгі үш фабрикада алғашқы өңдеуден өткізіліп, жуылған күйінде Рессей, Украина, Беларуссия және Балтық жағалауы елдерінің тоқыма кәсіпорындарына жөнелтіліп отырды. Өндіріс көлемі, тауар айналымы, республикадан тыс жерлерге шығару және ақшалай түсім бойынша жүн ол кезде барлық сатылатын ауыл шаруашылығы шикізатының ішінде астықтан кейінгі орынды алатын.  Оның 10-15% ғана республика кәсіпорындарында – Аякөз жүн иіру фабрикасы мен Алматы тоқыма фабрикасында және Алматы кілем комбинатында өңделіп, пайдаланылды.

Қайта құру кезеңіне дейін жүн өндірумен ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – кеңшарлар мен ұжымшарлар айналысты. Олардың әрқайсысында 20 мыңнан 100 мыңға дейін қой болды. Әрбір шаруашылық өнімділігі бір бағыттағы қой немесе бір тұқымның қойын ұстады. Әр түрлі түсті қой өсіруге жол берілмеді. Сонымен қатар шаруашылық отарлары жыныс, жас және тұқымдық құндылығы (бонитировкалау кластары) бойынша құрылды. Бұл одан әрі өнеркәсіптік өңдеу үшін маңызы зор бір типті жүнді мал алуға мүмкіндік берді. Қой арнайы типтік жобадағы пункттерде қырқылды. Ол пункттер ірілендірілген, жабағыны сыпырудан оны буып- түйгенге дейін барынша механикаландырылған еді. Тәжірибелі қырықтықшылар зоотехник-бонитерлардың республикалық жоғары мектебінің жанындағы арнайы курстарда дайындықтан өтетін. Бүкіл қой қырқу процессі қой санына, олардың жағдайына және тұқымына байланысты 20-30 күннен аспайтын. Өз мәні мен дайындық деңгейі бойынша бұл нағыз ірі өндіріс еді. Ірі қой шаруашылықтарындағы қырқым пункттерінде жүзден астам адам, соның ішінде 50-ге дейін қырықтықшы жұмыс істеді. Олар күнніне 2-3 отар қой, ал кейбір тәжірибелі қырықтықшылардың әрқайсысы күніне 100 және одан да көп қой қырықты. Осы пункт басында тәжірибелі мамандар жүнді ұзындығына, жіңішкелігі мен басқа жағдайларына қарай класқа бөлді, нығыздап, теңделді, таңбаланып, алғашқы өңдеу фабрикаларына жөнелтілді. Жүн дайындау жақсы ұйымдастырылып, Қазақстанның тұтынушылар одағы жүйелері арқылы өткізілетін. Шаруашылықтар олармен шартқа отыратын. Дайындау мекемелері шаруашылыққа қаржы төлейтін, ол жүнді алғашқы өңдеуден өткізу фабрикаларына жөнелткен соң бір-жола есеп айырысатын. Мұндай жүйе өте жақсы қалыптасқан және өзін-өзі толық ақтайтын. Жүннің сатылу бағасы түріне, класына, класс тармағына, тазалық жағдайы мен таза талшық шығымы пайызына қарай қолдағы прейскурант бойынша анықталатын. Мәселен, бірінші класты (ұзындығы кемінде 65 мм), бірінші класс тармағына жататын (жіңішкелігі 64 сапа және одан жоғары немесе 20,6-23,0 мкм) тазалық жағдайы қалыпты, жабағының жуылған жүн шығымы 50% жіңішке меринос жүнінің 1 килограмы 7,28 сомға бағаланатын. Ол кездерде 1 сом 1 долларға тең еді. Өндіріс әбден қалыптасқан қой шаруашылықтары 100-200 және одан да артық тонна жүн өндіріп, едәуір табыс табатын және үнемі рентабельді еді.

Соңғы жылдары Қазақстан қой шаруашылығының жағдайы да, жүн өндіру де күрт төмендеді. Қазақстанның статистикалық басқармасының деректері бойынша, республикада 9 млн 599 мың қой мен ешкі болып, 24,3 мың тонна жүн өндірілген. Осы қой мен ешкінің көбісі Алматы облысы (2 млн 188 мың) мен Оңтүстік Қазақстан облысының ( 1 млн 799 мың) үлесіне тиген. Осы екі облыс, тиісінше, 8,3 және 5,6 мың тонна жүн өндірген.

Қой мен ешкінің нақты саны мен жүн өндіру көрсеткіші берілді. Реформалау нәтижесінде қазіргі кезде барлық қой мен ешкі шаруашылықтардың 3 категориясына шоғырландырылған (6 кесте).

7- кесте  2006 жылдың басында Қазақстан қой шаруашылығы мен жүн

өндіру жағдайы

ОблыстарҚой саны, мың басЖүн өндіру, мың тоннаӘр қойдан қырқылған жүн, кг
Ақмола107,90,21,6
Ақтөбе628,81,42,8
Алматы2187,78,33,3
Атырау389,00,82,2
Шығыс Қазақстан924,52,12,5
Жамбыл956,81,92,6
Батыс Қазақстан610,01,73,0
562,80,92,2
Қызылорда532,10,82,1
Қостанай204,70,63,5
Маңғыстау315,60,52,3
Павлодар192,00,62,9
Солтүстік Қазақстан190,50,62,9
Оңтүстік Қазақстан1798,50,63,1

Ескерту: Республика бойынша әр қойдан қырқылған орташа жүн 2,9 кг.

Осылайша, қазіргі кезде негізгі қой мен ешкі (75,0%) ұсақ жеке қожалықтарда шоғырланған. Олардың әрқайсысында 5-тен 100-ге дейін қой мен ешкі бар. Соған орай, жүннің де көбісін (74,1%) солар өндіреді. Бұл жағдай барлық инфрақұрылымды едәуір өзгертіп, жүн қырқу, бағалау, дайындау, өңдеу процестеріне, сондай-ақ, оның өзіндік құны мен нақты сату бағасына айтарлықтай әсер етті

8 – кесте Шаруашылықтарда 2006 жылғы қой –ешкі саны мен қырқылған жүн мөлшері

ШаруашылықкатегорияларыҚой – ешкі саныЖүн өндіру
мың, бас%мың, бас%
1.Барлық меншік түріндегі ауыл шаруашылығы құрылымдары1515,915,84,317,7
2.Шаруа (фермерлік) қожалықтары880,29,22,08,2
3.Жеке қожалықтар7202,27518,074,1
Барлығы9598,210024,3100

Ұсақ шаруашылықтарда мақсатты да жүйелі тұқым асылдандыру жұмысын жүргізу, бір типті жүннің ірі партиясын өндіру, жүнді кәсіби қырқып, бағалау, сертификаттау жоқ, жүн өңдейтін кәсіпорындар толық қуатында жұмыс істеу үшін жүнді үлкен көлемде дайындап, жөнелту қиындады. Сол себептерге байланысты жүнді алғашқы өңдеуден өткізетін фабрикалар мен жүн иіретін, мата тоқитын, сондай-ақ, дайын өнім шығаратын кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Мемлекеттің жүнге деген кепілдік беретін бағасының жоқтығы да, оны аукциондар арқылы сатудың жоқтығы да аз роль атқарған жоқ. Осының бәрі қажет те қымбат шикізаттың құнсыздануына апарып соқтырды.

3.3.1 Жүнді бағалау 

          Қойдан қырқылатын жүн бірден қырқым пунктінің басында-ақ мұқият бағалаудан өткізіледі, яғни класқа бөлінеді. Жүн сапасын дұрыс бағалаудың негізігі шарты-жабағының тұтас түсуі. Класқа бөлу әрбір жүн түрі үшін жасалатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі. Қазақстанда жүргізілетін жалпы одақтық стандарт өзгеріске түсті, қазіргі уақытта жаңа стандарттың талабы бойынша жүргізіледі. Олар: мемлекетаралық стандарттау метрология және сертификаттау кеңесі бойынша (№18 хаттама, 18 қазан 2000 жылы) қабылданған № 207 ст. Мемлекетаралық стандарт МЕМСТ- 30702-2000 деп өзгерді.

Бұл стандарт Беларус Республикасының астанасы Минскіде өткен мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау кеңесінде қабылданды.

МЕМСТ-30702 стандарттың қабылдауын мақұлдаған мемлекеттер

Мемлекеттердің аттарыҰлттық стандарттау мекемелерінің аты
Әзербайжан РеспубликасыАзмемстандарты
Беларус РеспубликасыБеларус Республикасының мемлекеттік стандарты
ГрузияГрузстандарты
Қазақстан РеспубликасыҚазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты
Қырғыз РеспубликасыҚырғызстандарты
Молдова РеспубликасыМолдавастандарты
Ресей ФедерациясыРесей мемлекеттік стандарты
Тәжікстан РеспубликасыТәжікстандарты
ТүрікменстанТүркіменстандарты мемлекеттік қызметі
Өзбекстан РеспубликасыӨзмемлекеттік стандарты

Мемлекетаралық стандарт МЕМСТ 30702-2000 мынандай МЕМСТ-тар негізінде жасалынған.

Қой жүні оның құрамындағы талшықтарына қарай біртекті және әр текті деп үлкен екі топқа бөлінеді.

Бір текті жүн-талшығының ұзындығы және жіңішкелігі бойынша бір текті масса. Ол биязы және биязылау деп екіге бөлінеді, бұлардың айырмашылығы талшығының жіңішкелігінде (диаметрінде). Биязы жүн өте жіңішке (түбіт) талшықтардан тұрады. Жалпыға бірдей қабылданған Брадфор (Кеңестік) жүйесі бойынша 80,70,64 және 60 сапада болады. Әрбір сападағы жүн талшығы белгілі бір жіңішкелікпен сипатталады: 80-14,5-ден 18,0 мкм-ға дейін; 70-18,1-20,5; 64-20,6-23,0; 60-23,1-ден 25,0 мкм-ға дейін ауытқиды. Биязы жүн жабағысының құрылымы, әдеттегідей, штапельді болады. Анағұрлым кең тараған биязылығы қазіргі кезде 64,60, сондай-ақ 70 сапа болып табылады.

Биязы жүн меринос және меринос емес депте екіге бөлінеді. Меринос жүн-жоғары сападағы жіңішке жүн.

Мемлекеттік стандарттар

МЕМСТ-тің нөміріСтандарттың және техникалық шарттардың аты
МЕМСТ 5778-2000Сортталған жуылған жүн.Таңдау, таңбалау, тасу және сақтау
МЕМСТ 6070-78Жуылмаған жүн. Теңдеу, таңбалау, тасу және сақтау
МЕМСТ 6614-84Сортталған биязы және ұяң бір текті жуылған жүн, техникалық шарты
МЕМСТ 17514-93Жуылмаған жүннің жіңішкелігін анықтау тәсілдері
МЕМСТ 18080-95Жуылмаған жүннің ылғалдылығын анықтау тәсілдері
МЕМСТ 18082-93 (ИСО 3071-80)Сортталған жуылған жүн. Жүн талшығының қылшығын анықтау тәсілдері
МЕМСТ  20269-93Жүннің үзілу ұзындығын анықтау тәсілдері
МЕМСТ 20270-84Сортталған жуылған жүннің қайта қырқылған тері және өнімдік қоспаларын анықтау тәсілдері
МЕМСТ 20576-88Сортталған жуылмаған жүннің қабылдау әдісі және үлгі алу әдістерін анықтау тәсілдері
МЕМСТ 21008-93Жуылған жүннің майлылығын анықтау тәсілдері сортталған жуылмаған жүннің ұзындығын анықтау тәсілдері
МЕМСТ 21244-75Сортталған жуылмаған жүннің ұзындығын анықтау тәсілдері
МЕМСТ 25590-83Жүннің кондициялық таза салмағы мен жүннен бөлінбейтін қоспалар
МЕМСТ 26225-93Жуылмаған жүннің сарғайғыштығын анықтау тәсілдері
МЕМСТ 26383-84Сортталған жуылған биязы жүн техникалық шарты
МЕМСТ  26588-85Сортталған жуылған ұяң және қылшық әртекті жүні, техникалық шарт
МЕМСТ 28491-90Жабағыдан бөлінетін жуылмаған қой жүні техникалық шарт
МЕМСТ 29239-91Жуылған жүннің кондициялық таза салмағы жүннен бөлінбейтін қоспалар

Ол өте жұмсақ та серпімді, бағалы, аппақ түсті, жартылай люстра реңді, иректілігінің біркелкілігі анық байқалатын, штапельдегі және бүкіл жабағыдағы талшығының жіңішкелігі мен ұзындығы жақсы теңескен, ақ түсті шайыры жеткілікті жүн болып сипатталады.

Меринос жүннің жабағысы әдетте тығыз, қоқысы аз, штапель ұшының әрі онша кетпеген, жабаға арасына шөп-шалам ену аймағы шамалы. Қазақстанда меринос жүні оңтүстік қазақ, солтүстік қазақ және қазақтың арқармериносы секілді қой тұқымдарынан қырқылады.

Таңдаулы, анағұрлым типтік меринос жүні австралия мериносының жүні болып табылады. Бағалылығы, физика-механикалық және технологиялық қасиеті бойынша оған тең келетін жүн әлемде жоқ. Өйткені, ол меринос жүнінің теңдесі жоқ үлгісі. Осыларды ескере келіп, Қазақстанда 1971 жылдан бастап, жергілікті биязы жүнді саулықтарды австралия қошқарларымен будандастыру жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде.

Алынған будан ұрпақтардың негізгі бөлігіне австралия мериносы жүнінің сапасы дарыған. Олардың жүні қалғандарының жүніне қарағанда бағалы, жұмсақ, серпімді, иректілігі айқын, жақсы теңескен.Таза талшық шығымы 55-60 %, әр қойдан қырқылған жуылған жүн 250-350 граммға артты.

Меринос емес жүн әдетте етті –жүнді типті биязы жүнді қойдан, ең алдымен прекос қойы мен оның тікелей қатысуымен шығарылған өзге де тұқымдардан, соның ішінде қазақтың биязы жүнді қойынан қырқылады. Алайда, соңғы кезде бұл шартты сипат қана алып отыр. Өйткені жүн сапасын жақсарту үшін жүйелі түрде селекциялаудың арқасында, әсіресе австралия мериносының будандастыру нәтижесінде бұл қойлардың едәуір бөлігінен меринос жүн қырқылатын болып жүр. Соған орай жіңішке жүнді бөлудің басты шегі қойдың тұқымы емес, керісінше жүннің сапасы мен бағалылығы деп білу керек. Сондықтан, меринос емес жүнге қазіргі кезде физика-механикалық және технологиялық қасиеттері, жалпы жағдайы бойынша меринос жүнге келе бермейтін бүкіл жіңішке жүн жатады.

Негізінде меринос емес жүннің бағалылығы шамалы, қатқылдау, әдетте құрғақ, шайыры аз, құммен көп былғанған, иректігі айқын емес, штапель мен жабағыдағы талшығының жіңішкелігі мен ұзындығы бойынша нашар теңескен. Штапельдің ұшы үшкір де құрғақ, жабағысы, әдеттегідей тығыз емес, қопсыңқы, түрлі-түсті талшық кездеседі. Мұндай жүн меринос болатындай етіп аяғына дейін селекцияланбаған биязы –қылшық жүнді қойларда кездеседі. Биязы, әсіресе меринос жүн шикізатының анағұрлым кең тараған бағалы түрі іс жүзінде жүннің алдыңғы орынды мәні бар әлемнің жүн өңдейтін кәсіпорындары дамыған барлық елінде биязы жүнді қой шаруашылығы мен биязы жүннің үлес салмағы зор.

Жалпы, жүн шикізатының экспорттық балансында да ол бүкіл әлемде бірінші орын алады. Мәселен, Австралияда бүкіл биязы жүн экспортқа шығарылады (П.А.Есаулов, 1967., А.И.Ерохин., С.А.Ерохин,1999).

Қырқылған жүн мөлшері, жүн шығымы қойдың жүн өнімділігінің негізгі көрсеткіштері. Етті-жүнді биязы жүнді қой шаруашылығында  бір қойдан бір жылда алынған жүн мөлшері мен оның сапалылығы малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтауда шешуші роль атқарады.

Біздің және шет елдің зерттеушілерінің деректері бойынша қырқылған жүн мөлшері қойлардың тұқымына, өнімділік бағытына, жынысына, күтіп-бағуына байланысты және бұл көрсеткіштің жүннің тығыздығы, ұзындығы мен жіңішкелігіне тікелей корреляциялық байланысы бар.

Бұл өнімділікті бағыттағы қой жүні біріңғай келеді және ол өтпелі, майлы талшықтардан тұрады, қойдың тұқымына байланысты жүн ұзындығы, жіңішкелігі қырқылған жүні жөнінен әртүрлі болады.

С.В.Буйловтың және т.б. алған көрсеткіштері бойынша етті-жүнді қойлардан және олардың будандарынан алынған жүн – саудада өндірісте де  жоғары сұраныста.

Қазақтың арқармеринос қойларының жүнін иіруге және тоқуға өндегенде оның физикалық қасиеттері: жуандағының, ұзындығының, беріктігінің, бұйралылығының, созылғыштығының, серпімділігінің үлкен маңызы бар.

Сол себепті біздердің зерттеулерімізде осы белгілерді білуге айтарлықтай көңіл бөлінді.

Тәжірибедегі ұрғашы тоқтылардан қырқып алынған жүн 1 жасында үстіндегі тұтас жабағы жүнді қырқым кезінде таразыға тартып анықтайды.

Қырқылған жүннің жеке есепке алынғанын 9 кестеде көрсетілген.

9 – кесте  Қырқылған жүн өнімділігі

ТоптарҚырқылған жүн, кгЖуылғанжүншығымыЖүнділіккоэффициенті
жуылмағанжуылған
Саулықтар103,4 ± 0,551,97 ± 0,0357,7 ± 0,4047,9
Еркек тоқталыр103,34 ± 0,061,94 ± 0,1158,1 ± 0,2750,0
Ұрғашы тоқтылар103,23 ± 0,041,82 ± 0,1156,3 ± 0,4846,6
Қошқарлар103,25 ± 0,561,98 ± 0,0458,0 ± 0,2745,0

Қырқылып алынған лас жүн саулықтарда және еркек тоқтыларда көп болды. Ұрғашы тоқтылардың барлық көрсеткіштері басқа мал топтарынан төмен. Әр түрлі мал топтарын салыстырғанда айтарлықтай белгілі бір өзгешеліктері байқалмады. Жалпы, қырқылып алынған жүн қойдың денесінің көлеміне байланысты болды.

Әр түрлі ғалымдар зерттеулері көрсеткендей қойлар неғұрлым ірі болса, онда солғұрлым тірілей салмақ бірлігіне келетін таза жүн мөлшері көп болады. Біздің тәжірибедегі саулықтар мен еркек тоқтылардың жүнділік коэффициенті жартылай биязы етті-жүнді өнімділігі бағытындағы қойларға сәйкес келді (47,6-50,0 г).

Соған қарағанда оларда әкесінің қаны шешесінің  қанына қарағанда  басымырақ. Оған гендердің сабақтасу қорытындылары дәлел бола алады.

3.3.2  Жүннің ұзындығы

Жүннің ұзындығы – генетикалық жағынан қамтамасыз етілетін белгінің бірі. Бір тұқымның өзінде жүннің ұзындығы және өсуі жеке өзгергіштіккеде байланысты болады.

Жүн талшығының ұзындығы миллимерлік сызғышпен, 1 миллиметрлік дәлдікке дейін өлшеу арқылы анықталады. Мұнда жүннің ұзындығына штапельдің иректілігін керіп тартқан күйі емес, оның жазылған күйі алынады. Жүннің ұзындығы –оның сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Жүннің көпшілік түрлерінің ұзындығы жүннің класын анықтаудың белгісі болып табылады. Жүнді бағалаудың мақсаты-дайындау стандартының талаптарына сәйкес оны тұтас жабағылары бойынша кластарға бөлу. Жүннің нақты сапасы оның толық құнын төлеу үшін шаруашылықтарда жүнді кластарға дұрыс бөлудің  маңызы үлкен. Кластарға дұрыс бөлінген жүнді фабрика да тез қабылдап алады.

Асыл тұқымды қой шаруашылықтарындаға қойлардың жүнінің талшығы айтарлықтай ұзын болып келеді. Егер қой өсірушілер биязы жүннің ұзындығын 65 миллиметрден асырып, ал биязылау жүннің ұзындығын 70 мм және одан да арттырса, онда өз шаруашылықтарына көп пайда келтіреді. Соңғы жылдары бірінші кластық ұзын талшықты жүннің (65 мм және одан да ұзын) үлесі 5-7 пайызға артқандығы, ал соның есебінен соңғы үшінші кластық жүннің (ұзындығы 40-45 мм) үлесінің азайғандығы байқалады. Мұндағы ерекше жағдай: қысқарған жүн талшығы (40 мм және одан да қысқа) едәуір аз мөлшерде дайындалған, ал бар болғаны 0,3 пайыз болды. Алайда жүн дайындаудан екінші кластық жүн үлесінің айтарлықтай (55%) болуын қанағаттанарлық деп санауға болмайды.

Қойларды азықтандыру жағдайларын жақсарту мен жүнді мұқият және біркелкі етіп қырқуды ұйымдастыру есебінен талшықтың ұзындығы 5-10 мм артуы мүмкін және жүннің негізгі массасы бірінші кластық болады.

Биязы жүнді сатып алу бағасы оның ұзындығына тікелей байланысты. Талшық неғұрлым ұзын болса, оның сатып алу бағасы соғұрлым жоғары болады. Қалыпты күйдегі алынатын таза жүн мөлшері жүннің кемшілігіне, ластығына және басқа да сапалық көрсеткіштеріне байланысты.

Жүннің созылуға төзімділігі – оның негізгі қасиеттерінің бірі, бұл көрсеткіш бойынша жүннің физикалық қасиеттері бағаланады. Олардың технологиялық қасиеттеріне байланыстылығын анықтай отырып қаншалықты өндіріске жарамдылығын және пайдалығын анықтауға болады.

Зерттеулер көрсеткендей, жүннің ұзындығы тек технологиялық белгіні ғана көрсетіп қоймайды, жүн өнімділігіне, аздап болса да, әсері бар екендігін көрсетеді.

В. К. Берус, А. В. Метлицкийлердің [72] хабарлауынша, екі бүйірдің жүні   1 см өссе, онда ұрғашы тоқтылардың тірілей салмағы екі жасқа дейін 1,43- 1,67 кг өседі, ал қырқылып алынған жүн 0,2 -0,59 кг өседі, беліндегі жүннің ұзындығы 0,83 -0, 87 см ұзарады.

Зерттеулерінде советтік меринос қой тұқымының жүн ұзындығы мен таза жүн түсімінің арасындағы корреляция коэффициенті 0,40-0,52 шамасында болды. Арқа, бүйір және санындағы жүннің 1 см өсуіне сәйкес жүн түсімі 1,1-3,9; 0,8-5,7 және 0,8-55 % арта түсті.

В. К. Берус [72] мәліметтеріне қарай, жүн ұзындығы бүйір жүнде ұзарғаны 14,0-15,5 см, солтүстік және солтүстіккавказ етті-жүнді қой тұқымдарында байқалды. Бұндай жүн ұзындығына қарай сенімділігі бойынша жүн өнімділігі арта түсті советтік етті-жүнді қойларының жүн ұзындығы мен 43,0 см 0,59 кг-ға (10,7%).

Жүннің ұзындығын зерттеу  қорытындыларынан тәжірибе топтағы малдардың жүн табиғи ұзындылықтан өзгерген жоқ.

10 – кесте  Әр жастағы қазақтың арқармеринос қойларының жүнінің

ұзындығы, см

ТоптарnБүйірАрқаСан
Қошқарлар109,6 ± 0,418,4 ± 0,408,7 ± 0,41
Саулықтар108,05 ± 0,407,65 ± 0,417,65 ± 0,41
Еркек тоқтылар109,25 ± 0,407,95 ± 0,399,55 ± 0,40
Ұрғашы тоқтылар109,2 ± 0,398,4 ± 0,389,2 ± 0,41

Жүннің ұзындығын зерттеу қорытындыларынан тәжірибе топтағы малдардың жүн табиғи ұзындылықтан өзгерген жоқ.

          Жүннің ұзындығына қарай жүн түсімі азая түсті. Советтік етті-жүнді қой тұқымдарының жүн ұзындығы бүйіріндегі 11,0 см, салыстырмалы ретінде осы қойлардың жүн ұзындығы 8,0 см-дегі 0,57 кг (11,7%) осындай өзгешелік жүн ұзындығы бойынша солтүстік кавказ етті-жүнді қойларда да 0,56 кг (9,4 %) байқалды.

Троицкий И.А.[76] хабарлауынша, жүн ұзындығы 1 жасқа дейін 1 см-ге ұзарған сайын жүн түсімі ромни-марш және линкольн қой тұқымдарында 170-590 г-дейін артқан.

Жүннің ұзындығы жүн сапасына ғана емес, жуылмаған және жуылған жүннің түсіміне де әсер етеді дейді, өз зерттеулерінде М.И. Сонников және басқалары [115].

Өндірістік өңдеуде жүн ұзындығының атқаратын рөлі күрделі: сол себептен қойдың селекциясында жүн ұзындығына өте көп көңіл бөлінеді. Ғалымдар жүннің ұзындығының өсуіне ықпал етуші факторларды да анықтаған, олар қойлардың жас-жыныс топтары, күтіп-бағу және азықтандыру  Медеубеков К.У.[78], ауа-райы жағдайы, қойлардың физиологиялық жағдайы.

Жабағы жүннің барлық топографиялық орындарында жүннің табиғи ұзындығы бойынша ең ұзыны жас малдарда байқалады. Табиғи жүннің ұзындығы бойынша еркек тоқтылардың бүйір жүні негізгі қошқарлармен салыстырғанда 2,45 см артық, ал ұрғашы тоқтылардың көрсеткіші саулықтардыкінен 4,0 см дейін артық болып отыр.

11 – кесте Жүннің табиғи ұзындығы, см

ЖасжыныстоптарыЖабағы жүннің топографиялық тарауы
БүйірАрқаСан
M ± m, смCv, %M ± m, смCv, %M ± m, смCv, %
Негізгі қошқарлар11,96±0,779,710,36±0,7210,510,55±0,3711,5
Саулықтар10,50±0,5210,79,45±0,4610,38,95±0,2813,8
Еркек тоқтылар14,41±0,8718,412,50±1,8821,314,10±0,7114,8
Ұрғашы тоқтылар14,50±0,7611,111,18±0,5310,013,95±0,3511,3

Жүннің сипатталатын тағы бір қасиеті – олардың нақты ұзындығы, оны жүн иректілігін түзеп өлшеу арқылы анықтайды. Жүннің нақты ұзындығының жүннің табиғи ұзындығынан едәуір артық екені абзал, бұл жүн талшықтарының иректілігінің айқындылығына дәлел.

Жабағы жүннің барлық топографиялық орындарында ең көп табиғи ұзындық мөлшері бүйір жүнде байқалады. Бұл көрсеткіштің  ең аз мөлшері арқа жүнде кездеседі. Ал санындағы жүннің табиғи ұзындығы бүйір мен арқа жүндерінің табиғи ұзындығының арасынан орын алады.

Жүннің ұзындығын зерттегенде, негізінен бөлік биіктігін анықтайды: шайыры жуылған бөлігінің ластанған шайырлы бөлігінің ластанбаған шайырсыз бөлігі. Бұлар жүннің физикалық қасиеттерінің ең негізгілері болып есептеледі.

Ең аз ластанған бөлік ірі малдармен қоса жас малдарда да бүйір жүнінде, ал ең көбі – арқа жүнінде.  Негізгі қошқарлармен салыстырғандағы басқа топ малдармен, олардың тұсындағы зоналардың бөлінуі.

12 – кесте Жүннің нақты ұзындығы, см

ЖасжыныстоптарыЖабағы жүннің топографиялық орыны
БүйірАрқаСан
M ± m, смCv, %M ± m, смCv, %M ± m, смCv, %
Қошқарлар17,43±0,4416,715,73±0,5317,915,25±0,5816,5
Саулықтар17,87±0,4218,116,96±0,3618,416,59±0,5118,9
Еркек тоқтылар20,93±0,4821,719,80±0,6324,120,49±0,6222,8
Ұрғашы тоқтылар22,66±0,5123,921,27±0,4625,221,85±0,4826,7

Барлық жабағы жүндерінің ерекшелігі ең аз ластанған тереңдігі және жуылған шайырдың зонасы, және де көп мөлшердегі ластанғаннан бос бөлік.

Шайыры жуылған бөлік жабағының барлық топографиялық бөліктерінде бар, және ол мал топтарына және оның денесіндегі топографиялық орнына қарай 16,5%-дан 63,2%-ға дейін ауытқиды. Басқа да қой тұқымдарында бұл көрсеткіш арқасында да  100%-ға дейін барған.

3.3.3  Жүннің тығыздығы

Қойдың жүн өнімділігіне әсер етуші тұқымдығын қамтамасыз ететін белгілерге жүннің тығыздығын жатқызуға болады.

Қойларды жүннің ұзындығына қарап іріктегенде үнемі оның тығыздығын бақылап отыру қажет, себебі штапельдің өсіп отыруынан, жүннің тығыздығы сирейді, жабағының тұтастығы бұзылады, яғни белгі кері әсер етуі мүмкін.

Мақсатты бағытталған іріктеу арқылы және ғылыми дәлелденген жұптастыру осы белгілерді біріктіруге мүмкіндік береді.

Біздің тәжірибелерімізде, жүннің тығыздығын қолмен ұстап және бонитировка кезінде бүйірінің жүнін ашып тері тігіндісінің еніне қарап анықтадық.

Біздің байқауымызша зерттеу топтарындағы қойлар ата-аналардың генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болатын болуы керек.

13 -кесте Жүн ұзындығының және ластанған бөліктері, %

Жасжыныстоптары

Жабағының топографиялық таралуы
бүйірарқасан
Жуыл-ған шәйір-дің бөлігіЛастан-ған бөліктің терең-дігіЛастан-ғанна бос бөлікЖуыл-ған шәйір-дің бөлігіЛастан-

ған

бөліктің терең-

дігі

Ластан-ғанна бос бөлікЖуыл-ған шәйір-дің бөлігіЛастан-

ған

бөлік терең-

дігі

Ластан-ғанна бос бөлік
Қошқарлар16,543,156,963,284,016,028,446,533,5
Саулықтар22,643,656,457,885,414,630,652,048,0
Еркек тоқтылар26,049,750,371,690,69,437,671,628,4
Ұрғашы тоқтылар32,753,646,460,984,315,737,656,743,3

3.3.4 Жүннің беріктігі

Жүннің үзуге беріктігі-  жүн талшығының технологиялық сапасын сипаттайтын және шаруашылыққа пайдалылығын анықтайтын маңызды физикалық қасиет.

Әртүрлі тұқымды қойлардың жүнінің беріктігіне арналған бірнеше жұмыстар бар. Жүн талшығының беріктігі көптеген факторларға байланысты: малдың тұқымына, азықтандыру жағдайына, сыртқы орта және т.б.

Жүннің беріктігі сияқты маңызды физика-механикалық қасиеттерінің бірін оқып-игерудің зоотехникалық және өндіріістік тәжірибеде зор маңызы бар. Қ.С.Сабденов және т.б.[101] жүннің беріктілігі кейбір жағдайда тұқымдық ерекшеліктердің көрсеткіші болып саналғанымен де, айтарлықтай дәрежеде малды азықтандыру мен бағып-күту жағдайларына да байланысты дейді. Жүн шикізатының сапасы жүннің беріктігіне байланысты. Мұның өзі одан дайындалған бұйымның сандық және сапалық көрсеткішіне тікелей әсер етеді. Жүннің беріктігі дегеніміз талшықтың оны үзуге бағытталған күшке қарсы тұра алуы және ол сол күш шамасымен өрнектеледі.

Үзуге жүннің беріктігі-жүннің маңызды физикалық қасиетін жүн талшығының технологиялық сапасын сипаттайтын және шаруашылық белгілерін анықтайтын белгі.

Әр түрлі тұқымды қойлардың жүнінің беріктігіне арналған көптеген жұмыстар бар. Жүн талшығының беріктігі көптеген факторларға байланыстылығын біраз ғалымдардың зерттеулерінде қамтылған.

Ғалымдардың зерттеулерінде жүннің тығыздығы оның талшығының диаметріне тікелей байланысты екенін көрсетеді. Тау корриделі тұқымы қойын бір буда жүнін зерттегенде саулықтардың штапелінің орта аумағының өте жоғары беріктігі анықталған. Жоғары аумағының беріктігінің төмендеуі сыртқы ортаның факторларынан оның структурасы бұзылады, ал төменгі аумағы-жалпы оның жіңішкеруінен төмендейді.

Жүннің беріктігін ДШ-3м динамометрмен анықталды. Ол үшін жүннің әр топографиялық бөліктерінен 10 грамм болатындай үлгі алынды, сонан соң сабынды-содалы ыстық суда (45-50с) жуылып, құрғатқыш шкафта 1 сағаттай құрғатылды. Сонан соң үлгіден саны 25 негізгі және 25 бақылау жүн үлгілері дайындалды. Ұзындықтары 25 мм деп әр үлгіні темір тарақпен тарап, оларды планшеттерге бөлек-бөлек орналастырып, қалыпты жағдайда 4 сағаттай ұсталды. Алынған үлгілерді үстіңгі және төменгі қысқашқа қыстырып динометр іске қосылды. Сонда салмақ күшімен төменгі қысқыш төмен қарай жылжи бастайды, сонымен қоса салмақ көрсететін шкалада жылжиды. Жүн үлгісі үзілген кезде бұл жолда тоқтап, жүнді үзген салмақты көрсетіп тұрады, осылайша 50 үлгілердің беріктігін анықтады.

L= к У п/р мұндағы к-талшықтың үзетін салмақ мөлшері

У-талшық ұзындығы, мн

П- тексерілген үлгі саны

Р-барлық үзілген үлгілердің саны.

Жүннің беріктілігі бойынша алынған нәтижелер

Қошқар жүнінің топографиялық бөліктері бүйір, сан және арқада 13,3-13,7 СН/ текс аралығында ауытқиды. Ал саулықтың бүйір жүнінде беріктік көбірек (9,8-11,7 СН/текс) болып, ал арқа жүнінде (9,3-10,9 СН/ текс) аз нәтижелер алынды. Ұрғашы тоқтыларда бұл көрсеткіш алдыңғы қойларға қарағанда төмендеу болғандығы анықталып отыр. Ал жүннің топографиялық бөліктеріне байланыстырсақ, бүйір жүндерінде (қошқар, саулық, ұрғашы тоқтылар) беріктік жоғары нәтижелер, ал арқа жүндері аз көрсеткіштер, салыстырмалы ретінде жүргізілген ғылыми зертхналығымыздан байқағанымыз «Сарысу» сүлесінің қойларының жүндерінің беріктігі нық екені байқалды.

Жүннің тығыздығы оның талшығының диаметріне тікелей байланысты  екенін көрсетеді. Таулы корридель тұқымды қойдың бір буда жүнін зерттегенде саулықтардың штапелінің  орта аумағының беріктігі анықталған.

Жоғары аумағының беріктігінің төмендеуі сыртқы ортаның факторларынан оның структурасы бұзылады, ал төменгі аумағы-жалпы оның жіңішкеруінен төмендейді.

Біздің зерттеулерімізше қазақтың архармеринос қой тұқымының әр жастағы қойларының жүнінің беріктігі анықталды.

Тоқыма өндірісінің талабына сәйкес биязы жүн, қалыпты деп есептелінеді

3.3.5  Жүннің жіңішкелігі

Жүн талшықтарының жіңішкелігі де генетикалық белгі, ал оның беріктілігі жүнді класировкалауда шешуші роль атқарады. Жүнді технологиялық пайдалануда оның жіңішкелігі иірілген жүннің мөлшерімен сапасын алдын ала белгілейді, себебі жіңішке жүннен жіңішке иірілген жүн алады. Жүннің жіңішкелігі оның серпімділігімен де байланысты, ал жұмсақтығы жіңішке жүннен дайындалған штапельдің өзіне тән сипаттайтын маңызды белгісі. Талшықтың иірілу қабілеті де оның диаметрімен тікелей байланысты. Сонымен қатар, жіңішке жүн бояуды бойына жақсы сіңіріп, еш өзгеріссіз түсін жақсы көрсетеді. Меринос жүннен дайындалған материалдар –  жеңіл және жылы, өте майда ауа қапшықтарына бай.

Жүннің жіңішкелігі штапельдің өн бойында әр түрлі болуы мүмкін, ол жылдың әр мезгіліндегі малдың физиологиялық жағдайына, малды күту мен  азықтандыру жағдайларына байланысты.

Сонымен қатар, талшықтардың орташа диаметрі жүннің  сапалық нөмірін көрсетеді С.Х. Долингінің [26] зерттеуі бойынша жүн талшықтарының 63 %-на дейін жіңішке меринос болса, оны шикізатының негізгі классификациясына жатқызады. Жүн өнімділігін жүйелі түрде, объективті әдістермен бағалау арқылы аздап болса да, қойлардың асыл тұқымдық қасиеттерін және тиімділігін дәлірек анықтауға болады.

Жүн талшығының жіңішкелігін дәл анықтау үшін микроскоп пайдаланады.

Біздер ланометрде талшықты 500 есе үлкейту арқылы жабағы жүннің  негізгі топографиялық бөліктерінде (бүйірінде, қабырғасында және санында) талшықтардың жіңішкелігін анықтадық.

Қазақтың арқармериносының әр жастағы қойларының жүн жіңішкелігі мен жатықтығы анықталды.

Жүннің жіңішкелігі штапельдің өн бойында өзгеруіне байланысты, жылдың әр мезгілінде малдың физиологиялық жағдайын, малды күту мен азықтандыруынан бағалауға болады. А.И.Гольцблат., Шацкий А.Д [39] зерттеулері бойынша жүннің жіңішкелігі 3-5 жасқа жоғарылайды, ал сонан соң төмендейтіні анықтаған. Жүннің жіңішкелігі жөнінен қошқарлар генетикалық жағынан саулықтардан айырмашылығы жоқ, ал бірақ іріктеуге, физиологиялық жүктемені азайтуға және жақсы күтім мен азықтандыруға байланысты олардың жүні саулықтар жүніне қарағанда 2-4 мкм жуандау болады. Қойлардың жүнінің жіңішкелігіне байланысты тұқым ішінде іріктеуде (биязы және жартылай биязы жүнді) ең жүн өнімділігі жоғары салыстырмалы жүн талшықтарының көлденең қимасының көп екендігі анықтаған.

А.Д.Шацкийлердің [126] пікірінше жүннің жіңішкелігі мен ұзындығы полигенді зерттеу түріне жататын сандық белгілер. Жүргізілген тәжірибе бойынша биязы жүнді саулықтарды биязы және жартылай биязы жүнді етті-жүнді бағыттағы қойлардың жіңішкелігі 43,4%. Жалпыға белгілі, егерде биязы және биязы қылшықты жүнді саулықтарда етті-жүнді қошқарлармен шағылыстырғанда жүннің жіңішкелігі тұқым қуалайды. Яғни биязы және жартылай биязы жүнді тұқым пайда болады. Бұл кейбір тұтас қырқылып алынған жүннің құрылымының шағылыстырылған тұқымдар өзгеруіне байланысты. Әр түрлі вариантты шағылыстырудан жүннің жіңішкелігін зерттеулер көрсеткендей, бірінші ұрпақтағы будандардың генетикалық факторлары жоғары деңгейде екендігін көрсетті және әкесінің тұқымына, тұқым қуалаушылығына және де анасының тұқым жүнінің жіңішкелігіне және бірыңғайлығына байланысты.

Әр түрлі факторлердың, жүннің жіңішкелігіне әсерін сипаттау үшін шпательдің төменгі, ортаңғы және жоғары аймағында жүн талшықтарының жіңішкелігін өлшедік.

Ғалымдардың көпжылдық зерттеулерін сараптай келе қортындылағандары жүн жіңішкелігі мен жүн түсімінің тікелей байланыстылығын айтады. Ғалымдардың тұжырымдары бойынша жүннің жіңішкелігі жүн түсімімен байланыстылығын айқындай келе олар жүн қоюлығы мен жүн ұзындығына әсер тигізетінін айтады. Бірақта австралиялық ғалымдардың Turner H., Young Y.S. [109] зерттеулерінде өсуін таңдау барысында және жүн жіңішкелігі азаюы таза жүн түсімінің артуы ешқандай әсер етпегенін байқатады.

Ең  маңызды технологиялық (штапель мен жабағы жүнде) белгілер -талшықтарының жатықтығы, жіңішкелігі және ұзындығы – жоғары деңгейде, бүткіл талшық бойынша бұйралық біркелкі иректігі, беріктігі жоғары. Жоғары сапалы шайыры бар жүн – бұл меринос жүніне тән қасиет. Сонымен қатар,  оңтүстік қазақ және солтүстік қазақ мериносы, қазақтың архармериносы және қазақтың биязы жүнді тұқымды қойларының жабағы жүнінің 60-80% меринос жүнді болып келетінін айтқан.

14 – кесте Қазақтың арқармериносы қойларының жүнінің жіңішкелігі, мкм

Мал топтарыnАрқаБүйірСан
Қошқарлар1023,31 ± 0,4123,76 ± 0,3724,62 ± 0,37
Саулықтар1022,8 ± 0,4223,2 ± 0,4124,6 ± 0,41
Еркек тоқтылар1021,2 ± 0,4123,7 ± 0,6022,1 ± 0,41
Ұрғашы тоқтылар1021,25 ± 0,2020,77 ± 0,1221,97 ± 0,20

Барлық жастағы қойлардың жүнінің жатықтығы көрсеткіші меринос жүніне  қойылатын талаптарға сай келеді, себебі орташа жіңішкелігінің квадраттық ауытқулары (± б) оларда 6,4 мкм төмен. 60 сапалы жүнді саулықтарда орташа квадраттық ауытқулары қалыптан аузап жоғары (5,43 және 5,53 мкм), ал тұсақтар мен ұрғашы тоқтыларда орташа квадраттың ауытқулары нормаға сәйкес келеді.

Біздің зерттеулеріміз  бойынша, штапельде жүн талшығының жіңішкелігінің біркелкілігі жүн сапасының жабағыда жатықтығын көрсететін маңызды сапасын сипаттайды.

Жабағы жүннің жатықтығының деңгейін анықтау үшін бүйір, арқа, санның жүн талшықтарының жіңішкелігі анықталды. Жүннің жатықтығының сапасы жақсы деп бағаланды.

М.В. Тереньтев., Ш.А. Ахмедова және т.б. [106] мәліметтері бойынша, қойлардың жүн өнімділігі жоғары: қырқылған жүні 5,54-5,51 кг, жуылған – 2,83-3,20 кг және жүннің шығымдылығы – 50-56,6 %. Сорттағанда – 60,9-70 %,  64-60 сапаға, және небәрі 26,6-29,4 % -ы 58- сапаға жатқызылған. Орташа жіңішкелігі 21,29 дан 24,07 мкм, орташа квадраттық ауытқуларымен варияция коэффициенттер шамамен 4,42-5,44 мкм және 19,3-23,24 % болған. Оларда жүн жатықтығы, жіңішкелігі мен ұзындығы көбіне мериносқа тән бұйралығы сақталған, шайыры ашық түсті, құрғақ және өлі жүн талшықтары жоқ.

Қазақтың арқармериносы қойларының селекциялық топтары жүнінің жіңішкелігі мен жатықтығын зерттеу барысында төмендегідей қорытынды жасауға болады: олар көп жағдайда меринос жүнге қойылатын талаптарға сай келеді.

Қойлардың жүнінің жіңішкелігіне байланысты тұқым ішінде іріктеуде (биязы және жартылай биязы жүнді) ең жүн өнімділігі жоғары салыстырмалы жүн талшықтарының көлденең қимасының көп екендігі анықтаған.

А.И. Гольцблат., А.Д. Шацкийлердің [39] пікірінше жүннің жіңішкелігі мен ұзындығы полигенді қалыптасатын сандық белгілер. Жүргізілген тәжірибе бойынша биязы жүнді саулықтарды биязы және жартылай биязы жүнді етті-жүнді бағыттағы қойлардың жіңішкелігі 43,4 %.

Жалпыға белгілі, егерде биязы және биязылау жүнді саулықтарда етті-жүнді қошқарлармен шағылыстырғанда жүннің жіңішкелігі тұқым қуалайды, яғни биязы және жартылай биязы жүнді ұрпақ пайда болады. Әртүрлі нұсқаумен шағылыстыруда да жүннің  жіңішкелігі артық тұқым қуалайды, яғни биязы және жартылай биязы жүнді ұрпақ пайда болады.

М.В. Терентьеваның [106] және басқалар, жүргізген тәжірибелері бойынша таза тұқымды линькольн және ромни-марш қошқарларын қазақтың биязы жүнді саулықтарымен шағылыстырылғанан  I ұрпақтағы алынған ұрғашы тоқтыларда жүннің нәзіктігі  аралық түрде болды. Осыдай жүннің нәзіктігі жөнінен аралық болғанын А.Б. Байжұмановтың., К.У. Медеубекованың., Б.Б.Траисова., В.В. Терентьева., А.Н. Баяхова және т.б. көрсеткіштері дәлелдейді. Жүннің варияция (ауытқу) коэффициенті («С») орташа штапель бойынша бірқалыптылығын көрсетеді. Ең ішіндегі талшықтардың бірқалыптылығы ұрғашы тоқтыларда (16,9 ± 0,31), ал нашары ұрғашы тоқтыларда 19,4-21,5%.

Сонымен, біздің зерттеулеріміз бойынша әр жастағы қазақтың арқармеринос қойларының жүн жіңішкелігі біріңғай жақсы болады.

3.3.6 Жүннің ластануы

Жүн – қойдың  сыртқы жабындысы болғандықтан, жыл мезгілінде  өсу барысында ол үнемі сыртқы ортаның әртүрлі факторларының әсерінде болады. Әсіресе, бұлар жабағының немесе штапель ұшының сыртқы жағына күшті әсер етеді. Олар, өзіне әртүрлі механикалық қоспаларды қабылдап, олармен ыластанады және ыластану аймағын құрайды, ал атмосфералық ылғалдардың арқасында штапель ұшының шайыры аздап болса да жуылады. Сол себепті жабағының бағалылығын сараптауда ыластану аймағын және барлық топтағы қойлардың бүйір және бел жүндерін анықтау. Жабағының осы топографиялық аймақтарында механикалық қоспаларды қабылдауы әртүрлі екендіні де ескердік.

Бұл аймақтардағы жабағыда орналасуына және ондағы шайырға байланыстылығында есепке алдық.

Бұл жерде белгілі бір рольді жүннің бұйралығы (иректігі) алады. Соған байланысты жабағының бағалылығын сараптауда барлық топтағы қазақтың арқармериносы тұқымды қойлары жүннің ыластану аймағын және бүйір мен бел жүндерінің жуылу аймағы анықталды.

Жүннің жуылуы мен жабағының негізгі бөлігіндегі штапельдің ыластану деңгейі майдың мөлшері және тері мен майдың қатынасына байланысты шайырдың сапалық ерекшеліктерін сипаттайды.

Ересек саулықтарда май көп тер аз. Оларда ыластану аймағы бүйірінде 3,8 см, ал санында 4,3 см болды. Штапельдің ұзындығына ыластану аймағының қатынасы 40%, жуылу аймағыныкі -18,9%.

15 – кесте Жүннің ластануы және жуылу аймағы

ТоптарЫластану аймағы, смЖуылу аймағы, см
БүйірАрқаБүйірАрқа
Қошқарлар104,24,11,92,0
Саулықтар103,84,31,81,9
Еркек тоқтылар103,54,01,51,8
Ұрғашы тоқтылар103,64,21,62,8

Еркек тоқты мен ұрғашы тоқтыларда майдың терге қатынасы. Сол себепті ыластану мен жуылу аймақтары көп: 1,5; 1,6 дәне 1,8; 2,8 см болды  немесе штапель ұзындығына ыластану аймағының қатынасы 44,9 % және 46,2 % ал жуылу аймағыныкі- 16,9 және 20,5 % болды. Бұдан механикалық қоспалардың штапель бойына тереңдегенін көреміз, ал қошқарларда ыластану мен жуылу аймағы бүйірінде 4,2-1,9 және санында 4,1-2,0 см, бірақ бұл жақсы  көрсеткіш емес.

Біздің зерттеулеріміз бойынша атап айту керек, саулықтардың жабағысының тығыздығы жетерліктей болып сипатталды, сол себепте оларда әртүрлі минеральді қоспалардың енуі еркек тоқты мен ұрғашы тоқтылардан төмен. Жабағы тығыз емес, онда май аз, сол  себепті ыластануы мен жуылуы жоғары. Осы теріс факторлардың арқасында жүн жылтырамайды, жұмсақ емес, майлылығы орташа.

3.3.7  Жүннің бұйралығы (иректігі)

Жүннің бұйралығы оған қосымша беріктік, серпімділік және созылғыштық беретін оның басты физикалық-механикалық қасиеттерінің бірі болып табылады. Ол, сонымен қатар, жабағыға тікелей механикалық қоспалардың енуіне кедергі жасап оның бағалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік тудырады. Бұйралық жүнге әсем тауарлы түр береді және меринос жүнінің өзіне  тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Меринос жүнінің бұйралығы қалыпты, штапельдің өне бойында біркелкі, жартылай дөңгелек формалы болады. Бұйралық (формасын) пішінің жабағы аймақтарындағы жүннің ұзындығын ескеріп, 1 см талшық ұзындығындағы бұйралықты санадық.

Қазақтың арқармериносы тұқымды саулықтарының әртүрлі жастағы топтарында зерттегенде көпшілігі (70-80%) біркелкі бұйралықты, ал бірақ пішіні созылыңқы және жалпақ болды. Кейбір қойларда (8-9%), бұйралық анық емес, түктің түбінде мүлдем болмады. Барлық топтағы малдар штапельдің 1 см ұзындығында бұйралық 4,5-6 ирекке жетеді.

Қазақтың арқармериносы қойларының отары бойынша алсақ Ұзынбұлақ өндірістік кооперативіндіге малда бұл белгілер әртүрлі сипат алады.

Егерде бұйралық күшін жүннің жіңішкелігімен салыстырсақ қарама-қайшылықты байқаймыз, яғни жүн талшығының диаметрі жіңішкерген сайын бұйралық күші арта түседі. Еркек тоқтылар мен ұрғашы тоқтыларда бүйір жүнінің 64 сапалысында бұйралық 5,6-7, және 60 сапалығында- 5- 4.

16 – кесте Бұйралық күші, %

ТоптарnБүйірАрқаСан
Қошқарлар108,08,79,5
Саулықтар108,58,69,1
Еркек тоқтылар108,07,98,6
Ұрғашы тоқтылар107,07,77,9

16 – кестеде көрсетілгендей, әр топтағы қойлар жүнінің бұйралық күші әртүрлі. Егерде салыстыру үшін жабағының негізгі бөлігі бүйірде, онда саулықтарда бұйралылық күші 8,5 %, еркек тоқты мен ұрғашы тоқтыларда- 8,0 және 8,6 % болғаны анықталды.

Аталған топтардағы жүннің бұйралық күші, кейбір кемшіліктермен қазақтың арқармериносы тұқымдарына тән екендігі анықталды.

Қазақтың арқармериносы қойлары салыстырмалы жақсы жүн өнімділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, оларда бірнеше кемістіктер бар. Негізгісі – жуылған жүн шығымы аз, жатықтығы бүйірінде төмен, шайыры ашық сары түстес, бүйірі мен арқасында жуылу аймағы үлкен және бұйралығы жалпақ болады.

Жүн шайыры оны ластайтын қоспалар мен судан, соның әсерінен оның бүлініп, техникалық қасиетінің төмендеуіне соқтырудан сақтайтын өте қажетті зат болып табылады.

Қой шаруашылығында неғұрлым кеңінен қолданып жүрген жабағыдағы ластанған жүннің шайыр мөлшерін түсіне және шайырының консистенциясына қарап айыру әдісін меңгерген жөн. Жүннің қалыңдығы қалыпты жағдайда бүйір жүнінің минералды қоспалармен ластануы штапель тереңдігінің 1/5-1 бөлігінен аспаса, жүннің шайырлығы қалыпты деп саналады. Егер штапелдегі жүн 1/3 тереңдіктен аса ластанған жүн болса, шайырдың жеткіліксіз болғандығы. Қойды бонитировкалағанда күмәнді жағдайларда шайыр мөлшерін жүнді бұрап сығу жолымен анықтайды. Егер жүн шайыры бұралған штапельдің бетіне шығып, жекелеген талшықтарды тегіс әрі жұқалап жауып тұратын болса, жүн шайырының құрамындағы май қалыпты деп есептеледі. Егер шайыр көп болса, тамшы түрінде шығады, ал жеткіліксіз болса, талшықтар ашық көрініп тұрады.

Жүн талшықтарының физикалық және технологиялық қасиеттерін сақтауда негізгі роль шайырға беріледі. Шайыр май мен тері бездерінің күрделі өнімі.

Шайыр көлемі мен қасиеті қойдың тұқымдық және жеке ерекшеліктеріне, азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларына тағы басқа көптеген факторларға тікелей байланысты болады. П.Н.Кулешов [56] жүн қасиеттері мен сапасын, сыртқы орта әсерінен шайыр сақтап, жүн жылтырлығы мен жұмсақтығын қамтамасыз ететінін анықтаған.

Шайырдың құралуы үшін қойлар көп мөлшерде қоректік заттар жұмсайды. М.Ф.Иванов [55] жазғандай «қой шайырды көп бөлген сайын азық көп жұмсалады, шайыр құралуы үшін белок қажет». Сондықтан шайырдың шамадан тыс көп болуына жол бермеу керек.

А.И.Николаев [57] шайыр мөлшері өте көп малдар ет және жүн өндіру бағытында көп пайдаланылмайды деп көрсетеді. Сондай-ақ биязы жүнді қойды жайылымдық жағдайда бағу кезінде шайырдың шамадан тыс мөлшерден көп болуы қажетсіз болып саналады. Г.Л.Игнатовa [152]  тәжірибелерінде жіңішке жүн үшін ақ немесе ашық кремді шайыр қажет екені көрсетілді. Сарғыш түсті шайыр құрамында жоғарыда аталған түстерге қарағанда минерал заттар көп болады.

В.В.Калинин., Мутаев М.М., А.А.Мглинец [164] грозный тұқымды қойларының және олардың будандарының шайыр ерекшеліктерін зерттеу кезінде грозный қойларының шайыры басқа мал топтарымен салыстырғанда жуылуға, кебуге, тотығуға жақсы қарсы тұра алатыны көрсетілді.

Қошқарларының жуылмаған жүнінде шайыр мөлшері 14,64% , ал жуылған таза жүнінде 21,14% болды. В.К.Берус [118]  шайыр түсі ақ малдардың крем түсті шайырлы қойларға қарағанда таза жүнді 310 граммға немесе 12,8% артық болатынын және элита класты малдар саны 15,6% көп шығатынын анықтаған.

3.3.8  Жүн құрамындағы май және қоспалар

Жүн майы (балауыз) –жүннің технологиялық қасиеттерін сақтауда тиісті маңызы бар зат, себебі май жүн талшығын майлап, сыртқы орта факторларының әсерінен сақтайды.

Жүн майы жеңіл ерігіш және жүн тығыз болмаса жабағыға бөтен қоспалар тез өтеді. Сонымен қатар, жүннің майы артық болуы да биязы жүнді қойларда жақсы емес, себебі оған қосымша қоректік заттар қажет етеді.

Қазақтың арқармериносы тұқымының жүнінің сапасын зерттеп, оның шайырының көп екенін анықтаған: май құрамының жуылған майсызданбаған жүн массасына қатынасы қошқарларда 15,5 %, ал саулықтарда 12,5 %, ұрғашы тоқтыларда 11,8% болған. Көптеген тұтас жабағыда шайыр түсі ашық сары түсті, мықтылығы қанағаттандырарлық болған. Жабағыдағы шайыры жуылған бөлігі қошқарлардың  бүйіріндегі штапельдің ? биіктігіндей, арқасында 1/3 биіктігіндей; ал саулықтар мен ұрғашы тоқтылардың  бүйірінде –1/3, ал арқасында ? биіктігіндей болған.

Біздің зерттеулерімізде жүн құрамындағы май қанағаттандырарлық.

17 – кестеде көрсетілгендей жүн құрамындағы май мөлшерінен мал топтары бойынша салыстырғанда айтарлықтай өзгешеліктер байқалмайды. Ал бірақ салыстырмалы түрде майы көп жүн  ұрғашы тоқтыларда болды  (0,18-0,61 % көп).

17 – кесте  Әр жастағы қойлардың жүнінің құрамындағы майы

МалтоптарыЖүн құрамындағы майдың жүн массасына қатынасы, %
Лас жүндеТаза, майсызданбаған жүнде
Қошқарлар1010,90 ± 0,617,15 ± 0,41
Сауылқтар1010,30 ± 0,766,73 ± 0,32
Еркек тоқтылар1010,73 ± 0,567,01 ± 0,37
Ұрғашы тоқтылар1010,91 ± 0,637,17 ± 0,41

Қазақтың арқармериносы қойларының жүнін органолептикалық зерттегенде, жүннің негізгі бөлігінің шайыры ашық сары түсті болып келеді. Бұл ұзақ мерзім арасында шайырдың химиялық құрамының аздап өзгеретінің көрсетеді. Бұл өзгерістер орта факторларының әсерінен болады: ылғал, температура, оттегі, күн радиациясы, микрофлоралар және т.б.

Жүн майының физикалық – химиялық қасиеттерінің өзгеруі табиғаттық – климаттық және азықтық факторлардың  әсерінен болатынын көптеген авторлар өз еңбектерінде атаған: М.М. Бетембаева, 1954 [15]., К.Д. Абубакирова, Ж.К. Урбисинова, 1955 [4].

3.4  Қойлардың дене бітімдерінің ерекшеліктері

Ауылшаруашылығы малдарының  биологиялық ерекшеліктерін және шаруашылық құндылығын фенотипі бойынша анықтаудың маңызы зор.

Тірілей салмағының өзгеруі, барлық кезде организмнің дамуын сипаттай алмайды. Сол себепті тірілей салмағын зерттеумен қатар  малдардың экстерьерлік көрсеткіштері зерттеледі.

Зоотехника саласында белгілі орыс ғалымдары М.Н. Придорогин., М.Ю. Иванов, Н.Б. Чирвинский [159]  және оларлдың шәкірттері ауылшаруашылығы жануарларының сапасын бағалауда экстерьерге үлкен маңыз берген. Себебі ол мал өнімділігінің және ортаның белгілі жағдайына бейімделуінің негізгі көрсеткіші  болып табылады. М.Н. Придорогин [159]  экстерьер туралы былай деп жазған: «ауылшаруашылық малының сыртқы түрі туралы ілім немесе экстерьер аксиома сияқты негізделген, малдың сыртқы құрылысы  оның өнімділігінің қандай екендігін көрсетеді.

Академик А.И. Николаев [79] атағандай, «экстерьер қойлардың еттік қасиетін бағалауға мүмкіндік береді». Жақсы дамыған денеден, еттің мол орналасқан дене мүшелерінен, немесе бөлімдерінен, мысалы, белден, саннан жақсы ет алуға болады. Көптеген зерттеушілер жаңа туған қозылар саулықтардан экстерьер жағынан өзгеше екендігін анықтаған: олардың аяқтары ұзын, денесі қысыңқы, кеудесі қысыңқы, терең емес. Жасы келе малдың экстерьері, қаңқа сүйектің өскенін көрсетіп өзгереді.

Малдың  әртүрлі жастағы кезеңдерінде өсуін тек оның тірілей салмағына байланысты ғана емес, сонымен қатар, анатомиялық бөлімдерін  және бой өлшем өзгеруіне байланысты анықтау қажет.

Зерттелген ұрғашы қозылардың туған кездегі өлшеміне қарап олардың экстерьеріндк айтарлықтай ерекшеліктер жоқ екені анықталды (19-кесте). Ал етті түрдегі ұрғашы қозыларда иықтың биіктігінен 3,3 және 4,5 %, кеуденің тереңдігінен 7,5 және 9,9 %, енінен -6,5 және 9,3 %, кеуденің құлашынан -3,5 және 6,7 % қалыпты және жүнді түрдегі  құрдастарынан орташа шамасы ең төменгі жүнді түрдегілер. Қалыпты және етті түрдегі қозылардың туғаннан кейінгі өлшемдері расталды.

(Р < 0,95 және 0,999) , ал етті және жүнді түрдегі ұрғашы қозыларда расталды. (Р< 0,35 және 0,999) .

Ауыл шаруашылық малдары селекциясының теориялық негізі, популяциялық генетикадан жиналған білімді дұрыс пайдалану арқылы қалыптасады. Сонымен қатар, генетикалық теория негіздері: селекцияның сұрыптау мен жұп таңдау әдістерін жетілдіру өте тығыз байланыста болады.

Жаңа қой тұқымын шығару және оның жоғары өнімділіктерін шыңдастыру мен, мал организмінде жүретін барлық процесстерді бақылай отырып, генетикалық жүйелерді қайта құрудың арасында тығыз байланыс бар. Селекционер малды асылдандыру үшін өте маңызды болып саналатын шаруашылыққа пайдалы белгілерін ажырата білуі керек және де оның тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін, сыртқы орта әсерінің ықпалына байланысты өзгергіштік деңгейін білгені жөн.

Көпке мәлім болғандай, ауыл шаруашылығы малдарының негізгі шаруашылыққа пайдалы селекциялық елгілері (тірі салмағы, жүн түсімі, ет-май өнімділігі әне т.б.), сандық категорияға жатады. Көптеген белгілі мамандардың айтуына қарағанда сандық белгілердің тұқым қуалаушылық деңгейі көп мөлшердегі аддитивті гендердің ықпалының әсеріне байланысты болады. Сандық белгілер «кең мөлшерде реакияны» қамтиды, соның ішінде малдың өмір сүру жағдайына байланысты белгілер жетіліп отырса, осының арқасында популяцияда белгілердің  үздіксіз өзгергіштігі құрылады. Осыған байланысты бір белгіге жауап беретін жеке геннің әсерін бөліп алу мүмкінділігі жоқ, бұл дегеніміз малдың шаруашылыққа пайдалы белгілерін генетикалық талдаудың мүмкінділігін сөзсіз қиындатады. Сол себептенде, мал шаруашылығындағы сандық белгілерді талдау кезінде, популяциялық генетика әдістерін қолданады.

18 – кесте Әр жастағы қазақтың арқармериносы қойларының дене өлшемдері,см

Топтар

n

Шоқтығының биіктігі

Кеуде орамы

Кеуде тереңдігі

Кеуде кеңдігі

Жіліншік орамыТұлғаның қиғаш ұзындығы 

Сербегі ені

Саулықтар1070,6± 0,4080,4± 0,4145,1± 0,4122,5± 0,408,5± 0,2065,5± 0,3015,4± 0,40
Қошқарлар1080,5± 0,4185,5± 0,4155,1± 0,4130,5± 0,409,0± 0,2170,5± 0,3215,4± 0,40
Еркек тоқтылар1057,6± 0,4570,4± 0,4626,3± 0,4817,6± 0,417,5± 0,2458,5± 0,3614,4± 0,44
Ұрғашы тоқтылар1054,6± 0,4167,5± 0,4525,1± 0,4015,6± 0,326,5± 0,2056,4± 0,3214,2± 0,40

Тәжірибемізде жасына қарай тәжірибелік қойдың тірі салмағын анықтау мақсатында өлшемдер алынды.

Қойлардың биологиялық ерекшеліктерінің бірі-туған кезде дене бітімінің ірі болуы. Бұл көрсеткіш олардың тірідей салмағына байланысты. Қойдың тірідей салмағы өсу қарқынына, конституциясына және өнімділігіне байланысты болады.

Тәжірибеде алынған қойдың тірі салмағы мен негізгі дене өлшемдері алынды.

Соның ішінде қошқарлардың шоқтығының биіктігі 80,5±0,41 см аралығында, ал саулықтарда 70,6±0,40 см.

Еркек тоқтылардың кеуде орамы 70,40±0,46 см құраса, ал ұрғашы тоқтыларыныкі 67,5±0,45 см болды. Тоқтылардың жіліншік орамы жас мезгілдеріне қарай аз мөлшерде өседі, еркек тоқтыларда 7,5±0,24 см, ал ұрғашы тоқтыларда 6,5±0,20 см құрады.

Қорыта келе, барлық топтағы қойларда зерттеліп отырған тұлға индекстерінің үйлесімділіктерімен ерекшелене келе, осы қой тұқымының өсіп-жетілу заңдылықтарына сай екенін айта кеткен жөн.

Мал селекциясының теориясы мен практикасында қолданылатын, тұқымды таза өсіру және будандастыру кезіндегі зерттеліп отырған популяциялық генетика белгілерін, арнайы генетико-математикалық әдістердің көмегімен талдаудың маңызы зор.

Генетико-математикалық әдістер, ауыл шаруашылық малдарының популяциясындағы, отарындағы, тұқымындағы белгілерінің өнімділік деңгейінің жетілуі арысындағы, генотиппен қоршаған орта әсерінен болатын селекциялық процесстерге талдау жасайды. Қазіргі заман талабына сай, ауыл шаруашылығы малдарының кез-келген белгілерінің селекциялық тиімділігін келесі параметрлері бойынша анықтайды: белгінің селекциялы дифференциалдық өзгергіштік деңгейімен, белгінің басқа бір селекциялық белгімен корреляциясын, белгінің тұқым қуалаушылық және қайталанушылықпен, соынмен қатар селекциялық тиімділікке, сұрыптаудың қарқыны мен ықпалы, белгілер саны, ұрпақтар арасындағы алшақтық, т.б.  бір қатар факторлар үлкен әсерін тигізеді.

Тұқым қуалаушылық коэффициенті. Практикалық селекциялы-асылдандыу жұмысы барысында, ауыл шаруашылығы малдарының негізгі шаруашылыққа пайдалы белгілерінің тұқым қуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің маңызы өте зор. Бұл жерде зерттеліп отырған белгі бойынша қазақтың арқармеринос қой тұқымын сұрыптау  мен мақсатқа сай орындалғандығын анықтау болады. Тұқым қуалаушылық коэффициенті (h2) малдың генотиптік әркелкілік әсерінен белгінің фенотиптік өзгергіштік үлесін көрсетеді.

Көптеген зерттеушілер, тұқым қуалаушылық коэффициентіне әр түрлі факторлардың (генетикалық және қоршаған орта) әсер ететінін анықтаған.

Түрлі қой тұқымдарының, тұқым ішілік типтерінің және жекелеген отарлардың шаруашылыққа пайдалы селекциялық белгілерінің тұқым қуалаушылығын зерттеу кезіндегі көрініс әртүрлі деңгейде болған. Оның ішінде, ет бағытында өсірілетін қой тұқымдары – тірі салмақтары бойынша, ал жүн өнімділіг бағытындағылар – қырқылған жүн түсімі бойынша жоғары деңгейдегі тұқым қуалаушылық қабілетерімен ерекшеленеді. Бұндай ерекшеліктер, М.К. Кройтердің тұжырымдауына қарағанда, қой шаруашылығында жүргізілген селекциялық бағыттарға байланысты болады.

Сол себептерден де біз, тәжірибеге алынған қазақтың арқармеринос қой тұқымының жасына және жынысына байланысты негізгі шаруашылыққа пайдалы селекциялық белгілердің генетикалық әркелкілігін зерттедік. Соның ішінде қойлардың селекциялық белгіерінің тұқым қуалаушылық коэффициентін дисперсиялық талдау әдістемелігі (енесі-қызы топтамасы) бойынша анықтадық.

Корреляциялық байланыс. Мал шаруашылығының практикасында кездесетін белгілер арасындағы байланыстылықты есептеп шығару әдістерін меңгеріп және бұл көрсеткіштерді селекциялық жұмыстарда сонымен қатар селекцияны болжауда пайдаланудың тигізетін ықпалы зор.

19 – кесте Тоқтылардың жүн сапасына байланысты тұқым қуалаушылық коэффициенттері (h2)

ТоптарnТірі салмақҚырқылған жүн түсіміЖүн ұзындығы
Қошқарлар100,540,630,40
Саулықтар100,480,590,38
Еркек тоқтылар100,240,410,27
Ұрғашы тоқтылар100,290,380,25

Тәжірибеге алынған генотипі әртүрлі малдардың селекциялық белгілері бойынша тұқым қуалаушылық коэффициенттері (h2): тірі салмақта – 0,29-0,54, қырқылған жүн түсімінде – 0,38-0,63 және жүн ұзындығында – 0,25-0,40 аралығында ауытқыған. Соның ішінде арлық зерттеліп отырған белгілері бойынша (қошқарлардың тірі салмағы, h2 = 0,54; жүн түсімі, h2 = 0,63; жүн ұзындығы, h2 = 0,40 және саулықтардыкі тиісінше 0,48; 0,59; 0,38, қошқарлар мен саулықтардың тұқым қуалаушылық коэффициенттері, еркек және ұрғашы тоқтыларға қарағанда жоғары болып отыр.

Қой малын асылдандырукезінде оның нақты бір белгісі бойынша тура сұрыптау өте тиімді болады бірақ, басқа да осындай селекциялық белгілер арасындағы корреляциялық байланыстарды лажсыз ескеру керек.

Оңтүстік- Шығыс Қазақстандық етті-жүнді қой тұқымындағы негізгі селекциялық белгілерін зерттеу кезінде, олардың ішіндегі жүні 60-64 сапаға жататын малдарды өзінің ұнамдылығымен, соның ішінде: жоғары деңгейдегі тірі салмақ, жүн түсімі және ұзындығы көрсеткіштерімен, ерекшеленген.

Байланыс өзгермелі болып келеді, мысалы, белгілі бір белгілер арасында биолоиялық заңдылыққа сәйкес жоғары оң корреляция байқалатын болса, басқа жағдайда дәл осы белгілер арасындағы байланыс бейтарап, тіпті әртүрлі себептерге байланысты теріс корреляция болуы мүмкін. Сондықтан да байланыстағы бағытын және деңгейін сипаттау қажеттілігі туындайды. Бұл үшін корреляция коэффициенті (r) қолданылады.

Жоғарыда аталған деректерді ескере отырып, біздің тәжірибеге алған қазақтың арқармеринос қойларының негізгі шаруашылыққа пайдалы селекциялық белгілерінің арасындағы корреляциялық байланысты анықтаудың маңызы өте зор.

20- кесте 1 жасар тоқтылардың негізгі селекциялық белгілерінің арасындағы корреляциялық байланыстар

КорреляцияланатынбелгілерЖынысы
ЕркекҰрғашы
Тірі салмақ-жүн түсімі0,5930,412
Жүн ұзындығы-жүн түсімі0,6160,436
 Тірі салмақ – жүн ұзындығы0,1840,115

Біздің зерттеулер нәтижелерімізге қарағанда, бір жасар тоқтылардың тірі салмақтары мен жүн түсімдерінің (0,412 – 0,593 аралығында) және жүн түсімдері мен олардың ұзындықтары (0,436 – 0,616 аралығында) арасындағы корреляция коэффициенті жеткілікті деңгейде жоғары екендігін байқауға болады. Тоқтылардың жынысына байланысты олардың негізгі шаруашылыққа пайдалы белгілерінің арасындағы корреляциялық байланыс көрсеткіштеріне айтарлықтай ерекшеліктерді байқауға болады. Соның ішінде еркек тоқтылардың тірі салмақтары мен жүн түсімі және жүн ұзындығы мен оның түсімі арасындағы корреляциялық байланыстарды, ұрғашы құрдастардың осындай көрсеткіштеріне қарағанда айтарлықтай деңгейдежоғары болып отыр.

Бұл дегеніміз, еркек тоқтылардың, зерттеліп отырған белгілері бойынша болашақта осындай ұнамды үйлесімділіктермен жақсы жетістіктерге жетуге және оларды ары қарай шыңдастыруға мүмкіндіктің зор екендігін көрсетеді. Ал тоқтылардың тірі салмақтары мен олардың жүн ұзындықтары арасынан (0,115-0,184 аралығында) әлсіздеу корреляция байланысы байқалуда, бұл көрініс біздің көз қарасымыз бойынша онтогенездің постнатальді кезеңіндегі малдың жүн ұзындқтарының қалыптасуы – яғни жүн талшықтарының толық өсіп бітуі, тірі салмаққа қарағанда ерте аяқталуымен байланысты деп немесе мұны табиғи заңдылық деп қарауға болады.

3.5 Терінің гистологиялық құрылымы және оның жүн өнімділігімен байланысы

3.5.1 Тері мен оның қабаттарының жалпы қалыңдығы

Организмнің тіршілігімен байланысты тері жан-жақты қызмет атқарады. Теріде түк фолликулдары орналасқан, ал солардан жүн жабындысы пайда болады. Сол себепті жүннің көлемі мен сапасы терінің құрылысы мен қызметіне байлансыты болады, оны теріден пайда  болған деп есептейді.

Жүннің сапасын, оның өнімділік көрсеткіштерін жақсарту үшін жүн талшықтарының өсу механизмі мен тері құрылымдарының қызметін білу қажет.

Қой терісінің морфологиясын зерттеудің қой шаруашылығында үлкен маңызы бар. Әртүрлі тұқымдар мен өнімділік бағыттарда қой терісі мен жүніне көптеген зерттеулер жүргізілген (Н.А.Диамидинова., Г.С. Авсаджанов., Е.Б. Панфилова., В.И.Карпова., М.В. Терьентева.,  Д.О. Приселкова., А.Н. Судаков., М.А. Васильева., И.П. Чагиров және басқалар).

Біздің зерттеулер қорытындысы бойынша қазақтың арқармеринос қойларының тері құрылымының ерекшеліктері анықталған, ал оның қойлардың  келешектегі  жүн өнімділігін көтеру мақсатындағы маңызы өте зор.

Тері үш қабаттан тұрады: эпидермис, пилярлы, ретикулярлы (торлы). Бұл қабаттардың  әрқайсысының маңызы өзгеше,  организм тіршілігінде және  теріде жүннің пайда болуында арнайы роль атқарады.

Жүн талшығының репродукторы ретінде эпидермистің қойдың құрсақтағы даму тіршілігінде маңызды қызметі атқарады және оның келешектегі жүн өнімділігімен тікелей байланысы жоғары. Төл іште жатқан кезде эпидемиялар қабаты өсіп жетіледі және  оның қалыңдығы ересек мал эпидермисі қалыңдығы 90%-на жетеді. Туылғаннан соң ол өзгеріске аз ұшырайды, 12 айлық жаста эпидермисінің қалыңдығы  ересек малдыкімен салыстырғанда 95,5 % болады.

Г.С. Авсаджанов. [79] терінің эпидермис қабаты мен түгінің өсіп-өнуі ерекшеліктері арасында теріс коррелятивті байланысты анықтаған.

Дерма екі түрлі – пилярлы және ретикулярлы (торлы) дәнектер ұлпасынан тұрады.

Пилярлы қабатта терінің түк талшықтары мен сөлдер бөлетін терінің маңызды элементтері орналасқан. Сол себепті, бұл қабаттың дамуы мен құрылымы жүн талшығының тығыздығы, ұзындығы, қалыңдығы және басқа да физикалық қасиеттерімен байланысты.

Қазақтың арқармериносының тері-түк жабындысының қалыптасу деңгейін анықтау үшін Ұзынбұлақ өндірістік кооперативіндегі қойладың терісін зерттедік.

Ұрпақтың терісінің қалыңдығына шешелеріне қарағанда әкелерінің жүн жабындысы көп әсер еткен.

Қазақтың арқармериносы қойларының терісі қалың келеді. Қошқарлардың  терісінің жалпы қалыңдығы 180,90 мкм немесе 7,88 %, (td = 4,12).  Саулықтарынікі 191,07 мкм немесе 9,44 %  қалың  (td = 5,10).

Қазақтың арқармериносы қошқарларының терісін сол жастағы саулықтармен салыстырғанда  269,89 мкм немесе 12,78 %, қазақтың биязы жүнді асылтұқымдары саулықтарымен салыстырғанда 259,72 мкм немесе 11,72%, (жоғары дәлдікпен) қалың екендігі анықталған. Ал терінің құрылымына келетін болсақ, оның әрбір қабаты жақсы дамыған.

Терінің гистологиялық құрылымының және олардың жүн өнімділігімен өзара байланысты. Қойлардың тері құрылымының және жүн сапасы арақатынасын анықтай отырып, оларға нақты қойларды жүн өнімділігіне баға беруге болатынын айқындалды. Келтірілген зерттеулерді сараптай келе, деректер арасында алынған жоғары және статистикалық сенімді корреляция коэффициенті талшық мөлшеріндегі және ВФ/ПФ арақатынасында бұндай тенденция корреляциялық байланыс талшық топтары мөлшері және таза жүн түсімінде. М.К. Крайтер [93] зерттеулерінде биязылау етті-жүнді қойларда тұқымқуалаушылық қасиеттерінің жүні арқасында биязы жүнді тұқымдардан анықталған керісінше корреляция талшық топтарының мөлшерімен және жүн түсімі бойынша.

Талшық топтарындағы фолликулалар саны және жүн алаң ауданыныдағы арасында, және де 1 см2 терідегі таза жүн массасын анықталғаны, жоғары да емес, бірақта оң байланыстағы /r=0,17 және  0,27. Соңғы алынған корреляция коэффициенті статистикалық сенімді.

Корреляция коэффицинеті талшық топтарының мөлшері және жүн ұзындығы /r=0,05/, жіңішкелігі /r=-0,32/, беріктігі /r=-0,49/ керісінше бағыт алынды, жіңішкелігі және беріктігі коррелятивтік байланысты статистикалық сенімді болғандыққа қарамай жоғары және орташа корреляция коэффициенттері айқындалғандығы, тері қалыңдығында, талшық жүн өсуі, ұзын және өте берікті жүн, ал биязы-жүн өте биязы, қысқалау және беріктігі төмендеу.

21 – кесте Терінің гистологиялық құрылысы мен малдың жүн өнімділігі белгілерінің корреляциялық коэффициенттері

ТеріөнімділігініңкөрсеткіштеріБелгілері бойынша корреляция коэффициенттері

Талшық топтарының мөлшеріТерінің қалыңдығыФолликулалар ұзындығыФолликулалардың тереңдікте жатуы
ЕР/БРФ талшық топтары0,62 ххх-0,12-0,19-0,16
Таза жүн түсімі0,56 хх-0,19-0,32х0,12
Жүннің алаң ауданы0,17-0,69хх0,38х-0,59хх
1 см2 терідегі таза жүн салмағы0,27х-0,41х-0,010,34х
Жүн ұзындығы-0,050,50х0,240,32
Жүн жіңішкелігі0,32 х0,43х0,25 х0,62 хх
Жүннің беріктігі0,49 хх0,230,30х0,04

Осындай коррелятивтік байланыстылықты айқындай отырып тері құрылымдағы элементтермен және негізгі жүн өнімділік көрсеткіштерін, олардың қалыптасқаны, қазақтың архармеринос қойларының популяцияларында селекция жүргізіп оны есепке  алу қажеттілік етеді.

Мысалы эпидермальді қабат, қорғаныс сыртқы қабаты болғандықтан оның қалыңдығы өте төмен, небәрі 1 %. Ең жақсы дамыған пилярлы қабат ең негізгі қуатты қабат, онда түк түбірінің негізгі элементтері бар. Түк фолликулалары, май және тері бездері. Әртүрлі тұқымды және жыныстыларда меншікті салмағы 60,86 дан 67,88 % жетеді. Әсіресе асыл тұқымды қазақтың архармериностарында ол жақсы дамыған қошқарлар мен саулықтарда  мөлшері бірдей шамамен -67%.

Қазақтың арқармеринос қойларында пилярлы қабаттың дамуы төмендеу, ол 60,86 -61,05 % құрайды.

Үшінші ең ішкі қабат, ол торлы (ретикулярлы) қабат негізгі болып табыылады, онда түк түбіріне қоректік зат алып келетін тамырлары бар- ол терінің үштен бір қалыңдыығын алады.

 3.5.2 Май және тері бездерінің орналасуы

 Май және тері бездерінен бөлетін шайыр терінің эпидермисін майлап тұрады ол түк пен теріге  микроорганизмдердің  енуінен сақтайды.

Казерацкий Л.П. [96] фолликулалар мен бездер қосылып топ құрады, май бездерінің  көлемі фолликулдар типімен тікелей байланысты, сол себепті бірінші және екінші  фолликулалардың май бездері бөлек жәнеде бірінші, екінші фолликулалардың  май бездері малдың түрі мен тұқымдық белгілері болып саналады дейді.

Терінің және оның қабаттарының қалыңдығымен жүн талшықтары фолликулаларының қалыңдығы және  басқада  параметрлермен қатар 2-2,5 жастағы австралий қошқарларының  терінің безді нәтижелері зерттелді.

Май және тері бездерінің  ұзындығы және екі терінің вертикальді кесіндісінде 7 х 8 . 7 х 40 үлкейтушілермен 10-20 көз шамасында  өлшенді.

Май және тері бездерінің кейбір морфологиялық ерекшеліктері анықталды. Май және тері бездерінің  мөлшері бөлінетін шайырдың мөлшерімен сапасы байланысты.

Жүннің майы 35 % бар қошқарларда май бездері 10 %-ға, ал екіншісі 25 %-ға жоғары, (орта есеппен 23,4 %).

Бірінші фолликулалардың май бездерінің  тереңге орналасуы орта есеппен терінің жалпы қалыңдығы 267,26 мкм немесе 21,1-15%, шамасымен пилярлы қабаттың 1/3 дей.

Екінші  ретті фолликулдардың май бездері тереңдігінде орналасуын терінің орта есеппен 118,86 және ені 75,67 мкм, бірінші ретті фолликулалардың май бездерінің ұзындығынан 9,2 % қысқа. Май бездерінің бірінші және екінші ретті фолликулдары өте ірі, ол бұл қазақтың арқармериносының ерекшеліктері болып табылады.

Тері бездері бірінші ретті фолликулаларға тән, ал екінші ретті фолликулдарда олар жоқ. Тері бездері фолликулдардың өн бойында орналасқан сөл бөлетін бөліктен және олардан шығатын түтіктен тұрады. Қазақтың арқармериносының тер бездерінің  сөл бөлетін бөлігі бірінші ретті фолликулдардың  төменгі орналасу деңгейінде, кей жағдайда ол деңгейден де тереңде, ерекше аймақ құрып жатады.

Тері бездерінің сөл бөлетін бөлігінің ені 145,65 мкм құрайды. Казерацкий Л.П. [96] мәліметтері бойынша совет мериносының тері бездерінің сөл бөлетін бөліктері орта есеппен 132,0 прекостікі 98,6-114,8 мкм тұрады, ал қазақтың арқармериносы қошқарларының тері бездерінің сөл бөлгіш бөлігі жақсы дамыған.

Сонымен, барлық қазақтың арқармериносының жүні біркелкілігі, жіңішкелігі және ұзындығы жағынан өте жақсы көрсеткіштерге ие екені анықталды.

Қазақтың арқармериносы жүнінің ерекшеліктеріне өте аз ыластануы және шайыры, бұйралығы, түсі, жылтырауы және тауарлы сапалысы жатады.

Қазақтың арқармериносы терісінің гистоқұрылымында жүнінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне әсер ететін жүн түбірінің және оның құрылымдық элементтері бар.

Қазақтың арқармериносы терісінің пилярлы қабаты жақсы дамыған, бірінші және екінші ретті фолликулдар қатынасы жақсы және терінің бір өлшем бірлігіндегі фолликулдар тығыздығының жоғарылығымен өзгешеленеді.

Жүн (түк) топтары ірі, оның трио тобы 44,4%. Бірінші  ретті фолликулдардың екінші ретті фолликулдарға қатынасының индексі және тереңге орналасуы 1,05 және 1,12. Бұлар жүннің жоғары сапалылығын  май және тері бездерінің қалыпты көлемін, сөл бөлуінің қарқынды дамуы мен қызмет жасауын көрсетеді.

Етті-жүнді қой шаруашылығында малдың тірілей салмағының үлкен селекциялық маңызы бар және ол өнімділіктің негізгі көрсеткіші болып табылады. Тірілей салмақтың шамасымен көптеген селекциялық белгілер мен қасиеттер ең алдымен ет, жүн және сүт өнімділігімен өзара байланыста.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде туған төл ірі болса, онда ол жоғары жетілумен сипатталады, және стандартты көрсеткіштерге ертелеу жетеді. Сол себепті оларды ерте бастан өз өзінен өсіп өнуге қосуға болады,  соның арқасында табынмен немесе тұқыммен селекционды процесті жеделдетіп жүргізуге болады. Әртүрлі топтағы малдар туғын кезде тек қана тірідей  мамасының біркелкілігімен туғаннан кейін емес, әртүрлі өсу энергиясымен сипатталады, ал ол оның генотипінің және өсіру жағдайымен өзгешеленеді.

Малдың өсіп, өну процессі жасқа байланысты өзгешеленеді, және де көптеген генотиптік және паратиптік факторлар ықпалында болады, ал олар іштегі төлдерде және туғаннан кейінгі тіршілікте байқалады..

Бұл көрсеткіштерді біз жуылған және жуылмаған екі топографиялық тараудың жабағы жүннің бүйір және арқа жүндерінің көрсеткіштерін анықтадық.

Алынған нәтижелер бойынша айқындалғаны, барлық топтағы малдардың жүн салмағының 1 см2 терісіндегі жоғары таза жүн бүйірінде болды. Жас малдардың тері ауданында бірлігінде таза жүн талшықтарының көп болды басқа малдармен салыстырғанда. Ұрғашы тоқтылар таза жүн салмағы бойынша тері ауданының бірлігіне саулықтармен салыстырғанда 73 кг басым. Бұндай өзгешелік жүннің тығыздығы жоғары болғандықтан және жас малдардың жүн ұзындығы бойынша айқындалды.

Ал жуылмаған жүн бойынша тері ауданының бірлігіне қарай мұндай заңдылық байқалмады. Бүйір жүнінде, аз жүн салмағы тері ауданының бірлігіне өнімделген саулықтар -620 мг, жоғары-еркек тоқтылар-886 мг.

Қорытындылай келе, қазақтың архармеринос қойларының жүн өнімділігі өте жоғары таза жүн шығымының пайыздылығы, осы тарапта оларға жасау және жетілдіру қанағаттанарлықтай осы бағыттағы қой тұқымдарына сәйкестілігі.

 4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

Әрбір өнімділік бағытында өсірілетін қой тұқымдарын бағалаудағы объективті өлшем бірлігі, оның экономикалық тиімділігі болып табылады және одан өндірілген өнімінің еркін баға құрылуы жағдайындағы базардың сұранысына байланысты болады.

22- кесте Тәжірибеге алынған мал өсірудің экономикалық тиімділігі

КөрсеткіштерСандық баламалары
Еркек тоқтылардың тірі салмағы, кг53,5
Ұрғашы тоқтылар тірі салмағы, кг50,3
Ұша салмағы, кг25,2
1 кг еттің бағасы, теңге520
Ет сатудан түскен ақша, теңге13104
1 басқа шаққандағы жүн түсімі, кг4,6
1 кг жүннің бағасы, теңге230
Жүнді сатудан түскен ақша, теңге1058
Барлық өнімді сатудан түскен ақша, теңге14162
1 басқа шаққандағы өзіндік құны, теңге7985
1 басқа шаққандағы таза пайда, теңге6177
Рентабльділігі, %77,3

Экономикалық тиімділік – «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативінде өсірілетін қазақтың арқармеринос қойы тұқымынан өндірілетін ет және жүн өнімділігін сатудан түскен жалпы кіріс арқылы анықталды (- кесте).

Біздің келтірілген сандық мәліметтерімізге қарағанда, тәжірибеге алған тоқтылардың тірі салмақтары бойынша орташа көрсеткіштері 52,5 кг құрап жеткілікті дәрежеде жоғары болған.

Қой етін сату кезінде де тоқтылардың ұша салмағы орташа есеппен 25,2 кг құрап, бір бастан түскен барлық ақша 13104 тг болды, сол сияқты бір бастан қырқылған жүн түсімі 4,6 кг құрап, жүн сатудан түскен ақша 1058 тг болды.

Жалпы, ет пен жүн сатудан түскен қаражатқа анықтама беретін болсақ, барлығы 14162 тг қолға тиеді.

Жалпы «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативінде мал өсірудің рентабельділігі 77,3 % құрады.

ТҰЖЫРЫМ

Жүргізілген зерттеулер қазақтың арқармеринос қой тұқымының қан құрамының өнімділігімен байланысын анықтай отырып, оларға салыстырмалы зерттеу нәтижесінде мынадай нәтиже шығаруға болады:

  1. Алғашқы рет биохимиялық әдістерді қолданып, қазақтың арқармеринос қозыларының қан сарысуының жалпы белогі 1 айлығында 6,08±0,41 г% болды, одан кейінгі айларда ырғақты өседі. 4 айлық кезінде 6,20±0,40 г%, ал 7 айлығында 7,62±0,43 г% жетіп, кейін азырақ кемиді.
  2. Қан сарысуының көрсеткіштері саулықтардың өнімділігіне байланысты жоғарғы класты саулықтардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштер төмен кластыларына қарағанда анағұрлым артық. Жоғары класты саулықтардың жалпы белогі 7,40±0,62 г%, иммуноглобулиндер – 36,47±0,71 мг/мл, АЛТ -1,88±0,08 мкмоль/с, 5,06±0,26мкмоль/с ал төменгі кластыларда 6,95±0,03 г%, 26,08±0,08 мг%; 1,47±0,30 мкмоль/с, 4,52±0,04 мкмоль/с болды.
  3. Қан сарысуының аминотрансфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігінің көрсеткіштерін қойларға қосымша ретінде селекциясында қолдануға болады. Кестелерде келтірілген мәліметтерге қарап, бір айлық қозылардың тірі салмағы 9,3±0,20 кг болды, ал жалпы белогы 6,08±0,41г%, иммуноглобулиндер 22,57±0,41мг%, АСТ-ның белсенділігі 3,48±0,52 мкмоль/сағ, ал АЛТ-ныкі 1,46±0,02 мкмоль/сағ. Осы көрсеткіштерді, қозылардың өсуіне қарай салыстыру арқылы белгілі бір байланыстың барын анықтауға болады.
  4. Тәжірибеге алынған барлық топтардағы малдар жеткілікті дәрежеде жүн өнімділігімен ерекшеленеді. Жабағы жүннің барлық топографиялық орындарында жүннің табиғи ұзындығы бойынша ең ұзыны жас малдарда байқалады. Табиғи жүннің ұзындығы бойынша еркек тоқтылардың бүйір жүні негізгі қошқарлармен салыстырғанда 2,45 см артық, ал ұрғашы тоқтылардың көрсеткіші саулықтардыкінен 4,0 см дейін артық болып отыр.
  5. Тәжірибеге алынған генотипі әртүрлі малдардың селекциялық белгілері бойынша тұқым қуалаушылық коэффициенттері (h2): тірі салмақта – 0,29-0,54, қырқылған жүн түсімінде – 0,38-0,63 және жүн ұзындығында – 0,25-0,40 аралығында ауытқыған. Соның ішінде арлық зерттеліп отырған белгілері бойынша (қошқарлардың тірі салмағы, h2 = 0,54; жүн түсімі, h2 = 0,63; жүн ұзындығы, h2 = 0,40 және саулықтардыкі тиісінше 0,48; 0,59; 0,38, қошқарлар мен саулықтардың тұқым қуалаушылық коэффициенттері, еркек және ұрғашы тоқтыларға қарағанда жоғары болып отыр.
  6. Қой етін сату кезінде бір бас тоқтыдан (ұша салмағы орташа есеппен 25,2 кг) түскен ақша 13104 тенге, қырқылған жүн түсімі 4,6 кг құрап 1058 тенге болды. Бұл жағдайды қазақтың архармеринос қой тұқымын көбейту, дамыту, ары қарай жетілдіру ісінде ескерген жөн.
  7. Зерттеулердің нәтижелерін тұжырымдай келе, «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативінде мал өсірудің рентабельділігі 77,3 % құрады, экономикалық тұрғыдан қарағанда жоғары өнімді өнім алу аса тиімді болып отыр.

ҰСЫНЫСТАР

 Қазақтың арқармеринос қозыларының қан сарысуының АЛТ және АСТ ферменттерінің белсенділігін бағалау олардың 8-12 айлығында жүргізу қажет. Қозылардың 8-12 айлық кезінде АЛТ-ның белсенділігі 2,50 мкмоль/сағ, ал АСТ 5,00 мкмоль/сағ мөлшерде болады.

  1. Қан сарысуының аминотрансфераза АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігінің көрсеткіштерін қой өнімділігін болжауда ескеруі қажет.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!