Асқазан қуысты мүше. Ол құрсақ қуысының жоғарғы қабатында асимметриялы орналасқан; Асқазанның 5/6 бөлігі ортаңғы сызықтан солға, яғни, сол қабырғаасты аймағында, сол жақ кеңіген бөлігі көкет астында, ал оң жақ тарылған бөлігі бауыр астында орналасқан. Асқазан сыйымдылығы 1,5 литрден 3-7 литрге дейін. Ұзындығы 21-22 см, ол кіреберіс пен шығаберіс аралығында 7 см ден 17 см-ге дейін болады.
Асқазанның алдыңғы және артқы қабырғаларын ажыратады, оларды оң жағында асқазанның кішіиірімі, ал сол жағында үлкен иірімі қосып тұр. Он екі еліішекке өткен жерін асқазанның пилорикалық бөлімі деп атайды.
Асқазанның кіші иірімінен кіші шарбы және үшбайлам тарайды: асқазан , бауыр-асқазандық, бауыр-он екі елі ішектік. Үлкен иірімінен үлкен шарбы бастау асып, ол асқазан көлденең тоқ ішектің байламының жалғасы болып кетеді. Асқазанның үлкен иірімінен көкбауырға асқазан-көкбауырлық байлам шығады. Үлкен және кіші шарбыдан қан тамырлары мен лимфа тамырлары регионарлы лимфа түйіндері жәненервтер өтеді. Асқазан-ұйқы бездік байлам асқазанның кардиалды бөлігі мен ұйқы бездің жоғарғы бөлігінен өтеді. Бұл байламда сол жақ асқазан артериясы өзінің аттас венасы мен лимфа түйіндерімен өтеді. Асқазан патологиясында шарбы қалтасы маңызды рөл атқарады. Ол асқазан мен кіші шарбының артында орналасқан, жоғары жағында бауыр мен көкетмен шектелген, ал төменгі жағында көлденең ішек шажырқайымен, сол жағында көкбауырмен шектескен.
Шарбы қалтасының оң бөлігі тарылып, тесік құрайды(foramen epiploicum s. Winslowi), ол бауырлық-он екі елі ішек байламы астында орналасқан, іш қуысымен байланысады. Асқазанның бірнеше бөлігін ажыратады:
1) асқазан кіреберісі;
2) асқазан түбі;
3) асқазан денесін;
4)пилорикалық бөлімі – асқазанның ең тарылған бөлімі.
Пилорикалық бөліктің екі бөлімін ажыратады:antrum piloricum жәнеcanalis piloricus. Асқазанның денесі мен пилорикалық бөлігінің антралды бөлімі шекарасында асқазанның қапшық тәрізді кеңеюі -sinus ventriculi бар. Кіші иірілімінде бұрыштық ойық (incisura angtularis) орналасады, оны хирургтар асқазан бұрышы деп атайды. Үлкен иірімінде түбі мен кардия бөлімінде кіреберіс ойығы – incisura cardiaca орналасқан.
Сонымен қатар, асқазанды екіге бөледі:
1) қорытушы бөлімі- кардиалды, түбі мен денесі кіреді;
2) эвакуациялаушы бөлімі – пилорикалық бөліміне сәйкес.
Асқазан барлық жағынан серозды қабатпен жабылған, тек асқазан түбінің көкетмен бірігетін жеріішастармен қапталмаған. Асқазан4 қабаттан тұрады: кілегей қабаты, кілегейасты қабаты, бұлшықет және серозды қабаты. Кілегей қабатының қалыңдығы 0,3-2,5 мм. Әсіресе, кардиалды және фундалды бөлігінің кілегей қабаты өте жұқа, ал ең қалың жері-кіші иірімі мен пилорикалық бөлімі.
Кілегей қабаты асқазан сөлін бөлетінбездерге өте бай. Бездерді фундалды, кардиалды және пилорикалық бездер деп ажыратады. Кілегей қабатында басты жасушалар (ферменттер бөледі), қосымша (мукоидты секрет), және асқазанның түбі мен денесінде жасушаның барлық үш түрі кездеседі, ал пилорикалық бөлімінде қатпарлы жасушалар жоқ. Сондықтан пилорикалық бөлімнен бөлінген сөлдің құрамында тұз қышқылы жоқ, сілтілі орта. Кардиалды бездер морфологиялық пилорикалық бездерге ұқсас; бірақ олардыңбөлек қатпарлы жасушалары бар. Бездер арасында айқын шекара болмайды. Денесі мен пилорикалық бөлімде аралық зонаны (аймақты) ажыратады, ол жерде бездің екі түрі де кездеседі.
Бұлшықет қабаты үш қабаттан тұрады: сыртқы (ұзын бойлы), ортаңғы (сақина тәрізді) және терең (қиғаш).
Қанмен қамтамасыз етілуі. Құрсақ артериясынан сол жақ асқазан артериясы шығады.
Оң жақ асқазан артериясы бауыр артериясынан шығады, сол жақ асқазан-шарбылық артериясы – көкбауыр артериясының тармағы, ал оң жақ асқазан-шарбылық артериясы – асқазан-он екі елі ішектік артериясының тармағы. Екі асқазандық артерия кіші иірімінен өтеді, ал асқазан-шабырлық артерия үлкен иірімінен өтеді. Веналар артериялармен бірге жүріп, қақпа венасына құяды.
Нервтенуі. Асқазанның нервтенуі кезбе нерв пен құрсақ өрімі, оның тармақтары: жоғарғы және төменгі асқазандық, бауырлық, көкбауырлық және жоғары шажырқайлық өрімдер.
Оң жақтық кезбе нерв өңештің құрсақтық бөлігінің артқы бетінде орналасады; кардий аймағына келгенде тармақтарға бөлінеді. Негізгі бөлігі құрсақтың өріміне бағытталады, ал 1-3 тармағы кардияға, ал бір тармағы кіші иірімгебағытталады.
Сол жақ кезбе нерв өңештің алдыңғы беткейінде орналасады, асқазанға жақындағанда 1-4 ірі тармақтарға бөлінеді. Кардийаймағында сол жақ кезбе нервтің тарақтары (3-10) кіші бағаналарын асқазанның кардиалды бөлігіне беріледі және 1-3 тармағы кіші шарбының жапырақтары арасымен бауырға беріледі,ал қалған тармақтары көптеген асқазандық тармақтар береді. Кезбе нерв негізінен парасимпатикалық иннервациялайды, ал pl.ciliacus (құрсақтық өрім) – симпатикалық.
Он екі елі ішек асқорыту түтігінің қысқа бөлігі болып табылады. Ол асқазан мен жіңішке ішек арасында орналасқан. Бұл жалғызжіңішке ішек бас шажырқайы жоқ, құрсақ қуысының артқы қабырғасына ілмегі бекітілген. Он екі елі ішектің жоғарғы горизонталды бөлігін, төмендегі бөлігін, төменгі горизонталды және өрме бөліктерінен тұратын төменгі бөлігін ажыратамыз. Төмендеуші бөлігінің медиалды қабырғасында ұзын бойлы қатпар бар, ол түбіршікпен аяқталып (papilla duodeni maior s. Vateri) жалпы өт өзегі мен ұйқы безі өзегінің түтікшесіболып аяқталады. Он екі елі ішектің кілегей қабаты маңызды рефлекторлы аймақ болып табылады. Ол бауырдың, ұйқы безінің, он екі елі ішек пен асқазанның секреторлы және қозғалтқыш моторлы функциясын және ішектің төменгі бөліктерінің функциясын реттейді. Бұл жерде асқорыту бездері орналасқан; аса маңызды гормондардың өндірілуі мен қан өту аймақтары, кейбір заттардың сіңірілу аймағы орналасқан. Олар асқазан-ішек жолының жоғарғы және төменгі орналасқан бөлімдерінің бездері мен моторлы функциясына гуморалды әсер етеді. Сонымен қатар, қан өндірілуіне, жалпы адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді. Он екі елі ішек ағзада В12 витаминінің өндірілу орны болып табылады, темірдің сіңірілу жері және қан өндірілуі мен көміртегі алмасуына қатысады.
Тәулік бойынша он екі елі ішекке 500-800-ден 1500 мл-ге дейін панкреатикалық сөл бөлінеді. Ол сілтілі реакциясы. Сөл құрамында тағамдарды қорытатын ферменттер: панкреатикалық амилаза, ол көмірсулардың гидролизіне қатысады, майларды ыдырататын – липаза, нәруыздарды қорытатын трипсин-фермент бөледі. Трипсин-фермент панкреатикалық сөлде активті емес күйде болады, тек duodenum-ғатүскенде энтерокиназа әсерінен қозады.Энтерокиназа «он екі елі ішек кілегей қабатында өндіріледі. Трипсиноген активтеніп, трипсинге айналады. Ол ақуызды ыдыратады.
Өт, панкреатикалық сөл сияқты он екі елі ішектің үлкен (фатеров) емізігіне бөлінеді. Мұнда түсетін өт пигменттері тек экскрет болып табылады және ас қорытуынақатыспайды. Өт қышқылдарының тұздары астың қорытылуына маңызы зор, олар панкреатикалық сөлдің липазасын активтендіреді; майларды эмульгациялайды; ерімейтін өт тұздарымен байланысып суда еритін қосылыс түзеді.
Өт он екі елі ішеккесүт ішкеннен кейін 20 мин, ет 35-45 мин соң, нан 45-50 мин соң түседі. Дуоденумға түсетін өттің мөлшері тәулігіне 700-1200 мл.
Он екі елі ішектің қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы шажыр-қай артериясы мен құрсақ өрімі (а.сiliacus) артериясы. Лимфа ағыны ұйқы безінің лимфа түйіні арқылы жүзеге асады және солар арқылы негізгі коллекторға әсер етеді.