Қабақтың абсцессі және флегмонасы

Қабақтың абсцессі және флегмонасы

Қабақтың абсцессі және флегмонасы — қабақ тіндерінің шектелген және жайылмалы іріңді қабынуы.

Этиологиясы. Ең жиі қоздырғыштары — грамм оң кокктар (стафило және стрептококктар) және анаэробтар (мұрын қуыс қосалқыларынан инфекция өткенде). Қабақ тиіндеріне микробтар тері зақымдалғанда және инфекцияда тікелей енеді, қабыну үдерісі қоршаған құрылымдардан өтуі (мұрын қуысының қосалқыларынан, көз шарасы тіндерінен және т.б.) немесе метастатикалық жолмен (басқа ошақтардан қан ағысымен) түсуі мүмкін.

Клиникалық көрінісі

Науқастардың шағымдары:

  • қабақ аймағында ауру және кернеу сезіміне;
  • жас ағу немесе конъюнктивалды қуыстан сілемейлі бөліндінің болуына;
  • көз саңылауының тарылуы немесе жабылып қалуына (қабақтың айқын ісінгенуінен);
  • қызбаға және улану симптомдарына (жалпы дімкәстікке, бас ау- руына және т.б.).

Қараған кезде қабақ терісі қызарған, жергілікті температурасы жоғарылаған және айқын ісіну нәтижесінде көз саңылауы әрең ашылады.

қабақ абсцессі

Пальпация кезінде ісінген тіндер тығыз, айқын ауырсынумен, деструкция ошағы пайда болғанда флюктуация анықталады. Аймақты лимфа түйіндерінің үлкейгені және ауырсынуы байқалады. Қабақтың флегмонасы кезінде жергілікті симптомдары абсцесске қарағанда айқынырақ және жайылмалы сипатта.

Қабақ абсцессі
Қабақ абсцессі

Емді стационарлы жағдайда жүргізеді. Флюктуация кезінде абсцессті дренаждайды (тілікті қабақ шетіне параллельді жасайды) және оның қуысын антисептик ерітіндісімен (мысалы, 0,02% нитрофурал ерітіндісі) өңдейді. Инфекционды үдерістің дәнекер және қасаң қабық тіндеріне өтуін алдын алу үшін конъюнктивалды қуысқа 7—10 күн бойы тәулігіне 3 рет антибактериалді препараттарды (20% сульфацетамид ерітіндісін) тамызады.

Жүйелі түрде 7—10 тәулік ішінде кең спектрлі антибиотик қолданады (пенициллиндер, цефалоспориндер, аминогликозидтер), уытсыздандыру және десенсибилизациялаушы терапияны (5% глюкоза ерітіндісін аскорбин қышқылыменктрлі антибиотик қолданады (пенициллиндер, цефалоспориндер, аминогликози).

Дер кезінде емдеген кезде болжамы қолайлы, кері жағдайда қабақтың тыртықты өзгерістері және лимфаның ағуы бұзылуы туындайды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қабақтың аллергиялық аурулары
  2. Қабақ аурулары (блефарит, теріскен, абсцес)
  3. Көру бұзылысын түзету жолдары
  4. Көздің көру қызметі
  5. Нашар көру және соқырлық себептері
  6. Перифериялық (шеткері)

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 2 часа

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 975Блог ашу: 01-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (6 бағалар, орташа: 4,33 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: