Полинаркомания

Полинаркомания деп науқас бір уақытта немесе белгілі бір ретпен кезектестіріп екі немесе одан да көп наркотикалық заттарды қабылдау және олардың әрқайсысына жеке наркотикалық тәуелділіктің қалыптасуы. Полинаркомания – күтпеген өршу және ремиссиялармен жүретін созылмалы ауру.

Асқынған наркомания наркотик (есірткі) ретінде қабылданбаған басқа заттармен немесе әртүрлі дәрілік препараттармен бірге наркотикалық затты қолдану.

Екі немесе одан көп наркотик түрлерін қабылдауға ауысудың негізгі себептері:

Полинаркомания наркоманияның бастапқы сатысы – наркотикті таңдау сатысында дамуы мүмкін. Наркологиялық тәжірибе көрсеткендей жиі алғашқы наркотик болып конопля препараттары табылады, содан соң науқастар оны басқа өте күшті наркотиктермен ауыстырады. Толеранттылықтың жоғарылау себебінен бұрын қолданып жүрген наркотикалық зат қалаған эйфориялық әсерді бермегендіктен одан да әсері күшті наркотикалық затты таңдайды.Мысалы, өте жиі гашиш шегетіндер опий мен оның дериваттарын қабылдауға көшеді, сонымен бірге наркомандардың бір бөлігі әдеттегі конопля препараттарын қабылдауын жалғастырады.

Тәжірибеде наркоманияның барлық түрлерінде уақыт өте ұйқының бұзылуы байқалады. Тұрақты көп күндік ұйқысыздық наркоманиямен ауыратын науқастарды ұйықтататын дәрілерді қабылдауға мәжбүр етеді, ал ол өз кезегінде оларға тәуелділік шақырады, бұл кезде ұйықтататын заттарды қабылдау тұрақтанып, ал дозалары біртіндеп ұлғая түседі.

Наркоманның қаржылық қиындықтарына байланысты әдеттегі наркотикалық затына қол жеткізу қиынға түседі. Сондықтан наркоман эйфориялық әсерді шақыратын басқа заттарды қабылдай бастайды. Негізінен бұл науқастарда наркоманияның кеш кезеңдерінде айқын тұлғалық өзгерістер дамыған кезде байқалады. Наркомандардың бұл тобы тек қана наркотиктерді қабылдауды ғана емес басқа токсикалық әсері бар заттарды, соның ішінде алкоголді қолдануға көшеді.

полинаркомания қазақша

Полинаркоманияның клиникалық көрінісі

Өте ауыр, жалғыз қарапайым наркотикалық заттың әсері ғана емес, көп заттардың өзара әсерінен дамиды. Тұлғалық өзерістер өте айқын болады, ассоциальді іс – әрекеті өте ауыр және ұсқынсыз түрге ие болады, жиі созылыңқы ағымдағы психотикалық бұзылыстар, мнестикалық және интеллектуалды қызметтердің айқын төмендеуі байқалады.

Полинаркоманиямен науқастарда абстинентті синдром қабылданған наркотиктің басқа затпен қосарлануына, препараттардың бір реттік және тәуліктік дозасына, оларды енгізу әдісіне байланысты. Жалпы бұл науқастарға кез келген препараттардың қосарлануы және дозасында да физикалық тәуелділіктің жылдам түзілуі тән. Аурудың барлық белгілерінің өте тез пайда болуы, негізгі наркотик опиаттар болған кезде байқалады. Полинаркоманиямен науқастар кез келген олардың қолы жететін затпен (жиі алкогольді қолданады) абстинентті жағдайды жоюға тырысады.
Полинаркомания кезінде абстинентті синдром біртекті емес, наркотикалық заттардың әр түрін қолданғанда болатын белгілер жиынтығынан тұрады.

Полинаркоманияның зардаптарын мына ерекшеліктер тән :

  • —Ағзаның өте терең зақымдалуы – бас миы және барлық ішкі ағзалар өте күшті улануға ұшырайды.
  • —Тұлғаның айқын өзгерістері – адам мораль жағынан тез деградацияға ұшырайды, өз принциптерінен ауытқиды, ата – анасына, әйеліне, балаларына қызығушылығын жоғалтады.
  • —Асоциальді іс – әрекеті ауыр және ұсқынсыз түрге енеді – полинаркоманиямен зардап шегетін адам  кәдімгі наркоманға қарағанда проституцияға, ұрлыққа, тонауға, адам өлтіруге жеңіл түседі.
  • —Жиі созылыңқы ағымдағы психотикалық бұзылыстар байқалады – қорқыныш уайымы, сағыныш, қудалау сандырағы, қорқынышты галлюцинациялар – полинаркоманды психиатриалық емдеу мекемелерінің әдетті пациентіне айналдырады.
  • —Есте сақтау мен интеллекттің айқын төмендеуі кемақылдылықпен аяқталады.

Асқынған наркоманияның клиникалық көрінісі

—Гашиш және алкогольды бірге қолданғанда: себепсіз күлу, сыртқы тітіркендіргіштерді гипертрофиялық қабылдау, эмоция өткірленуі, терең емес есте сақтаудың бұзылуы, эйфорияның жылдам (2-3 сағатта) қорқынышқа ауысуы, иллюзиялар, ішкі ағзаларынан бүкіл денесінен шығатын ерекше сезімдер. Жалпы жағдайының бірде жақсарып, бірде нашарлап өзгеріп отыруы, кейіннен әртүрлі соматовегетативті бұзылыстар және ұйқы.

—Опий препараттарын және алкогольды бірге қолданғанда: наркоманияның ағымы ауырлайды. Абстинентті синдром опийлық синдром түрінде жүреді және наркотикке ауырсынулы мұқтаждық, көңіл-күйдің тежелуі, айқын физикалық әлсіздік, тітіркенгіш әлсіреумен астения белгілері, вегетативті криздермен көрінеді. Бұлшық еттерде, буындарда жағымсыз сезімдер, ауырсыну байқалады. Ұйқысыздық, сағыныш, үрей, қорқыныш, суицидалды ойлар пайда болады. Жүрісі бұзылады-теңселіп жүреді.

Наркоманияның түріне байланысты науқастардағы психикалық, соматикалық, неврологиялық бұзылыстардың ерекшеліктері:

Опиаттар мен барбитураттарды қолданатын науқастарда жиі психоорганикалық синдром дамиды: астения, селқостық, тұрақты нистагм, страбизм, гипомимия, сіңір рефлекстерінің төмендеуі. Кейде опийлы наркоманияны нақтылау үшін морфин антогонистерін (налорфин, налоксон) енгізу арқылы жасанды абстинентті синдромды шақырады.

Морфинистерге тән: тез жүдеу, терінің сарғыштығы, ине іздері немесе ұсақ абсцестерден кейінгі тыртықтар (стерилді емес шприцтер пайдаланғанда).

Кокаиномания кезінде: тез жүдеу, тері жабындарының сұрғылт түсті болуы, әсіресе беттің. Наркотикті мұрынмен демалу арқылы енгізгенде шырышты қабатының атрофиясы, кейде мұрын пердесінің некрозы да болуы мүмкін. “крэкты өкпе” деп аталатын өкпе ауруларының арнайы комплексі дамиды. Оған созылмалы бронхит, өкпе тінінің склерозы және ұсақ өкпе тамырларының зақымдалуы жатады. Бұл кезде психоз қорқыныш және үрейден басқа галлюцинациялармен асқынады.

Полинаркомания диагностикасы

Полинаркоманияның диагностикасында  келесі критерийлерге көңіл бөлінеді:

  1. —Туыстарынан науқастың қандай да бір наркотикалық затты ретті түрде қолднатыны туралы мәліметтер
  2. —Науқастың денесінде көптеген ине іздері немесе ұсақ абсцестерден қалған тыртықтар
  3. —Наркотикалық препараттарға қол жетпейтіндей жабық мекемеде науқасты ұстаған кезде абстиненцияның жылдам дамуы
  4. —Наркотикалық заттарды ұзақ қабылдаумен байланысты ерекше соматикалық және неврологиялық бұзылыстарды анықтау
  5. —Биологиялық сұйықтықтар анализінде наркотикалық заттар немесе олардың метаболиттерінің іздерін табу.

—Полинаркоманиясы бар науқастарды реабилитациялау

Қалпына келтіру терапиясы психикалық дефектінің қалыптасуын және ауру адамның мүгедектенуін болдырмауға бағытталады. Қалпына келтіретін емдеудің нақты міндеттері мынадай: денсаулықтың компенсаторлы механизмдерін (саногенезді) күшейту, аурудың бұзылған функциялары мен әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру. Бұл кезеңде емдеудің биологиялық әдістерін, соның ішінде медикаментозды әдістерді, физиотерапияны, емдік дене шынықтыру, сондай-ақ психоәлеуметтік әсерлерді (қоршаған ортамен емдеуді, арт-терапияны және т.б.) белсенді түрде қолданады.

Реадаптация кезеңінің негізгі мақсаты-ауруларды қоршаған ортаның жағдайларына бейімдеу болып табылады. Бұл этапта психоәлеуметтік әсер етулер басым болады. Аурулардың әлеуметтік белсенділігі марапатталады, еңбек терапиясы қолданады, науқаспен және оның туыстарымен тәрбие жұмысы жүргізіледі. Бұл этапта биологиялық емдеу шектеледі.

Реабилитациялау кезеңі-науқастың құқықтарын, жеке-даралық және қоғамдық құндылығын қайта қалпына келтіруге бағытталады. Бұл кезеңде әлеуметтік шаралар басым болады. Бұл ең алдымен-тұрмыстық және еңбек жағдайын жақсартуға көмек беру, науқастың жедел түрде реәлеуметтендірілуіне септігін тигізетін қатынастар орнату болып табылады. Бұл орайда мынадай жұмыстар пайдалы болып табылады: әр түрлі клубтық жұмыс, қоғамдық ұйымдарға (мысалы, анонимді алкоголиктер немесе анонимді нашақорлар ұйымына) бірігу, Порфирий Иванов ізбасарлары клубына қатысу және т.б.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!