Анемия – қан көлемі бірлігіндегі эритроциттер және гемоглобин төмендеуімен сипатталатын патологиялық жағдай.
Анемия критерилері:
- Ерлерде гемоглобин 130г/л және әйелдерде 120 г/л төмен, жүкті әйелдерде 110 г/л аз;
- Эритроциттер ерлерде 4х1012/л және әйелдерде у 3,5×1012/л төмен;
- Гематокрит индексі ерлерде 40 әйелдерде 36 төмен.
Анемия критериі (ДСҰ):
Ерлер үшін:
- гемоглобин деңгейі<130 г/л
- гематокрит 39% төмен;
Әйелдер үшін:
- гемоглобин деңгейі <120 г/л
- гематокрит 36% төмен;
Жүктілер үшін:
- гемоглобин деңгейі <110 г/л
Анемия классификациясы:
1. Қан жоғалту нәтижесіндегі анемия:
- жедел постгеморрагиялық анемия (жедел қан жоғалту 3 айға дейін);
- созылмалы постгеморрагиялық анемия.
2. Қан түзілу бұзылысы нәтижесіндегі анемия:
- темір жетіспеушілікті;
- В12 дәрумені және фолий жетіспеушілікті;
- миелотоксикалық (нефрит, инфекционды аурулар, алиментарлы интоксикация, мырыш және басқа интоксикациялар);
- апластикалық;
- метапластикалық ( лейкоз, рактың сүйек миына метастаздануы, миеломатоз).
3. Қан түзілуі бұзылуы жоғарлауы нәтижесіндегі анемия (гемолитикалық):
- туа пайда болған;
- жүре пайда болған.
4. Аралас этиологиялы анемия.
Сүйек миының регенераторлық қабілеттілігіне байланысты анемия түрлері:
- арегенераторлы;
- гипорегенераторлы;
- регенераторлы.
Ауырлық дәрежесіне байланысты:
- жеңіл ауырлықтағы (гемоглобин 90 г/л дейін және эритроциттер Зх1012/л дейін),
- орташа ауырлықтағы (гемоглобин 70-89 г/л және эритроциттер 2,0-2,9×1012/л дейін),
- ауыр дәрежесі (гемоглобин 69 г/л төмен және эритроциттер 1,9×1012/л төмен).
Ең жиі кездесетіні темір жетіспеушілікті анемия (ТЖА)- егер организімде темір жұмсалуы оның түсуінен артық болса ТЖА дамиды.
ТЖА ең жиі себептері:
- Темірдің алиментарлы жетіспеушіліг (диета, вегетариандылық, жеткіліксіз тамақтану);
- Темірге қажеттілік жоғалауы (жиі босану, көп ұрықты жүктілік; лактация; тез өсу; спортпен интенсивті шұғылдану; шала туылу);
- Қан жоғалту (мұрыннан қан кету, диафрагмальды жарық; дивертикул, АІЖ полип және ісік; метроррагиялар; Гудпасчер синдромы);
- Абсорбция төмендеуі (мальабсорбция; ішектегі қабыну үрдістері; ахлоргидрия; гастрэктомия)
Анемиялық синдром:
Анемия тереңдігіне және даму жылдамдығына байланысты пайда болады:
- Әлсіздік, шаршағыштық;
- Тәбет бұрмалануы, төмендеуі;
- Ентігу, жүрек қағуы;
- Бас айналу;
- Құлақтағы шуыл;
- Естен тану;
- Стенокардия ұстамасы ауырлануы;
Сидеропения синдромы и темірдің латентті жетіспеушілігі жағдайы
- Тері және оның қосымшаларының дистрофиясы;
- Иіс және дәм сезудің бұрмалануы;
- Бұлшықеттік гипотония (зәрді ұстай алмау);
- Бұлшықеттік ауырсынулар;
- Назар аудару төмендеуі;
- Ес бұзылысы.
Сидеропениялық синдром:
- Бұлшықет аппараты өзгерісі. Бұлшықетте миоглобин және фермент жетіспеушілігі бұлшықеттік әлсіздікті жоғарлатады, тез шаршағыштық пайда болады. Балалар мен жасөспірімдерде ТЖА өсудің және физикалық дамудың артта қалуымен сипатталады. Нәтижесінде бұлшықет аппаратының сфинктері әлсіреп императивті зәр шығарулар, күлгенде, жөтелгенде зәрді ұстай алмаушылық, қыз балаларда түнгі зәр ұстай алмаушылық (энурез) байқалады.
- Тері өзгерісі. Темір жетіспеушілігінде тері құрғап, тулейді. Тері пергементке ұқсас болады. Аналь тесігінде, ауыз бұрышында, табанда,алақанда жаралар пайда болады. Шаш сынғыш және түсуге бейім боп келеді. 20-25% жағдайда терінің жұқаруы, сынғыштғы, көлденең сызаттануы түрінде өзгеруі болады.
- 3. 10-15% жағдайда асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының өзгерісі, ауыз бұрышының жарылуы, эрозиялануы. Пародонтозға, тіс жегіге бейімділік.
- 4. Иіс сезу өзгерісі, әр түрлі иіске құмарлық: бензинге, газға, мазутке, газет қағазына , ацетонға, лакка, гуталинге, нафталинге, жаңбырдан кейінгі топырақ иісіне.
- 5. Балалар мен жасөспірімдерде топырақ (геофагия), бор, тіс ұнтағы, көмір, саз,құм,мұз, шикі қамыр, фарш жегіштік түріндегі дәм сезу бұзылыстары пайда болады.
Сидеропения кезіндегі тері бұзылыстары
- 6. Атрофиялық ринит және фарингит түріндегі тыныс жолдарының шырышты қабаттарының өзгерісі.
- 7. 87% жағдайда көгілдір склера симптомы түріндегі көру ағзасының шырышты қабатының өзгерісі.
- 8. Асқорыту жолының өзгерісі кезіндегі симптом:
- а) өңештің шырышты қабатының құрғауы, атрофиясы, кешкі уақыттарда және шаршаған кездерде құрғақ тағамды жұтудың қиындауы;
- б) атрофиялық гастрит, ахилия.
- 9. Субфебрилитет түріндегі термореттелудің өзгеруі.
- 10. Ішкі ағзалардың дистрофиялық өзгерісі. Мысалы, екіншілік анемиялық сидеропениялық миокардиодистрофия.
- 11. Нейтрофилдердің фагоцитарлы белсенділігінің бұзылысы және Т-және В-лимфоциттердің мөлшерінің төмендеуі.
Сидеропения кезіндегі тырнақ өзгерісі
Анемия ауырлығын бағалау:
- Жеңіл дәрежесі Hb 110 – 90 г/л
- Орташа дәрежесі Hb 90 – 70 г/л
- Ауыр анемия Hb < 70 г/л
Темір жетіспеушілік жағдай кезеңі:
- ТЖА ағзадағы темір жетіспеушіліктің соңғы кезеңі болып табылады.Темір жетіспеушіліктің бастапқы дәрежесінде клиникалық белгілер болмайды, лабораторлы диагностика әдістері дамуының арқасында темір жетіспеушілік жағдайдың клиника алды кезеңін анықтау мүмкіндігі бар.
- Ағзадағы темір жетіспеушіліктің үш дәрежесін ажыратады: 1 – ағзадағы темірдің прелатентті жетіспеушілігі;2 – ағзадағы темірдің латентті жетіспеушілігі; 3 – темір жетіспеушілікті анемия.
- Бұл кезеңде екі негізгі синдром болады: сидеропениялық және анемиялық
- Сидеропениялық синдром жоғарыда аталған.
- Анемиялық синдром қанда гемоглобин және эритроцит мөлшерінің төмендеуі нәтижесіндедамиды. Клиникалық көрінісі тіннің оттегілік ашығуымен байланысты және астениялық синдром, бас айналу, құлақтағы шуыл, тахикардия, естен тану жағдайымен көрінеді. Бұл кезеңде қанның жалпы анализінде лабораторлы көрсеткіштер өзгрісі болады.
Темір жетіспеушілік анемия диагнозы критериі:
- түсті көрсеткіш төмендеуі
- эритроциттер гипохромиясы, микроцитоз
- сарысулық темір деңгейі төмендеуі
- Сарысудың жалпы темір байланыстырушы қабілеттілігінің жоғарлауы
- сарысудағы ферритин төмендеуі
Қанның жалпы анализі:
ТЖА кезінде жалпы қан анлизінде гемоглобин және эритроцит деңгейі төмендейді. Нb <98 г/л болғанда аздаған эритроцитопения анықталады, бірақ эритроциттердің <2 х 1012/л төмен болуы ТЖА тән емес.
Қанның биохимиялық анализі:
ТЖА кезінде қанның биохимиялық анализінде анықталады:
- сарысулық ферритин концентрациясының төмендеуі;
- сарысулық темір концентрациясының төмендеуі;
- ОЖСС жоғарлауы;
- трансфериннің темірмен қанығуының төмендеуі.
Эритроцитарлы индекстер:
- Эритроциттің орташа көлемі (mean cell volume – MCV) – эритроциттер көлемінің сапалық көрсеткіші. MCV мағынасына қарай анемияның микроцитарлы (более 95 мкм3 артық), нормоцитарлы (77-95 мкм3) және макроцитарлы түрлеріне дифференциация жүргізіледі. ТЖА үшін анемияның микроцитарлы сипаты тән.( 77 мкм3 төмен).
- Эритроциттегі гемоглобиннің орташа көлемі (mean cell hemoglobin – MCH) – клиникалық тұрғыдан түсті көрсеткішке ұқсас. МСН негізі бойынша нормохромды (27-32 пг), гиперхромды (95 мкм3 артық) және гипохромды анемияларды ажыратады. Темір жетіспеушілікті анемия үшін гипохромды сипат тән (27 пг төмен).
- Эритроциттегі гемоглобиннің орташа концентрациясы (mean cell hemoglobin concentration, MCHC) – эритроцит көлеміне қарамастан эритроциттің гемоглобинмен қанығу дәрежесі. ТЖА үшін МСНС көрсеткішінің төмендеуі тән.
Жедел қан жоғалтумен сипатталатын анемия (жедел постгеморрагиялық анемия)
Кезеңдері:
1) Рефлекторлы-қантамырлы компенсация
Бірінші тәулікте – лейкоцитоз (20 мың/мл) с нейтрофильді жылжумен; гипертромбоцитоз ( 1 млн/мл дейін).
2) Гидремиялық компенсация – НЬ, Ht және эритроциттер төмендеуі, гемолиз, азотемия болуы мүмкін;
3) Сүйек милық компенсация: сүйек миында Эпо жоғарлауы, эритроидты өсімнің гиперплазиясы, ретикулоцитоз, пойкилоцитоз, полихромазия, нормобластоз
Темір жетіспеушілік анемия емдеу принциптері:
- Егер мүмкін болса, темір жетіспеушілік анемияның себептерін жою;
- Мөлшері темір атомы құрмына байланысты есептелетін темір препараттары: тәулігіне 200-300 мг темір 3 рет ашқарында;
- Алғашқы 3 күнде – 50% мөлшерде;
- 7-10 күнде (Rt) және ай сайын (СЖ, ФС) лабораторлы көрсеткіштерді бақылау;
- Көрсеткіш қалыпқа келгеннен кейін сүйемелдеуші мөлшерді қабылдау;
- Емнің жалпы ұзақтығы 4-6 ай.
сонымен қатар жүктілерде болатын анемия жайлы және теміржетіспеушілік анемия мына жерден толықтай оқыңыз.