Өңеш жарақаты

žӨңеш жарақаттарын шырышты қабат жақтан  тиетін жабық және мойын мен кеуде қуысының тесіп өтетін сырттан келген ашық жарақат деп ажыратады.

žӨңеш жарақатының этиологиясы және патогенезі. Өңештің жабық жарақаттары эзофагоскопия кезінде диагностикалық және емдік шаралар жүргізген кезде, кардиодилатация, сонымен қатар бөгде заттар түскенде болуы мүмкін.Өңеште ұзақ уақыт қатты зонд болған кезде өңеш ойылулары болуы мүмкін. Өңеш қабырғасының перфорациясы оның әртүрлі аурулары кезінде – ісіктер, пептикалық жаралар, химиялық күйіктер кезінде болуы мүмкін.Өңеш жарақаты көкірек аралыққа және өкпеге операция жасаған кезде болуы мүмкін.

žӨңештің спонтанды түрде жыртылу жағдайлары белгілі. Бұған бейімдеуші факторларға алкоголді масаю, тым көп тамақ ішіп қою, ауыр жүктерді көтергенде, босанғанда құрсақ ішілік қысымның жоғарылау есесінен.

žӨңештің спонтанды түрде жыртылуы кейде өңештің асқазанға өтер жерінен біраз жоғары жерінде болады (Бурхаве синдромы).Өңештің жыртылуы оның құрамының көкірек аралыққа бөлінуімен, ал ол өз алдына медиастинитке әкеледі.Плевра жапырақшасы зақымдалған жағдайда плевра эмпиемасы дамиды.

žӨңештің ашық жарақаттары мойынның ,кеуде немесе іштің тесіп өтетін жарақаттары кезінде болады.Әдетте олар көптеген көрші мүшелердің зақымдалуымен бірге жүреді қалқанша без,трахея, өкпе, жүрек, іш қуысының ағзалары, ірі қан тамырлары.

Өңеш жарақаты кезіндегі клиникалық көрініс

žӨңештің мойын бөлімінің жабық жарақаттары зақымдалу аймағындағы ауырсынумен, жарақаттан сілекейдің, қанның  бөлінуімен жүреді.

žӨңештің кеуде бөлімінің жабық жарақаттары үшін семсер тәрізді өсінді аймағындағы сол жақ иыққа берілетін ауырсыну тән. Науқастар сілекей ағуына, жұтынған кездегі ауырсынуға шағымданады. Өңеш қабырғасының толық жыртылуы кезінде қанды құсық,медиастиналді және тері астылық  эмфизема болады.

žӨңештің мойын бөлімінің ашық  жарақаттары жұтынған кездегі ауырсыну, мойындағы тері астылық  эмфиземамен қатарлас жүреді.Егер хирургиялық көмек ерте кезінде көрсетілмесе, онда   12-20 сағ. кейін  периэзофагит, мойынның іріңді  флегмонасы, медиастинит дамиды.

žӨңештің кеуде бөлімінің жарақаттары кезінде кеуде қуысының тесіп өткен жарақаттарының симптомдары басым орын алады гемо- және  пневмоторакспен. Бұндай  ауыр фонда науқастар төс артындағы қатты ауырсынуға, сілекейдің тым көп бөлінуіне, өңеште бөгде зат тұрғандай сезімдерге шағымданады.

žҚұрсақ қуысының тесіп өткен жарақаттары жиі перитонитпен асқынады. Дене температурасы  гектикалық сипатта, ентігу және тахикардия күшейеді, лейкоцитоз және ЭТЖ  жоғарылайды.,Қабынуға деген жүйелі реакция синдромы дамиды, ол өз алдына  сепсис және полиорганды жетіспеушілікке әкеп соғады.Дер уақытында көмек көрсетілмесе науқастар жақын күндерде қайтыс болып кетеді.

Өңеш жарақаты диагностикасы

žСонымен өңеш жарақатының диагностикасы анамнез және науқасты объективті зерттеу нәтижесінде жүргізіледі.ž Кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеу өңеш жарақатын анықтау қиын, өйткені кеуде және іш қуысының тесіп өткен жарақаттары кезінде көкірек аралықтың эмфиземасы, оның көлеңкесінің кеңеюі, гемопневмоторакс  өңеш жарақатының  патогномды белгісі болып табылмайды.Бұндай кезде науқасты ішімен, оң және сол жақ бүйіріне жатқызып  өңешті суда еритін контрастты затпен зерттеу көмегі  зор. Контрастты заттың өңеш шекарасынан ағып кетуі оның қабырғасының бүтіндігі бұзылғанын дәлеледейді.

Өңеш жарақатын емдеу

žЖабық жарақаттар кезінде  консервативті ем қолданады, әсіресе өңештің қабырғасы толық жыртылмаған кезде. Зардап шеккендерге тағамда ауыз арқылы жеуге рұқсат етілмейд, парентеральді қоректендіру және әсер ету спектрі кең антибиотиктер тағайындалады.

žХирургиялық ем (радикалды немесе паллиативті) өңештің кең жайылмалы жарақаттары  кезінде жүргізіледі.

žӨңеш қабырғасының дефектісін тігу тек жарақат алғаннан кейінгі алғашқы тәуліктерде ғана мүмкін.Жарақаттың шеттерін үнемдеп кескеннен кейін ұзына бойы екі қатарлы тігіспен тігеді.Көкірекаралықты және плевра қуысын экссудат аспирациясы, антибиотиктерді енгізу үшін дренаждайды.

žПаллиативті операциялар  (эзофагостомия, гастростомия, еюностомия, медиастинотомия) өңештің жарқаттары, радикальді операция үшін уақыт өткізіп алғанда. Қосымша ауыр сырқаттары кезінде  көрсетілген.

žСоңғы кездері өңеш перфорациясы кезінде көкірек аралықты белсенді ( аспирациямен) герметикалық дренаждау кең қолданып келе жатыр. Мойын және өңештің жоғары кеуде бөлімдерінің зақымы кезінде мойын арқылы медиастинотомияны жасайды. Перфорация аймағына екі саңылаулы дренажды түтікшені өткізеді, операциялық жарақаттан контрапертура арқылы шығарады. Дренаж  арқылы  экссудатты аспирациялайды, антибиотиктерді енгізеді.

Өңештің бөгде заттары

žБөгде заттардың өңешке түсуінің себептерінің бірі  ауызда әртүрлі заттарды ұстап тұру әдеті (әсіресе кішкентай балаларда, кейбір мамандық иегерлері), тамақты асығып ішу, психикасы бұзылған науқастардың әдейі жұтуы. 50% жағдайларда бөгде зат өңеш бойымен бос кедергісіз өтіп және асқорыту жолының басқа бөлімдері арқылы да өтіп, табиғи жолмен шығады. Өткір бөгде заттар  (инелер,шегелер, балық және ет сүйектері және т.б.) өңештің бастапқы бөлімінде кідіріп қалады. Ірі бөгде заттар өңештің физиологиялық тарылуыларында       ( трахея бифуркациясы деңгейінде,  кардия үстінде) тұрып қалады. Бөгде заттың өңеште тұрып қалуына шырышты қабатының бөгде затпен тітіркенуіне  өңештің бұлшықетінің  спазмы себеп болып табылады.

Өңеш бөгде заты пайда болғандағы клиникалық көрініс

žСимптомдар бөгде заттың түріне, оның өңеште тұрып қалу деңгейіне, өңеш қабырғасының зақымдалу дәрежесіне тікелей байланысты. Бөгде затты кенеттен жұтып қойғанда науқастарда қорқыныш сезімі, тамақтағы ауырсыну, сілекейді, сұйықтықты жұтқанда күшейетін мойындырық шұңқырында немесе төс артындағы ауырсыну болады.

žІрі бөгде зат ауыз жұтқыншаққа түскенде өңешпен бірге көмейге кіреберіс жабылып асфиксиядан кенеттен науқас өліп кетуі мүмкін.Бөгде заттың өңеште тұрып қалуы эзофагит, өңеш қабырғасының перфорациясын, ол өз алдына  медиастинит, іріңді  плевритке әкелуі мүмкін.

Өңештегі бөгде затты диагностикалау

žДиагноз  анамнез  мәліметтеріне және  рентгенологиялық зерттеулерге негізделеді. Бұл кезде металлды бөгде заттар оңай анықталады; неғұрлым аз контрастты бөгде заттар өңешті суда еритін контрастты заттармен зерттегенде және эзофагоскопиямен анықтайды. Өңеш перфорациясы кезінде  контрастты заттың оның контурынан асып медиастинальді эмфиземаны көруге болады. Бөгде заттың сипатын анықтайтын және оның орналасуын анықтайтын эзофагоскопия  диагностикалық маңызы зор. Эзофагоскоп көмегімен бөгде затты алып тастауға болады.

Емі: žНауқастың өңешінде бөгде зат бар екеніне күманданған кезде міндетті түрде  хирургиялық  стационарға жолдау керек. Фиброоптикалық немесе қатты эзофагоскоп көмегімен бөгде затты алып тастайды.Эзофагоскоп көмегімен бөгде затты алуға мүмкіндік  болмаса операция жасау керек — бөгде затты алып тастау. Хирурургиялық ену қақпасы бөгде заттың орналасуына байланысты.Тұрып қалған бөгде затты алып тастағанннан кейін өңештің қабырғасын тігеді.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!